
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Циркодианды, яғни тәуліктік биоырғақтылық. Өсімдіктерде 23-28 сағаттық, жануарларда 23-25 сағатқа созылады. Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады. Тәуліктік биырғақ арқылы біз өзіміздің бір күндік эмоционалды, физикалық және инетеллектуалды деңгейімізді біле аламыз. Осыған орай бір күнге сараптама жасаймыз.
28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
Бейімделушілік реакциялары екі кезеңнен тұрады. Мерзіміне қарай оларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің “авария-лық сатысы“ ретінде қарайды. Бейімделушілік реакциясының бұл кезеңі организмге сыртқы тітіркендіргіш әсер етуі баста-лысымен-ақ пайда болады. Қысқа мерзімді бейімделушілік реакциялары организмде бұрыннан қалыптасып, дайын тұрған механизмдер есебінен іске асырылады. Мысалы, аталған реакцияларды жануарлардың қауіпті тітіркендіргіштерден (ауырсыну сезімін тудыратын) жалтаруларынан, температура өзгерістеріне сәйкес жылу реттелулерінің ауытқуларынан және гипоксия әсерінің алғашқы сәттерінде өкпе вентиля-циясы мен қан ағысының минуттық көлемінің артуы сияқты жауаптарынан байқауға болады. Бейімделістік реакциялары-ның осы тәріздес түрлері ерекше физиологиялық жағдайларда пайда болып, белгілі бір уақыт аралығын ғана қамтиды. Осы аралық кезеңнен өту үшін организм өзінің бойында бұрыннан дайын тұрған физиологиялық резервтерін іске қосады. Бірақ, аталған физиологиялық резервтер толық мағынасындағы бейімделушілік процестерін атқаруға қабілеті жетпейді. Мысалы, жаттықпаған адамды немесе жануарды барынша қатты жүгіруге мәжбүр етсе, жоғарыда аталған физиологиялық механизмдер іске қосылады. Бірақ, бұлшықет митохондрия-сының құрамына енетін пируваттар түгелдей тотығып үлгіре алмайды. Соның салдарынан қандағы лактат деңгейінің бір-ден көтеріліп кетуіне байланысты пайда болатын лакцидемия организмді тез шаршауға мәжбүр етіп, оның қозғалыс реак-циясын бұзады. Сайып келгенде, организмде бұрыннан дайын тұрған бейімделушілік механизмдер бірден іске қосылғанымен қажетті реакцияларды қолдап, толықтай қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, ондай механизмдер физиологиялық, мор-фологиялық және функциональдық тұрғыдан алып қарағанда толық жетілмеген.
29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
Жануарларда ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде ас Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі. Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін(мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі.