Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС ДЛЯ ЮР И ГМУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.05 Mб
Скачать

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Александр Сергеевич Павлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әнуар Ғалимолдаұлы Сәйденовке Қазақстан Республикасы төрағасы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновты қабылдады.

Кездесу кезінде еліміздің және бүкіл Орталық Азия өңірінің ірі қаржы, қоғамдық – саяси және мәдени орталығы – Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге бірқатар аяқталмаған нысандар – метро, спорттық кешен құрылысын аяқтау мәселелері көтерілді.

5-ТАПСЫРМА.Түрлі басылым беттерінде жіберілген қателіктерге назар аударып талдау жүргізіңіз, қате қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін түзетіңіз.

«Отандық телеарнаның озық майталмандары кімдер?» («Айқын», 29.12.11 №244)

«Гауһар тасты жұтып қойды» («Алматы ақшамы», 27.08.11 №100-101)

«Теміржол тұрғызу – аса күрделі үдеріс» (Алаш айнасы, 08.07.11 №117)

«Спорт тақырыбында қалам қозғау ер журналистер үшін ғана емес, нәзік жанды аруларымыз үшін де өте қызық» (Дала мен қала», 7 наурыз 2008

««Салтанат қақпасы» ұрпаққа ой беруге тиіс» (Айқын, 26.07.11 №135)

«Асық атуды» хансулық қос фотосуретші жығылып жатып, суретке түсірді (Алматы ақшамы, 27.03.12)

«Мен айтар едім, осы «инвестиция» тарту деген нарықтың жаңалығы бар-ау, біздің қазақтың түбіне жетеді деп (Жас алаш, 18.01.11 №3)

«Қазіргі кезде бұл жол апаты құзырлы органдармен тексеріліп жатыр» (Қазақстан-Zaman, 02.02.12 №5)

6-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқыңыз. Аударыңыз.

Алтай тауларын сұлу марал, бұлан, бұлғын, құр мекендейді. Оңтүстік Алтайда Марқакөл қорығы бар. Қазақстанның даласы керемет! Ащы және тұщы көлдерде үйрек, қаз, шағала, аққұтан, тырна сияқты құстар бар. Орталық Қазақстандағы көлдерде алқызыл қоқиқаз (фламинго) бар. Осы жерде Наурызым, Қорғалжын қорықтары бар. Ортаазиялық тасбақа, жыланның 17 түрі Қызылқұм мен Қарақұмда кездеседі.

7-ТАПСЫРМА.Берілген мәліметтер бойынша Қазақстан туралы әңгімелеп беріңіз.

жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр

халқының саны 15 миллионнан асады

130 ұлттың өкілі тұрады

ірі қалалары: Алматы, Қарағанды, Шымкент

14 облыс бар

елордасы – Астана қаласы

ақша бірлігі – теңге

басты өзендер: Ертіс, Жайық (Орал), Шу, Сырдария

көлдері – 48 262, оның ішіндегі ірілері – Зайсан, Балқаш

теңіздері: Каспий және Арал

8-ТАПСЫРМА.Сіз дикторсыз. Жаңалықтарды жүргізесіз. Берілген ақпараттарды оқыңыз.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің шақыруымен 16-17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, армия генералы М.Алтынбаев ресми сапармен Мәскеуде болып, онда өзінің әріптесі С.Ивановпен, Үкімет басшысымен және Ресейдің басқа да ресми өкілдерімен келіссөз жүргізді.

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін хаттамаға қол қойылды.

Кеше Премьер-Министр К.Мәсімов даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаевтың 2001-2003 жылдар аралығындағы банк қызметі туралы есебін тыңдады.

Қазақстан даму банкі – бірінші болып құрылған мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады.

9-ТАПСЫРМА.Ауа райы туралы мәліметті оқып, тест сұрағына жауап беріңіз.

Алматының қысы өте ұзақ болмайды. Ең суық ай – қаңтар және ақпан айлары. Айдың басында күндіз -10-150 суық, ал түнде -16-200 суықтықты көрсетеді. Айдың соңында күн аздап жылы болады. Ертең күн ашық, қар жауады, аяз болады.

Ауа райы туралы мәліметте былай дейді:

А) жылы болады.

В) қар жауады, аяз болады.

С) бұл ауданда үнемі осындай ауа-райы

Д) жаңбырлы, үнемі суық

10-ТАПСЫРМА.Түрлі басылым беттерінде жіберілген қателіктерге назар аударып талдау жүргізіңіз, қате қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін түзетіңіз.

Орынбордағы газ және мұнай өңдеу зауытындағы қазақстандық-ресейлік біріккен кәсіпорындағы жұмысын бастауды кешіктіріп отыр (Түркістан, 30.10.2008 №44)

«Күдікті екі адам болғандықтан, полиция қызметкерлері осы дүкенде торуыл қойып, екінші сезіктіні де құрықтады» (Егеменді Қазақстан, 20.12.08 №405-412)

«Сондай-ақ ұйқысыздық пен ұйқысы қанбайтындардың бас миының жұмысы нашарлап, ашуланшақ болады дейді» (Ана тілі, 16-22.06.11 №24).

«АҚШ спортшылары жан салмады» (Айқын, 03.09.10 №161)

«Тараздық таиландтың аяғын көкке көтерді» (Алматы ақшамы, 12.03.09 №29)

«Ұланбатырда ең үлкен тұмауға қарсы тұмылдырық тігілді» (Алматы ақшамы, 21.11.09 №136)

«Қазіргі уақытта шамамен 500 шаруалар ІКС-тің қамқорлығымен жұмыс жасауға тілек білдірді» (Егеменді Қазақстан, 19.02.10 №61-62)

«Ресейден келген қос зілтеміршілердің өзара тартысы соңғысының пайдасына шешіліп жатса, еш таңдануға болмас» (Айқын, 14.05.09 №84)

«Қытайлық 34 жасар Фэй Юфу оянбастан 203 күн бойына ұйқыға шомған» (Алматы ақшамы, 18.02.10 №20)