
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
Жұмыстың мақсаты :Термоэстезиометрді қолдана отырып дененің түрлі нүктелеріндегі температура сезімділігін анықтауды үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:Қағаз трафареті,термоэстезиометр.
Жұмыстың барысы:Термоэстезиометрді мұзға толтырып суық сезу нүктелерін анықтайды.Ол үшін аспаптың ұшын тесігі бар қағазбен жауып қойған теріге тигізеді.Осы кезде не сезді,соны айтып отырады.Квадрат трафареттің жоғарғы сол нүктесінен бастап зигзаг сызықпен төмен қарай жылжып отырып жазады. Барлығы 50 шамасында болады. Бұдан кейін жылуды сезуді зерттейді.Мұздың орнына 50 градус ыстық су құяды. Суықты сезетін рецепторлар саны 250000 дейін жетеді.Жылуды сезетін рецепторлар саны 30000 шамасында , олар терінің терең қабатында орналасқан. Терморецепторлар аяқта көп , бет терісінде аз болады.
Қорытынды:
Біз жылы сумен суық су екеуін салыстырдық.Суық суда алақан тез сезеді.Жылы суда білек тез сезеді.Саусақты салғанда температураны саусақ онша сезген жоқ. 2-3сек.тан кейін сезе бастады , осыған орай температураның терморецепторларын әртүрлі болатынын анықтадық.
Дене терісінің қай жері Рецептор саны
Суық ыстық
Саусақ 4 сек 5 сек
Алақан 3 сек 7 сек
Білек 1 сек 11сек
80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
Адам терісінде жанасуды , ауырғанды және температураны сезетін рецепторлар бар. Жанасуды сезетін рецепторлар дененің сыртында біркелкі орналаспаған . Олардың ең көбі саусақ ұштарында , алақанында , тілдің ұшында ,ал азы-арқа терісінде орналасқан.
Жұмыстың мақсаты :Терінің түрлі бөлімдерінің кеңістік сезімталдығын анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:Эстезиометр (Вебер циркулі)
Жұмыстың барысы : Тәжірибе адамға жүргізіледі ,ол орындықта көзін жауып отырады.Вебер циркулін азырақ ашып қойып саусақтың ұшына тигізеді.Адам циркульдің екі ұшын бірдей сезуі тиіс . Осы мөлшер тактильдік кеңістіктің сезіміне тең . Дененің әр жерінің сезімталдығын зерттеу.
Қорытынды:Жұмысты берілгендей Вебер циркулімен дененің әр бөлігіне әсер еттік. Қолдың алақаны мен саусағына әсер еткенде онша әсер етпеді,яғни олар ондайға бейім болып келеді . Ал білек пен иыққа әсер еткенде тітіркену қатты болады . Себебі бейімделмеген , сезімтал болып келді . Арқаға сезімталдық орташа болады .
Қолдың саусағы :онша емес
Алақан , иық , білек : қатты
Арқа : орташа сезеді.
81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
Тыныс алу қозғалыстарын пневмограф деп аталатын аспаппен тіркейді.Алынған жазуды пневмограмма деп атайды.Пневмограмма арқылы тыныс алудың жылдамдығы мен тереңдігін , осыған сәйкес дем алу мен дем шығарудың ұзақтығын анықтауға болады. Ересек адамдарда дем алу қозғалысының саны минутына 12-18 болады, ал балаларда ол жылдамырақ болады. Қолдануға қолайлы және көп тараған пневмографтың бірі-марея капсуласымен жалғасқан пневмодатчик болып есептеледі.
Жұмыстың мақсаты : Пневмография тәсілімен танысу және әртүрлі қозғалыс жағдайында жазылған пневмограммаға талдау жасау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар :Пневмограф, манжетка , марея капсуласы , кимограф . Жұмыс адамдармен орындалады .
Жұмыстың барысы : Манжетканы көкірек клеткасының төменгі жағын ала орташа қысыммен бекітеді .Тексеретін адамды өзінің дем алыс қозғалысының жазуын көре алмайтындай етіп отырғызады. Марея капсуласымен жалғасқан қаламұшы бар иінді кимограф қағазына тигізіп , төмендегідей кимограмманы жазу:
1)Қалыпты тыныс алу кезеңін;
2)Терең тыныс алу және терең дем шығару ;
3)Жұмыс орындағаннан кейін,20рет отырып тұру;
4)Сөйлеу , оқу кезінде жазу ;
5)Өлең айту кезінде жазу ;
6)Жөтелу ;
7)Жұтыну кезінде;
8)Аммиак газын иіскеу кезінде;
Қорытынды:Біз тәжірибені Талшынға жасадық. Қалыпты тыныс алу кезінде ,адам бірқалыпты дем алады.Терең тыныс алу кезінде де бірқалыпты болды.Отырып тұрғанда дем алу кезінде жиілігі көтеріледі. Сойлеу ,оқу кезінде жиілік көтеріледі.Өлең айту кезінде жиілік басында бірқалыпты болып , сосын көтерілді. Жөтелу кезінде,аммиак газын иіскегенде жиілік көтерілді.Жұтыну кезінде жиілік бірқалыпты болады екен )))))
82) Қажетті ақпараттарды белсенді түрде есте сақтау әдісін талдаңыз. Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі: а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы; ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы; б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады: 1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары); 2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер); 3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа). Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы“Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді.
83 )Қысқа уакыт ішінде есте сақтау қабілетін талдаңыз . Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы.
Қорытынды : Біз зертханалық жұмыс жасағанда қысқа уақыт ішінде есте сақтауды анықтадық . Ол үшін кестелерді қолдандық . Тәжірибе екі адамдық немесе топтық болып бөлінеді. Кестедегі сандардың бірінші қатарын мұғалім оқыды ,сосын біз есте қалғандарын жаздық.Сойтіп жеті қатарды оқып шықты біз есте қалғанын жаздық . Тәжірибе барысында біз студенттердің қысқа уақыт ішінде есте сақтау қабілетін анықтадық.