- •7. Пәнді оқыту міндеттері:
- •9. Пәннің күнтізбелік - тақырыптық жоспары:
- •10. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар жоспары:
- •11. Соөж өткізу жоспары (консультация)
- •13. Курстық жұмыс тақырыптары
- •14. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •15. Студенттің оқу бойынша жетістіктерін бақылау сұрақтары:
- •16. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •16.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •16.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •16.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •16.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1.2Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Басқару есебінің "контроллинг" жүйесіндегі орны
- •1.3 Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері
- •1.4 Басқару есебінің пәні
- •1.5 Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
- •1.6 Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
- •2. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
- •3. Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •4. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу
- •5.Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу
- •2.Материалдық шығындар есебі
- •3.Еңбекақы шығындары есебі
- •4.Өндірістік үстеме шығындар есебі. Оларды бөліп тарату.
- •Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісі.
- •Қызмет көрсетуші бөлімшенің үстеме шығындарын таратудың тікелей әдісі
- •1.Әдістің қолдану өрісі мен оның айрықша ерекшеліктері
- •2.Тапсырыс, контракт бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
- •6 Тақырып. Функционалды калькуляция
- •1.Шығынды бөлудің функционалды жүйесі.
- •2.Шығынның мақсаттық калькуляциясы.
- •7 Тақырып. Нормативтік калькуляция
- •1.Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау
- •2.Нормативтік калькуляция.
- •4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау
- •3.Өндірістік қосалқы шығынның аутықуы
- •9 Тақырып. Стандарттық калькуляция.
- •1.Ауытқуларды есептеу және оларды талдау
- •2. Стандарттық калькуляция
- •1.Баға деңгейін есепке алумен байланысты:
- •2.Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:
- •10 Тақырып. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау.
- •Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша калькуляциялау.
- •2.Қауіпсіздік (кромка) маржасы
- •3.Операциялық тұтқа
- •4. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы кезіндегі жол берулер.
- •2. Кешенді шығындарды тарату әдістері
- •Сату бағасы әдісі
- •Натуралды көрсеткіштер әдісі
- •Таза өткізу құны әдісі
- •4) Жалпы тұрақты табыстың бөлігі әдісі
- •3. Қосалқы өнім есебі
- •2.Бюджеттің функциялары
- •3.Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
- •2.Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі
- •3. Оперативті міндеттер
- •1.Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
- •2Мекеме қызметін жоспарлау, оны бақылау
- •1.Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
- •2Мекеме қызметін жоспарлау
- •1 Тақырып. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- •2 Тақырып. Шығындардың жіктелуі.
- •4 Тақырып. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіс – пе – үрдіс калькуляциясы.
- •5 Тақырып. Тапсырыстық калькуляция
- •6 Тақырып. Функционалды калькуляция.
- •7 Тақырып. Нормативтік калькуляция.
- •8 Тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы.
- •9 Тақырып. Стандарттық калькуляция.
- •10 Тақырып. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпш - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау.
- •11 Тақырып. Зиянсыздықты талдау
- •12 Тақырып. Кешенді өндіріс пен қосалқы өнімдерінің шығындарының есебі
- •13 Тақырып. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •14 Тақырып. Басқару шешімдерін қабылдау
- •15 Тақырып. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •2.Слайд
- •3.Сөж тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Тақырып . Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Бюджет құрып тапсыру
- •Сөж тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •2. Курстық жұмыс жазу
- •3.Сөж тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Оқытушының басқарумен студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу талаптары
- •«Uu 3302Басқару есебі» пәнінің
- •2012-2013 Оқу жылына арналған
2Мекеме қызметін жоспарлау
Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер –пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде деұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.
Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің срекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт-бес жылдың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезендегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтықтайды. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі танда немссс жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін кажеттіліктер мен сұрау салуларды қарастырады (мысалы, қуаттылықты арттыру немесе жаңатауар шығару немесе жаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағы жаңа кәсіпорынға күрделі қаржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жоспарлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына койған міндеттерін қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қыска мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджетті білдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге колданып, нақтылай түседі).
Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа кол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудын негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.
Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақтықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бакылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға койған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.
Ұйымдастырушылық процестің ажырамас бөлігіне кәсіпорынды топтарға, бөлімдерге, секцияларға, бөлімшелерге және т.б. бөлу жатады. Мұндай бөлімшелерді құру ұйымдастырушылық сипатында пайда болатын міндеттерді мынадай жолмен - басшылық өз шешімдерін басқаруы үшін оңтайлы жағдай тудыруды қамтамасыз ететіндей жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыған орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жататын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жекелеген бюджеттерді әзірлеу процесін білдіреді.
Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проблемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" ұғымын біз санамызда "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі әбден сіңісті болғанотбасылық, жергілікті. федералдық, мемлекеттік тәрізді анықтамалармен байланыстырып қарауға үйренгенбіз. Басқару есебінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдеріндесмета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғымға жақын басқаша мағынада қолданылады.
Бюджет дегенде, әдетте жоспарлы табысты және немесешығынды көрсететін, белгілі бір уақыт мерзіміне дейін әзірленіп, қабылданған ақша түріндегі сандық жоспарды ұғамыз.
Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанынбағалаудың негізі болып табылады.
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:
Бұл—бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлықұйымдардың, оныңжекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде кол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
шаруашылық кызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.
Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.
Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.
Стратегиялык жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдык жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек кажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзак мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.
Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялык жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.
Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.
Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:
жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизі тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.
Жоспарлау дегеніміздіңөзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
Баға белгіленімі бойынша шешімдерге әсер ететін негізгі факторларды көрсету
Шығындар-қосу баға белгіленімін қолдану
Мақсатты баға белгіленімін қолдану
Қандай жағдайларда арнайы баға белгіленімі қолданылатынын түсіндіру.
Ұсынылған әдебиеттер:
1А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009 ж. *
2Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж.*
3Тайғашинова Қ.Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.*
Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие/ Алматы: LEM, 2010 г.*
4Төлегенов Э.Т. “Басқару есебі”. Алматы,2006 ж.
5Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ (электронный ресурс). Учебное пособие – электронная приклодная программа (50,2 Мб)/ Алматы: Нур-пресс, 2008 г.*
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Есеп және статистика»факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Практикалық (семинар) сабақ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
«UU 3302 Басқару есебі» пәні бойынша
«Есеп және аудит» 5B050800 мамандығы
Алматы, 2012
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Бақылау сұрақтары мен талқылауға арналған тапсырмалар
1.Басқару есебі нені оқытып үйретеді?
2.Басқару есебінің мәні, маңызы неде?
3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттерін қалай түсінесіз?
4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптерін анықтаңыз.
5. Ұйымның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің алатын орыны қандай?
6. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы дегеніміз?
7. Қабілетті инженер-электроншы Марат Құдайбергеновке өндіріс басқарушысының көмекшісі ретінде жоғарлатқалы жатқанын айтты. Марат бірсәтте қуанды да алаңдады.
Негізінде оның бухгалтерлік есеп танымы онша терең емес еді.
Ол «Қаржылық есеп» курсын оқыған, бірақ басшылықта тағайындалған басқару есебінің курсын алмаған еді.
Сондықтан да Құдайбергенов басқару есебі курсына тезірек жазылуды жоспарлады. Ал әзірше бас бухгалтердің көмекшісі Таушан Айдананы оған қаржылық және басқару есебінің негізгі 3 немесе 4 айырмасын анықтап беруді және оған кейбір нақты мысалдар келтіруді өтінеді.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-6 тапсырмаларға берілген материал және бірінші тақырып бойынша дәріс және соған ұсынылған әдебиеттер негізінде жауаптар беру.
7 тапсырманы орындау кезінде бас бухгалтердің көмекші ретінде Құдайбергеновке жазбаша түрде жауап жазыңыз.
Тақырып 2. Шығындардың жіктелуі
Тапсырма № 1.
Төменде көрсетілген зауыттың өнімін тікелей (Д) немесе жанама (И) шығындарына байланысты, сондай ақ ауыспалы (В) немесе тұрақтылығы (Ф) байланысты өнімді өндіру көлемінің өзгерісі кезінде шығынның көлемі өзгереді ме? Егерде күмән туындаған жағдайда әрқайсысын келесідей негізге байланысты, өнім өндіру көлемі көп мөлшерде өзгерсе шығынның көлемі де өзгеруіне байланысты таңдап ал. Әр он шығындар үшін сізде екі жауап болуы қажет Д немесе И, және В немесе Ф.
зауыттың кафетериясы үшін өнім
өндірістік ғимарат үшін жал төлем
зауыттың қоймашысының айлығы
менеджерлері дайындау программасы
үстіңгі тазартпалық үшін материал (наждачная бумага, и.т.д.)
машиналық цех үшін резцы-насадки
зауыттың жумыскерлері үшін сақтандыру – компенсациясы
цементшінің аппараты үшін цемент
доменттік печтер үшін металлолом
зауыттық душтар үшін қағаздық сүлгі.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1 тапсырманы орындау барысында шығындар динамикасын пайдаланыңыз.
Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
Тапсырмалар
Тапсырма № 1. «Эвита» компаниясында 2 жылдың 5 ай бойы келесідей шикізатты сатып алулар мен босатулар орын алды:
8-ші шілде |
Қабылданды |
бір бірлікке 10 шартты бірліктен, 2000 бірлік |
9-шы шілде |
Қабылданды |
бір бірлікке 10,5 шартты бірліктен, 520 бірлік |
13-ші шілде |
Босатылды |
1400 бірлік |
5-ші тамыз |
Қабылданды |
бір бірлікке 11,5 шартты бірліктен, 800 бірлік |
22-ші тамыз |
Қабылданды |
бір бірлікке 12,5 шартты бірліктен, 600 бірлік |
15-ші қыркүйек |
Босатылды |
1240 бірлік |
14-ші қазан |
Босатылды |
480 бірлік |
8-ші қараша |
Қабылданды |
бір бірлікке 11 шартты бірліктен, 1000 бірлік |
24-ші қараша |
Босатылды |
760 бірлік |
Бастапқы шикізат қоры болған жоқ.
Талап етіледі:
5 ай үшін өндіріске босатылған шикізаттар мен шикізат қоры құнын кезең соңына бағалаңыз
Тапсырма № 2.
Төмендегі көрсеткіштерді пайдалана отырып, өндірілген өнім мен сатылған өнімнің өзіндік құны туралы есептілік дайындаңыздар.
Көрсеткіштер 31/12/2006 31/12/2007
Негізгі материалдар, теңге 7000 5000
Аяқталмаған өндіріс, теңге 4000 3000
Дайын өнім, теңге 10000 13000
2009 жылы төмендегідей өндірістік шығындар шығарылды: жұмсалынған материалдар 30000 тг, еңбекақы 13000 тг, өндірістік үстеме шығындар: жанама еңбек 5000 тг, коммуналдық шығындар 2000 тг, жабдықтың амортизациясы 3000 тг, өзгеде шығындар 6000 тг.
Тапсырма № 3.
Кесімді еңбекақыны анықта: жұмысшының сағаттық ставкасы 500 тг., жұмысшы ағымдағы айда 1000 бөлшек жасап шығарған. Сапалы әр бөлшек үшін жұмысшыға 50 тг. төленеді.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1 тапсырманы орындау үшін қорларды бағалаудың ФИФО, Орташа құн әдістерін қолданыңыз.
2 тапсырманы орындауда өндірілген өнім мен сатылған өнімнің өзіндік құны туралы есептерді бөлек дайындаңыз.
3 тапсырманы орындау кезінде кесімді еңбекақыны есептеудің мәніне көңіл бөліңіз.
Тақырып 4. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіс-пе-үрдіс калькуляциясы.
Бақылау сұрақтары
Келесі процеске және аяқталмаған өндіріске жіберу кезіндегі өндіріс шығындарын орташа құн әдісімен бағалауға сипаттама береңіз.
Келесі процеске және аяқталмаған өндіріске жіберу кезіндегі өндіріс шығындарын ФИФО әдісімен бағалауға сипаттама береңіз.
Эквивалентті бірлік қашан қолданылады?
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі тапсырыстық әдісінен айырмашылығын атаңыз
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы 1-4 сұрақтарға жауап беру үшін дәрістік кешен мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз. Бұл тәжірибе сабағын ЖШС «Balans KZ» бас бухгалтері Эмилева А.Э. өткізеді.
Тақырып 5. Тапсырыстық калькуляция.
Тапсырма №1.
Тапсырыстық әдістің мәні.
Тапсырыстық тәсілде калькуляциялаудың объектісі не болып табылады?
Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі.
Тапсырыстық әдіс бойынша негізгі бухгалтерлік жазбалар.
Тапсырма №2
Компанияны техникамен қамтамасыз ету, жөндеу және жол құрылысы бойынша жұмыстармен айналысады. Қаржылық жыл 30 сәуірмен аяқталады. Үстеме шығындар келісім бойынша таратылады жұмысшылардың негізгі еңбек шығындарына 40% ставкіде.
Компания ұзақ мерзімді сатып-өткізу келісімінде, табысты көрсетпеу саясатына қолданылады, өйткені келісім 50% да орындалмаған.
Келісім номері |
488 |
517 |
518 |
519 |
Бастапқы орындалу мерзімі |
01.03.04 |
01.02.04 |
14.03.04 |
18.03.04 |
Жоспарланған аяқталу мерзімі (мың теңге) |
31.05.05 (мың теңге) |
30.07.05 (мың теңге) |
31.05.05 (мың теңге) |
15.05.05 (мың теңге) |
Негізгі жұмысшылардың еңбек шығыны |
105 |
10 |
5 |
2 |
Негізгі өндіріс шығындары матер-р |
86 |
7 |
4 |
2 |
Сатып-өткізу бағасы |
450 |
135 |
18 |
9 |
Келіс соңы бойынша тікелей шығындарға баға: негізгі жұм-р |
40 |
60 |
2 |
2 |
Негізгі өндіріс матер-ы |
10 |
15 |
1 |
1 |
30.04.2003ж орындалған жұмыс құны (байланыссыз баға бойынша) |
350 |
30 |
15 |
5 |
Төмендегілерді орындау қажет:
жоғарыда берілген келісім шығындарын, тапсырыстық немесе келісімдік шығын калькуляцияларын қолданып анықтау қажет.
А пунктінде берілген, тұжырымдамалар негізінде, 2005 жылдың 30-шы сәуірінде аяқталатын қаржылық жылдың есебін әрбір келісімде көрсетілгендей ақталмаған өндіріске баға беріп және оны танылсын деп, табысты айқын көрсетіп есепті дайындау қажет.
Б процестік шығын калькуляциялары бойынша негізгі сипатын анықтау. Яғни, өндірістік ұжымның процестік және келісімдік шығын калькуляцияларын өзара байланыстылығының әсерін анықтау.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы 1 тапсырманың 1-3 сұрақтарға жауап беру үшін және 2 тапсырманы орындау үшін дәрістік кешен мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз. 4 сұрақты жазбаша екі жақты жазу әдісін қолданып орындаңыз.
Тақырып 6. Функционалды калькуляция
Тапсырма:
А, В және С келісімдеріне сай шығындар есебін дайындау керек. Құрылыс жұмыстары осы үш келісім бойынша жүргізіледі.
Тапсырыс берушінің сәулетшілерінің қабылдаған нормасы бойынша өзіндік құнның 10%-зы салым ретінде ұсталады. График бойынша С келісім тапсырыс берушіге жақын мерзімдерде өткізу қажет, бірақ құрылыс инженері. Бұл келісімді аяқтау үшін берілген шығындарға қосымша 305000 теңге қаржы керектігін анықтап көрсетті. Бұл сомаға жабдықтардың амортизациясы, құрылыс қызметі және кездейсоқ жағдайлардан болған шығындар жатады.
Құрылыс компаниясы өзінің біп келісімі бойынша келесі ақпаратты біледі.
|
А келісім (мың теңге) |
В келісім (мың теңге) |
С келісім (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
Келісім бағасы |
1760 |
1485 |
2420 |
Жыл басындағы өткізілген қалдық: құрылыс алаңындағы материалдар |
- |
20 |
30 |
Жабд-р мен ғимараттардың құнын бөлшектеп есептеп шығару |
- |
77 |
374 |
Төленетін еңбекақы |
- |
5 |
10 |
1 |
2 |
3 |
4 |
Өткен жылы болған операциялар: табыс, табыстар мен зияндар шотына енгізілген |
- |
- |
365 |
Дайын өнімдердің өзіндік құны (сатып өткізілген өнімнің өзіндік құны) |
- |
418 |
814 |
Жыл ішіндегі операциялар: құрылыс алаңына жеткізілген, материалдар |
88 |
220 |
396 |
Төленген еңбекақы |
45 |
100 |
220 |
Шағымдану және басқа шығындары |
15 |
40 |
50 |
Құрылыс алаңына жеткізілген жабдықтың құнын бөлшектеп есептеп шығару |
190 |
35 |
- |
Бір жылға таратылған кеңсе шығындары |
10 |
20 |
50 |
Жыл соңында өткізілген қалдық: құрылыс алаңындағы материалдар |
20 |
- |
- |
Жабдықтар мен ғимараттардың құнын бөлшектеп есептеп шығару |
150 |
20 |
230 |
Төленетін еңбекақы |
5 |
10 |
15 |
Жыл соңындағы өткізілген жұмыстың өзіндік құны |
200 |
860 |
2100 |
Жыл соңындағы өткізілмеген жұмыстың өзіндік құны |
|
|
|
Келісім бағасы 2000 000
Қабылданған өнімнің құны 1300 000
Қолма-қол алынған қаражат 1200 000
Шеккен шығындар 1050 000
Қабылдап алынған өнімнен
Шеккен шығындар 1000 000
Төлемдегі табыс варианттарының қайсысы берілген келісімге сай (1000 жуықтағанда).
А) 250 000
Б) 277 000
В) 300 000
Г) 950 000
Д) 1000 000
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы есепті шығару үшін мақсаттық калькуляция ұғымын дәрістен оқып білу қажет.
Тақырып 7. Нормативтік калькуляция.
Тапсырма.
1 тапсырма. «Асыл» компаниясы А жобасы және Б жобасы деген екі инвестициялық ұсыныстарды қарастырып жатыр. Төмендегі кестеде оларды сипаттамасы келтірілген.
Мерзім |
А жобасы |
Б жобасы |
|||||||
Бастапқы Шығындар (теңге) |
Салықтан Кейінгі табыс (теңге) |
Ақша қаражат-тарының таза жылжуы (теңге) |
Бастапқы шығындар (теңге) |
Салықтан кейінгі табыс (теңге) |
Ақша қаражат-тарының таза жылжуы (теңге). |
||||
0 |
9000 |
- |
- |
12000 |
- |
- |
|||
1 |
|
1000 |
5000 |
|
1000 |
5000 |
|||
2 |
|
1000 |
4000 |
|
1000 |
5000 |
|||
3 |
|
1000 |
3000 |
|
4000 |
8000 |
|||
Компанияның капитал құны 15 пайыз құраған жағдайдағы, әр жоба бойынша есептік табыстылықты, таза ағымдық құнды және рентабельділіктің индексін есептеңіз. Компания амортизацияның түзу сызықтық әдісін пайдаланады деп және бастапқы инвестициялардың қалдық құны нольға тең деп болжайық.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: есепті шығару үшін нақты және нормативтік шығындар есебін оқып үйрену қажет.
Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы.
Тапсырма
Бірін – бірі жоққа шығаратын екі жобаның ақша қаражаттарының болжау ағымдары келесідей (теңге):
Жоба |
Мерзім |
||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
|||
А |
-10,000 |
5,000 |
5,000 |
5,000 |
5,000 |
||
Б |
-10,000 |
|
0 |
0 |
30,000 |
||
Әр жоба бойынша табыстың ішкі нормасын анықтаңыз.
Қажетті табыстылық 10 пайыз құрайды деп болжап,әр жоба бойынша таза ағымдық құнды анықтаңыз.
Сіз қай жобаны қабылдайтын едіңіз? Өз шешіміңізді сіз қандай жорамалдарды пайдаланасыз?
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: есепті шығару үшін нақты шығындардың нормативтік шығындардан ауытқуын оқып үйрену қажет. Бұл тәжірибе сабағын ЖШС «Balans KZ» бас бухгалтері Эмилева А.Э. өткізеді.
Тақырып 9. Стандарттық калькуляция.
Тапсырма. Параметрлер өзгеруін есептеу тәсілдерінің бірі сезімталдықты талдау болып табылады (өзгеріштігін).
Алғашқы бағалау нәтижесінің өзгеруіне байланысты соңғы нәтижесінің өзгеруін талдау арқылы қандай дәрежеде өзгергіш екенін анықтауға болады. ШКП қатысты өзгеріштігін талдау үшін мынандай сұрақтарға жауап беруге керек.
Егер алғашқы көзделген көлемімен салыстырғанда өткізілген өнімдердің ассортименті өзгерсе, пайда қандай болады?
Егер тұрақты шығындар 10%-ке көбейсе, ал айнымалы шығындар 5% қысқарса пайданың көлемі қандай болады?
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: есепті шығару үшін нақты шығындардың нормативтік шығындардан ауытқуын оқып үйрену қажет
Тақырып 10. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау.
Тапсырма
Табысқа жету мақсатындағы белгілі өнім түрлерінің сатып өткізу көлемін қосқан үлесін анықтаңыз. Компания үш өнім түрін шығарады және сатады, ағымдағы көрсеткіштері төмендегідей:
Мың теңге |
|||
Сатып-өткізу |
1794 |
3740 |
2950 |
Сатып-өткізілген өнімнің өзіндік құны |
1242 |
2860 |
1888 |
Жиынтық табыс |
552 |
880 |
1062 |
Өндірістік емес үстеме шығындар |
460 |
770 |
767 |
Таза табыс |
92 |
110 |
295 |
Сатып-өткізілген өнімнің бір өлшемі, бірлігі |
1150 |
2200 |
2360 |
Есептегі жылы әрбір өнім түрі бірлігі бойынша өндірілген және сатып-өткізілген өнім өзгермеген. Әрбір өнімге тұрақты өндірістік үстеме шығындар 0,30 ставкасы бойынша есептелінеді. Өндірістік емес үстеме шығындар кейбір шығын түрлерінен, сатып-өткізу көлемінің өзгеруімен, кірістің 10%-ын құрай алған өндірістік емес үстеме шығындардың бөлігі – тұрақты шығындар.
Төмендегілерді орындау қажет.
А. Өзгермелі шығын калькуляциясы бойынша сатып-өткізілген өнім көлемін көрсетіп есеп дайындау қажет.
Б. Ағымдағы сату ассортиментінің негізінде, әрбір өнім түрі бойынша, жыл ішінде 3,75 мың теңге пайда алуды анықтау.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: тақырып бойынша толық мағлұмат болуы қажет.
Тақырып 11. Зиянсыздықты талдау
Тапсырмалар
Тапсырма №1.
Компанияны сатудан түскен табыс 300 000 теңге.Айнымалы шығындар 120 000 теңге.
Анықтау қажет: Маржиналды табысты.
Тапсырма № 2
Сату бағасы 0,50 теңге.
Айнымалы шығындар 40 % сату бағасынан
Тұрақты шығындар 12 000 теңге.
Анықтау қажет: Ақшалай өлшемдегі зиянсыздық нүктесін.
Тапсырма №3
.Сату бағасы 0,50 теңге.
Айнымалы шығындар 40 % сату бағасынан
Тұрақты шығындар 12 000 ш.б.
Компания 6 000 ш.б. сомадағы пайданы жоспарлап отыр.
Анықтау қажет: Мақсатты пайдаға жетудегі ақшалай өлшемдегі табысты анықтау.
Тапсырма №4
Залалсыздық нүктесіндегі табыс 100 000 шартты бірлікке тең делік. Тұрақты шығындар 400 000 шартты бірлікке тең.
Маржиналдық табыс деңгейінің мағынасын анықтаңыздар.
Егер бірлік өнімге деген өзгермелі шығындар 12 шартты бірлікке тең болған жағдайда бірлік өнімнің сатылу бағасының мағынасын анықтаңыздар.
8000 бірлік өнім сатылды делік. Маржа қауіпсіздігінің (жиек қауіпсіздігінің) мағынасын анықтаңыздар.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы есептерді шығару үшін зиянсыздық нүктесі, мақсатты пайда ұғымдарын дәрістен оқып білу қажет. Маржиналды табыс формуласын еске түсіріңіз.
Тақырып 12. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Тапсырма №1.
Жиһаз өндіретін ұйым сатып алушылардың тапсырысы бойынша жиһаз шығарады. Ол 3 өндірістік және 2 қызмет көрсету бөлімшелеріне ие. Нормативті тұрақты жөнелтпе шығындары алдағы жылға мынандай, ш.б:
|
|
Бөлу базасы |
Жал төлем |
12800 |
Ғимарат ауданы |
Өндіріс құралдарын сақтандыру |
6000 |
Құрылғының алғашқы құны |
Телефонға төлем |
3200 |
Ғимарат құны |
Амортизация құны |
18000 |
Құрылғының алғашқы құны |
ОТК бақылаушыларының еңбек ақысы |
24000 |
Қызметкерлердің еңбек уақыты |
Жылу және жарықтандыру |
6400 |
Ғимарат ауданы |
С 50 000 ш.б. сатылды. А, В және Dтауарлары әрі қарай тазартылып, содан кейін олар да сатылды. Желтоқсан бойынша келесі мәліметтер бар:
«Супер» тауарларын алу мақсатымен қайта өндеуге арналған бөлінбелі шығындар |
Пайда |
|
А супер |
200 000 ш.б. |
300 000 ш.б. |
В супер |
80 000 |
100 000 |
D супер |
90 000 |
120 000 |
«Саншайн Ойлда» А, В және D тауарларын бөлу нүктесінде сатуға мүмкіндік болды. Егер осыны қолданған кезде, онда табыс былай болатын:
-
А тауары
50 000 ш.б.
В тауары
30 000 ш.б.
D тауары
70 000 ш.б.
Табу керек:
100 000 ш.б. көлемінде келесі кешенді шығындарды тарату әдістерін қолдана отырып, желтоқсанда сатылған әр бір тауар бойынша жалпы табыстың үлес % есептеңіз:
а. Бөлу нүктесіндегі сатудың құн әдісі
b. натурал көрсеткіштердің әдісі
c. сатудың таза құн әдісі
«Саншайн Ойл» А, В және D тауарлары туралы басқа шешім қабылдағанда, желтоқсан айында операциондық пайданы көбейтуге мүмкіндік болды ма? Операциондық пайдаға ұсынылған өзгерістердің әсерін көрсетіңіз.
Тапсырма №2.
«Гаррисон» корпорациясы 3 тауарды өндіреді: Альфа, Бета және Гамма. Альфа мен Гамма кешенді шығындар болып табылады, ал Бета – Альфаның қосалқы тауары. Қосалқы тауарға кешенді шығындар таратылмайды. Жыл бойы өндірістік процестер келесі түрде көрсетіледі:
1-цехта 120 000 ш.б. көлеміндегі 110 000 кг негізгі материалдардың қайта өңдеуі боллып жатыр. Қайта өңдеуден кейін 1-цехта бірліктердің 60% 2-цехқа өтеді, ал қалған 40% (енді Гамма) 3-цехке аударылды.
2-цехта материал 38 000 ш.б. қосымша шығындармен қоса келесі өңдеуден өтеді. Одан кейін осы бірліктердің 70% (енді Альфа) 4-цехқа аударылады, ал 30% кг 1,2 ш.б. тұратын Бета қосалқы тауар ретінде болып қалады. Бетаның сатылуына кеткен бөлінбелі шығындар 8 100ш.б. тең.
4-цехте 23 600 ш.б. көлеміндегі қосымша шығындармен қоса Альфаның өңдеуі болып жатыр. Осы өңдеуден кейін килограмы 5,00 ш.б. тұратын Альфа сатылуға дайын.
3-цехта 165 000 ш.б. көлеміндегі қосымша шығындармен қоса Гамманың өңдеуі болып жатыр. Осы цехта Гамма сапалы бірліктерінің шығарылымын 10% құрайтын нормативті жоғалтулар пайда болды. Одан кейін Гамманың килограмы 12,00 ш.б. тұратын сапалы өндірісі сатылды.
Табу керек:
Сатудың күтілетін таза құн әдісін қолданып, Альфа және Гамма арасындағы кешенді шығындарды тарату графигін дайындаңыз. Бета сатудың күтілетін таза құны кешенді шығындардың 120 000 ш.б. азаятын сумма ретінде қарастырылуы тиіс.
1 пунктегі тапсырманың жауабына тәуелсіз 102 000 ш.б. тең жалпы кешенді шығындар Альфаға таратылды деп алыңыз. Сонымен қатар сатылуға дайын Альфаның 48 000 кг және Бетаның 20 000кг бар деп есептеңіз. Келесі меәліметтерге сүйене отырып, Альфадан түсетін жалпы табысқа дейін қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептемені дайындаңыз:
Жыл бойы сатылуға дайын Альфаның сатылуы кг санының 80% құрады.
Сатылуға дайын Ббетаның сатудың күтілетін таза құны Альфаға кеткен шығындардан шегеріледі. Кезең соңында Альфа қорының құны өндіріске кеткен таза шығындарға негізделуі тиіс.
Қалған шығындар және баға туралы мәліметтер А-D пункттерінде берілген.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тапсырмаларды орындау үшін дәріс кешені мен ұсынылған әдебиеттер бойынша бөлу нүктесіндегі сатудың құн әдісі, натурал көрсеткіштердің әдісі, сатудың таза құн әдістерін қайталап, оларды пайдаланыңыздар.
Тақырып 13. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Бақылау сұрақтары
Бюжет дегеніміз не?
Бюджеттің үздіксіз жасалуы деген не?
Бюджеттің артықшылығы қандай?
Бюджеттің қандай түрлері бар?
Тапсырма
«Фруктовый сок» ұйымы әр іс-сапарға тасымал шығындарын бөлідің жаңа әдісін тиімді қолдануды үйренуді шешеді. 1 жыл бойына бюджеттік жанама шығындар былай болады:
Іс сапарға ауыспалы жанама шығындар |
1500 ш.б |
Жалпы тұрақты шығындар |
200000 ш.б |
1 жылға жасалған 300 сапар бойынша нақты қорытынды құрады:
Ауыспалы жанама шығындар |
465000 ш.б |
Тұрақты жанама шығындар |
180000 ш.б |
|
645000 ш.б |
Талап етілді:
Іссапардың тек бюджет шығындары мен бюджет саны есептелгенде бір іссапарға екі шығын тобын қолдану барысында жанама шығындардың бөлу мөлшері неге тең? Пункт 1 нәтиижелерін осы және 2 тапсырмамен салыстырыңыз. Бөлу тұрғысынан «Апельсиновый сок» қосарлы ставка әдісін қолдануы дара ставка әдісін қолдануға қарастыруда қандай эффектілерге ие.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Сұрақтарға жауап беру үшін дәріс кешені мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз
Тапсырманы орындау барысында шығындар іссапардың нақты санын ауыспалы шығындар мен бюджет ставкасына көбейтілген, іссапарддың бюджеттік санын ауыспалы шығындарға көбейтілген ставкасын қолданумен бөлінетіндігін ескеріңіз.
Тақырып 14. Басқару шешімдерін қабылдау
Сұрақтар
Икемді сметамен статикалық сметаның айырмашылықтары.
Ауытқуды басқарудың тиімді жақтары.
Қысқа мерзімді шешімдер қабылдау.
Баға қалыптастыру.
Тапсырма 1
Нақты сатып алынған материалдар 200 бірлік
Пайдаланылған нақты материалдар 110 бірлік
Нақты шығарым үшін нормативтік саны 100 бірлік
Нақты баға 8 тг/бірлік
Нормативтік баға 10тг/бірлік
Анықтау керек: жағымды және жағымсыз ауытқуларды анықтаңыз
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-4 сұрақтарға дәріс және ұсынылған әдебиеттер бойынша дайындалыңыз.
Тапсырманы орындау үшін материалдар бағасы және пайдаланылған материалдар бойынша ауытқуларды анықтау қажет.
Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
Тапсырма 1
140000 теңге тұратын жабдықтық қол операциялардың орнына жұмыс атқарады, олардың бір жылдық шығындары 40000 теңге құрайды. Жұмыс жасау уақыты 5 жыл, осы мерзімнің аяғында қалдық құны болмайды.
Есептеу қажет:
Ақша қаражаттарының дисконттық ағымының орнын толтыру коэффициенті;
Ақша қаражаттарының дисконттық ағымының орнын толтырудың 12 пайыздық коффициентіне жету үшін жылдық қордың деңгейі
Капитал құны 10 пайыз құрағандағы таза келтірілген құнды.
Тапсырма 2
Кестеде көрсетілген капитал салымдарының үш мүмкінді жобаларын қарастырайық. Оның ішінде біреуін қабылдау керекпіз.\
|
Жобалар, теңге |
||
А |
В |
С |
|
Бастапқы шығындар |
200000 |
230000 |
180000 |
Күтілетін мерзім(жыл) |
3 |
5 |
5 |
Бағаланған қалдық құны |
10000 |
15000 |
8000 |
Жыл аяғында қолда бар ақшаның күтілетін түсімдері:
1жылдың 80000 100000 55000
2жылдың 70000 70000 65000
3жылдың 65000 50000 95000
4жылдың 60000 50000 100000
5жылдың 55000 50000
Компания өз капиталының құнын 8 пайыз деп бағалайды және дисконттау коэффициенті құрайды: 1-жылда – 0,84475; 2жылда-0,7182; 3жылда - 0,6086; 4жылда – 0,5158; 5жылда – 0,4371.
Әр жобының орнын толтыру мерзімін анықтаңыз;
Әр жобының орнын толтырудың есептік-коэффициентін есептеңіз;
Әр жобаның таза келтірілген құнын есептеңіз;
Қандай жобаны қабылдану қажет екенін түсіндіріңіз;
Басшыларға жоба бойынша соңғы шешім қабылдау алдындағы қаржылық факторларды қосқандағы қандай факторларды ескеру қажет екенін түсіндіріңіз.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау үшін капитал салымдарының орнын толықтыратын ішкі коэффициентті есептеу, орнын толтыруды, оның есептік коэффициентін, таза келтірілген құнды есептеу және сапалы факторларды талқылау қажет.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Есеп және статистика»факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын орындауы бойынша әдістемелік нұсқау
«UU 3302 Басқару есебі» пәні бойынша
«Есеп және аудит» 5B050800 мамандығы
Алматы, 2012
