Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.

Сырткы тыныс алу,ягни газдардың ауадан өкпеге,өкпеден қайта атмосфераға шығврылуы екі кезеңнен тұрады-демалу(инспирация)және демшығарудан.(эксприация)тұрады.инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесін тапкан,өмірі бойы бірінен сон бірі кезекпен келіп алмасып отырады.Ауаны окпеге тартып алып,ондагы газ алмасуына катыскан ауаны тыска шығару үшін өкпе біресе ұлгайып,біресе тарылып тұруга тиіс.Адам демді ішке тарткан кезде инспирация еттері жиырылады да көкірек куысы кеңейтеді көкет жизырылады,онын күмбезі жазылып 1,5см томендейді.сөйтіп көкірек қуысы жогарыдан томен карай кеңиді,сырткы кабыргаралык жане шемиршекаралык еттер тартылып,кабыргаларды жогары карай котереді,осы кезде төс алға карай ығысады да солдан онга ,оннан солга жане арттан алга карай көкірек өлшемдері ұлгаяды,сойтіп көкірек кеңейеді,одан әрі инспирация еттері босап кабыргалар мен төс адеттегі орындарына түседі,іле-шала көкет күмбезі томпайып,жогары карай көтеріледі де көкірек куысы тарылады,өкпенің аумагы кішірейеді.Көкірек куысының тарылуы экспирация еттері,ягни ішкі қабыргаралык еттердің жиырылуына байланысты.Дәл осы кезде альвеолаларда ауа кысымы күшейеді де,мұндагы ауа өкпеден сыртка карай ыгысады,Қаттырак ягни терен дем алганда косымша тыныс алу еттері бұл үрдісте күшейте түседі,бұл еттер үлкен жане кіші кеуде еттері,алдынгы тіс еттер.Ал демді катты шыгару тура,қиғаш,көлденең жолакты кұрсак еттерінің жиырылуына байланысты.Демді ішке алып,сыртка шыгаруда плевралық қуыс ішіндегі қысым деңгейінің өзгеруі де елеулі роль атқарады.

54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы жағдайына организімнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо физиологиялық процестер жиынтығын айтады (латынша adaptatio- бейімделу). Адаптация нәтижесінде организімнін тіршілік ортасының экологиялық жағайына (температура ауытқуларына, оттегі, жарық тапшылығы азық түріне т.с.с.)төзімділігі қалыптасады. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті түрде организімде функциялар ауытқуларынын тудырып, шектен артып кеткен жағдайда дертке ұшыратады. Жануарлар сыртқы ортаның жаңа,тосын, жат жағдайларына (мекен,ауа райы) көндігуін жерсіну (аклимитизация), ал жасанды туғызылған жағдайларға (лаборотория, космос аппараты т.б.)уйренуін көндігу(аклимация) деп атайды. Экологиялық-генетикалық тұрғыдан физиологиялық адаптацияны екіге жіктейді: түрлік- тұқым қуалаған және дарақтық- жеке өкілдерге тән. Жануарлардын бір түрі суық климатқа, екіншісі-қоңыржай температураға, үшіншісі- биік таулы аймаққа (қодас, лама) бейімделген. Кейбір жануарлар салыстырмалы қолайлы жағдайда тапшы азықты жақсы пайдаланады, бірақ олардын өнімділігі төмен болады. Басқа біреулер сапалы азықты талап етеді және оларды өнімге оларды өте тиімді айналдырады. Шөлейт аудандарда сирақты, тұрпты қатқыл, ал ылғалды ойпатта тұлғасы болбыр жануарлар өседі. Тірі организм жоғары деңгейдегі өздігінен реттелетін , өзін өзі суйемелдейтін, қалпына келтіретін, бағыттайтын, тіпті жетілдіретін күрделі жүйе. Бірақ организм сыртқы ортаның мезгіл-мезгіл қайталанатып отыратын өзгерістеріне(күн мен түннің, жыл мезгілінің алмасуларына, температура ауытқуларына және басқа экологиялық және климат құбылыстарына) тәуелді. Сондықтан организм үшін сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады. Үй жануарларына бейімделу ерекшеліктерін анықтағанда осы жайларды ескерген жөн. Барлық экологиялық факторлар абиотикалық және биотикалық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Абиотикалық (жансыз) факторға сыртқы ортаның табиғи жағдайлары: жер бедері, температура, ылғалдық , ауа құрамы т.с.с. жатады. Биотикалық (жанды) факторларды тіршілік әрекеті организмге ықпал ететін басқа жан-жануарлар құрайды. Абиотикалық факторлар организмге тіеклей немесе жанама жолмен ( басқа факторлар көмегімен) зат алмасу процесінің қарқының өзгерту арқылы әсер етеді. Олардың кейбіреуі сигнал рөлін атқарып , организмді қоршаган ортаның болашақ өзгерістеріне алдын ала дайындайды. Мысала, күннің ұзаруы организмде белгілі бір бейімделу процестерінің туындауына себепкер болады. Абиотикалық факторлар тек бір жақты әсер етеді. Оранизм олардын әсеріне тек бейімделіп отырады., өзі оларға кері ықпал жасай алмайды. Абиотикалық факторларға бейімделудін екі түрі болады. Оның біріншісі, осы факторға. Оның әсер күшінің өзгерістеріне төзімділік қалыптастыру. Организм функцияларының қалыпты күшін сақтауды қамтамасыз ету жолы. Бұл пассивті (ырықсыз) бейімделу, толеранттық( латынша tolerantio- шыдамдылық, көнбістік деген баға береді) принціппен бейімделу. Бейімделудің бұл жолы жануарлардың жеке түрлеріне тән тұрақты қасиеті ретінде қалыптасада да, негізінен торша-ұлпа ретінде жүреді. Бейімделудің екінші-белсенді жолы организмнің арнаулы бейімделу механизімдері арқылы сыртқы орта әсерін жұмсартып, ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Демек, белсенді бейімделу немесе резистенттік принціппен бейімделу ( латынша rezistentia-қарсыласу , кері әсер) организімінің ішкі ортасының тұрақтылығынын сақтауға бағытталады. Пассивті бейімделуге мысал ретінде пойкилотермиялы немесе пойкилоосмостық жануарларды, ал белсенді бейімделуге мысал ретінде гомойтермиялық немесе гомойоосмотық жануарларды алуға болады. Биотикалық факторлар(жыртқыштар, ауру қоздырғыштар, бәсекелестер т.с.с.) басқа түрге әсер ете отырып, өздерінде ықпал ете отырады, өзара әсерлестік жағдайында болады. Түрлі факторлардын организмге әсері, оларға қайтарылатын жауап сипаты көбіне-көп сол фактордын әсер күшіне, оның мөлшерленуіне (дозасына)баиланысты . Организімнің қалыпты тіршілігін сақтау үшін орта факторларының (жылулық, ылғалдық, жауын- шашын, оттегі) жағымды мөлшерде болуы қажет. Олардын тапшылығы немесе молшылығы организм функцияларында түрлі ауытқулар тудырады. Кез келген фактордын организм мұқтаждығына сәйкес оптималдық мөлшер деп атайды. Фактордын қолайлы әсері сақталатын шекті оңтайлы (оптималды) аймақ дейді. Организм сыртқы ортаның күрделі де құбылмалы жағдайында тіршілік етеді, сондықтан оның қалыпты әрекеті құылымдық тұтастығы мен физиологиялық қасиеттері сақталғанда ғана атқарылады. Бұл күрделі процесті бейімделу механизімдерінің йулесімді әрекеті қамтамасыз етеді. Биологиялық тұрғыдан бейімделу механизімдерін екі топқа бөлуге болады. 1.Тұтас организім мен оның жеке түрлері қызметінің сырткы ортаның ең үлкен тараған және тұрақты факторларының әсеріне бейімделуін қамтамасыз ететін механизімдер. 2.Ортаның жеке факторларының ауытқуларына байланысты қалыптасатын өзгермелі реакциялар. Бұл жағдайда бейімделу реакцияларының нәтижесінде организімге тән залмасу процесінің жалпы деңгейі сақталады. Организімдегі бейімделу процесі қан айналым және тыныс алу жүйелері қызметінің өзгерумен (жүрек жұмысы мен тынысының жиілеуінен) басталады. Бейімделу барысында дене температурасында , зат алмасу процесінің қарқыны, су тұздардың алмасуы, торша мен ұлпа аралық су мөлшерінің ара қатынасы өзгреді

56. Бауырдың атқаратын қызметі. Бауыр(hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безіОмыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктарглюкозафруктозаглицеринмай қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады. Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше. Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады. Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет. Бауырдың атқаратын қызметтері: •    ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру); •    ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау; •    ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу; •    холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу; •    он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу; •    Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу; •    Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

57. Ас қорыту ферменттерін талдаңыз. Ферменттер немесе энзимдер — тірі Жасушалардың барлық әрекеттеріне қатысатын, органикалық заттарды өзтеріске үшырататын, зат алмасу процесін реттейтін биологиялық катализаторлар, айырықша белоктар. Ферменттердің қатысуының нәтижесінде химиялық реакциялардың жүруіне қажет қуат шығыны азаяды. Тірі организмде жүретін барлық лроцестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге тән макромолекулалар түзіледі. Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Мысалы, мальтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменті басқа қанттарға эсер етпейді.Ферменттер әрекетінің негізіңде үш түрлі әсер жатады 1) жинақтау (концентрациялау әсері; 2) бағдарлау (ориентациялау) әсері; 3) көп бағытты катализ.Ферменттер алдымен ершндіден қоректі заттар субстратының әр түрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды, қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзтерістерін тездетеді. Белоктар, майлар, көмірсулар молекулаларының құрамындағы компоненттер көбінесе ангидридтік байланыстар арқылы полимерлер түзеді. Бұл байланыстар ферменттердің әрекетімен су қосу арқылы (гидролиз) үзіледі. Соидықтан бұл процесті гидролиздік ыдырау, ал оны қамтамасыз ететін ферменттерді гидролазалар деп атаңды. Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты жылылық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Өсімдік тектес азық құрамында организмде қиын қорытылатын және ас қорыту сөлдерінде ерімейтін заттарға бай клетчатка көп мөлшерде болады. Ал ас қорытатын сөлдер құрамында оны ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан клетчатка тек микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдер әрекетімен белоктар шіріп, майлар тотығып, көмірсулар ашиды, организмге қажет көптеген заттар (амин қышқылдары, дәрмендәрілер т.б.) түзіледі да, бұл молекулалардың өзара әрекеттесуін тездетеді. Ферменттердің бұл әрекетін жинақтау (концентрациялау) әсері деп атайды. Қоректік заттардың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін фермент беткейіне жинақталған субстраттар молекулаларының белгілі аудандары бірбірімен жанасуы керек, демек олар бірінебірі бағдарлануы керек. Ферменітердің осындай бағдарлау әрекетінің әсерінен қоректік заттардың ыдырау процесі мығдаған есеге шапшандайды. Ферменттердің негізгі қасиеті олардың күрделі құрылысына байланысты. Қазіргі деректерге қарағанда фермент молекулаларында белсенді орталық деп аталатын бөлік болады. Ферменттер қоректік затқа әсер ету үшін субстрат молекулаларының пішіні осы белсенді орталықтың пішінімен үйлесуі керек. Белсенді орталық функционалдық топтан немесе жеке амин қышқылынан тұрады. Қазіргі кезде біраз ферменттердің белсенді орталығының табиғаты жақсы зерттелген. Мысалы, химотрипсин ферментінің белсенді орталығы екі бөліктен тұратын көрінеді. Оның бірінші бөлігі — сіңіру аймағы. Оған серин, гистидин, аспарагин қышқылдарының қалдықтары кіреді. Белсенді орталықтың бұл бөлігінің пішіні май тамшысы тәрізді. Белсенді орталықтың екінші бөлігі — катализдік топ. Ол арқылы фермент субстрат молекулаларының белгілі бір орталықтарын шабуылдап, көп бағытты катализ процесін жүргізеді. Ферменттердің қазіргі кезде қолданылып жүрген жіктеуі биохимиктердің 1961 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық съезінде қабылданған. Бұл жіктеудің негізіне фермент жүргізетін реакцияның түрі алынған. Ал фермент аты өзі ыдырататын субстрататына -аза — деген жалғау қосудан шығарылады. Мысалы, целлюлозаға (клетчатка) әсер ететін фермент целлюлаза, мальтозаға әсер ететін фермент — мальтаза т.с.с. аталады. Осы принциппен барлық ферменттер алты топқа бөлінген. Ас қорыту ферменттері үшінші — гидролазалар тобына жатқызылған. Олар органикалық қосылыстарды су қосу арқылы ыдыратады, сондықтан мұндай реакция гидролиз деп аталады. Гидролазалар тигізетін әсерлеріне қарай үш топқа бөлінеді. Гликолиздік ферменттер — (амилаза, декстриназа, глюкозидаза (мальтаза), галактозидаза (лактаза), фруктофуронидаза — сахараза т.б.) -гликозидтік қосылыстарға, протеолиздік ферменттер (пепсин, катепсин, реннин (химозин), трипсин, химотрипсин, эластаза, энтерокиназа, коллагеназа, карбоксипептидаза, карбоксипептидаза А, аминопептидаза т.б.) — пептидті байланыстарға, липолиздік ферменттер (липаза, фосфолипаза А, сілтілік фосфотаза т.б.) — эфирлі байланыстарға әсер етеді.

58.Өттің құрамы мен қызметін түсіндіріңіз. Өт(bіlіs, fel) – адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. – 1,010 – 1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті.Өт қапшығы өтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздарыпигменттерхолестеринмайлы қышқылдараниондаркатиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 – 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 – 700 мл өт бөледі. Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады. Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады. Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс. Өттің қызметі: - ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді; - майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу; - май қышқылдарының ерітілуін күшейту; - аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру; - ішектегі шіру процесін тоқтатады.

59,60,62. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Спирометрия Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл -қордағы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым Бұл айырмашылық көп болады. ӨТСнің тіршілік сыйымдылығын анықтау әдісінің ең басты мақсаты- спирометрмен танысып, ӨТСні өлшеу тәсілімен танысу болды. Жұмысқа:спирометр, мұрын қысқыш, мақта, спирт керек болды. ӨТС= ТАК(тыны салу к-мі)+ДАРК(дем алудың резервтік көлемі)+ДШРК(дем шығарудың резервтік көлемі)

ДАРК=ӨТС-(ТАК+ДШРК)

Т=1300/22=60мл. Қ=3500-(1200+1300)=1000мл. ДАРК=3500-(60+1000)=2440.

ӨТС=2440+60+1000=3500.

Қосымша ауа көлемін өлшеудің 2 жолы бар:

А) қалыпты дем жұтқаннан кейін спирометрге барынша терең түрде дем үрлейді.

Б) немесе ӨТС ден қосымша ауа көлемі мен резервтік ауа көлемінің қосындысын алып тастайды. Қ=Ж-(К+Р)

Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылыгы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады. Адам жүктемеден кейін ауаны көп қажет етеді. Сол себепті шыныққан денеде ӨТС көп болады. Спирометрия — өкпенің көлемін өлшейтін аснап, спирометр көмегімен өкпенің басқа көлемін және өкпедегі өмір сыйымдылығын өлшеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]