Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.

Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті,оның құрамы өте күрделі.Қанның түсі ішіндегі гемоглобиннің,әртүрлі газдармен,басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп тиісті қосындылар құруына байланысты.Мәселен,артерия қанның ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындысы HHвCh),вена қанның күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемо-глобин мен көмір қышқылды газдың қосындысы HHвCСв)көбірек болуына байланысты.Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин (HHвCО) түзіледі де,қанның түсі қызыл күрең(танқурай түсті)тартады. Күкіртсутек(На8) әсерінен сульфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді.Гемоглобиннің оттегі мен тұрақты қосындысы метгемоглобин қосындысына қан қоңыр түске боялады.Қанның иісі оның құрамындағы тез буылатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды,м.с.1,050-1,060, плазманьщ м.с.-нан(1,025-1,035)жоғары, бірақ эритроциттікінен(1,090)төмен.

Қанның 1 мм3 көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі - өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады. Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада "орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер "орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин¬қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған "глутамин қышқылының” орнын "валин” басатынын анықтаған.

Қанның физикалық қасиеттері

Қан қызыл түсті, кермек дәмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның түсі құрамында ерекше белок — гемоглобиннің болуына байланысты. Артерия қанының түсі ашық — қызыл, ал вена қаны- қоңыр қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланысты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дәм береді. Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 — 2,2, ал қанның тұтқырлығы — 5,0-ге тең.

Қанның тығыздығы 1,050 -1,060. Ол эритроциттер санына тәуелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы — 1,090, ал плазманың тығыздығы 1,025 -1,034 аралығыңда болады.

45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз

Температура - күннің ұзын толқынды инфрақызылсәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті, тіршілік иелері үшін манызды экологиялық фактор. Тірі организмдер жылу энергиясын әртүрлі жолмен алады. Көптеген тірі организмдер температураның 0°С және 50°С арасында тіршілік ете алады. Өйткені зат алмасу процесі осы температурада жақсы жүреді. Өсу және тіршілік ету үшін қолайлы температура (-10°С +30°С) оптималды деп аталады. Бірақ кейбір организмдер жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, ыстық су көздеріндегі цианобактериялар +80°С -қа дейін, бактериялар +88°С -қа дейін тіршілік ете береді. Салқын жерде тіршілік ететін организмдердікриофилдер тобына жатқызады. Олар белсенділігін клеткалардын температурасы -8°С...-10°С жағдайда да жоғалтпайды. Криофилия төменгі температура жағдайында (тундрада, арктикалық және антарктикалық шөлдерде, биік тауларда, салқын теңіздерде) тіршілік ететін көптеген организмдерге - бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қыналарға, мүктерге және т.б. тән. Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды. Бұларға микроорганизмдер мен Жануарлардың көптеген топтары, мысалы, нематодтар, жәндіктер личинкалары , кенелер және шөлді аймақта тіршілік ететін көптеген организмдер жатады. Кейбір бактериялардың споралары тіпті +180°С ыстыққа бірнеше минут бойы шыдайды. Лабораториялық жағдайда өсімдіктердің споралары, тозаңдары және тұқымдары, нематодтар, коловраткалар, қарапайымдылардың цисталары клеткаларын кептіргеннен соң -217°С -қа дейінгі температураға шыдап, кейін температура қалыпты жағдайға келгенде бұрынғы белсенділіктеріне қайта оралған. Температура өсімдік өсуінің барлық кезеңдерінде әсер етеді. Өсімдіктердің дамуының эр кезеңінде температураға қажеттілі де әртүрлі дәрежеде болады.. Қоршаған ортаның температурасы және топырақ температурасы өсімдіктердегі физиологиялық гіроцестерге ғана емес, мүшелердің түзілуіне де әсер етеді.. Өсімдіктердің жылудың жеткіліксіздігіне бейімделуіЖылудың жеткіліксіздігіне бейімделуіне байланысты өсімдіктер үш топқа бөлінеді:-)Суыққа төзімсіз өсімдіктер - тропикалық орман өсімдіктерімен жылы теңіз балдырлары. Судың қату температурасында бұл өсімдіктер өле бастайды. Ол ферменттердің белсенділігінің төмендеуіне, белоктар мен нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуына, мембраналардың өткізгіштік қабілеттерінің төмендеуіне байланысты;2) аязға төзімсіз өсімдіктер - біршама төмен температураға шыдайтын, бірақ ұлпаларында мұз түзіле бастаған кезде тіршілігін тоқтататын өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер температураның -5°С- 7°С-қа дейін тіршілігін жоймайды. Бұларға субтропикада өсетін мәнгі жасыл өсімдіктер жатады. Вегетация кезінде барлық жапырақты-сабақты өсімдіктер аязға төзімсіз;3) аязга төзімді өсімдіктер - маусымдық климатты және қысысуық жерлерде өсетін өсімдіктер. Қатты аяздарда ағаштар мен бұталардың жер үсті мүшелері тоңганымен өміршеңдігін сақтап қалады. Аязға шыдамдылық өсімдіктерде өсу процестері тоқтаған соң бірте-бірте жүреді. Шынығу кезінде клеткаларда қанттың мөлшері (20%-30%), көмірсулардың туындылары, кейбір амин қышқылдарының мөлшері көбейеді. Қыс ортасында, әсіресе соңында күннің бірден жылынуы өсімдіктердің аязға төзімділігін әлсіретеді. Бірден болған көктемгі суықтар енді дамып келе жатқан өркенді немесе гүлді зақымдап үсікке ұшыратуы мүмкін.Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:1) ыстыкқа төзімсіз түрлер - +30°С... + 40°С температурадазақымданатын организмдер (кейбір балдырлар, суда өсетін гүлді өсімдіктер);2)ыстыққа төзімді эукариоттар - құрғақшылық аймақта өсетін (дала, шөл, саванна) өсімдіктер. Жарты сағат +50°С + 60°С температураға шыдайды;3) ыстыққа төзімді прокариоттар - термофилді бактериялар Мен көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері. Ыстық су Көздерінде +85°С...+90°С температурада тіршілік ете алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]