
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. бұл жақтаулы қақпақшалар. Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген.
Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Жүрегі болмағандықтан ланцетниктің каны құрсақ жағын-дағы қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырлары-ның төменгі бөлімінің жиырылып-жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады.
35) Ағзаның түзілісі, нәсілдер өмір сүру ортасы Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған тіршілік ортаның әртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде әсер етеді, әсіресе организмнің конституциясына. Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio – орнату, ұйымдастыру) – тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған ортаның әсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық және психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады. Әрбір дәуір конституцияның анықтамасы мен топтарына өзінің көзқарасын қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тән және ол өмір бойында өзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-әлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан. Темперамент бойынша адам конституциясының төрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның, сілемейдің, өттің және гипотетикалық «қара өттің» қайсысының басымдық көрсетуіне байланысты көрініс береді және адамның мінез-құлығын айқындайды.
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты «жапалақ», «бозторғай», «кептер» түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді. «Жапалақ»- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа қабiлеттiлiгi жоғарлайды. «Бозторғай»- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс iстейдi. «Кептер» - екi белгiнi де бойына жинақтаған.
Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір әсерге жауап беру түрі – бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты. В.П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:
1. «Спринтер» - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
2. «Стайер» - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ, біршама әлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің әсері жағдайында ұстап тура алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
3. «Микст» - аралық тип.
Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық, әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм деңгейiнiң төмендеуi тән.
Сiбiрдiң жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.
Жаңа тiршiлiк жағдайы мен климаттық географиялық жағдай әсерiн мына мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен еврейдiң бойы, салмағы, бас аумағы мен бастың бет бөлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.
Адамзат баласы табиғи климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін Жер шарының әр бөлігінде тіршілік ете бастады. Міне, осының нәтижесінде нәсілдер пайда болды. Дамудың әрқилы сатысынан, қоршаған ортаның әсерінен, климаттық факторларға байланысты әр нәсілде өзіне тән сипатты белгілер қалыптасты. Әрбiр нәсiл шығу тегiнiң бiр екендiгiмен және белгiлi бiр аймаққа таралуымен байланысқан, тұқым қуалаумен негiзделген белгiлердің жиынтығымен сипатталады. Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялық ерекшеліктерге: терінің, шаштың, көздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және т.б. негізделген. Әр түрлі нәсілдер өкілдері арасында ешқандай ақыл-ой қабілеті, ойлау, сөйлеген сөзде айтарлықтай өзгеріс болмайды, биологиялық тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.
Қазiргi адамдарды үш немесе бес нәсiлге бөледi:
1. Негроидты үлкен нәсiл: негр, бушмендер, готтентоттар;
2. Европоидты (евразиялық) үлкен нәсiл: атланто-балтикалық, индо-жерортатеңiздiк, орта европоидты;
3. Монголоидты үлкен нәсiл: солтүстiк азиатты, арктикалық, оңтүстiк азиатты;
4. Американдық үлкен нәсiл;
5. Австралоидты үлкен нәсiл: веддоидтар, австралийцтер, айналар.
Нәсілдер кеш палеолит дәуірінде, шамамен 30-40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған деп болжанады. Көптеген нәсілдік белгілер бейімделуде маңызды болып, белгілі бір географиялық ортада табиғи сұрыпталу арқасында бекітіліп отырылған болса керек. Мысалға, экваторлық нәсілдердің күңгірт тері жабынының түсі ультракүлгін сәулелерден қорғаныш ретінде біртіндеп пайда болған. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша европоидты нәсіл негроидты нәсілден кейін пайда болған. Негроидты нәсілдің сібірге қарай қоныс тебуінен біртіндеп табиғи сұрыпталудың әсерінен күңгірт тері жабынының түсі ашық түске алмасқан. Яғни, нәсілдік белгілер қоршаған тіршілік ортаның нақты бір экологиялық жағдайында ұзақ эволюциялық жолмен қалыптасқан.
36)Физиологиялық аштық дегеніміз не?пайдасы мен зиянын түсіндіріңіз Физиологиялық аштық дегеніміз- тағамның не оның құраушыларының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы. А-дың физиологиялық, патологиялық және емдік түрлері бар. Физиологиялық А. аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде т.б. болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық А. тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай. Емдік ашығу семіздікті т.б. ауруларды тағам қабылдауды шектеу немесе толығымен тоқтату арқылы емдеу тәсілі ретінде қолданылады. Aштықпен емделу – физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.
аштықтың пайдасы мен зияны: Аштықпен емдеу профилактикалық құрал ретінде көптеген аурулардың алдын алады. Анығырақ айтсақ, мына аурулар: жүрек-тамыр ауруларына, асқазан-ішек, буын, тыныс жүйелеріне, аллергия, 2 түрдегі қант диабеті, жүйке жүйесі қызметі бұзылуында, тері ауруларына, психикалық ауытқушылықтарға, диспепсия, іш қату, бауырдың қатаюы, соқырішектің қабынуы, бауыр қабынуы (гепатит), гастроэнтерит, ревматизм, семіздік, шорбуын (артрит), демікпе, жоғарғы қан қысымы, шемен (водянка), ишиас, қояншық, ұйқысыздық, әлсіздік, сал ауруының барлық түрлері, бас аурулары, бас сақинасы, өкпе қабынуы, артық салмақ, бронхит, өкпе қабығы ауруы (плеврит), безгек, тонзиллит, сүзек, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құлақ аурулары, қатерлі ісік, миқұрт (менингит), аденоидтар, жарық (грыжа), өт қабына тас байлану, қуықтың қабынуы (цистит), созылмалы іш өту, тік ішек аурулары, жүйке сал ауруы, қаны аздық т.б.
Ашыққан адам бастапқы екі күн ғана қиналады. Одан кейінгі күндері өз-өзін жеңіл сезіне бастайды. Өйткені, адам денесінің сезіну қабілеті күшейеді. Ашығудың бесінші күні әлсін-әлсін адамды тамаққа деген тәбет тартады. Кейде ашыққан адамның тамаққа тыжырына қарайтын кезі де болады. Табиғи тәбет қайта қалыпқа келгенге дейін аштық жеңіл күйде жалғасын таба береді.
Ашыққанда ауызда жағымсыз иістің пайда болып, тілдің өңезденуі, кейде тамырдың соғуы 120-ға дейін жиілеп, кейде 40-қа дейін түсуі, жиі құсу, бас айналу, түкіріктің жиналып қалуы, әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, тоңып-жаурау, аз уақытқа іш өту белгілері ешқандай да қауіпті емес. Қайта ағзаның толықтай тазалануының көмекші көріністері болып табылады.