
- •6)Изотермия дегеніміз не?
- •13. Десинхроноз. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •15. Қысқы інде жатып ұйықтау кезіндегі физиологиялық өзгерістерді талдаңыз
- •16. Қоршаған ортаның факторларының әсеріне бейімделуі түрлерін талдаңыз.
- •19. Стресс түрлері. Кезеңдеріне толық тоқталыңыз.
- •21. Үштік биоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •22. Дене температурасының маусымдық өзгерістері.
- •23. Адам және жағымсыз радиялық орта факторларын талдаңыз.
- •24.Биологилық ырғақтар. Тәуліктік ырғақтылықтың механизімін талдаңыз.
- •27. Циркадианды ырғаққа жалпа сипаттама беріңіз.
- •28.Бейімделудің арнаулы және арнаулы емес реакцияларын талдаңыз.
- •29. Жануарлардың ас қорыту жүйесіндегі айырмашылықтарды талдаңыз.
- •30.Үлкен және кіші қанайналым жүйелерін сипаттаңыз. Схема түрінде жазыңыз.
- •31.Организмнің бейімделу реакцияларының жалпы заңдылықтары.
- •32.Жүректің құрылысы. Жұмыс істеу механизімін түсіндіріңіз.
- •34) Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлардың жүрек құрылысының айырмашылығын талдаңыз. Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысы
- •37) Қан көрсеткіштеріне жалпы сипаттама
- •38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •39)Құстар мен Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу жүйесіндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
- •40) Пойкилотермді организмдердің температураға бейімделуі
- •41)Сүт қоректі жануарлар мен бауырмен жорғалайтын жануарлардың тыныс алу жүйесінің айырмашылықтарын талдаңыз.
- •42) Тыныс алу кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді?Мысал келтірітіз.
- •43) Гомойтермді организмдердің температураға бейімделуі
- •44)Қанның физикалық және химиялық қасиеттеріне жалпы сипаттама беріңіз.
- •45.Температураға байланысты организмдер тобын талдаңыз
- •46.Маусымдық және мезгілсіз ұйқыға жалпы сипаттама
- •48.Этология-қандай ғылым саласы
- •52. Аскорыту түрлеріне жалпы сипаттама
- •54.Инспирация және экспирация еттерінің жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •61. Адамдардағы дем алу қозғалыстарын графикалық тіркеу әдісіне талдау жасау.
- •63. Адамның қан қысымын анықтау әдісіне талдау жасау.
- •64. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу
- •65.Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу
- •66. Көз өрісін анықтау әдісін жазыңыз
- •67.Көз торындағы соқыр таңбаны көру әдісін сипаттаңыз
- •68. Дәм сезімін анықтау әдісін жазыңыз
- •69. Қан топтарын анықтау тәсілін жазыңыз
- •70. Адамның артериалды қысымын анықтау әдісін сипаттаңыз
- •71. Артерия қысымының, пульстың жүктемеден кейінгі өзгерісін анықтау әдісін жазыңыз
- •72. Қандағы лейкоциттер санын есептеу әдісін жазыңыз
- •73. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеу жолдарын талдаңыз
- •74. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
- •75. Қандағы эритроциттер санын анықтау
- •79) Дене температурасының адаптациясын анықтау әдісін талдаңыз.
- •80 ) Терінің сезімталдығын зерттеу әдісін талдаңыз.
- •81)Адамдардағы дем алу қозғалысын анықтау әдісін талдаңыз.
- •84.Ауа құрамындағы со2 мен о2 мөлшерін анықтау әдісін талдаңыз.
38)Адам мен жануарлардың қан көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды түсіңдіріңіз.
Адамның қаны денедегі қызыл қан 36 градус жылылықпен сан тарау тамырларды қуалап, өзен сияқты тоқтаусыз ағып жатыр. Қанның ең басты қызметі – даяр болған «ас-ауқатты» барлық жасушалар мен ағзаларға уақытылы жеткізу. Оның құрамындағы клеткалар мен биологиялық белсенді заттар генетикалық жағынан бізге бөтен молекулалар мен ауру шақыратын зиянды бактериялармен қайтпай соғысушы «шәһидтер» десе де болады. Себебі, олар сол соғыстарда камикадзелер секілді өздерін қиналыссыз құрбандыққа шалып, тіршілікпен ерікті түрде қоштасады. Қанның пайдалы екенін әу баста ақылды адамдар сезгенмен, оның терең құпиясы туралы ештеңе біле алмаған. Гиппократ «қан – дененің сығынды шырыны» деп қанды құметтеуден ары аса алмапты. Әлбетте, жасушаларды үлкейтіп көрсететін микроскоп болмаған соң, қызыл кереметтің ішінде нендей мұғжизалар болып жатқанын қалай білсін? Плазманың 90-92 пайызы – су. Плазмада аздаған мөлшерде ақуыз бен дәрумендер болады. Құрамында осынша судың көптігіне қарамастан плазма сумен салыстырғанда әлдеқайда былқылдап тұрған қоймалжың затқа қатты ұқсайды. Қанды бұлайша қоюлатып тұрған оның құрамындағы ақуыздар мен эритроциттер.Микроскоппен қанның құрамы-на үңілген кісі таңдана қарап қалары анық. Ұсақ һәм жіңішке нәзік өзен секілді тамырлар кейде томпайып, кейде жіңішкеріп, өзгеріп тұрады. Оның жағалауында сары түсті, сарғылт, сұр және тағы басқа түйіршіктер ағып бара жатады. Бұлар – қанның ішінде жүрген тірі жасушалар. Олардың ішінде ең көбі – эритроциттер. Қанға қып-қызыл рең беріп тұрған дәл осы майда «мақұлықтар». Бұлардың пішіні де қызық. Екі жағынан қысылып, ортасы сай болып қалған дөңгелек дискіге ұқсайды. Себебі, эритроциттің диаметрі 7,5-8,3 мкм, ал капиллярдың ені 3 мкм ғана, сонда дөңгеленген қызыл жасуша майысып, иіліп, мыжылып осындай қалтарыс қуысқа дейін дөңгелеп кіріп, дөңгелеп шығады. Эритроциттің ортасы ойық болғандықтан оның дөңес төбесіне көбірек оттегі сияды. Бұл – оның атқаруға тиісті ең басты парызы. Осы әмбебап түрінің арқасында олар кез-келген қуысқа оттегіні қиналмай жеткізеді. Ең қызығы, эритроцитте ядро деген атымен болмайды. Бұл да біраз жерді бос ұстап, көбірек оттегі тасуға сеп. Адам денесінде дөңгелеп жүрген эритроциттің көптігі сонша, егер соның бәрін бір жіптің бойына тізіп, ұшынан созатын болса, оның ұзындығы 200 мың шақырымға дейін жетер еді. Ондай шұбатылған қызыл жіппен жер шарын бес рет емін-еркін орап тастауға болады. Ал егер осы қызыл жасушаларды жалпағынан жатқызып жазыққа жаяр болсаң, онда үш мың шаршы шақырымдай жерді қызыл кілем жауып қалар еді. Бұл адам денесінен 1500 есе үлкен деген сөз. Эритроциттерге де Ұлық Алла өлшеулі өмір берген. Олар 90 немесе 120 күн өмір сүреді. Осы ғұмырында олар тамырлармен 200 шақырым ұзындықты ағып, айналып шығады. Эритроциттің ең бірінші парызы – жасушаларға оттегі жеткізіп, жарамсыз көмірқышқыл газдарын алып шығу. Бұл шаруаны адал атқару үшін әрбір эритроцитке Ұлық Алла гемоглобин ақуызын жәрдемші етіп қосып берген. Гемоглобин үш түрлі формада ауысып өзгеріп жүреді. Ағза оттегінің аштығына ұшырап өлмес үшін ер адамның бойында 145 грамм, ал әйел адамның денесінде 130 грамм гемоглобин болу керек. Гемоглобин денеде жеткілікті болу үшін адамдар үнемі ет, алма, тағы басқа жаңа піскен жеміс-жидекті жеп тұруы тиіс. Лейкоциттер үнемі «соғыс» жағдайында жүретін болғандықтан олардың ядросын шебер Алла өте берік етіп жасаған. Бұлардың саны эритроциттерден мың есе аз. Аздығы сонша қызыл қан бұрқырап аққанда оларды адам көзі шалмайды да. Сондықтан да қан үнемі қызыл болып көріне береді.
Жануарлардың қаны - плазмасындағы жалпы ақуыздың төмендеуі бауырдағы ақуыз синтезінің азаюымен байланысты болғаның жорамалдауға болады және де сүзілу мен сіңіру процесстерінің төмендеуіне алып келді.Қан плазмасындағы мочевина мен креатиннің шамасы 33 және 14% төмендеді,ол да ақуыздың жасалуы мен алмасуының азаюымен байланысты.
Қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасы.
Көрсеткіштер |
Бақылыу тобы |
Тәжірбие тобы |
Жалпы белок г/л |
|
|
Қан плазмасы |
68,3+2,3 |
54,2+3,28* |
Мочевина ммоль/л |
8,3+0,3 |
5,7+0,4** |
Креатинин,ммоль/л |
64,4+5 |
57,8+3* |
Жалпы билирибин мкмоль/л |
10,4+0,7 |
11,7+0,9 |
Тимолды сынама бір |
0,7+0,02 |
1,0+0,6* |
АЛТ,ммоль/л |
0,51+0,1 |
1,02+0,2** |
АСТ ммоль/л |
0,65+0,1 |
1,63+0,2** |