
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны.
2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
3. Әкімшілік – құқықтық нормалар мен қатынастар.
4. Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.
5. Әкімшілік –құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың құрамы және қайнар көздері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Азаматтық құқық пәні. Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны.
Әкімшілік құқық ең тығыз конституциялық құқықпен байланысты. Құқықтың жетекші саласы бола тұра,конституциялык құқық тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын,атқару, билікті ұйымдастыру мен үәзіптенудің принциптерін, басқару субъектілердің орны мен биліктің басқа тараулары субъектілерімен арақатынасын бекітеді. Ал әкімшілік құқық конституциялық құқықтың нормаларын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жузеге асыру тетігін, атқару билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін нақтылайды, басқару қоғамдық қатынастардағы қатысушылардың құқықтық статусын, мемлекеттік –басқару іс-әрекеттің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және регионалды ұйымдастыру негіздерін белгілейді.
Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сыртқы жақтан ұқсас мүліктік сипаттағы қатынастарды реттеп отырады.
Олардың арасында айырмашылық неден тұрады ? Азаматтық кодексте бір тараптың екінші тарапқа әкімшілік немесе өзге де өктем бағынышытылығына негізделген мүліктік қатынастар оның нормаларымен реттелмейді деп анықталған. Бағыныштылыққа негізделген мүліктік қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Демек, реттеудің заты бірдей болған жағдайда бұл екі құқықтық саланы өзара құқықтық реттеу әдісінің ол немесе басқа элементтері (шартты бастаулардың немесе әкімшілік өкімдердің) басымдылығына қарай ажыратуға мүмкін. Атқару билік органдарының құқықтық актілерінен азаматтык құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігі де азаматтық кодексте ескерілген.
Әкімшілік құқық басқа құқықтың салаларымен: еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Мысал, еңбек құқығы пәніне байланысты қоғамдық қатынастардың туындауы немесе олардың қысқартылуы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы әкімшілік актілердің шығарылуынан тәүелді болады. Жалпы айтқанда, жаңа құқықтық салалардың қалыптасуында, оларға тиісті қоғамдық қатынастрадың реттелуінде әкімшілік құқықтың маңызы ерекше және үстемдікке ие болады. Әкімшілік құқықтың осы сипаттары оның Қ Р-сының құқықтық жүйесіндегі жетекші тұрғыға ие болғанын көрсетіп отырады.
Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар тұрады. Бұл жалпы түсініктемені нақтылап айтатын болсақ, әкімшілік құқық пәніне:
-атқару билік органдарын ұйымдастырумен байланысты;
-әкімшілік билік органдарының азаматтармен, мемлекеттік пен мемлекеттік емес ұйымдармен басқару және әректесуі барысында әкімшілік-өктем өкілеттіктерін пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Реттеші функциясын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұл мақсатта басқару қоғамдық қатынастарға, яғни, оларда катысушы тұлғалардың мінез-құлқына реттеуші ықпал етудің белгілі құқықтық құралдары мен тәссілдердің жиынтығын пайдаланады. Осыған сүйене, оларды қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері дейміз.
Ол әдістерге төмендегілер кіреді:
А) міндеттеу- нормамен белгіленген шарттарда әрекет оның талаптарына толық сәйкес етілуін тікелей міндеттілігін жүктеу;
Б) тыйым салу- қайбір белгілі құқықтың тұрғысынан жол беруге болмайтын әрекеттерді жасаудан бас тартуды талап ету;
В) руқсат ету – тұлғаларға қалаганын істеуге емес, бәлкім нақты нормамен белгіленген шарттардың шеңберінен шыға алмайтын, онымен алдын ала ескерілген жүріс-тұрыс варианттардан біреуін дербес таңдаудың мумкіндігін беру .
Демек, Қ Р-сының әкімшілік құқығы бұл нормативтік- құқықтық актілерде, басқа да мемлекет мойындаған қайнар көздерде (бастауларда) бекітілген, субъектілерінің заңды руқсат етілген немесе құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарының мемлекеттік -өктем өлшемі болатын, жалпыға міндетті әкімшілік –құқықтық нормалардың жүйесі.
Әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері ажыратылады.
Жалпы бөлімінде: әкімшілік құқықтың негізгі институттары (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын құқық нормаларының жиынтығы) оқытылады. Оларға әкімшілік құқығына кіріспе, әкімшілік-құқықтық нормалары мен қатынастары, әкімшілік құқықтың субъектілері, атқару билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың нысандары мен әдістері, т.б. жатады. Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р –сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.
Ерекше бөлімінде: әкімшілік құқық инстуттары мен мемлекеттік өмірдің жекелеген өрістеріндегі (мемелекеттік меншікпен, ағартумен, тағы басқалармен басқарудағы) институттарды бірлестірүші нормалар оқытылады.