Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адаммен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдауөндеуқорытусіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Асқорыту түрлері тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың қасиеттері мен табиғатына байланысіы ас қорытудың бірнеше түрлері (механизмдерді) қалыптасқан. Олар мыналар 1. Жасушалық ас қорыту түрлі тығыз немесе сұйық  заттарды Жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестерімен бейнеленеді. Фагоцитоз (тығыз заттарды сіңіру) және линоцитоз (сұйық  тамшыларды қарбу) құбылыс тары осы Жасушалық ас қорытудың белгісі. Жасушалық ас қорыту бір Жасушалы қарапайым  жануарларға тән .

2. Жасушадан тыс ас Адам мен жануарлар ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепіі қорыту. Көптеген қоректік заттар молекула-сының мөлшері Жасушалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен, Сондықтан оларды ыдырату процестері арнаулы маманданған Жасушалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі куыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді.Куыстық ас қорыту карын мен ішектің куысына бөлінген сөлдердің құрамы ндағы фермештердің әрекетімен атқарылады.Мембраналық ас қорыту Жасуша мембранасының сыртқы беткейіне жабысқан немесе сол мембрана құрамы на енетін ферменттердің әсерімен жүреді. Бұл ферменттер тек Жасуша беткейімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер етеді, сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы немесе қабырғалық ас қорьтту деп те атайды.3.      Сыртта ас қорыту қоректік заттардың организмнен тыс ыдырауымен сипатталады. Ае қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер өз торына түскен жәңдікгерге өздершің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қорекгенеді.4.      Ұжымдық (коллективтік) асқорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларда ас қорыту процесі бірнеше өкілдің (индивидтің) қатысуымен жүреді, сондықтан да илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдер ұзақ  тіршілік ете алмайды.Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі — қабылданған қорек құра-мындағы заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстар-ға айналдырып, оларды шіектің қабырғасы арқылы қанға не лимфаға өткізу. Мысалы, қорек құрамы ндағы белоктар — амин қышқылдары-на, майлар — глицерин мен май қышқылдарына, ал көмірсулар — жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ғана денеге қан не лимфа арқылы тарап, сіңе алады.

53.Тыныс алу кезеңдеріне жалпы сипаттама Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты. Тынысалу - тірі ағзаларға тән қасиет.Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газ бен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалык заттардан энергия босау үшін оттегі қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут та тіршілік ете алмайды.Тынысалу жүйесіне мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, ауатамырлар, өкпелер жатады. Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды.Көмекей (көмей) - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бірімен-бірі жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері біріне-бірі қатарлас жатқан иілгіш, серпінді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры (бидайық) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұгымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қыска болғандыктан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектер қатысады.Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей - ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (гр. bronchus — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]