
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
Дене температурасы — дененің түрлі бөлігінде жылылық әр түрлі болады. Дененің сыртында жылылық өте төмен, ал ішкі ағзаларда жоғары болады. Температура өзгерістеріне сәйкес жылу реттелулерінің ауытқуларынан және гипоксия әсерінің алғашқы сәттерінде өкпе вентиляциясы мен қан ағысының минуттық көлемінің артуы сияқты жауаптарынан байқауға болады. Температуралық өзгерістер организмнің оттегі тапшылығына қайтаратын жауап реакциясына көп әсер етеді. Адамның және жоғарғы сатыдағы жануарлардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз тұрақты бір шамада сақталады. Осы тұрақтылықты изотермия деп атайды. Дене температурасың бір қалыпта сақталуы не сақталмауы организмде жылудың түзілуі мен оның сыртқы ортаға берілуін реттейтін физиологиялық механизмнің жетілуіне байланысты.
23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады. Адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім. Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді. Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді. Биоырғақтылық негізгі үш түрге бөлінеді: Ультрадианды, Циркадианды және Инфрадианды болып. Циркадианды, яғни тәуліктік биоырғақтылық. Өсімдіктерде 23-28 сағаттық, жануарларда 23-25 сағатқа созылады. Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.
25. Стресс факторларының адам ағзасының физиологиялық көрсеткіштеріне әсерін талдаңыз. Стресс (ағыл. стресс) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. Стресс үш кезеңнен тұрады: 1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; 3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді.
26.Бейімделу процесінің даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз. Бейімделу дегеніміз-белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу. Бейімделудің бірнеше түрі бар. Әрқайсысына жеке тоқталып кетсек.
1. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның түрлері. Бүркеніш рең — жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.
2. Сақтандырушы рең. Бұл рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерде айқын байкалады. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді.
3. Қызықтырушы рең. Бұл рең, әсіресе жануарларға көбейер кезде пайдалы болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың қораздарының өте әдемі реңдері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді. Жайшылықта олардың реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып жауына байқалмайды.
4. Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде жауынан қорғану үшін айбар шегіп денесін әр түрлі пішінге келтіре алады. Мысалы: кең алқымды жылан кауіп төнсе басын тік ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді.
5. Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады.
6. Түйсік-сезімдік бейімделу. Жануарлардың кей түрлері қауіп төнген кезде қимылсыз өлген кейіпте тыныш жатса, кей түрлер өз жауына айбат көрсететін мінез-қылық көрсетеді. Бейімделудің бұл түріне кей жануарлар түрлерінің қоректік заттарды қор ретінде жинауы да жатады. Сонымен бірге кей түрлердің жазғы немесе қысқы ұйқыға кетуі немесе түнде, не күндіз белсенді тіршілік әрекет етуі, т.б. жатады.