
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
Қысқы ұйқы – жылы қанды жануарлар арасында көп та-раған және табиғаттың қолайсыз жағдайына бейімделудің бір түрі болып есептеледі. Жануарлардың арасында кездесетін ұй-қыны тәуліктік, маусымдық және мезгілсіз ұйқы деп бөледі. Маусымдық ұйқы қысқы және жазғы болып бөлінеді. Қысқы ұйқы жарқанат, кірпі және кеміргіштер сияқты сүтқоректілер арасында кездессе, жазғы ұйқы шөл және шөлейт жерлерде тіршілік ететін жануарлар арасында кеңінен тараған. Қарлы-ғаш тәрізділер және кейбір кеміргіштер мен қалталылар мау-сымның кез келген қолайсыз кездерінде (температураның күрт төмендеуі, жаңбыр, т.б.) мезгілсіз ұйқыға кете береді.
Қысқы ұйқыға, көбіне, ұсақ сүтқоректілер кетеді. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, олардағы зат ал-масу деңгейі жоғары болса, екіншіден, олар қысқа дайындық ретінде қоректік зат қорын жинамайды. Үшіншіден, суық түс-кен кезде мұндай жануарлар денедегі жылуды барынша көп жұмсайды. Суық түскен мезгілде зат алмасу қарқындылығын бірнеше рет арттыра отырып дене температурасын жоғары деңгейде ұстау – бұл жануарлар үшін аса қымбатқа түсетін жол. Ұсақ жануарларда зат алмасу деңгейі әуел бастан-ақ жо-ғары болатыны белгілі, ал оны одан әрі көтеру – олар үшін үлкен шығын. Тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – дене температурасын барынша төмендету. Нәтижесінде дене-дегі жылу жасалу проблемасы шешіліп қана қоймай, салқын-датылған тканьдер мен физиологиялық жүйелер энергияны барынша үнемді жұмсайтын болады және организмде қажетті қуат қоры сақталады. Қысқы ұйқының немесе гибернация құ-былысының негізгі мәні осы.
47. Қысқы уйқыны күшейтетін не тежейтін заттар тобын талдаңыз. Қысқы ұйқыны күшейтетін немесе тежейтін заттар тобы белгілі. Ондай зат-тарды кейбір мүшелер мен бездер бөледі, соған орай оларды қысқы ұйқы бездері немесе триггерлер деп атайды. Триггер-лер қатарына қоңыр май ткані жатады және ол қысқы ұйқыға кететін жануарлардың бәрінде кездеседі.
Қоңыр май симпатикалық нерв жүйесінің бақылауында болады және қан тамырларымен барынша жақсы жабдықтал-ған. Оның құрамында митохондрия мен цитохром мөлшері өте көп және төменгі температурада қатпайтын май қышқыл-дары болады. Жануарлар үйқыдан оянар кезде қоңыр май тканінде қан айналысы жылдамдап, тотығу реакциясы күшей-еді, жылу түзілуі артады. Түзілген жылу алдымен, оған таяу орналасқан мүшелерге – жүрекке, ОНЖ-не, аса ірі артерия-лар мен қан және лимфа тамырларына бағытталады. Нәтиже-сінде жануарлардың қысқы ұйқыдан ояну кезеңі басталады. Сонымен, қоңыр май – жануарлар қысқы ұйқыдан оянар ал-дында олардың оянуына қажетті жылудың түзілуін қамтама-сыз ететін аса күрделі механизм. Қысқы ұйқыға кету мен одан ояну процесінде қоңыр май тканінен кейінгі маңызды функциясы ұйқы безі мен оның гормоны атқарады. Қанына инсулин енгізілген жануарлардың қысқы ұйқыға мерзімнен бұрын кететіні туралы мағлұматтар ертеден белгілі. Я. Киршенблаттың зерттеулері бойынша ұй-қыға кетер алдында жануарлардың ұйқы безіндегі Лангерганс көпіршелерінің саны мен көлемі бірнеше рет артып, қанда инсулин гормоны мен СО2 көбейген. Бұл - қысқы ұйқының терең және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Себебі, қалыпты жағдайда тіршілік әрекеті үшін энергия көзі болып есептелетін қандағы қанттың мөлшері гормон енгізгеннен кейін азайып кетуіне байланысты. Инсулинді Лангерганс көпіршелеріне енгізгеннен кейін де осындай құ-былыс байқалған. Дененің шеткі қан тамырларындағы қан ішкі мүшелерге қарай ауысып (қан депосы), қан қысымы тө-мендеген. Бұлшық ет пен бауырдағы гликоген көбейіп, қанда-ғы қант мөлшері азайып кеткен. Бауырда АТФ жинала баста-ғаны байқалған.