
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •21. Еңбек бағасының теориясы
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
- •29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
- •32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •33. Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Кәсіпорын шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •63.Ұлттық есептеу жүйесі
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
- •77.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
- •80 Кәсіпкерліктің әлеуметтік –экономикалық мәні,оның сипаттық белгілері
- •82 Қр жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы.
- •86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары.
- •88. Тұк және ұлттық экономика
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
Капитал– кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яғни қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншікАқша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. Жұмыс күші тауар құнының төменшгі шекарасы болып жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек рыногында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі, міне осы қосымша құн болып табылады. Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+ДА, ал ДА – ақша өсімі.
29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.
Капитал құрылымын оңтайландыру қажеттілігі көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде: - компанияның мақсаты мен міндеттері; - қаржы жүйесін оңтайландыруы; - өндірістік бағдарламасы және т.б. Компания алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни компанияның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз иықтарына жүктеп отыр. Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады. Компаниялар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Компанияның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті компанияныңның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру, оңтайландыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
30. Қазақстан республикасының жеке кәсіпкерлікті дамыту.Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды (сурет1). Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады Тұжырымдаманың мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
• құқықтық ресурстармен қамсыздандыру;
• өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
• кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
• кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
• құқықтық ресурстармен қамсыздандыру;
• өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
• кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
• кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
• кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
• кәсіпкерліктің мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.