- •5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- •Пәннің мазмұны Дәрістің тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыста кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша сөж тапсырмаларының жасалуы мен тапсыру кестесі.
- •Глоссарий:
- •2012-2013 Оқу жылына «Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берушілік пен делдалдық» пәнінің
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Кеңес беру тәжірибесіндегі психоәлеуметтік тәсіл. 3 сағат
- •Кеңес берудегі негізгі принциптер
- •Әлеуметтік кеңес берудің технологиясы. Әлеуметтік кеңес берудің әдістері мен тәсілдері.
- •Әлеуметтік кеңес беру және оның әлеуметтік көмек берудегі сипаты.
- •Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берудің ерекшеліктері
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық» пәнінен бақылау сұрақтары
Кеңес берудегі негізгі принциптер
Эффективті консультантқа керекті сапалар.
Психологиялық консультациядағы негізгі этикалық принциптер.
Эберстің (б.э.д. ХVI ғ.) мыңға жуық пайдалы емдік жазбалары бар медициналық папирусында дәрі-дәрмектің дауалылығына сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалардың, хандардың арнайы кеңесшілері болғандығы тарихта айтылады. Ежелгі грек данасы , дәрігер Гиппократ (б.э.д. VI ғ.) жаны, тәні ауырған адамға сөз, шөп және пышақ шипа бодалы деген екен. ХVIІ ғасырдың ақырында емдеудің психикалық әдістерін ғылыми түсіндіруге талпыныстар жасалып, олардың небір жаңа нұсқаулары пайда бола бастады. Психологиялық консультацияның одан кейінгі қадамдары австриялық дәрігер А.Ф.Месмер (1734-1815 жж) ілімінің негізінде пайда болған гипноз жайлы ғылыми түсініктемелермен байланысты. Осыдан барып, психологиялық әсер ету әдістерінің, жәрдем берудің іргетасы қаланып, ауқымы анықтала бастады. Психологиялық крнсультацияның дамуы мен психиканың мотивациялық, энергетикалық жақтарын түсінуге З.Фрейд (18546-15939) еңбектері ықпалын тигізеді. ХVХ ғасырдың ақырында-ақ З.Фрейд жеке адамның психикалық денсаулығына қатысты жаңа крнцепция ұсынды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жиырмасыншы жылдардан бастап психологиялық жәрдем көрсетуде психоаналитикалық бағыт кең тарала бастады. Психоанализдің басты әдістері соңғы жүзжылдықта жетіле дамып, психология тәжірибесінде өз орнын алды.
Осылайша, юнгиандық бағыт (К.Г.Юнг), адлерлік жеке-дара психология (А.Адлер), К.Хорнидтің клиникалық ориентациядағы Э.Эриксон, Э.Фрамм және т.б. посторрейдистер іс-тәжірибелері психианалитикалық консультациялау ауқымын кеңейтті. Карл Роджерстің директивті емес техникалары-клиент-центрлік терапия, Альберт Эллистің рационалды-эмотивті психотерапиясы, Виктор Франклдің доготерапиясы, Джозеф Уолидің рециопрокты тежелу арқылы психотерапиясы, Джордж А.Келлидің конструктивті альтернативтілік психотерапиясы, Я.Л.Морено бойынша психодрама, Фредерик С.Перлздің гемпальттерапиясы, Милтон Эриксон бойынша гипноз, Вирджиния Сатирдің жанұялық терапиясы және басқа да бағыттар мен іс-тәжірибелер психика нормасы мен патологиясын анықтау, психикалық жәрдем көрсету сияқты мәселелерді шешуге жағдай жасай бастады, консультацияның дербес сала болуына септігін тигізді.
Алғашында психологиялық іс-әрекет ретінде дәрігерлер қолданып, дамытты. Ал ХХ ғасырдың қызметкерлері де психологиялық консультацияға қамтыла бастады. Осыдан барып, 1951 жылы АҚШ-ғы Солтүстік-батыс конференциясының нұсқауы бойынша консультативті психология атауымен фундоментальді және қолданбалы аспектілері бар ғылыми сала бөлініп шықты. Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдісін жүйелеп сипаттаумен анықталады. Мұнда психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырылады.
Психологиялық консультация жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш-қуаты мен қабілеті актуализацияланады. Соның нәтижесінде күрделі, мәселелік кезеңдерден шығудың жаңа жолдарының, мінез-құлықтың әр түрлі нұсқауларының пайда болуы мүмкін болады. Осылайша, адамның өміріндегі жағдайлар мен жеке басының мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Адамның психикалық науқасқа малдығуын, ауруын анықтау т.б. денсаулық мәселесіне қатысты көмек беретін дәстүрлі психотерапиядан өзгешелігі де осында. Психотерапияға және патологияны емдеуге бағытталған клиникалық психологиядан консультациялауды ажыратып алу қажеттілігі көрінді. Консультативті психологияның кең таралып дамуының нәтижесінде 1952 ж. Американдық Психологиялық Ассоциация консультация жүргізетін психологтың позициясын тағайындады (Dawis, 1992).
Осыдан барып, дүниежүзілік тәжірибеде психолог-консультант кәсіби маман ретінде бекіді.
Қазіргі кезде консультация психологиялық білімді қажет ететін қай салады болмасын әсер етудің бір формасы ретінде қолданылады. Консультациялық іс-әрекет кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, әлеуметтік сан салаларда жүзеге асырады. Бұл салалардың қайсысында да жанұя мен жеке бас мәселелері бойынша көмек қажет болғанда психологиялық консультация жүргізіледі.
Оқулық ретінде шыққан, әлеуметтік қызметкерлердің Британдық ассоциациясының әлеуметтік жұмыстың практикасы жөніндегі құралдың авторы В.Комиед консультациялауға қатысты бөлімінде эффективті кеңес берушіге тән сапаларының тізімін көрсеткен екен:
Эмпания, немесе түсіну,-басқа адамның көзімен әлемді көруге күш салу.
Құрметтеу – адамның мәселені шешу қабілетіне сену.
Нақтылық, немесе нақты және белгілі, анық болу қабілеті,-өз ойларын айтуда терең анықтылық орын алатын, басқа адаммен коммуникацияның әдісі.
Өзіңді білу және қабылдау, және сондай-ақ басқа адамға осында көмек беруге даярлық.
Шынайылық – қарым-қатынастарды нағыз болу қабілеті.
Конгруэнттілік – вербальді түрде айтылаттынның дене тілімен сәйкес келуі.\
Тікелейлілік (“immadiacy” – бір нәрсені бірден ешкімсіз, соңына қалдырмастан орындау қабілеті) – дәл осы уақытта кеңес беру үрдісіндегі тәжірибеден жұмыс.
Негізі, кеңес беру дағыларын дамытуға көптелген еңбектер жарияланған. Онда мұндай дағдылардың саны 45 пунктке дейін жетеді:
Кеңес беруді “адамдарға өз-өздеріне көмек ретінде түсіну М.Харберт бойынша бұл үрдісті келесі жолмен елестетеді”:
Консультант Клиентке көмектеседі өз-өзін
Қолданады құнды, түсінуге болатын және
Қарым-қатынасты құру дағдыларын: консультантқа сенуге даярлығын
құрметтеу сезінуге.
шынайылық
эмпания
Зерттеу мен анықтау дағдыларын (ситуаци- Клиентке көмектеседі:
яларды, сезім, ойларды, әрекеттер, Айтуға және зерттеуге, не, қалай,
фантазиялар,мотивтерді т.б.): және неге екенін терең түсіну,
- клиентпен келісімге жету мүмкін болатын варианттарды көру,
- сұрақтар қою альтернативаларды ойластыру және
- айтылғанды жалпылау таңдап алуға, нақты мақсат қоюға
- негізгіні бөлу және соған мән беру қабілетін дамытуға, әрекеттерлің
- клиенттің айтқанын бейнелеу нақты жоспарын қалыптастыруға,
- нақтылау не қажет, соны жүзеге асыруға.
- конфронтациялау
Жоспарлау дағдыларын:
мақсаттарды құру
әрекеттерді жоспарлау
мәселерді шешудің сртатегияларын білу.
Осылайша, консультация адам тұлғалықбіліктіліктің жоғары деңгейіне жететін процесс болып табылады. М.Катцтың жазуынша кеңес беру адамдарға даналық шешімдерді қабылдауға үйретумен емес, оларға шешімдерді даналы түрде шешуге үйлестірумен айналысады. Тура, яғни осы арқылы ғана клиенттің өзін-өзі күшейтуіне қол жеткізуіне болады.
Психолог-консультанттың белгілі-бір мінез-құлық принциптерін ұстануы кәсіби іс-әрекетті компетентті ұйымдастыруға ғана емес, психологиялық әсердің тиімді болуын да қамтамасыз етеді.
А.А.Бодалев, В.В.Столин, Ю.Е.Алешина психологиялық консультациялауда сақталынуы қажет, аса мәнді алты этикалық принциптерді бөліп көрсетеді:
Клиентпен тілектестік көңілмен және бағасыз қатынас жасау. Консультанттың кәсәби мінез-құлқы, сұхбат барысындағы әрекеттері клиенттің өзін конфортты сезінуіне және сабырлық сақтауына бағытталуы керек. Тілектестік көңілмен қатынас жасауы – консультанттың клиент айтқандарына аса зейін қойып, белсенді тыңдай алу ерекшелігін, адамгершілік нормаларын сақтай алатын тәрбиелілігін сақтайды. Ал, консультанттың бағасыз қатынас жасауы – психологиялық көмек қажет еткени адамның мінез-құлқын “дұрыс-қате” және тұлғалық қасиеттерін “жақсы-жаман” деп бағаламай, керісінше, клиентті түсінуге және оған көмек беруге ұмтылысын көрсетеді.
Клиенттің нормалары мен құндылықтарын бағдарға алу. Психологиялық консультация барысында консультант клиенттің өз өмірінде ұстанатын принциптері мен ұмтылатын идеяларын аңғарып, ескеру қажет болады. Клиенттің құндылықтар жүйесі негізінде алынса ғана, психологиялық әсер тиімді болады. Керісінше, консультант сын айтып, мін қояр болса, клиент ашық, шынайы бола алмай тұйықталып, психологиялық әсер тиімсіз болуы әбден мүмкін. Клиенттің құндылықтарын қабылдай, тірек ете отырып, олар адамның қалыпты өмір сүріп, іс-әрекет жасауына кедергі болса, психолог консультативті әсер жасайды.
Кеңес, ақыл беруден аулақ болу. Клиенттерге кеңес беруге, ақыл айтуға болмайды. Оның әр түрлі себептері бар. Психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесі қаншама мол болса да, басқаға берген кеңесі клиенттің мәселесін шешуге кепілдік болмайды, ешкімдікіне ұқсамайтын өз тағдыры, өмір сүру жағдайы бар. Сонымен қатар, консультант кеңес беру арқылы клиент мәселесі бойынша барлық жауапкершілікті өзіне артып алады. Бұл клиенттің тұлғалық дамуы мен ортаға қатынасы адекватты болуға жағдай жасамайды. Клиентке кеңес беру арқылы психолог клиентке зиянды әсер етеді, ал консультация мақсатына жете алмайды. Даяр күйдегі ақыл-кеңес алған клиент, өз өмірін түсініп, білуге, өзгертуге белсенділік таныту орнына, консультация барысында да, одан кейінгі өз мәселелеріне де үстірт қарапкеренау тартып, өнжарлық көрсетеді. Ал консультант берген кеңес күткендей нәтижесін бермесе, клиент әртүрлі оқиғалардағы өз ролін түсіне алмай, маман ретінде психологтың жарамсыздығыдеп қана жауапкершіліктіаудара салады. Алайда, кеңес беруді кейбір сас қажетті жағдайларда клиентке объективті мәлімет берумен шатастырмау керек.
Құпиялықты сақтау. Құпия сақтау психологиялық консультацияның басты шарты болып табылады. Клиент келісімінсіз, оның психологқа баяндаған кез-келген әңгімесі, берген қандай да бір мәліметі ешбір қоғамдық немесе мемлекеттік мәселелерге, басқа адамдарға, туысқандарына, достарына жеткізілмеуі керек.
Жеке тұлғалық және кәсіби қатынастардың шекарасын сақтау. Клиенттерге психологиялық көмек беруге бағытталған кәсіби қатынастан олармен достық қатынас жасауға ауысып кететін немесе өзінің жақын туыстарына, араласатын достарына кәсіби көмек көрсетугедаяр тұратын психологтар да болады. Мұндай қатынастар психологиялық консультацияда қиындықтарға себепші болады. Достық, туыстық қатынастағы адамдар бір-бірінің мүмкіндіктерін, күшті, әлсіз жақтарын аңғара алады. Осыдан жақын адамдардың бір-біріне беретін көзделген нұсқауы, бір сәттерде орын алып қалатын ашық сырласуы лезде мәнсізденуі, құнсыздануы мүмкін. Сонымен қатар, психологилық консультация үрдісінде де белгілі дәрежеде психотерапиялық тасымал және қарсы тасымал феномендері байқалады.
Клиенттің консультация үрдісінде белсенді болуы. Консультация үрдісі тиімді болу үшін, клиент консультантпен кездесу кезіндеәңгімеге барынша тартылуы, консультантпен талқыланатын барлық мәселелердіайшықты және эмоцоиналды сезінуі керек. Мұндай белсенділікті қамтамасыз ету үшін психолог әңгіменің дамуы, өрбуі клиентке логикалы байланыста, түсінікті, қызығушылықты арттыратындай, зейінді барынша аударатындай болуын қадағалауы керек. Консультациялық әңгіме барысында психолог қолданатын ғылыми терминдер танымал күнделікті ұғымдарға максималды мағыналас болуы немесе бейтаныс терминдер барынша клиентке түсіндірілуі керек.
Аталған прициптермен қатар Н.Н.Обозов клиенттің жеке реалды координаттарын ескеру принциптерін келтіреді. Психологиялық консультация барысында, зерттеушінің көз-қарасы бойынша, клиенттің дене құрылымы, сыртқы бет-әлпетіндегі ерекшкліктері, темпераменті, жыныстық айырмашылықтары, жас ерекшеліктері ескерілу қажет. Тек сонда ғана клиент мәселесін адкватты анықтауға, ондан кейін нәтижелі психологиялық көмек көрсетуге болады.
Дәріс 4.
