Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1.Баға деңгейін есепке алумен байланысты:

• мінсіз - материалдарға, қызмет тарифіне, еңбекақы мөлшерлемелеріне және үстеме шығындардың сметалық мөлшерлемелеріне әлдеқайда қолайлы бағаны ұйғарады;

• қалыпты - экономикалық кезең ішінде орташа баға бойынша есептеледі;

• ағымдағы - есептік кезеңде болжанған және осы кезенде қолданылатын бағаның негізіндегі есеп қарастырылады;

• базистік - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады. Олар, әдетте, баға иидексін есептеу үшін қолданылады.

2.Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:

• теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе ойдағыдай орындауымен қол жеткізеді, кәсіпорынның мақсаты болып табылады, демалыс уақытының нормаланған шамасына, куаттылықты толық пайдалануға негізделген әрі ақауға, іркіліске (простои), бүлінуге кететін уақыт шығынын қарастырмайды;

• өткен шақтың орташа орындалуы - статистикалық мәліметтер бойынша есептеледі және әр ақауға, іркіліске бүлінуге кеткен уақыт шығындарын, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктерді қамтиды;

• қалыпты орындау - алдағы кезеңдердегі норма кернеулігінің болжалды орташа деңгейін қарастырады.

3. Өнім шығарылымының мөлшеріне байланысты: Өнім шығарылымының көлемі стандарттарды әзірлеу тәсілдемесіне бірінші деңгейдегі әсері болады:

• теориялық - кәсіпорынның қуаттылығы теориялық тұрғыдан алдын ала анықталады. Оған бір жолғы тәртіппен қол жеткізуге болады немесе қол жетпеуі де мүмкін;

• тәжірибелік - шығарылымның нақты қол жететін деңгейіне негізделген, болмай қоймайтын шығындарды жібереді және теориялық стандарттың деңгейіне жуық жақсы орындаумен кәсіпорын қол жеткізеді;

• қалыпты - кезең ішіндегі өндіріс көлемінің жоғары және төменгі шамаларының орташасынан өнімді шығарудың қол жететін деңгейінде есептеледі;

• болжалды - өнім шығарылымының болжалды мөлшеріндегі нақты өндіріс жағдайының негізінде есептеледі.

Қабылданған стандарттардың кез келген тәсілдемесі өндіріс процесінің басталуына дейін бухгалтерияда стандартты өзіндік құндардың картасында қорытындыланады. Карта бұйымды, тапсырысты қабылдап алған өндірістік бөлімшелер бойынша бұйым және тапсырыс бойынша жасалады.

"Стандарт-кост" жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестірудегі кәсіпорынның көлеміне қарай стандарттар мен әдістемелерді есептен шығаруды бақылаушы немесе "стандарт-кост" жүйесіменбайланысты барлық бөлімшелердің өкілдері кіретін комитет анықтайды.

Бұл жүйе шығын есебі жүйесінің тәжірибесінде қолданылатын басқалардан айырмашылығы, оның өзіндік сипаты болады:

• қаражатты шығындау (жұмсау) процесіндегі стандарттардан ауытқудың негізгі анықталуына оның құжатталуы емес, синтетикалық шоттағы бухгалтерлік жазба жатады. Ауытқушылықты құжаттап, тіркегенше, оның алдын алу міндеті қойылды;

• барлық ауытқушылықтар емес, тек олардың пайдаланылған стандарттарда көрініс тапқандары ғана тіркеледі;

• калькуляция баптары бойынша және ауытқушылық факторлары бойынша ауытқу есебі үшін арнайы синтетикалық шот бөлінеді.

Бұл ерекшеліктер мыналардың басқару процесінде әрдайым бағаланатынын білдіреді: ауытқушылықтар қаншалықты елеулі, олар ескеруге тұра ма әлде тұрмай ма; қандай мәселені шешу барысында бұл деректер қолданылуы мумкін; өндіріс шығынын талдаудағы анықталған ауытқушылықтың маңызы.

Міндеттердің орындалу тізбектілігі. Шығын есебі өткен шығын есебі, стандартталған шығын есебі және одан ауытқу деп бөлінеді. Стандарттар өндіріс процесінің басталуына дейін стандартты өзіндік құндардың картасына жиналады. Карта жауапты орталықтардың, өндіріс бөлімшелерінің және т.б. тұрғыда бұйым, қайта жасау, тапсырыс бойынша жасалады.

Нормалар белгіленген кезең ішінде өзгермейді, ол айрықшалық (исключения) тек объективті себептерден - жабдықтаушылардың бағаны өсіруінен, еңбекақы денгейінің ауытқуынан (не отключения, а колебания), өндіріс жағдайын немесе оның технологиялық процесінің өзгеруінен - туындайтын ауытқуларда ғана болады.

Стандарт-кост - бұл өндіріс процесінің барысын және нормативінен нақты көрсеткіштердің ауытқу мәнін ұдайы бақылауға, бұл ауытқулардың пайда болу себептерін талдауға, оны бір уақыттарда өзгерту тенденциясына, ауытқушылықты азайтуға басқарушылықықпалды пайдалануға немесе нормаларды түзетуге негізделген өндірістік шығын деңгейін ұтымды басқару.

"Стандарт-кост" жүйесінің артықшылықтары мынада:

• кәсіпорын пайдасын кемітетін шығынды анықтау мүмкіндігі;

• келешекте болуы мүмкін шығындарды болжау мүмкіндігі;

• калькуляциялаумен байланыстырылған есептік жұмыстың ең аз шамасы;

• бұйымды өндіруге және өткізуге жұмсалатын болжалды шығындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

• өнім бірлігінің алдын ала есептелген өзіндік құндары негізінде бағаны қалыптастыру;

• нормативтен ауытқу мен оның пайда болу себебін бөлу арқылы кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді жасау;

• өткізу бөлімі арқылы сату көлемін жоспарлауы және оңтайлы бағаны белгілеуі мүмкін өндірістің өзіндік құны туралы нақты деректерді менеджерге ұсыну.

Барлық осы міндеттерді шешуде "Стандарт-кост" жүйесі өткен шығын жүйесіне қарағанда сәттірек болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауытқулардың пайда болу себептерін атаңыз?

  2. Ауытқулар қалай есепке алынады?

  3. Стандарттық калькуляцияның ерекшелігін атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

  2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

  3. .Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.