Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2.Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі

Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.

Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:

  • өзгермелі, тұрақты;

  • бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;

  • қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;

  • жүктелген шығындар (вмененные затраты);

  • инкременттік және маржиналдык шығындар;

  • маржиналдық табыс;

  • жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;

  • релеванттық және релеванттық емес шығындар;

  • өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.

1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығын жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұракты шама.

2.Тұрақтыға мөлшері (шамасы) өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарга үй-ғимараттарды күтіп үстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. шығындарды жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады).

Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шарттьі - тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шығарылған өнімнің ассортименті негізінде болады.

3.Бағалу есебіне қабылданатын және қабылданбайтыналдағы кезең шығындары.

Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет.

Есепке алынған шығындар мен табыстар бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге катысы болмайды.

4.Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезеңшығындары. Бұлшығындарқандайда бір шешімдердіңпайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынныңсомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынғанресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (солкүйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығынықайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.

5. Жүктелген шығындар (Вмененные затраты). Бұлшығындар басқасынан бас тартуды талап ететін әлдебірбаламалы әрекет (қолданыстық) бағамының (курсының) түйінін(тандау, байлам) құрбан етілуі немесе жоғалуы мүмкін сипатынбілдіреді. "Жүктелген шығындар" ұғымы тек ресурстар шектеулі болған жағдайда ғанақолданылады. Ресурстар шектеуліболмайтын жерде бірдемені құрбан етудің қажеті болмайды.Мысалы. Кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді талап ететін арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын өндіруге келісім-шарт бекітуге мүмкіндігі бар.

  1. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болыптабылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көпжағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтастобын өндіру көлемін ұлғайтудың, нәтижесі болыптабылады.

  2. Маржиналдық табыстар бүл өнімді сатудан түскентүсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толықемес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдықтабыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдықтабыстан тұрақты шығынды шегеріптастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.

  3. Жоспарлы бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімніңжоспарлы өзіндік құнына қосылады.

  4. Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік кұнында көрсетілетін шығындар.

10.Релеванттық және релеванттық емес шығындар оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңыздыдеп саналады. Шамасы қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық емес (иррелевантты) және нұсқалардыбағалау барысында ескерілмейді.