Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

15. Студенттің оқу бойынша жетістіктерін бақылау сұрақтары:

  1. Басқару қызметіндегі басқару есебінің рөлі.

  2. Бухгалтерлік ақпарттарды пайдаланушылар.

  3. Басқару және қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы.

  4. Шешімдер қабылдау үрдісі.

  5. Басқару үрдісіндегі бухгалтер – талдаушының рөлі.

  6. Өндірістік шығындардың жіктелуі.

  7. Шешімдер қабылдау мен жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.

  8. Бақылау мен реттеу үшін шығындардың жіктелуі.

  9. Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп.

  10. Өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы.

  11. Калькуляция баптары бойынша шығындар есебі.

  12. Негізгі және қосалқы өндіріс шығындары есебі.

  13. Үстеме шығындар есебі мен оның бөліп таратылуы.

  14. Материалдар есебі.

  15. Еңбек шығындары есебі.

  16. Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер есебі.

  17. Шығындар есебінің процестік әдісі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

  18. Шығындар есебінің тапсырыстық әдісі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

  19. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың функционалды әдісі.

  20. Шығындарды толық бөліп тарату (абзорпшн - костинг) және өзгермелі шығындар (директ - костинг) бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

  21. Шығындардың есебінің нормативтік әдісі мен ауытқуды талдау.

  22. Бюджет және оның түрлері.

  23. Негізгі бюджетті құру этаптары.

  24. Бюджеттік бақылау.

  25. Қор деңгейін жоспарлау және бақылау.

  26. Қызмет нәтижесін бағалау мен көрсету әдістері.

  27. Нақты нәтижені бюджетпен салыстыра отырып көрсету.

  28. Ауытқулар бойынша басқару.

  29. Өндіріс зиянсыздығын талдау.

  30. Арнайы зерттеулер: шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындарды анықтау.

  31. Баға қалыптастыру және трансферттік баға есебі.

  32. Инвестициялық шешімдер қабылдау.

  33. Инвестицияны бағалау әдістері.

  34. “Стандарт - кост” жүйесінің басқару есебіндегі алатын орыны.

  35. Бюджет, оның түрлері.

  36. Иілгіш бюджет және оны бақылау.

  37. Ұйымның бюджетін қалыптастыру әдісі.

  38. Трасферттік баға және оны белгілеу.

  39. Өнім шығару мен сатудың көлемін, ассортиментін жоспарлау.

  40. Қаржы жұмсалуы туралы шешім қабылдау.

  41. Кірістер мен шығыстарға байланысты талдау әдістері: теңдік әдісі, жалпы табыс әдісі (маржиналды табыс), графикалық әдіс.

  42. Кәсіпорынның зиянсыздық графигін құру тәртібі және қатерлі нүктені анықтау.

  43. Қауіпсіздік маржасы.

  44. Операциондық тұтқа

  45. Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.

  46. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері

  47. Шешімдер қабылдау кезіндегі кешенді шығындарды тарату жүйесінің кемшіліктері.

  48. Жанама өнім есебі.

  49. Инвестицияны бағалаудың дисконтты әдісі.

  50. Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі мөлшерін салыстыру

16. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Ағымдағы үлгерімділігі бағасы ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағаларынан тұрады.

Үлгерімнің ағымдағы бақылауы – сабақ жүргізуші оқытушының оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша студенттің оқу үлгерімін жүйелі тексеруі болып табылады.

Аралық бақылау оқу пәнінің ауқымды бөлімін (модулін) оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі.

Пәннің жиынтық бағасы ағымдағы үлгерім мен жиынтық бақылау бағасынан құралады. Ағымдағы үлгерім бағасы (рұқсат ету рейтингі) пән бойынша жиынтық бағаның 60 % құрайды. Емтиханның бағасы пән бойынша жиынтық бағаның 40 % құрайды.

Студенттің білімін бағалау балдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.