
- •1.1.Еңбек төлемінің негізінде жалақыдан ұсталынатын ұстылымдар
- •2.1. «Адал» ақ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары
- •Заттай түрдегі жалақы:
- •3 Кесте - "Адал" ақ-ның еңбекақы –қорының құрамы
- •3 Кесте - "Адал" ақ-ның жалақы түрлерінің арасалмағы
- •13 Кесте - "Адал" ақ-ның жалақы мен еңбек өнімділігінің өсуін талдау.
- •2.3. Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру
- •2.4. Қазақстан республикасындағы шетелдік жеке тұлғалардың еңбек ету қызметі
2.3. Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру
Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкерлдің өнімдеріне сәйкес еңбек ақы төлемінің мқлешерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен өңдеуге (детальдардың), бөлшектердің және агрегаттардың қозғалысын қадағалап отыру үшін қажет.
Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әр түрлі әдістерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.
Жаппай- толассыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебі, әдетт, соңғы операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир толтаратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.
Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі- соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортқа күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты және жұмысшылардың разряды- осы үшеуі еңбек төлемінің негіз бола алады.
Өндіріс туралы рапорттық (жинақтау рапортын) жаппай өндірісте түрлі мезгіл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады.
Өндірім есебінің тізімдемесінің ай бойы бір текті жұмыс істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады. Өндірім есебінің ведомасын ай бойында әртүрлі жұмыс істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады.
Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарыдтар толтырады. Парақтарда өндірім туралы негізгі нарядтың немесе рапорттың нөміріне жасап, қосымша әрбір түріне жеке жұмысшыға не бригадаға жазады. Кәсіпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзілістердің болу себебі ашылып, жұмыс уақытында артық жұмыс істегендердің табелімен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі. Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цех (кәсіпорын) басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті.
Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген адамдардың тізімінен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.
Кідірістер уақытының есебі кідірістер есебінің парақтары негізінде жүзеге асырылады, оларда кідіріс уақытын, сепебтерін және кінәлі адамдарын, төлем проценттерін және жұмысшы туралы басқа да мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік нөмірін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.
Қабылданып, тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері еңбек төлемін есептеу жөніндегі есеп айрысу – төлемінің тізімдемесін жасауға негіз болады.
Есеп айырысу – төлем тізімдемесінің жасалуы. Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексеріледі де, тек содан есептік өңдеуге жіберіледі.
Әрбір жқмысшыға, бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда өызметкерәдің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік номері, цех, учаске, құжаттарының жалақы сомасы, төлемдердің басқа да тұрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу – төлем тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есепті жүргізу есеп айырысу – төлем тізімдемелері де, әдетте, бір ғана жұмыс күнінде жасалады.
Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу әр тұрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу- төлеу тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады; есеп айырысу тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады; есеп беру айырысу тізімдемесінде жіне жеке толтырылған төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысуы тізімдемелерінде жүргізіледі.