Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2.Қауіпсіздік (кромка) маржасы

Қауіпсіздік маржасы (кромка) шығынсыздық нүктесіне жеткен табыстан сәл

асатын табыспен анықталады.

Компания шығын шеге бастағанға дейін, табыс құлдырай алатын сома деңгейін көрсетеді.Қауіпсіздік маржасы (кромка) ақшалай өлшеммен және пайыздық қатынаспен көрсетіледі.

Ақшалай түрдегі қауіпсіздік маржасы =Жалпы табыс-шығынсыздық нүктесіне жететін табыс.

Пайыздық қауіпсіздік маржасы % =Ақшалай түрдегі қауіпсіздік маржасы/Жалпы табыс

Мысал

Төменде А компаниясы бойынша ақпарат келтірілген

Ш.б.-пен

%-бен

Табыс

200 000

100

Айнымалы шығындар

150 000

75

Маржиналды табыс

50 000

25

Тұрақты шығындар

40 000

Пайда

10 000

Қажет: Ақшалай түрдегі және пайыздық қатынастағы маржаны анықтау.

Шешуі:

1. Шығынсыздық нүктесі ш.б. = 40 000 ш.б./0,25=160 000 ш.б.

2. Қауіпсіздік маржасы ш.б. = 200 000 ш.б. - 160 000ш.б. =40 000 ш.б.

3.Қауіпсіздік маржасы %-н = 40 000 ш.б./200 000=20%

3.Операциялық тұтқа

Операциялық тұтқа компанияда қолдануға мүмкін болатын деңгейге дейінгі тұрақты шығынды көрсетеді.Ол салыстырмалы түрде айнымалы шығындарға қарағанда тұрақты шығыны көп көп компанияларда жоғары деңгейде. Операциялық тұтқасы жоғары компанияларда пайда табыстың өзгеруіне өте сезімтал:табыстың мардымсыз өзгеру деңгейі пайданың жоғары пайыздық өзгеруіне әкеледі.Пайданың табысқа қарағандағы салыстырмалы өзгеруі операциялық тұтқа дәрежесімен өлшенеді.

Операциялық тұтқа табыстың пайыздық өзгеруі пайданың табыстық өзгеруіне қалай әсер ететіндігін өлшейді.

Операциялық тұтқа дәрежесі = Маржиналды табыс/пайда

4. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы кезіндегі жол берулер.

  • Релевантты аймақтың шегіне байланысты табыстар мен шығыстардың тізбекті өзгерісі.

  • Шығындар нақты түрде тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.

  • Шығындар шығынсыздық нүктесін есептеуге әсер етпейді,яғни өндірілген өнім көлемі сатылған өнімнің көлеміне тең болады.

  • Ақша бірлігі инфляцияға ұшырамайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауының мәнін түсіну

  2. Шығынсыздық нүктесін анықтап және оған анықтама беру

  3. Маржа қауіпсіздігін және операциялық тұтқаны анықтау

  4. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауына шектеулерді көрсету

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж.*

3Тайғашинова Қ.Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.*

Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие/ Алматы: LEM, 2010 г.*

4Төлегенов Э.Т. “Басқару есебі”. Алматы,2006 ж.

5Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ (электронный ресурс). Учебное пособие – электронная приклодная программа (50,2 Мб)/ Алматы: Нур-пресс, 2008 г.*

12. тақырып. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Дәріс мақсаты: кешенді шығындарды таратудың әдістерін қолдануды және қосалқы өнімді есепке алуды оқыту

  1. Жалпы түсінік

  2. Кешенді шығын әдісінің орналастырылуын қолдану;

  3. Қосалқы өнімді есепке алу.

  1. Жалпы түсінік

Бірігіп өндірілетін және қосалқы өнімдер, бір өнім өндірілуі екінші өнімнің өндірілуіне әкеліп соғатын өндіріс салаларына тән. Бұндай салаларға мысал ретінде:

Сала Дайын өнім

  1. Ауылшаруашылық өнімдерінің өңдеу

Сүт зауыты сүт, қаймақ, май, ірімшік

Ет комбинаты ет, тері, май, сүйек

  1. Химия өнеркәсібі

Органикалық химия өнеркәсібі этилен, пропилен, бензол

Кешенді өндіріс шығындары есебінде қолданатын терминдер:

Кешенді және біріккен өндіріс шығындарының есебі – екі не одан да көп өнім өндіру кезінде біріңғай технологиялық үрдіспен байланысты шығындар жатады.

Біріккен өнімдер – бұл екі не одан да көп, мағыналы нарықтық бағаға ие, бөліну нүктесіне дейін жеке өнім бола алмайтын өнімдер.

Бөліну нүктесі – бұл біріккен өнімдердің технологиялық үрдіс кезінде жеке өнім ретінде танылатын нүктені айтады.

Бөлінген шығындар – бөліну нүктесінен кейінгі өнімдерімен байланысты өнімдер.

Қосалқы өнімдер – бөліну нүктесіне дейінгі негізгі өнімдерден бөлінбейтін мағынасыз нарықтық бағаға ие өнімдер.

Сурет. Кшенді өндірістегі шығындардың қозғалысы:

Бөлінген шығындар

А өнімі

Кешенді шығындар

негізгі материалдар, негізгі еңбек,

ө ндірістік қосымша шығындар. Б өнімі

Бөлу нүктесі Бөлінген шығындар

Кешенді өндіріс шығындарын таратудың ең басты себебі шығындарды бағалау және қаржылық, ішкі және салық есебіне деген өндірілген және өткізілген өнімдерінің өзіндік құнын анықтау.