Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.

Тынысалудың жиілігі,кезінде оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады.Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі.Дәмді ішке алу,шығару,тынысалу еттерін жиырылуы арқылы іске асырылатын белгілі.Тынысалу еттерін жиырылатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді:Диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның III-IVМойың сегментінің алдыңғы ашасында,ал қабырғааралық еттердің жүйке жасушалары жұынның көкірек сегменттерінде орналасқан.Адам өз еркімен тынысын жиілете және тереңдеп алады,тіпті біразға дейін тоқтата да алады.Бұл тынысалу үрдісін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысының қатысатының көрсетеді. Мысалға Еттің жұмысын келтірер болсақ. Ет жиырылып ауырлық көтерсе,ол оның белгілі бір жұмыс істегенін көрсетеді.Ал ауырлықты бір жерден екінші жерге көрсетіп апаратын жұмысты Динамикалық жұмыс дейді. Динамикалық жұмысты өлшеу үшін ауырлықты (Р) көтерген биіктікті (h)көбейеді.W=Px h.Жұмыс кг мен белгіленеді.Жұмыс нәтижесі оның ырғағына да байланысты болады.Орташа ырғақ жұмыс істегенде жұмыскерлік ұзаққа созылады.(бұл жұмыстың орташа ырғақ заңы) –жұмыс көп жасалады.

43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі

Гомойтермді организмдерде физиологиялық мағынада екі бөлімді ажыратады: «ядросын» (температурасы тұрақты ішкі құрылымдарды, мәселен, ми мен ішкі органдарды) және оны қоршап тұратын «қабығын».

Дене температурасы деп дене ядросының температурасын ұғады. Ең қарапайым жолмен дене температурасы қолтық астынан, ауыз қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы температурасынан 0,50 С - 1,50С төмен. Адам суық суда немесе суық ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы +350С дейін төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуіндене гипотермиясы деп, ал жоғарлауын дене гипертермиясы деп атайды. Ядро температурасының тұрақтылығы дене қабықшасына тәуелді. Мысалы: суық әсерге тері тамырларының тарылуынан қабықша температурасының төмендеуі жылудың сыртқы ортаға берілуін төмендетеді. Қабықшаның әр түрлі бөлімдерінің сыртқа жылуды беруі әр түрлі, бұл көптеген факторларға байланысты. Тер бездерінің санына, ұлпалардың капилярларына және т.б. Негізінен тері температурасын стандартты 7 нүктеде өлшейді: маңдай, иық, арқа, кеуде, балтыр, мықын, қолбасы. Терінің орташа өлшенген температурасын мына формуламен есептейді:

ТОӨТ = 0,07*t(маңдай) + 0,14* t(иық) + 0,17* t(арқа) + 0,18* t(кеуде) + 0,20* t(мықын) + 0,19* t(балтыр) + 0,05* t(қолбасы)

Қалыпты жағдайда адамның температурасы тұрақты: қолтықта орташа 36,50С - 36,90С, тік ішекте 37,20С - 37,50С болады. Ішкі ағзалардың температурасы 380 С - 38,50 С.

Дене температурасының бір қалыпта сақталуы не сақталмауы организмде жылудың түзілуі мен оның сыртқы ортаға берілуін реттейтін физиологиялық механизмнің жетілуіне байланысты. Жылудың түзілуін, яғни организмдегі химиялық үрдістердің шамасын басқаруды химиялық жылу реттеу деп атайды. Жылудың сыртқа берілуін басқаруды физикалық жылу реттеу деп атайды. Осы механизмдерге байланысты қалыпты жағдайда денеде түзілген жылу шығын болған жылудың орнын толтырып отырады. Содықтан температураның тұрақтылығы сақталады. Жылу түзілу зат алмасу үрдісінің дәрежесіне байланысты, сондай-ақ жылу түзетін реакциялар барлық ағзаларда, ұлпаларда әртүрлі шамада жүреді. Көп қызмет атқаратын органдарда – ет ұлпаларында, бауырда, бүйректе жылу көп бөлінеді. Дәнекер ұлпаларда, сүйектерде, сіңірлерде жылу аз түзіледі. Жылудың түзілуіне әсер ететін негізгі фактордың бірі – қоршаған ортаның температурасы.Дененің температурасы қоршаған ауаның температурасынан аз да болса жоғары болған жағдайда ғана жылу ортаға өткізу және таралу арқылы беріле алады.

Гомойтермді жануарлар дене температурасының салыстырмалы тұрақтылығын микроклиматтың қыздырушы және салқындатушы жағдайларына бейімделу арқылы ұстайды. Мұндайда организмді артық қызудан және қатты салқындаудан қорғайтын механизмнің тиімділігі жоғарлайды. Осы құбылысты температуралық бейімделу(немесе температуралық акклимация) деп атайды.

Температураны реттеуші жылу орталығы аралық мидағы гипоталамус аймағында жатқан сұр төмпешікте болады. Температураны реттеуші орталықтың қызметіне екі фактор әсер етеді: қан температурасы және рефлекторлық әсер. Жылу пайда болатын және беретін органдарға қозу сипатикалық нерв жүйесімен келеді.

Тітіркендіру кезінде рефлекторлық жолмен жылуды реттейтін реакцияны тудыратын аппараттарға – терідегі жылуды және суықты қабылдайтын рецепторлар, тыныс алу жолдарындағы және ішкі органдардағы рецепторлар жатады. Сондай-ақ гипоталамуста да терморецепторлар бар. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі терідегі тамырлар тонусын, тер бөлінуді, ыстықтан ентігуді өзгерте отырып жылудың тиімді түрде берілуін реттеуді қамтамасыз етеді. Ал гипоталамустың артқы бөлімі денедегі алмасу үрдістерінің деңгейін, жылу жасалуды үйлестіреді.

Эксперимент арқылы жұлынды салқындату кезінде термореттелудің адекватты түрде байқалатын өзгерістерін тудыруға болады. Сонымен қатар, термореттелуге қан айналу мен тыныс алудың қатысуы тамыр қозғағыш және тыныс алу орталықтары орналасатын сопақша ми мен ретикулярлы формацияның да бұл үрдіске белгілі бір дәрежеде қатысы бар екендігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]