- •Алдын ала талқылау.
- •B бөлімі – Иілгіш детектор көмегімен хабар сигналын бұрынғы қалпына келтіру
- •C бөлімі – Қайта қалпына келтірілген хабар сигналының амплитудасын зерттеу
- •D бөлімі – ам көмегімен мәліметтерді қайта қалпына келтіру және тарату
- •E бөлімі –ам сигнал демодуляциясын математикалық түсіндіру
- •Am signal – ам сигнал, 100 kHz local carrier – 100 кГц жиіліктегі жергілікті тасушы сигнал, To Ch.B – в арнасына, Demodulated am signal – демодуляцияланған ам сигнал
B бөлімі – Иілгіш детектор көмегімен хабар сигналын бұрынғы қалпына келтіру
25. 4-суретте көрсетілгендей етіп сұлбаны өзгертіңіз.
Ескерту:
Пунктирленген сызықтар сымдардың
әлдеқашан жалғанып қойылғанын білдіреді.
4-сурет
4-суретте көрсетілген блок-схемада іске асырылған өзгерістер 5-суретте бейнеленген. Бұл алдынғы бөлімде қарастырылған иілгіш детектор сұлбасы.
5-сурет
AM signal – АМ сигнал, Rectifier - түзеткіш, Peak detector – жоғарғы детектор,
RC LPF – төменгі жиілікті RC сүзгісі, To Ch.B – В арнасына, Demodulated AM signal – демодуляцияланған АМ сигнал
26. Scale (Масштаб) және Timebase (уақыт бойынша масштабтау) басқару элементтерін бақылау үшін керекті өңдеулерді жүргізіңдер.
27. Үшінші сигналды сызуға орын тастап, масштабты сақтаған күйде графиктің астында орналасқан екі сигналдың осциллограммасын салыңыз.
Кеңес: хабар сигналын жоғары, ал түзетілген AM сигнал графигін ортасына сызыңыз.
28. Осциллографтың Channel B (B арна) арна кірісін Rectifier
(түзеткіш) модулі шығысынан ажыратыңыз және оны RC LPF (ФНЧ) шығысына жалғаңыз.
29. Масштабты сақтап графиктің қалған жеріне демодуляцияланған АМ сигналын салыңыз.
1-сұрақ.
Негізгі және қайта қалпына келтірілген хабар сигналдары жайында не айтуға болады?
Олар бірдей (фазасы бойынша аз ғана жылжуын есепке алмағанда).
Тәжірибені жалғастырудан бұрын жұмысыңыздың нәтижесін мұғаліміңізге тексертіңіз.
C бөлімі – Қайта қалпына келтірілген хабар сигналының амплитудасын зерттеу
30. Демодуляцияланған сигналды байқау үшін хабар сигналының (Adder (қосындылағыш) модуліндегі G виртуальды басқару элементін аздап солға және оңға бұраңыз) амплитудасын аздап азайтыңыз және көбейтіңіз.
2-сұрақ.
Хабар сигналдарының екеуінің амплитудалары арасында қандай тәуелділік бар?
Негізгі хабар сигналының амплитудасы артса, қайта қалпына келтірілген сигналдың амплитудасы да артады.
31. Демодуляцияланған сигналды байқай отырып, хабар сигналының амплитудасын ақырындап максимумға дейін көтеріңіз.
3-сұрақ.
Демодуляцияланған сигналдың бұрмалану себептері қандай?
Кеңес: Егер өз жауабыңызға сенімді болмасаңыз, осциллографтың A арнасының кірісін AM модулятордың шығысына жалғаңыз.
Қайта модуляциялау.
4-сұрақ.
Қайта модуляциялау неге бұрмалауды келтіріп шығарады?
Қайта модуляциялау иілгіш АМ сигналды бұрмалайды және сол себепті детектор хабар сигналын дұрыс қалпына келтіре алмайды.
Тәжірибені жалғастырудан бұрын жұмысыңыздың нәтижесін мұғаліміңізге тексертіңіз.
D бөлімі – ам көмегімен мәліметтерді қайта қалпына келтіру және тарату
Бұған дейін сіз 2 кГц синусоидалы хабар сигналын «тарату» үшін амплитудалық модуляциямен байланысты жүйе құрастырдыңыз. Тәжірибенің келесі бөлімінде модуляцияда, таратуда, демодуляцияда және мәлімет тыңдауда осы жүйені пайдалануға болады.
32. Егер сіз 4-сұраққа жауап беру үшін осциллографтан А арнасының кірісін алып тастаған болсаңыз, онда осы арнаны Adder (қосындылағыш) модулінің шығысына қайта жалғаңыз.
33. Хабар сигналының максимальды мәнін 200 мВ (Adder модулінің G виртуальды басқару элементін реттей отырып) деп беріңіз.
34. 6-суретке сәйкесінше сұлбаны өзгертіңіз.
6-сурет
35. Осциллографтың Timebase (уақыт бойынша масштабтау) басқару элементіне 5ms/div (5 мс/дел) мәнін беріңіз.
36. Amplifier (күшейткіш) модуліндегі Gain (күшейту) виртуальды басқару элементін сағат стрелкасына қарсы бағытта соңына дейін айналдырыңыз.
37. Наушникті кимей тұрып, оларды Amplifier (күшейткіш) модулінің наушник жалғанатын тесігіне жалғаңыз.
38. Наушникті кийіңіз.
39. Келесі қадамды орындаған кезде Amplifier (Усилитель) модулінің Gain (күшейту) виртуальды басқару элементін тиімді дыбыс деңгейін алатындай етіп орнату керек.
40. Шулаңыз және микрофонға сөйлеңіз, наушниктегі дыбысты тыңдап және экрандағы осциллографтың осциллограммасының өзгеруін бақылап отырыңыз.
