Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Нақты шығындар дегеніміз не?

  2. Нақты шығындар есебінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

  3. Нормативтік шығындарға түсінік беріңіз?

  4. Ұйымның нормативтік базасына қойылатын талаптарды атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

  2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

  3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

  4. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *

  5. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

8 тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

Дәріс мақсаты: ауытқулар және оның пайда болуына түрткі болатын себептер, ауытқу түрлеріне толық тоқталу.

Дәріс сұрақтары:

1. Шығындар және сату көлемі бойынша ауытқу.

2. Негізгі материалдар ассортименті бойынша ауытқуды талдау

3. Ауытқуды талдау: өндірістік өнімнің шығымы бойынша.

1. Нормативтік шығындардан ауытқу дегенімізжоспарланған, қарастырылған бюджетпен, немесе нормативтік шығындар мен нақты шығындар арасындағы айырмашылық.Нормативтік шығындардан ауытқу нормативтік шығындарды нақты шығындармен салыстырғанда пайда болады. Өзіндік құнды (шығындардың) нормативтік калькуляциялауға бір ғана маңызды ерекшелік тән. Мұны әрқашан есте сақтау керек: өзіндік құнды нормативтік калькуляциялауда қосарлы есеп жүйесінің негізгі кітабының кәдімгі есебі пайдаланыла отырып ауытқу талдаулары жүргізіледі. Бұл үшін бухгалтерлік тіркеу кітабында мыналар көрсетіледі:

  • нақтышығындар енгізілген мәліметтер ретінде;

  • стандартты шығындар соңғы мәліметтер ретінде;

  • айырмашылық ауытқу ретінде.

Материалдар бойынша ауытқу.Негізгі матеиралдарға жұмсалатын шығындар екі негізгі факторға байланысты болады: материалдардың құны мен олардың өндірісте қолданылған көлемі.

А. Материалдардың құны бойынша ауытқу.Ауытқу есебі нақты пайда күтілетін пайдадан қаншалықты ерекшеленетінін анықтау арқылы жүргізіледі, нәтижесінде негізгі материалдардың нақты бағалары нормативтік бағалардан айрықшаланады.

Материал бағасы бойынша ауытқу сатып алынған материалдардың көлеміне көбейтілген материал бірліктерінің нормативтік және нақты бағалары арасындағы айырмашылыққа тең

Ә. Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу.Бұл ауытқудың мақсаты – өнімнің қарастырылған көлемін өндіру үшін қажет күтілген көлем мен шикізатты пайдаланудың нақты көлемі арасындағы айырмашылықтан туындаған пайдаға тиетін сандық әсерді анықтау.

Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу материалдардың нақты мөлшері мен өнімнің нақты шығарылымы үшін қажет, материалдардың нормативтік бағасына көбейтілген материалдардың нормативтік мөлшерінің әртүрлілігіне тең.

2.Сату бойынша ауытқулар.Сату бойынша ауытқу нақты және жоспарланған пайданы салыстыра отырып олардың әсерін көрсету мақсатында есептеледі. Сату көлемі бойынша ауытқуды тудыратын екі себеп бар: сату бағасындағы айырмашылық пен сату көлеміндегі айырмашылық.

А. Сату бағасы бойынша ауытқуБұл ауытқу күтілетіннен ерекшеленетін бағасы бойынша өнімді сатудың пайдаға қандай әсері бар екендігін көрсетеді.

Сату бағасы бойынша ауытқу = (Бірлікке шаққандағы маржиналды жоспарлы кіріс – Жоспарлы өзіндік құнның негізінде бірлікке шаққандағы нақты маржиналды кіріс) х Сатудың нақты көлемі.

Ә. Сату көлемі бойынша ауытқу

(Сатудың нормативті көлемі – Сатудың нақты көлемі) х Бірлікке шаққандағы нормативті маржиналды кіріс.

2.Негізгі өндірістік материалдардың ассортименті мен өнімнің түсімдері бойынша ауытқулар Көптеген салаларда, әсіресе өңдеуші салада бастапқы материалдардың ассортиментін өзгертіп, өнім түсімінің шамасына әсер етуге болады. Нормативтік ассортиментті анықтау үшін зертханалық зерттеулер немесе техникалық талдау жүргізу керек. Материалдардың әр түрлі ассортиментімен байланысты шама есептелсе, ал нормативтік ассортимент шығарылатын өнім бірлігінің өзіндік құны сапасы жөніндегі талапты бір уақытта қанағаттандырған кезде минималды болатын материалдар жинағының негізінде анықталады. Мұндай жағдайда көбіне ымыраға келуге тура келеді.

Бастапқы материалдардың нормативтік ассортиментінен кейін менеджерлер жалпы өнімнің түсімі мен шығарылатын өнім бірлігінің өзіндік құнына ықпал етулері мүмкін. Мұндай ауытқулар материалдар бағасын бағасын өзгертумен байланысты саналы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде, немесе тиімсіз жұмыстың нәтижесі болмаса нормативтік ассортиментке қол жеткізуге қабілетсіздіктен болуы мүмкін. Ассортимент пен өнімдердің түсімі бойынша ауытқуларды есептей отырып, нормативтік ассортиментте нақты шығыстар мен шығындардың арасында қаншалықты айырмашылық бар екендігін айғақтайтын көрсеткішті алуға болады.

Материалдар мен жұмыс шығыны бойынша ауытқу.

Тікелей материалдар мен тікелей жұмыс үшін ауытқудың екі түріне, яғни,

бағаның немесе ставканың ауытқуы, сондай-ақ сан мен өнімділіктің

ауытқуына бөлінеді. Ауытқуды есептеуді теңдеу (1) немесе схема (2) түрінде көрсетуге болады.

(1)

Материалдың бағасының

Материалдың пайдаланудың ауытқуы

Еңбекақы ставкасының ауытқуы

Еңбек өнімділігінің ауытқуы

= нақты сатып алынған сан х (нақты баға – нормативтік баға)

= нормативтік баға х (нақты пайдаланылған сан – нақты шығарылатын нормативтік сан)

= нақты жұмыс істелген сағат х (нақты ставка – нормативтік ставка)

= нормативтік сатвка х (нақты жұмыс істелген сағат – нақты шығарылатын нормативтік уақыт)

(2) Тікелей материалдар

Нақты сатып алынған сан х нақты баға

Нақты сатып алынған сан х нормативтік баға

Нақты шығарылатын нормативтік сан х нормативтік баға

Бағаның ауытқуы

Нақты пайдаланылған сан

х нормативтік баға

Пайдаланудың ауытқуы

Тікелей жұмыс

Нақты сағаттар х

нақты ставка

Нақты сағаттар

х нормативтік ставка

Нақты шығарудың нормативтік уақыты

х нормативтік ставка

Ставканың ауытқуы

Өнімділіктің ауытқуы