
Операциондық жүйе тағайындалуы
ОЖ міндеті:
Программалардан сигнал-командаларды қабылдап, оларды екілік кодтың машиналық тіліне «аударады»
Компьютерге қосылған барлық құрылғыларды оларға басқа программалардың қатынауын қамтамасыз етіп басқарады
Пайдаланушының компьютермен жұмысын қолайлы етеді
ОЖ міндетті үш бөліктен тұрады:
Ядро, командалық интерпретатор (программалық тілден машиналық кодтар тіліне аударады)
Драйверлер деп аталатын компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Мұнда ОЖ-ның өзімен және оның құрамына кіретін программалармен қолданылатын «жүйелік библиотекалар» кіреді.
Интерфейс – пайдаланушы қатынасатын қабық
Операциондық жүйелер функциялары
Операциондық жүйе (ОЖ) пайдаланушыға компьютермен тұтас жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйелік және қызметтік программалық құралдар жиынтығы болып табылады. Бір жағынан ОЖ компьютердің базалық программалық қамтылуына, оның жүйесіне кіретін BIOS-қа (енгізу/шығару базалық жүйесі) тірелсе, екінші жақтан ол қолданбалы және қызметтік программалардың (қосымшалардың) программалық қамтылуы үшін тірек болып табылады. Осы ОЖ басқаруымен жұмыс істеуге арналған программаларды операциондық жүйенің қосымшалары деп атау қабылданған.
ОЖ-да пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдары арасындағы интерфейстің (пайдаланушы интерфейсі) қалай жүзеге асырылғанына қарай графикалық емес және графикалық операциондық жүйелерді айырады. Графикалық емес операциондық жүйелер командалық жол интерфейсін қолданады, мұнда басқарушы командалар мәтіндік түрде командалық жол өрісіне енгізіледі. Бұл жерде басқарудың негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға MS-DOS тектес операциондық жүйелер жатады.
Графикалық операциондық жүйелер басқару органы ретінде пернетақтамен қоса тышқанды немесе осы тәрізді позиционирлеу құрылғыларын қолданады. Басқару элементі ретінде тышқан нұсқағышы алынады, нұсқағыгтың экранда жылжуы тышқанның жылжуымен синхрондалған. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға Microsoft Windows тектес операциондық жүйелер жатады.
Операциондық жүйелердің қосымша функциялары. Оларға компьютерлік желілерде жұмыс істеуді, санкционирленбеген қатынаудан мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету, т.б. жатады. Сонымен қатар қазіргі ОЖ құрамына қарапайым есептерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамтылудың минималды жиынтығы кіреді: мәтіндік құжаттарды, суреттерді, дыбыс жазуларды редактрлеу, математикалық есептеулерді орындау, күнделік жүргізу және т.б.
Операциялық жүйенің классификациясы.
ОЖ бірмақсатты және көпмақсатты болып бөлінеді.
Бірмақсатты ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта бір ғана тапсырма орындай алады.
Көпмақсатты ОЖ (Windows 98/ME) бірден бірнеше тапсырмаларды олардың арасында компьютердің қуатын бөле отырып орындайды.
Тапсырмалар саны процессордың қуатымен және жедел жадының сыйымдылығымен шектеледі.
ОЖ бірпайдаланушылық (бір клиентке қызмет көрсетуге арналған ) және көппайдаланушылық (бір уақытта пайдаланушылар тобымен жұмыс істеуге арналған) болады. Бірпайдаланушылық ОЖ-ға мысалы ретінде Windows 98/ME, ал көппайдаланушылық ОЖ-ға - Windows NT/2000 келтіруге болады.
ОЖ разрядтылығы (16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядты).
ОЖ мамандануы – ОЖ-ның біреуіне лайықты.