Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС ДЛЯ ЮР И ГМУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.05 Mб
Скачать

Модельдік сөздермен жұмыс

Жеке сұрақпен кіруге болады; Өтініш жазайын; Сөйлесейін; Сұрайын;

Қабылдайды; Жұмыстан сұранайын деп едім; Құттықтайын деп едім;

Кіріңіз ; Отырыңыз; Жайғасыңыз; Айта беріңіз;

Жұмыс бабымен; Жиналыс; Мәжіліс; Лездеме; Нұсқау

Хатшы: Сіз қандай сұрақпен келдіңіз? Сіз кім боласыз? Кім деп таныстырайын? Келесі сіздің кезегіңіз бе? Жазылдыңыз ба? Бұрын қабылдауда болдыңыз ба? Сіздің жеке куәлігіңіз бар ма?

Бастық: Сіз қандай мәселемен келдіңіз? Жұмысыңыз қалай? Жұмыс жағдайы қалай? Мен сізді тыңдап отырмын!

Хатшы: Бастық жеке сұрақтармен тек қана жұма күні қабылдайды. Алдын ала жазылуыңыз керек. Қабылдау уақыты: таңертеңгі сағат сегізден бірге дейін және түстен кейін сағат беске дейін.

Бастықтың атына жазылған өтініштерді кез келген жұмыс уақытында қабылдаймыз.

Бастық: Сізді түсіндім. Бұл сұрақты біз қарастырамыз. Бәрін тексереміз. Сізге міндетті түрде жауабын береміз. Телефон арқылы хабарласыңыз немесе келіңіз.

Үш адамның қатысуымен болатын сұхбат құрыңыз. Хатшы, Келуші, Бастық.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ресми стильдің басты ерекшеліктері қандай?

  2. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?

  3. Ресми стильде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?

  4. Ресми стильдің қандай жанрлары бар?

  5. ҚР Ата Заңының негізгі тарауларын атаңыз

  6. Ресми стильдің жалпыхалықтық тілді дамытудағы үлесі қандай?

  7. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?

  8. Лауазымдық этикет дегеніміз не?

  9. Ресми стиль қолданылатын орта қандай болуы керек?

  10. Іс қағаздарын жүргізуде қандай қағидаларға сүйенеміз?

  11. Ата Заңымыздың тілге қатысты баптарында не жазылған?

  12. Ата Заң неше баптан, неше бөлімнен тұрады? Атаңыз.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Жағдаяттарды орындаңыз.

Қазір біз үш топқа бөлінеміз.

1-топ:

Мекемеңіздегі бір қызметкер сайысқа қатысып, президент жүлдесіне ие болды. Қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз дайындаңыз.

2-топ:

Облысқа еңбегі сіңген мерейтой иесін сіз облыс әкімі ретінде қалай қарсы алып, қандай лебіз білдірер едіңіз?

3-топ:

Өзіңізбен бірге қызмет ететін әріптесіңізді Наурыз мерекесімен құттықтау хат керек. Хатты қай сөзден бастайсыз?

Құрметті, қадірлі, аяулы, ардақты, аса құрметті, аса қадірлі досым, жолдас, ханым, жоғары мәртебелі... .

2-ТАПСЫРМА.Құттықтауда қолданылатын тұрақты сөз орамдарын жаттап алыңыз:

Қадірлі, құрметті – уважаемый

Қымбатты – дорогой

Сүйікті – любимая

Аяулы – милая

Аса қадірлі – глубоко уважаемый

Лауазымыңыздың жоғарлауымен – с повышением должности

Шығармашылық табыс тілеймін – желаю творческих успехов

Жүзіңізден күлкі кетпесін – пусть не сходить с Вашего лица радость

Еңбек жолында биіктерден көрініңіз – покоряйте вершины на трудовом пути

Мерейтойыңызбен – с юбелеем

Салтанатты тұсаукесер – презентация

Ұлықтау – инногурация

Қайда жүрсең де, аман бол! – где бы ты ни был, будь здоров!

Барлық ізгі тілектерді қабыл алыңыз – примите наилучшие пожелания

Денсаулығыңыз мықты болсын – желаем крепкого здоровья

Ұзақ өмір тілейміз – желаем долгих лет жизни

Мол бақыт, табыс, жемісті еңбек тілейміз – желаем счастья, успехов, плодотворного труда.

3-ТАПСЫРМА.. Ойды жалғастырыңыз.

Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!

Сізді туған күніңізбен /ердің жасы елуге келген, асқаралы алпысқа толған, қырықтың қырқасына шыққан, орда бұзар отызға толған мерейтойыңызбен/ құттықтаймын.

Құрметті /қымбатты/.............................!

Сендерді бүгінгі отау тігіп, шаңырақ көтерген үйлену тойларыңмен құттықтаймын.

Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!

Сізді келе жатқан аналар күнімен құттықтаймын.

4-ТАПСЫРМА.Бап мәтінін орысшаға аударыңыз. Жаттаңыз

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.

2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

5-ТАПСЫРМА.Ата Заң баптарынан үзінді келтіріңіз, сөйлем құрылысына талдау жасаңыз.

6-ТАПСЫРМА.Мекемеде жазылған бұйрықтың мәтінінен үзінді келтіріңіз, лексикасына талдау жасаңыз.

7-ТАПСЫРМА.Төмендегі сөздерді қалпына келтіріп, демалыс алуға өтініш жазыңыз.

Отбасы жағдайыма байланысты, Сізден, 10 маусымнан, бастап, маған, кезектен тыс, беруіңізді, демалыс, өтінемін.

8-ТАПСЫРМА.Іс қағаздар тілінде кездесетін реквизиттердегі лексикалық бірліктерге мысал кетіріңіз, талдауға алыңыз.

9-ТАПСЫРМА.Көп нүктенің орнына бұйрықтың мәтініне қарай қажетті сөздерді қойыңыз.

Қажетті сөздер: дайындау, қамтамасыз ету, жүктеу, туралы, белгілеу, мақсат, жетілдіру, бақылау бөлу

«Шипа» сауықтыру орталығы

Бұйрық

12.03. 2006

Медициналық қызмет түрлерін

дамыту ....................

Жергілікті тұрғындардың денсаулығын қадағалау және медициналық қызмет түрлерін дамыту ....................

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сауықтыру орталығын жаңа құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен .......... үшін орталықтың қаржы қорынан қажетті қаражат .............

  2. Дәіргерлердің кәсіби біліктілігін ............... мақсатында тәжірибе алмастыру бағдарламалары ................

  3. Жергілікті тұрғындарға тегін кеңес беру сағаттары ..................

  4. Осы бұйрықтың орындалуын ................. орталық директорының орынбасары А.Жүнісовке ........................

Орталық директоры

А.Тұрысбекұлы