Әкімшілік – құқықтық нормалар мен қатынастар.
Құқықтың кез келген саласындай әкімшілік құқық та заң нормаларынан тұрады. Өз пәнімен және әдісімен бірлестірілген реттеуші нормалардан тұратын құқықтың институттары құрылады. Өз кезегінде, құқықтық институттардан бүтін құқықтық саланың жүйесі құрылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалар атқару билікті жүзеге асыру процесімен байланысты болады. Әдебиетте “билік” түсінігі дегенде, басқа субъектілердің еркін өзіне бағындыру құқығы мен мумкіндігі танылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл басқа субъектілерден белгілі әрекет етуді немесе құқық бұзушы әркеттерді тоқтатылуын талап ету құқығы мен мумкіндік.
Өктем субъектінің (атқару билік органының) өз еркін басқаға зорлап міндеттеуі құқықтық катынастарда жүзеге асырылады. Дәл осы қатынастардың түрі әкімшілік-құқықтық нормалармен реттеледі. Егер осындай реттеуші нормалар болмаса, бұл билік органдарының зорлық-зомбылығына әкеп соқтырған болар еді.
Әкімшілік құқық нормаларының күші тек олардың мемлекет жағынан өктем сүйеінде ғана емес, бәлкім осы нормалардың мақсатқа сәйкестігінде де болады. Олардың осы қасиеті жария мүдделерді заңды приоритет есебінде сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік сүйеуге ие болуға мумкіндік береді.
Атқару билікті жүзеге асыру тиісті нормалармен реттелетін құқық саласындағы бағынышты адамдардың еркі иесіздендірілүіне әкеп соғады. Мысал, әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің шығарылуы осы кодекспен реттелетін іс-әрекет пен қатынастардағы азаматтардың еркін шектеп кояды. Делік, азаматтардың (физикалық тұлға ретінде) мүдделерін қорғау, олардың кәүіпсіздігін және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері жөнінде мемлекет өз еркін білдіруі нәтижесінде (тиісті нормаларды шығаруы арқылы) азаматтар өздерінің күш мүмкіндіктеріне және жеке сенімдеріне сәйкес өздерін қорғау еркі иесіздендіріледі. Бірақ, дәл осы нормаларды шығаруымен адамның және азаматтың сол құқық саласындағы құқықтырын қорғау міндетін мемлекеттік билік өзіне жүктейді.
Солай етіп, мемлекеттік билік әкімшілік-құқықтық нормалары арқылы азаматтарды субъективтік құқықтарынан иесіздендіргені өмірде пайда болатын тартысулар мен соғылысуларды цивилизациялық нысанда шешуге бағытталғанын білдіреді.
Әкімшілік-құқықтық норма –бұл мемлекеттің өктем (заңшығару, атқару) органдары жағынан орнатылған және атқару билік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, тиісті, заңды рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.
Әкімшілік-құқықтық нормалар төмендегі талаптарға жауап беру тиіс:
-заңшығару мен атқару органдардың өктем еркін білдіру нәтижесі болу;
-мемлекет мүдделерін заң приоритеті есебінде белгілей отырып, тиісті жүріс-тұрыс ережелерді анықтау;
-жалпы міндетті сипатта болу;
-мемлекет мойындайтын қайнар көздерде шығу.
Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.
Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінуі мүмкін, мысал, төмендегідей:1)мазмұны; 2)субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары; 3)мақсаты (тағайындалуы); 4)қолдану өрісі; 5)заң күші; 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша бөлінеді.
Мазмұны бойынша нормаларды: материалды мен іс жургізу нормаларға ажыратамыз Материалды нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық статусын белгілейді. Мысал, олар атқарушы биліктің ол немесе басқа суъектісінің құзыретін, сондай-ақ, басқа да әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелетін қатынастар катысушыларының құқықтарын, міндеттерін және жауаптылығын анықтайды.
Іс жүргізу норма дегенде мемлекетпен орнатылған немесе бекітілген материалды нормаларды колдану процесіндегі қатынастарды жүзеге асырудың және нормативтік актілерді шығарудың қағидалары түсініледі.
Іс жүргізу нормалар материалдылардан төмендегілерімен ажыратылады: а) өзінің тағайындалуымен; б) олар тек материалды нормаларды қолдану тәртібін реттеу кажеттігіне бола шығарылады (олардың өзіндік мәні болмайды); в) құрметтеуді талап етуді ғана емес, бәлкім міндетті қолдануды талап ететін материалды нормаларды жүзеге асырады; г) тек әкімшілік емес, бәлкім басқа құқық саласы нормаларын қолдану бойынша да қатынастарды реттейді.
Субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары бойынша нормалар: міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді. Міндеттеушілерге тұлғалардың анық, жағымды әрекеттерді іске асыруын белгілеуші нормалар жатады.Тыйым салушыларға - белгілі шарттарда ол немесе басқа әрекеттерді іске асыруға тыйым салушы нормалар жатады (мысал,құқықбұзушылық белгісі бар әрекет жасауға тыйым салушы нормалар). Рұқсат етушілерге - өз шеңберінде субъектіге белгілі бірнеше жүріс-тұрыс варианттарынан біреуін таңдауға мүмкіндік беретін нормалар жатады (мысал, өртке қарсы инспекция кызметкері жасаған құқықбұзушылығы үшін мекеме басшысына айыппұл салуды немесе материалдарды прокуратура органдарына жіберуді қолданылуы мумкін).
Мақсаты (тағайындалуы)бойынша нормалар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді: реттеуші норма – бұл белгілі мемлекеттік басқару өрісінде субъектілерге құқық беруші немесе міндеттерді жүктеуші нормалар. Қоргаушы нормалар – бұл құқықбұзушылықтың құқықтық зардаптарын (жаза шараларын) белгілеуші нормалар.
Заң күші бойынша нормалар заңшыгару мен заңдарды жүзеге асырушы нормаларға бөлінеді. Заңшығару нормаларға Парламентпен шығарылған заңдар, Президенттің заң күшіндегі жарлықтар нормалары жатады. Нормалар жалпы және арнайыларга бөлінуі мумкін: жалпы нормалар азаматтардың баршасына жатады, ал, мысалы, әкімшілік бақылаудағы адамның жауапкершілігін белгілеуші нормалар арнайыларға жатады.
Қолдану өрісі бойынша нормалар: атқару билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін нормаларға бөлінеді.
Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері бойынша нормалар жалпы міндеттілер мен жүйе ішіндегілерге бөлінеді (соңғылары – тек бағынышты субъектілер ушін ғана міндетті).
