Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС ДЛЯ ЮР И ГМУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.05 Mб
Скачать

Халықаралық кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерманмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көптеген бағыттар бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастың табысты дамуы - өзара тиімді және теңқұқылы ынтымақтастыққа негізделіп отырғанын атап өтті. Осы ретте аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке баса назар аударылуда. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамалары біздің еліміздің халықаралық, соның ішінде Орталық Азиялық қауіпсіздік жүйесінің қалыпты дамуына белсене қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Екі жақ сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары заң органдары арасындағы байланысты нығайту мәселелерін де талқылады. Алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарды сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин мен Уэнди Шерман Қазақстан – АҚШ стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия, энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссиясы, сонымен бірге, «Қазақстан достары» клубы сияқты ынтымақтастықтың тиімді механизмдеріне ерекше тоқталды. Мәжіліс Төрағасы мен АҚШ Мемлекеттік Хатшысының орынбасары болашақта біздің елдеріміздің ықпалдастығын табысты дамытудың әлеуеті зор деген ортақ пікірлерін жеткізді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қазақ тілінде стильдің қандай түрлері бар?

  2. Ауызекі сөйлеу стилінің басты ерекшеліктері қандай?

  3. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?

  4. Ауызекі сөйлеу стилінде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?

  5. Ауызекі стилінен жаргондық қолданыстарды қалай ажыратамыз?

  6. Маңызды кездесулерді алдын ала жоспарлау қажет пе?

  7. Кездесулердің қандай түрлері болуы мүмкін?

  8. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?

  9. Тілдік этикет дегеніміз не?

  10. Эмоционалдық пен экспрессивтілік дегеннің айырмасы қандай?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Агент, эл поштада хаталысқандай, ауызекі сөйлеу тілі стилінде болашақ кәсібіңіздің тілінде хабарлау, жаңалық айту бағытындағы мәтіннің үлгісін (диалог та болуы мүмкін) құрастырыңыз (25-30 сөз).

2-ТАПСЫРМА.Бүгінгі жастар тілінде жиі қолданылып жүрген кәсіби жаргондар не жалпы жаргондарға

мысал жазыңыз, мағынасын ашып көрсетініңіз.

3-ТАПСЫРМА.Нақты бір көркем шығармада қолданылған ауызекі сөйлеу стилінің мысалын жазып көрсетіңіз.

4-ТАПСЫРМА.Көркем шығармадан үзіндіні оқып, ішінен ауызекі сөйлеу стиліне жататын жерлерін көшіріп жазыңыздар.

5-ТАПСЫРМА.Мәтінде қалыс қалған сөздерді емле сәкес жазыңыздар.

/ қауіпсіздік комитеті, төтенше және өкілетті елшісі /

2012 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және ...........................+ нің төрағасы М.Әшімбаев Польша Республикасының ...........................Яцек Ключковски мен Куба Республикасының .......................................... Абелардо Фабио Эрнандес Феррерді қабылдады.

6-ТАПСЫРМА.Топ-топқа бөлініп рөлде ойнаңыздар