Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adam_zh_1241_ne_zhanuar_fiziologiasy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

1)Экологиялық физиологияның мақсаттары мен міндеттерін талдаңыз?.Оның мақсаты мен міндеті – түрлі орта жағдайларының әсерінен жануарлар организмінде пайда болып қалыптасатын бейімделушілік механизмдерін зерттеу.Экологиялық физиология экология проблемаларымен де тығыз байланысты, өйткені ол өзінің зерттеулерін экология-ның жалпы заңдылықтары негізінде жүргізеді.Егер физиолог кейбір функциялардың дамуын зерттеу үшін түрлі топқа жататын жануарларды (тышқан, мысық, бақа, ит, ірі-қара малдары) пайдаланатын болса, экологиялық физиология ондай заңдылықтарды зерттеу үшін әртүрлі орта жағдайында тіршілік ететін бір түрге жататын особьтарды ғана пайдаланады. Бір түрге жататын, бірақ әртүрлі ортада өмір сүруге бейімделген жануарлардың физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін салыстыру – олардағы реф-лекторлық әрекеттердің қалыптасуы мен түрлі биохимиялық процестер ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.Экологиялық және физиологиялық зерттеулер бір ғана мүшенің немесе жүйенің қызметін зерттеумен шектелмейді. Сондай-ақ, түрлі экологиялық ортада тіршілік ететін жануар-лар организміндегі физиологиялық функциялардың сапалық айырмашылықтары мен онтогенездік даму барысындағы түрлі физиологиялық функциялар мен жүйелердің қалыптасу заң-дылықтарын зерттейдіӘдетте, белгілі бір жүйенің қоршаған орта жағдайына бейімделуі басқа да функциялардың өзгерістерімен қабаттас жүреді. Мысалы, организмнің оттегі жетіспеген ортаға бейімделуі міндетті түрде тыныс алу, жүрек-қан тамырлары мен қан айналу жүйелерін қамтиды. Көп жағдайларда осы сияқты жүйелік бейімделушіліктер бірін-бірі қайталауы немесе өзара алмасуы мүмкін. Жеке жүйелердің қызметі мен олардың реакцияларын өзара салыстыру арқылы ғана өзгерген орта жағдайына бейімделушіліктің механизмдерін ашуға және оның маңызын дәлелдеуге болады

2)Жаңа табиғаттық климаттық жағдайдағы адам бейімделуінің ерекшеліктерін сипаттаңыз? Климаттың   шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына   ғана бағынады. Сондықтан, қандай да болмасын өндрісті ұйымдастырғанда,   өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда   сол жердің климат ерекшеліктерін   ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды жағын азайту бағытында   қызмет істеу қажет. Организмнің сол жердің климаттық шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың   шектеуші факторларына   ауаның температурасы,   күн   сәулесі, жылу, ағын су,   жел және атмосфералық қысым жатады. Климаттағы өзгерістер   мен   құбылыстар     табиғи жолмен және антропогенді факторлар      нәтижесінде де болып жатады. Табиғаттың   көптеген   шектеуші факторларының   ішінен климатқа жататындарын   бөліп алып   қараған дұрыс, себебі   олардың адам өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын   әсері өте үлкен. Мысалы, адамдардың солтүстіктің кейбір жерлеріне қоныс тебуіне жылудың жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір оңтүстік аймақтарда су тапшылығы мен температураның өте жоғарлығы шектеуші фактор болып табылады. Себебі, адам организмдерінің бейімделу мүмкіндіктері де шектеулі. Бірақ, қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде бұл шектеуші факторлары бар аймақта да тірішілікке қажетті жағдайларды адам қолымен жасап қою мүмкіндігі бар.Табиғаттың   шектеуші   факторлары     адамдардың   қолайлы өмір сүруі үшін   керекті жағдайларды жасауына әкеледі.

3) Адам және уақыт. Оның хроноэкологиясы.

Уақыт адам ұғымы бойынша өткен шақтан, осы шақтан және келер шақтан тұрады. Жер шарының күн төңiрегiндегi айланысына байланысты уақытты күндiз бен түнге, айлар мен жылдарға, одан әрi барсақ ғасырлар мен дәуiрлерге бөлемiз. Бiрақ материя мен кеңiстiк үшiн уақыттың қалай басталғанын және де қалай аяқталатынын мүлдем бiлмеймiз. Себебi, қандай бiр нәрсенiң жасалуынан бүлiнуiне дейiнгi, немесе қандай бiр құбылыстың басталуынан аяқталуына дейiнгi аралықтарға белгiлi бiр уақыттар сәйкес келедi. Осыдан болып “әр нәрсенiң өз уақыты бар” – деп айтамыз.

Биологиялық сағаттар.

Түнгі сағат 1.00. ұйқының барлық фазасынан өткен уақыт. Тез оянамыз, себебі ұйқының жеңіл фазасындамыз. Бұл уақытта ағза ауруға сезімтал.

Таңғы сағат 5.00. бұл уақытта ұйқының барлық фазасы орындалған уақыт. Ұйқының жеңіл фазасы және түс көру уақыты әрі терең ұйқыға бату фазасы.

Бұл уақытты түс көрмейді, адам тез сергек болады.

9.00 психикалық белсенділік артады, аурауға сезімталдылық азаяды, жүрек қарқынды жұмыс істейді.

12.00 алғашқы шаршау уақыты. Физикалық және ақыл ой еңбегі бәсеңдейді. Бұл уақытта уақыт демалады, осы уақытта қанға аз мөлшерде гликоген түседі.

18.00 адамдарда ауырсыну сезімі төмендейді. Қимыл қозғалыс белсенділігі артады. Психикалық сергектік төмендей бастайды.

Түнгі сағат 22.00 дене температурасы төмендейді. Қандағы лейкоциттер саны таңертең 5-6мың болса, 12 мыңға дейін күрт көтеріледі.

4)Биоырғақтарды жіктеу дәне оған сипаттама беріңіз? Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды.Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.

Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді

.Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.

Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.

5)Табиғи бейімделудің физиологиялық механизмдерін талдаңыз?Табиғи факторларға бейімделумен қатар адам үшін оның еңбектік іс-әрекетіне байланысты әлеуметтік факторларға да бейімделуінің маңызы зор. Әсер ететін әлеуметтік факторлардың саны цивилизацияның өсуіне байланысты артуда. Адамзат баласының тіршілік ортасын кеңейтуіне байланысты мүлде жаңа жағдайлар мен әсерлер пайда болды. Мәселен, ғарышқа ұшу бұрын әсер етпеген жаңа бір факторлардың кешенін туындатты. Оның ішіндегі салмақсыздық адам бейімделмеген жаңа әсер. Салмақсыздық гиподинамиямен, тіршілік тәртібінің өзгеруімен шектеседі. Адамдар жердің тереңіне бойлап, жоғарғы қысымға, ылғалдылыққы т.б. әсерлерге ұшырайды. Ыстық цехтарда, суық климаттық жағдайда еңбек ету шектік температураға бейімделу кеңістігін кеңейтуді талап етеді. ¤зінің еңбек әрекеті барысында адам шуға, жарық көзінің өзгерісіне бейімделуіне тура келді. Сондықтан, адамдардың табиғи факторлармен қоса әлеуметтік орта туындататын факторларға бейімделуінің де денсаулық үшін зор маңызы бар.

6)Изотермия дегеніміз не?

Адамның және жоғарғы сатыдағы жануарлардың, сүтқоректілер мен құстар денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз тұрақты бір шамада сақталады. Осы тұрақтылықты – изотермия деп атайды. Изотермия тек филогенезде ғана емес, онтогенездің өзінде де біртіндеп жетіледі. Жаңа туған құстар мен сүтқоректілерде дененің температурасын бір қалыпты ұстау қабілеті туғаннан соң біраз күннен кейін мысалы:

Қояндарда 11 күннен кейін қалыптасады. Барлық омыртқасыз жануарларда, балықтарда, амфибияларда, бауырмен жорғалаушылардан денелерінің температурасы орта температурасына тәуелді түрде өзгеріп отырады. Орта температурасы жоғарыласа дене температурасы да көтеріледі. Сондай ақ орта температурасы төмендесе дене температурасы да төмен түседі. Мысалы, кесіртке жазда далада күн ыстық кезінде 40С дейін қызады. Осындай дене температурасын тұрақты сақтай алмайтын жануарларды пойкилотермді жануарлар деп атайды. Организм температурасын жануарлар не жылы қандылар деп атайды.Изотермиялық қасиет эволюция барысында біртіндеп пайда болған.

Изотермия — метеорологияда: 1) атмосфераның белгілі бір қабатындағы биіктікке байланысты ауа температурасының өзгермеуі; 2) белгілі бір атмосфералық процестердегі температураның (мыс., изотермиялық кеңею кезіндегі) тұрақтылығы.

7)Жоғарғы температура жағдайында бейімдеушілік? Жоғары температура организмге табиғи және жасанды жағдайларда да әсер етеді. Жасанды жағдай адамның еңбек ететін үй-жайдағы температураның жоғарылығына байланысты. Бұл жағдайда қолайлы температурада болу, жоғары температурада болумен алмасып отырады. Бұл мысалда бейімделудің бірінші кезеңі жылу өндірілуі мен жылудың қоршаған ортаға берілуінің негізгі механизмдерінің бірі – тер бөлінуінің арасында тепе-теңдіктің болмауымен байланысты. Бейімделу жылу түзілуінің төмендеуімен, дененің бетінен жылудың берілуі жеңілдеуімен жүреді.Адамның жоғары қоршаған орта температурасы жағдайында жұмыс істеуіне бейімделу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы 7-9 күн. Шеткі қан тамырларының бірден кеңеюіне байланысты жүректеің соғуы артады. Әсіресе бірінші күндері шеткі қан тамырларының кеңеюі айналымдағы қан көлемімен сәйкес келмеуіне байланысты артериялық қан қысымы төмендейді.Екінші кезең жүйелердің реакцияларының төмендеуімен сипатталады. Бұл төмендеу біріншіден, айналымдағы қан көлемінің өсуіне, екіншіден, орталық реттеуші құрлымдардың жылу температурасына сезімталдығының төмендеуі, үшіншіден кейбір гомеостатикалық көрсеткіштердің (дене температурасы, тұз-су тепе-теңдігіндегі жылжулары) әсер етуші факторларға бағынуынан байқалады. Бұл кезеңнің дезадптивті факторға аса «сезімталдығын» келесі кезеңде көрініс беретін

организмде терең де, түбегейлі жылжуларды дайындауымен түсіндіріледі. Екінші кезеңде адам организімінде өзара байланысқан қызметтік өзгерістер байқалады. Айналымдағы қанның көлемінің жоғарлауы артериялық қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігін қалыптандырады. Организмнің тер шығару деңгейі де бейімделеді: тер шығару мәнді болатын аймақтарда оның көлемі мен жылдамдығы артады. Бірақ, бірінші кезеңмен салыстырғанда тердің көлемі 5-10% өссе де, ондағы электролиттер деңгейі 15-17% кемиді. Бұл да қанның плазмасының жоғарлауына мүмкіндік туындатады.

8)Физиологиялық функциаларының маусымдық өзгерістерін талдау? Физиология — биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарьшдағы зандылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді затгардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды. Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір қүбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік үрдістерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.

9)Биологиялық ырғақтың түрлеріне сипаттама? Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады. Кейбір жануарлар салыстырмалы қолайлы жағдайда тапшы азықты жақсы пайдаланады, бірақ олардын өнімділігі төмен болады. Басқа біреулер сапалы азықты талап етеді және оларды өнімге оларды өте тиімді айналдырады. Шөлейт аудандарда сирақты, тұрпты қатқыл, ал ылғалды ойпатта тұлғасы болбыр жануарлар өседі. келтіретін, бағыттайтын, тіпті жетілдіретін күрделі жүйе. Бірақ организм сыртқы ортаның мезгіл-мезгі Тірі организм жоғары деңгейдегі өздігінен реттелетін , өзін өзі суйемелдейтін, қалпына л қайталанатып отыратын өзгерістеріне(күн мен түннің, жыл мезгілінің алмасуларына, температура ауытқуларына және басқа экологиялық және климат құбылыстарына) тәуелді. Сондықтан организм үшін сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады. Үй жануарларына бейімделу ерекшеліктерін анықтағанда осы жайларды ескерген жөн

10)Гиподинамияның организмге әсері? Адам организімінің дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қаңқалы бұлшық еттердiң белсендiлiгi    болуы қажет. Бұлшық еттiк аппараттың жұмысы мидың дамытуы және центр аралық және сенсораралық өзара байланыстарының анықтауына мүмкiндiк туғызады. Қозғағыш мүмкіндік энергия өнiмi және бiлiмдi жоғарылатады жылу, тыныс, организмның тағы басқа жүйелерiн жүрек-қолқа жұмыс жасауды жақсартады. Қозғалыстардың жеткiлiксiздiгi барлық жүйелер нормалы жұмысты бұзады ерекше күйлер пайда болады, ол — гипокинезия және  гиподинамия (қимыл аздығы). Ең жақын болатын түсінік — гиподинамия. Ол қозғалысты жүзеге асырғанда бұлшық еттiк күштердi төмендеу, бірақ бұлшық еттiк аппаратқа өте аз жүктемелерiнде. Қаңқалы бұлшық еттердiң екi жағдайларыда жеткiлiксiз мүлде жүктелген. Қозғалыста  үлкен биологиялық қажеттiктiң дефицитi пайда болаады. Соның салдары ретінде  организмның функционалдық күй және жұмысқа қабiлеттiлiгi кенет төмендетедi.

11)Гиподинамия дегеніміз не?мысал келтір? Гиподинамия  (қозғалыстың төмендеуі,  грек тілінен  күш жетіспеушілігі) — организм функцияларының бұзылуы (тiрек-қимыл аппараты, қан айналулар, тыныс, ас қорыту) қимыл белсендiлiгiнiң шектеуiнде, төмендету бұлшық еттердiң қысқартуының күштерi. Қимыл аздығының көп таралғандығы урбанизациямен өседi, автоматтандыру және коммуникацияның құралдарының рөлi еңбектiң механикаландыруы, үлкеюмен байланысты.

Қимыл аздығы дене еңбегiнен адамның босауы, ол әсерi болып табылады кейде  өркениеттiң ауруларын  деп атайды. Жүйеге жүрек-қолқаға қимыл аздығы әсiресе ықпал етедi — жүректiң қысқартуларын күштi әлсiрейдi, еңбек ете алушылықты азаяды, қан тамырлардың тонусы төмендейдi. Негативтi ықпал және зат алмасу және энергияда, кездемелердiң қан жабдықтауы азаяды екен. Нәрлi заттармен және оттекпен жабдықтау — қанның майлануы нәтижеде әзер ыдырауы «майланған» және «жалқау» қан тамырлары бойынша ағатын болып қалыптасады. Қимыл аздықтары салдармен семiру және атеросклероз бола алады.

12. Адаптация дамуының кезеңдері?Адаптация’ (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық – популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.

Адамның бейімделуі — адам экологиясындағы, сондай-ақ кептеген басқа пәндердегі (физиологияантропологиямедициналық географиясоциология,этнография және т.б) негізгі ұғымдардың бірі. Адамның жаңа ортаға бейімделуі — күрделі әлеуметтік-биологиялық процесс. Мұның негізінде организмнің қызметі мен жүйесі, сондай-ақ дағдылы мінезқұлқы жатады. А.б. — екі жақты процесс; жаңа экологиялық жағдайға адамның өзі ғана бейімделіп қоймай, бұл жағдайды өзінің мұқтаждығы мен қажеттілігіне ыңғайландырады, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесін жасайды. Бұған үйкиімкөлікинфрақұрылымтамақ, т.б. жатады. А.б-нің механизмдері әр түрлі . Сондықтан, адам қауымдастығына сәйкес мынадай түрлерін ажыратады: 1) биологиялық; 2) әлеуметтік; 3) этностық (әлеуметтің ерекше түрі ретінде) бейімделу. 

Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалык мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптын агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған — санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Онын түсіндіруінше, үнді- еуропалыкесім мен етістіктін жалғаулары алғашында жинакты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздерфлективті мағына беретін болған да, ал олардын бүрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюциятеориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинация теориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]