Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс

Тас дәуірі

1. Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған – атақты американ этнологы Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын қандай кезеңдерге бөлді?

А. Тас, қола, темір

В. Тағылық, орта ғасырлық, өркениеттік

С. Палеолит, неолит, қазіргі заман

Д. Жабайылық, тағылық, өркениеттік

Е. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, орта ғасырлық

2. Геологиялық шежірелеу бойынша, адамзат баласының тарихы қай кезеңмен байланыстырылады?

А. Палеозой

В. Архей

С. Мезозой

Д. Кайнозой дәуірінің үштік кезеңі

Е. Кайнозой дәуірінің төрттік кезеңі

3. Геологиялық шежірелеу бойынша, голоцен дәуірі археологиялық бөлудің қай кезеңімен сәйкес келеді?

А. Ерте палеолитке

В. Орта палеолитке

С. Кейінгі палеолитке

Д. Неолитке

Е. Төменгі палеолитке

4. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішінен қазіргі көпшілік ғалымдар жақтайтын көзқарасты көрсетіңіз.

А. Христиандық көзқарас

В. Исламдық көзқарас

С. Адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген деген көзқарас

Д. Эволюциялық теория

Е. Идеалистік теория

5. Археологияның соңғы жетістіктеріне сүйенсек, адам баласы бұдан қанша уақыт бұрын пайда болған?

А. 5 млн.

В. 4 млн.

С. 3 млн.

Д. 2,5 млн.

Е. 1 млн.

6. Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдықтары қай жерден табылған?

А. Қытайдан

В. Ява аралынан

С. Германиядағы Неандерталь деген жерден

Д. Кениядағы Олдовай шатқалынан

Е. Франциядан

7. Археология ғылымы дегеніміз...

А. Адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін ғылым

В. Ертедегі жануарлар қалдықтарын зерттейтін ғылым

С. Халықтық салт-дәстүрді зерттейтін ғылым

Д. Жер қойнауындағы тарихи мұраларды табу арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым

Е. Антропологиялық зерттеу жүргізетін ғылым

8. Зерттеушілер тұрпаты мен оның жанынан табылған тас құралдарға қарап “ең алғашқы адамды” қалай атап жүр?

А. Саналы адам

В. Тік жүретін адам

С. Епті адам

Д. Сөйлейтін адам

Е. Жабайы адам

9. Зерттеушілер “Епті адамның” жасы мен ми көлемін қалай белгіледі?

А. Жасы – 1 млн. жыл, ми көлемі – 950 см³

В. Жасы – 800 мың жыл, ми көлемі – 1000 см³

С. Жасы – 140 мың жыл, ми көлемі – 1100 см³

Д. Жасы – 1 млн. 750 мың жыл, ми көлемі – 652 см³

Е. Жасы – 40 мың жыл, ми көлемі – 1300-1400 см³

10. Ғалымдар питекантроп пен синантропты /қытай адамы/ қалай атады?

А. Епті адам

В. Саналы адам

С. Тік жүретін адам

Д. Жабайы адам

Е. Сөйлейтін адам

11. Питекантроп қай жылы қай жерден табылды?

А. 1927 ж. Пекин маңынан

В. 1938 ж. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен

С. 1910 ж. Якутииядан

Д. 1891 ж. Ява аралынан

Е. 1914 ж. Ашынас қаласы маңынан

12. Синантроп қай жылы қай жерден табылды?

А. 1938 ж. ¤збекстандағы Тесіктас үңгірінен

В. 1891 ж. Ява аралынан

С. 1914 ж. Ашынас қаласы маңынан

Д. 1910 ж. Якутиядан

Е. 1927 ж. Пекин маңындағы Чжо-коу-дянь үңгірінен

13. Германиядан табылған орта палеолиттік неандерталь адамының ми көлемі қанша?

А. 950 см³

В. 652 см³

С. 1000 см³

Д. 1600-1800 см³

Е. 1300-1400 см³

14. 1938 ж. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен табылған 8 - 9 жасар неандертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог ғалым?

А. О.Смағұлов

В. Ә.Марғұлан

С. Г.П.Сосновский

Д. М.М.Герасимов

Е. Х.А.Алпысбаев

15. 1938 ж. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен нандертальдық баланың сүйегін тапқан ғалымды атаңыз?

А. А.П.Окладников

В. Г.П.Сосновский

С. Ә.Марғұлан

Д. Х.А.Алпысбаев

Е. А.Медоев

16. 1958 ж. Оңтүстік Қазақстаннан (Тараз қаласы маңындағы Қаратау жотасынан) тас ғасыры адамының көптеген тұрақтарын тауып зерттеген қазақ археолог-ғалымы?

А. Ә.Марғұлан

В. К.Ақышев

С. К.Байпақов

Д. Х.А.Алпысбаев

Е. М.Оразбаев

17. Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең?

А. Қола дәуірі

В. Темір дәуірі

С. Орта ғасырлық кезең

Д. Тас дәуірі

Е. Мұз дәуірі

18. Қазақстандағы мұз басу кезеңін анықтаңыз.

А. Б.з.б. 140-40 мың жж.

В. Б.з.б. 100-13 мың жж.

С. Б.з.б. 800-40 мың жж.

Д. Б.з.б. 12-5 мың жж.

Е. Б.з.б. 40-12 мың жж.

19. Археологиялық материалдардың қайсысы Ежелгі адам туралы негізгі мәліметті береді?

А. Ағаштан жасалған бұйымдар

В. Сүйектен жасалған бұйымдар

С. Жануарлар қалдықтары

Д. Қыш бұйымдары

Е. Тастан жасалған еңбек құралдар

20. Тас дәуірін кезеңдерге бөлу неге байланысты шықты?

А. Үңгірдегі суреттерге байланысты

В. Қыш бұйымдардың жетілуіне байланысты

С. Қола құралдардың жетілуіне байланысты

Д. Тас құралдардың жетілуіне байланысты

Е. Темір құралдардың жетілуіне байланысты

21. Тас дәуірін дұрыс ретімен бөліңіз:

А. Неолит, мезолит, палеолит

В. Мезолит, палеолит, неолит

С. Палеолит, мезолит, неолит

Д. Палеолит, неолит, мезолит

Е. Неолит, палеолит, мезолит

22. Палеолит (Ежелгі тас) кезеңін ретімен бөліңіз:

А. Ерте 2,5млн-100 м.ж., орта 100-40 м.ж., кейінгі 40-12 м.ж.

В. Ерте 2 млн.ж.-800 м.ж., орта 800-140 м.ж., кейінгі 140-40 м.ж.

С. Ерте 800-40 м.ж., орта 40-12 м.ж., кейінгі 12-5 м.ж.

Д. Ерте 80-40 м.ж., орта 40-12 м.ж., кейінгі 12-5 м.ж.

Е. Ерте 140-40 м.ж., орта 40-12 м.ж., кейінгі 12-5 м.ж.

23. Ерте палеолит тағы қалай аталып жүр?

А. Мустьер кезеңі

В. Соңғы ащель

С. Жоғарғы палеолит

Д. Олдовай, жұмыр тас, төменгі палеолит

Е. Неандертальдық кезең

24. Қазақстан жерінен табылған алғашқы адамдар іздері қай дәуірге жатады?

А. Неолит (Жаңа тас) дәуіріне

В. Мезолит (Орта тас) дәуіріне

С. Қола дәуіріне

Д. Палеолит (Ежелгі тас) дәуіріне

Е. Темір дәуіріне

25.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан қанша жыл бұрын пайда болды?

А. 300 мың жыл бұрын

В. 400 мың жыл бұрын

С. 200 мың жыл бұрын

Д. 100 мың жыл бұрын

Е. 1 млн. жыл бұрын

26.Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

А. Епті адамдардың

В. Неандертальдардың

С. Синантроптың

Д. Питекантроптың

Е. Австралопитектің

27. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы неде?

А. Терімшілікпен айналысуында

В. Топ болып өмір сүруінде

С. Айырмашылығы болған жоқ

Д. Еңбек құралдарын жасай білуінде-

Е. Жауларынан бірігіп қорғануында

28.Ғалымдардың зерттеуінше синантроптар бұдан қанша мың жыл бұрын өмір сүрген?

А. Бұдан 2 млн. – 1 млн. 500 жыл бұрын

В. Бұдан 1 млн. 500 – 1 млн. жыл бұрын

С. Бұдан 1 млн. – 900 млн. жыл бұрын

Д. Бұдан 500 – 200 мың жыл бұрын-

Е. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын

29.Көне адамның бірі неандертальдықтың өмір сүрген уақытын анықтаңыз.

А. Бұдан 100-35 мың жыл бұрын-

В. Бұдан 35-25 мың жыл бұрын

С. Бұдан 25-20 мың жыл бұрын

Д. Бүдан 20-15 мың жыл бұрын

Е. Бұдан 10 мың жыл бұрын

30. Қазақстан жерінен Ежелгі тас адамының қалдығы табылған жоқ, ал ең көне тас құралдар Қазақстанның қай аймағынан көбірек табылды?

А. Ұлытаудан

В. Нарын құмнан

С. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасынан

Д. Ертіс бойынан

Е. Тарбағатайдан

31. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан табылған тас құралдардың санын көрсетіңіз.

А. 10 мыңға жуық

В. 8 мыңға жуық

С. 5 мыңға жуық-

Д. 3 мыңға жуық

Е. 1 мыңға жуық

32. Ертедегі адамдар пайдаланған екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құралды көрсетіңіз.

А. Қырғыш

В. Бифас-

С. Тескіш

Д. Жебе ұшы

Е. Микролит

33. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік–ойықтар(араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу тас өңдеудің қандай әдісіне жатады?

А. Ретушъ әдісі-

В. Жылтырата тегістеу әдісі

С. Жұмыртас әдісі

Д. Қашау әдісі

Е. Микролит жасау әдісі

34. Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі – бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Ал екінші түрі - ...

А. Өзен жағасындағы ескерткіштер

В. Көл жағасындағы ескерткіштер

С. Ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер

Д. Тау үңгірлеріндегі ескерткіштер

Е. Ормандық ескерткіштер

35. Тас дәуірінің тұрағы Бөріқазған қай жерде?

А. Шығыс Қазақстанда

В. Батыс Қазақстанда

С. Солтүстік Қазақстанда

Д. Оңтүстік Қазақстанда

Е. Орталық Қазақстанда

36. Ежелгі тас ғасырының Каспий теңізі жағалауынан табылған тұрағын атаңыз?

А. Шақпақата

В. Қарасу

С. Қарақұдық

Д. Сексеуіл

Е. Кеңірдекті

37. Ежелгі адам мен маймылдың ұқсастығы неде?

А. Ойлай алуында

В. Сөйлей алуында

С. Тік жүруінде

Д. Еңбек құралын жасай алуында

Е. Терімшілікпен айналысуында

38. Ерте палеолиттік адамдардың қоғамдық ұйымы -

А. Рулық қауым

В. Тайпалық одақ

С. Үлкен қауым

Д. Алғашқы қауымдық топ немесе тобыр

Е. Матриархат

39. Палеолит дәуіріндегі адамдар тобы қандай қызмет атқарды?

А. Бірігіп кен қазу

В. Қоладан еңбек құралын жасау

С. Қыш бұйымдар жасау

Д. Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналысу

Е. Бірігіп садақ пен жебе жасау

40. Палеолит дәуірінде ең көп тараған жануар?

А. Жабайы сиыр

В. Қабан

С. Мүйізтұмсық

Д. Мамонт (Зіл)

Е. Жабайы ешкі

41. Адамдар ағаш бұтақтарын немесе шақпақ тасты үйкеп от алуды қашан игерді?

А. Ерте палеолитте

В. Орта палеолитте

С. Кейінгі палеолитте

Д. Мезолитте

Е. Неолитте

42. Орта палеолитті тағы қалай атаймыз?

А. Олдовайлық кезең

В. Жұмыртас кезеңі

С. Мезолит

Д. Неолит

Е. Мустьер дәуірі

43. Нуклеустен тілгіштер мен қырғыштар жасау қай дәуірде кең тарады?

А. Ерте палеолит

В. Орта палеолит

С. Кейінгі палеолит

Д. Мезолит

Е. Неолит

44. Алғашқы діни сенім қай кезеңде қалыптасты?

А. Орта палеолитте

В. Олдовайлық кезеңде

С. Мезолитте

Д. Неолитте

Е. Кейінгі палеолитте

45. Орта палеолит адамын қалай атайды?

А. Епті адам

В. Тік жүретін адам

С. Синантроп

Д. Неандертальдық адам

Е. Кроманьондық адам- .

46“Саналы адам”, яғни қазіргі адамдардың қалыптасқан мезгілін анықтаңыз.

А. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын-

В. Бұдан 35-30 мың жыл бұрын

С. Бұдан 30-25 мың жыл бұрын

Д. Бұдан 25-20 мың жыл бұрын

Е. Бұдан 20-15 мың жыл бұрын

47. Дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас кейінгі палеолиттік кроманьон адамы алғаш қай жерден табылды?

А. Германиядан

В. Пекин маңынан

С. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен

Д. Франциядан

Е. Ява аралынан

48. Мыналардың қайсысы кейінгі палеолитте қалыптасты?

А. Қоладан еңбек құралын жасау

В. От жағуды үйрену

С. Аталық рудың қалыптасуы

Д. Қазіргі адамның пайда болуы

Е. Садақ пен жебенің пайда болуы

49. Мына құралдардың қайсысы кейінгі палеолитке тән:

А. Садақ пен жебе

В. Қолшапқы

С. Кетпен мен тас тесе

Д. Пышақ тіліктер, жеңіл найзалар, балық аулайтын ілмекті сүңгілер

Е. Бумеранг

50. Кейінгі палеолитте қалыптасқан әлеуметтік ұйымды көрсетіңіз.

А. Рулық қауым

В. Тобыр

С. Үлкен қауым

Д. Тайпалық одақтар

Е. Патриархат

51. Жоғарғы палеолит дәуірінде адамдар көбінесе қайда тұрды?

А. Киіз үйлерде

В. Үңгірлерде

С. Тау шатқалдарында

Д. Қолдан салынған баспаналарда

Е. Түрғын жайлары болған жоқ

52. Өнер қай дәуірде пайда болды?

А. Ерте палеолитте

В. Орта палеолитте

С. Кейінгі палеолитте

Д. Мезолитте

Е. Неолитте

53. Кейінгі палеолитте рудың пірі ретінде кең тараған бейне?

А. Мамонт бейнесі

В. Әйел-ана бейнесі

С. Ай бейнесі

Д. Күн бейнесі

Е. Құс бейнесі

54.Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын, мәдени қабаты 6 метрдей тереңдіктен табылған ең көрнекті ескерткіштердің бірі –

А. Бөріқазған

В. Семізбұғы

С. Батпақ-

Д. Шүлбі

Е. Шебір тұрағы

55.Кейінгі полеолиттік батпақ тұрағынан б.з.б. 30-25 vs&syis ;sklfhs жасалған қанша тас құралдары табылды.

А)100

В)200

С)300

Д)400

Е)500

56. Оңтүстік Қазақстандағы кейінгі палеолит тұрағын көрсетіңіз.

А. Батпақ тұрағы

В. Үшінші Қарабас тұрағы

С. Обалысай тұрағы

Д. Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағы-

Е. Жағабұлақ тұрағы

57. Мезолит /орта тас/ дәуірінің уақытын белгілеңіз:

А. 800-140 мың жж.

В. 140-40 мың жж.

С. 40-12 мың жж.

Д. 12-5 мың жж.

Е. 5-3 мың жж.

58. Мезолит дәуіріндегі табиғат өзгерісі -

А. Күн күрт суытып, аңдар қырылып қалды

В. Мұз басу басталды

С. Шөбі мол далалар көбейді, мамонттар қаптап жүрді

Д. Ауа райы күрт жылынды, шөбі мол далалар азайды, мамонттар мен мүйізтұмсықтар өліп бітті

Е. Жер бетін топансу басып, аңдар қырылып қалды

59. Мезолит дәуірінде пайда болған қарулар:

А. Садақ пен жебе, бумеранг

В. Қысқа сапты найза

С. Тасатқыш құрал

Д. Болас қаруы

Е. Мұнайды пайдаланып, от ататын құрал

60. Мезолит заманының үлкен жаңалығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар?

А. Болас

В. Бифас

С. Қырғыш

Д. Тескіш

Е. Микролит

61. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ ұштары не үшін пайдаланылды?

А. Жебе алысқа ұшу үшін

В. Құс ату үшін

С. Терісі бағалы аңдарды аулау үшін

Д. Жабайы жылқы ату үшін

Е. Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

62. Уланған немесе өртегіш жебелерді пайдалану қай кезде шықты?

А. Кейінгі палеолитте

В. Мезолитте

С. Неолитте

Д. Қола дәуірінде

Е. Темір дәуірінде

63. Қай кезден бастап, аңшылықпен аз немесе жалғыз адам айналысатын болды?

А. Металл өңдеуден бастап

В. Қылыштың шығуынан бастап

С. Қола дәуірінен бастап

Д. Садақ пен жебенің шығуынан бастап

Е. Жылқыны қолға үйретуден бастап

64. Орта тас ғасырында қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үш топқа бөлінді. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау ғылыми тілді қалай аталады?

А. Гуманизация

В. Инициация-

С. Цивилизация

Д. Социализация

Е. Мобилизация

65. Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?

А. Ерте тас ғасырында

В. Кейінгі палеолитте

С. Мезолитте-

Д. Неолитте

Е. Энеолитте

66. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда егіншілік бұдан қанша жыл бұрын пайда болған?

А. 14 мың жыл бұрын

В. 13 мың жыл бұрын

С. 10 мың жыл бұрын-

Д. 8 мың жыл бұрын

Е. 6 мың жыл бұрын

67. Қазақстандағы мезолиттік қанша тұрақ белгілі

А)10

В)20

С)30

Д)40

Е)50

68. Неолит /жаңа тас/ қай уақытты қамтиды?

А. Б.з.б. 5-3 мың жж.

В. Б.з.б. 12-5 мың жж.

С. Б.з.б. 18-8 ғғ.

Д. Б.з.б. 40-12 мың жж.

Е. Б.з.б. 3-1 мың жж.

69. “Неолит төңкерісі” дегеніміз не?

А. Металлургияның пайда болуы

В Садақ пен жебенің пайда болуы

С. Балық аулаудың дамуы

Д. Сауданың дамуы

Е. Өнімді еңбектің пайда болуы

70. Солтүстік Қазақстандағы тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездесетін неолиттік тұрақты көрсетіңіз.

А. Сексеуіл тұрағы

В. Зеленая Балка тұрағы

С. Усть-Нарым тұрағы

Д. Пеньки тұрағы-

Е. Ботай тұрағы

71. Орталық Қазақстандағы неолитке жататын Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына не тән?

А. Үй малының сүйектерінің көптеп табылуы-

В. Балық қабыршақтарының көптеп табылуы

С. Дәнүккіштердің көптеп табылуы

Д. Балқыту пештерінің көптеп табылуы

Е. Зергерлік бұйымдардың көптеп табылуы

72. Адамзат тарихындағы “Қыш құмыралар заманы” деп аталатын кезең.

А. Ерте палеолит

В. Орта палеолит

С. Неолит-

Д. Кейінгі палеолит

Е. Мезолит

73. Адамзат алғаш қолға үйреткен үй жануары?

А. Жылқы

В. Қоян

С. Ешкі

Д. Қой

Е. Ит

74. Алғашқы бақташылар малды қалай бақты?

А. Көшпелі

В. Жартылай көшпелі

С. Отырықшы

Д. Жайлауға көшу арқылы

Е. Отарлы шаруашылық

75. Неолит дәуірінде тас өңдеу жоғары дәрежеге жетті, осы кезде тас өңдеудің қандай әдісі қалыптасты?

А. Пышақ тіліктер жасау

В. Қаптау әдісі

С. Жылтырата тегістеу

Д. Тасты балқыту

Е. Тасты жару

76. Кетпен, дән үккіш жасау қай кезде пайда болды?

А. Ежелгі тас дәуірінде

В. Орта тас дәуірінде

С. Жаңатас дәуірінде

Д. Қола дәуірінде

Е. Темір дәуірінде

77. Жаңа тас дәуірінде пайда болған өндіруші шаруашылықты анықтаңыз:

А. Тастан еңбек құралын жасау

В. Қоладан еңбек құралын жасау

С. Қыштан ыдыстар жасау және тоқымашылық

Д. Отты пайдалану мен баспана салу

Е. Темірден қару жасау

78. Аралдың солтүстігіндегі біршама зерттелген неолиттік тұрақты көрсетіңіз:

А. Сексеуіл тұрағы

В. Иман-Бұрлық тұрағы

С. Қаратомар тұрағы

Д. Усть – Нарым тұрағы

Е. Дамсы тұрағы

79. Шығыс Қазақстаннан табылған Усть-Нарым мен Солтүстік Қазақстаннан табылған тұрағы қай дәуірдің ескерткіштері?

А. Ерте палеолит

В. Орта палеолит

С. Кейінгі палеолит

Д. Мезолит

Е. Неолит

80. Неолиттік адамдар өлгендерді қайда қалай жерледі?

А Мәйітке қызыл бояу сеуіп, өзі өмір сүрген тұрағына жерледі

В. Мәйітті шөпке орап суға лақтырды

С. Мәйітті өртеп күлін суға шашты

Д. Өлгендерді тау шыңына апарып тастады

Е. Мәйітті кесенемен бірге өртеді

81. Солтүстік Қазақстан облысы Железника ауылының маңынан табылған неолиттік қабірге не тән:

А Тастан қорған салу

В. Ағаштан қорған салу

С Мәйітті қабір ішінде өртеу /кремация/

Д. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу

Е. Мәйітті бальзамдау

82. Жаңа тас дәуірінде Қазақстанның қай өңірінде құралдарды яшма мен кварциттен жасаған?

А. Аралдың солтүстігінде

В. Сырдарияның орта ағысында

С. Жетісуда

Д. Солтүстік-шығыс Балқашта

Е. Нарын құмында

83. Неолит дәуірінде керамикалық ыдыстарға қандай суреттер салынды?

А. Сурет салынбады

В. Геометриялық

С. Аңдық

Д. Нүктелік

Е. Гүлдік

84. Неолит дәуіріңде отбасының ұйтқысы, салт-дәстүрдің сақтаушысы кім болды?

А. Ру көсемі

В. Әке

С. Ана

Д. Дін қызметкері

Е. Жауынгерлер

85. Неолит дәуірінде ру мүшелері бірге өмір сүрді, ру ішіндегі барлық мәселелерді кім шешті?

А. Ру көсемі

В. Тек жауынгерлер

С. Абыздар

Д. Ру кеңесі

Е. Жасы үлкен адам

86. Қазақстан аумағынана табылған неолиттік тұрақтардың саны

А)100

В)200

С)300

Д)400

Е)500

87. Б.з.б. 3000-2800жылдар аралығында Қазақстан тұрғындары энеолит кезеңіне өтті, бұл дегеніміз:

А. Қола ғасыры

В. Темір ғасыры

С. Мыстытас ғасыры

Д. Жаңа тас ғасыры

Е. Ерте темір ғасыры

88. Энеолит кезеңі адамдар қоғамына екі өзгерісті ала келді. Оның біріншісі - еңбек бөлінісі болса, екіншісі - ?

А. Аналық ру (матриархат) үстем бола бастады

В. Аталық ру (патриархат) үстемдік ете бастады

С. Мемлекет пайда бола бастады

Д. Таптар пайда болды

Е. Сауда жанданды

89. 15 гк жерді алып жатқан, 158 тұрғын үйдің орны қазылып зерттелген 1981 жылдан қазыла бастаған, бұрынғы Көкшетау облысындағы энеолиттік тұрақты көрсетіңіз.

А. Қарасу

В. Ботай

С. Көктүбек

Д. Жағабұлақ

Е. Уст-Нарым

90. Теңіз жәндіктерінің қабықтарынан тамаша моншақтар жасай білген энеолиттік шебір тұрағының орнын анықтаңыз?

А. Сырдарияның орта ағысы

В. Аралдың солтүстігі

С. Солтүстік-шығыс Балқаш

Д. Маңғыстаудағы Бозашы түбегі

Е. Балқаштың оңтүстігі