Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.

Тыныс алу қозғалыстарын пневмограф деп аталатын аспаппен тіркейді. Алынған жазуды пневмограмма деп атайды. Пневмограмма арқылы тыныс алудың жылдамдығы мен тереңдігін, осыған сәйкес дем алу мен дем шығарудың ұзақтығын анықтауға болады. Ересек адамдарда дем алу қозғалысының саны минутына 12-18 болады, ал балаларда ол жылдамырақ болады. Қолдануға қолайлы және көп тараған пневмографтың бірі-марея капсуласымен жалғасқан пневмодатчик болып есептеледі.

Осы тәжірибені жасау үшін біз манжетканы көкірек клеткасының төменгі жағын ала орташа қысыммен бекітіп, марея капсуласымен жалғасқан қаламұшы бар иінді кимограф қағазына кигізіп, кимограмманы жаздық. Нәтижені салыстыру үшін тәжірибеге қатысқан адамға түрлі жүктемелер жасадық. Өлең айтқанда, кітап оқығанда, қалыпты тыныс алғанда, терең тыныс алу кезеңі, терең тыныс шығару кезеңі, сөәлеу кезінде, жөтелу кезінде, жұтыну кезінде, аммиак газын иіскеген кезде.

Жұмыс орындағанда, өлең айтқанда, аммиак иіскегенде тыныс алу жиілігі артты. Терең дем алғанда, дем шығарғанда, сөйлеу, оқу кезінде жиілік бірқалыпты болды.

дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бүзылса, дем алу тоқталып, тірлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистерде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. 

63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.

Артерия қысымының мөлшері түрлі факторлық әсерлерге байланысты. Солардың ішіндегі негізгі факторлардың бірі- жүрек қызметі мен қан тамырларының тонусы болып есептеледі. Артерия қысымы жүрек фазасының циклдарына байланысты ауытқып отырады. Систола кезеңінде ол жоғарылап, ал диастола кезеңінде төмендеп отырады. Систолалық қысым мен диастола қысымдарының айырмашылықтарын пульс қысымы деп атайды. Артерия қанының қысымын өлшеуге арналған сфигмомонометр үш бөлімнен тұрады. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен (гр. сфигмос - жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен өлшенеді (4-сурет). Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден (1), манжеттен (2) және манжетке ауа айдайтын алмұрт пішінді үрлеуіштен (3) тұрады. Манжет дегеніміз - жалпак резеңке камера, сыртында матадан істелген қапшығы болады. Манжет резеңке түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен жалғасады. Қысымды өлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан кейін манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға (артерия) қанның келуі тоқтағанға дейін жүргізіледі. Стетоскоптың көмегімен осы салатамырдың соғуы тыңдала отырып, манжеттегі ауа біртіндеп босатылады. Манжеттегі қысым салатамырдағы қысымнан аз (немесе тең) болған кезде стетоскопта қанның соққаны естіледі, ал манометр жүректің қызметін сипаттайтын қан қысымының жоғарғы мәнін көрсетеді. Осыдан кейін манжеттен ауа жайлап шығарыла бастайды. Дыбыстың өзгерісі қанның айналуына манжеттің бөгет болмайтынын білдіреді. Салатамырдың қызметін сипаттайтын бұл қан қысымын да манометр көрсетеді және ол қан қысымының төменгі мәні болады. Жүрек жұмысы және қан қысымының салатамырдағы және көктамырдағы айырымы - қан айналымның негізгі себебінің бірі. Ал қан қысымы оны өзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120 мм (систоликалык)., төменгісі 70-80 мм(диастоликалык). Екеуінің айырмашылығын пульстық қысым деп атайды даол 30-40мм аралығында болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]