
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
Қысқы ұйқыға, көбіне, ұсақ сүтқоректілер кетеді. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, олардағы зат ал-масу деңгейі жоғары болса, екіншіден, олар қысқа дайындық ретінде қоректік зат қорын жинамайды. Үшіншіден, суық түс-кен кезде мұндай жануарлар денедегі жылуды барынша көп жұмсайды. Суық түскен мезгілде зат алмасу қарқындылығын бірнеше рет арттыра отырып дене температурасын жоғары деңгейде ұстау – бұл жануарлар үшін аса қымбатқа түсетін жол. Ұсақ жануарларда зат алмасу деңгейі әуел бастан-ақ жо-ғары болатыны белгілі, ал оны одан әрі көтеру – олар үшін үлкен шығын. Тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – дене температурасын барынша төмендету. Нәтижесінде дене-дегі жылу жасалу проблемасы шешіліп қана қоймай, салқын-датылған тканьдер мен физиологиялық жүйелер энергияны барынша үнемді жұмсайтын болады және организмде қажетті қуат қоры сақталады. Қысқы ұйқының немесе гибернация құ-былысының негізгі мәні осы.Қысқы ұйқыға кететін жануарларды екі топқа бөледі: 1. Сергек кезінде өз денелерінде жеткілікті мөлшерде май қорын жинап алып, соның есебінен қысқы ұйқыны өткізу. 2. Жаз бойы інде қоректік заттар қорын жасап, қысқы ұйқы кезінде сонымен қосымша коректенетіндер. Жануарлар мезгілдік ұйқыға кету үшін көптеген сыртқы (температура, жарық, қоректік зат, т.б.) және ішкі (жылуды реттеу, эндокриндік және нервтік жүйелер) факторлар қажет. Эволюцияның дамуында аталған факторлар қолайсыз қыстың жақындап қалғанын хабарлайтын сенімді сигналға айналған. Қысқы ұйқыға кететін жануарлар орга-низмінде белок ыдырауының соңғы өнімі – мочевина кездес-пейді. Қандағы аминқышқылдары мен белоктар, сілтілік тұз-дардың концентрациясы өзгеріссіз қалады. Нерв жүйесі мен клетка қабығы төменгі температура жағдайына сезімтал емес, қысқы ұйқы барысында өз активтіліктерін жоғалтпайды. Қыс-қы ұйқы кезінде дене температурасы қаншалықты төмендеге-німен, ферменттер жүйесінің қатысуымен белоктар түзілуі тоқтаусыз жүріп жатады. Қысқы ұйқыға кететін жануарлар жүрегінде морфология-лық және физиологиялық ерекшеліктер байқалады. Олардың жүрегі 0( С кезінде жиырылуға қабілетті келеді. Ал, ұйықта-майтын жануарлардың жүрегі 15( С тоқтап қалады. Мұнымен қатар, ұйқыдан оянар алдында олардың жүрек қарыншала-рында фибриляция құбылысы байқалмайды. Ал, салқындату әдісімен ұйықтатылған кәдімгі жануарларды гипотермия жағ-дайынан шығарғанда олардың жүрегінде, керісінше фибриля-ция процесі пайда болып, жүрек қызметі бұзылады. Жануарлар үйқыдан оянар кезде қоңыр май тканінде қан айналысы жылдамдап, тотығу реакциясы күшей-еді, жылу түзілуі артады. Түзілген жылу алдымен, оған таяу орналасқан мүшелерге – жүрекке, ОНЖ-не, аса ірі артерия-лар мен қан және лимфа тамырларына бағытталады. Нәтиже-сінде жануарлардың қысқы ұйқыдан ояну кезеңі басталады. Қысқы ұйқы барысында жануарлардың бүйрекүсті безде-рінің қыртысты қабатының функциясы әлсіреп, көлемі кіші-рейеді. Бездері алынып тасталған жануарлар қысқы ұйқыға кету қабілетінен айырылады. Қалқанша бездің гормондары сүтқоректілер мен құстарда жылуды реттеу процесіне қатысады. Қысқы ұйқы кезінде бұл бездің қызметі әлсіреп, организмнің жылуды реттеу қабілетінің нашарлауына байланысты дене температурасы төмендейді. Қысқы ұйқыдан оянар алдында бездің қызметі күшейіп, негізгі зат алмасуы жоғарылай бастайды. Қанға тиреоидты гормондар бөлініп, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, жүректің жиырылу күші мен жиілігі артып, дененің температурасы көтеріледі. Егер ұйқыдағы жануарларға тироксин енгізсе ұйқыдан мезгілсіз оянып кету фактілері белгілі болған. Қысқы ұйқының барысында таяу арада пайда болған рефлекстер жойылып, одан бұрынғы қалыптасқандары сақта-лады. Бұл – ертеректе пайда болған рефлестердің нерв жүйе-сіндегі құрылымдық өзгерісінің, яғни жүйелер функциясының күшейюі ондағы құрылымдарда белок молекуласы мен нукле-ин қышқылдарының түзілуінің активтенуі принципі негізінде қалыптасқан процесс.