Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1.5 Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі

Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де олардың міндеттері күрделенеді.

Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат үшін негізгі материалдар болып қызмет ететін оперативті ақпараттың біразы пайда болады. Менеджерлер үшін кез келген ақпарат ол есеп объектісі болу-болмауына, сандық бағалауға келу-келмейтіндігіне қарамастан, маңызды. Ірі тапсырыс берушіні ұйымның өнім сапасына көңілі толмайды және ол басқа жабдықтаушыны іздеуге әзір деген қауесет есегі пен бақылаудың объектісі болмаса да, сандық бағалауға келмесе де бұл өте маңызды ақпарат. Басқару есебіне қажетті, ақпараттың басқа типті ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланылатын ақпараттан негізгі айырмашылығын анықтау қажет.

Басшылық пайдалануы үшін жасалған және дайындалған бухгалтерлік басқару ақпаратына сыртқы пайдаланушыларға арналтан ақпаратқа қарағанда, басқаша талаптар қойылады. Басқару есебінде сандық емес ақпаратта (қауесет, әлеуметтік пікір-сұрау және т.с.с. нәтижелері) есептік және есептік емес болып бөлінетін сандықта да қолданылуы мүмкін. Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да қолданылады.

Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу объектісі туралы толық немесе толық емес ақпаратты қолдануға болады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда тез өңделетін, толық емес ақпарат та жеткілікті болады. Бұдан басқа, жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткілікті болатын жуық ақпарат та қолданылуына болады және мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Атаулылық. Ішкі өндірістік есептік ақпарат нақтылы басқарушыларға ұсынылуы тиіс;

  • Жеткіліктілік. Ақпарат басқару шешімін қабылдауға қажетті көлемде ұсынады;

  • Талдаушылық. Басқару есебі кұралында құрылымдық бөлімшелердің іс әрекеті нәтижелерін өте анық және күмәнсіз сенімді көрсету мен кәсіпорынның пайда алуға қатысу үлесін анықтау мақсатымен акпарат жиналады, топтастырылады, оқылып, зерттеледі;

  • Икемділік пен бастамашылдық. Ақпаратгын. нактылы бөлігі жоғарыда аталған принциптерге сай болып және өзгермелі басқару ахуалы жағдайында немесе өндіріс факторлары өзгеруіне байланысты ақпараттық мұдделердің барлығын түгел қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа, жауапкершілік орталыктарына осы ақпаратты қолдану бойынша өз ұсынстарын жасау және жоғарыда тұрған буынның қарауына жіберу мүмкіндігі берілуі тиіс.

  • Пайдалылық. Ақпарат болуы ықтимал тәуелділік аумағына менеджерлердің назарын аударуға тиіс және мазмұнында басқарушылардың жұмысына әділетті баға болуы керек;

  • Жеткілікгі дәрежедегі үнемділік. Ақпарат алудың пайдасы онымен қамтамасыз ету құнынан артса, басқару есебін жүргізу мақсатқа сәйкес немесе ұтымды деп саналады.Пайда мен шығынды бағалау, әдетте, кәсіби пайым негізінде анықталады (өзіндік құнды әрі қарай төмендету жагымды қаржылык нәтижелерді көбейтуі мүмкін).

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді.

Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жагдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындығы, өндіріске шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі және т.с.с. жайлы ақпарат көлемі ұлғаяды. Көптеген кәсіпорындарда ақпараттық қажетгіліктер шамамен бірдей.