Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
194.71 Кб
Скачать

5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.

Экономикалық динамиканы ж/е статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу ж/е байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынана зерттеу.Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс ж/е бос уақыт, жалпы қоғамдық өмір, ұлттық табыс ж/е басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қоладнылады. Олардың айырмашылықтары: 1) ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді.Басты мәселе – қоғамдық өндірістердің бірінші ж/е екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Экономикалық өсу теориясында себеп-салдарлы байланыстар керісінше сипатта болады; 2) Болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Экономикалық өсуді есептеудің негізін «ұзын толқындар» құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан тұрады; 3) экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциялының құрамдас бөлігі. Бос уақыт – адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақыт еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептелінеді.

Ұлттық шаруашылықтың конъюктуралық болмысын ж/е оның мүмкін болатын динамикасы екі әдіспен есептелінеді: а) жан басына шаққандағы ұлттық өнімнің н/е таза ұлттық өнімнің өсуімен; ә) өндірістің бір жылдық өнімінің өсу темпімен. Осының екеуінде шығындарды барынша аз жұмсап, материалдық молшылықтың өсуін көрсетеді.

Методология – экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс. Зерттеудің нәтижесінде экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер п.б.

Эк. теорияны танып білудің әр түрлі әдістерін қолданады: позитивтік, нормативтік, факторларды жүйеге келтіру, ғылыми абстракция, эксперимент, т.б. Позитивтік әдіс эк ғылымының белгілі бір философиясын құруды, білімді тұжырымдауды, фактілерді суреттеп баяндау ж/е жүйеге келтіру негізінде эк ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибені қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Нормативтік әдіс адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Басты принципі – шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектілердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы. Бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым көп фактілер жинау қажет. Оларды танып білу үшін ғылыми тұрғыдан талдап, қорытынды шығара білу қажет. Ғылыми абстракция – құбылыстардың қсиеттерінің басты, ең мәнді қасиетерін табу мақсатпен,ой-сана жүзінде онша мәнді емес жағдайлармен есептеспеу болып табылады. Талдау мен синтез әдісінің п.б абстракциялық ойлаумен байланысты. Эк құбылыстарды талдау эк құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп ж/е әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады. Эк теорияда қолданылатын әдістердің ішінде экперимент пен эк реформа елеулі рөл атқарады. Олар жан-жақты дайындықты ж/е терең болжауды, дәлелдеуді, сынақ өткізуді қажет етеді. Тарихи ж/е логикалық тану принципінің бірлігі кең пайдаланылады. Әрбір эк жүйенің логикалық байланысы бар: 1) бір-бірімен өзара әсер ететін динамикалық қатынаста болады; 2) жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]