Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Консуьт и поср. СР_каз .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
705.54 Кб
Скачать

Кеңес беру тәжірибесіндегі психоәлеуметтік тәсіл. 3 сағат

Жоспар

  1. Әлеуметтік қызмет кеңесі.

  2. Психоәлеуметтік тәсілді іске асыру.

Кеңес беру процесіндегі әрекет жағдайдың бағасы мен диагностикасы - нан басталады. Бұл клиенттің жеке бас ерекшеліктерін, бағалы құндылықтарын, көмек сұрау мазмұнын түсіну үшін қажет. Психоәлеуметтік тәсіл проблема шеңберіндегі конфликтінің қалыптасқан стресс жағдайын қатынасты құруды төмендетуге бағытталған.

Негізгі процедураның құралдары ретінде – қолдау мен модификация қолданылады. Қолдау процедурасына жататындар:

  • жаңару, анықталу (клиентке проблеманы шешуде сезім мен ойларын жинақтауға көмектесетін жеңілдік);

  • реалистік тыныштық (адамның байланысын шындықтан үзбеу, орындалмайтын нәрсеге уәде бермеу);

  • процедураны қисынды талқылау (әлеуметтік қызметкерге клиенттің қабілетін бағалауға, шындықты ойлауға және қарсы тұруға көмектесу);

  • ақпарат беру (проблеманы шешуде клиенттің мотивациясын жоғарылату);

  • кеңес беру (түсінікті кеңейту, клиентті үміттендіру);

  • ортаның әсер етуі (құқығын қорғау);

Модификациялық процедуралар:Клиенттің өзін-өзі тануын күшейту мақсатындағы рефлективтік қатынас; Клиентке сезімді, мінез-құлықты жаңа жағдайға сәйкес құруға көмектесу. Мұнда әлеуметтік қызметкермен өзара қатынас эмоционалды тәжірибені түзету ретінде қолданылады.

  1. Конфронтация техникасы. Ол клиент үшін ойлаудың, эмоцияның, тәртіптің ерекшеліктерін сипаттаудың айқын көзқкарасын көрсетеді.

  2. Қорғау механизмдерін активтендіруге бағытталған айқындау технологиялары.Психоәлеуметтік кеңес беру кәсіби көмекші әрекет түрі ретінде өзіне психологиялық кеңес беру сияқты әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік принциптерін, объектілерін және мақсаттарын қосады.

Психоәлеуметтік кеңес беру психологиялық кеңес беруге қарағанда мезо және микро әлеуметтік ортада клиентке көмек көрсету мақсатында әлеуметтік бейімдеу мен реабилитация сияқты әлеуметтік ресурстарды қолдана отырып кеңірек әсер етеді. Басқаша айтқанда психоәлеуметтік кеңес беру көрсетілетін тұлғалық көмек сияқты әлеуметтік ресурстарды параллелді қолдануды қолдағанда ғана маңызды болады.

Психологиялық кеңес беру

Жеке, отбасылық және топтық кеңес беру

Ұйымдық кеңес беру

Практикалық әлеуметтік жұмыс

Психоәлеуметтік кеңес беру

Клиенттер

Отбасы

Клиенттік

топтар

Психоэмоционалдық жағдай оптимизациясы.

Психологиялық қолдау

Жеке тұлғалық даму фосилитациясы

Жеке тұлғалық ресурстарды жанд-ру

Тұлғааралық қарым-қатынас оптимиз - сы

Клиент-тер

Отбасы

Өзіндік

көмекші

топтар

Социеталдық өзгеріс фасилитациясы

Әлеуметік ресурс-ды

қолдану

Әлеум-к қарым-қат.

Оптимиза-циясы

Билік орган-дары

Әлеум-к институттар

Қауым-дастық-тар

Кеңес беру —әлеуметтік жұмыстың бір түрі. Кеңес беру барысында маман клиентке бар мәселені зерттеп, мәнін түсінуге көмектеседі және оны шешуде қолданылуы мүмкін әртүрлі нұсқаларды ұсынады.Әлеуметтік мәселелерді шешудің технологиялық тәсілі ретінде қарар болсақ, кеңес беру азаматтарды, жекеленген жандарды, отбасыларды қауымдастықтарды, топтарды белгілі бір мақсатты анықтауда және қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде ақыл – кеңес беру, көмек көрсетудің альтернативтік формаларын нұсқау жолымен бағдарлау мақсатында әлеуметтік жұмыста жиі қолданылатын шара.

Кеңес беру—клиенттің өз мәселесін түсінуіне әрекет жасауға және адекватты әрекеттерді жүзеге асыру қажеттілігін түсінуге ықпал ететін қолдаушылық қатынастар шебіндегі әріптестіліктің екі жақты процесс.

Кеңес берушілік көмектің мақсаты—клиенттің мәселелік жағдайларды шешу қабілеттерін дамыту өз өмірін басқару тиімділігін арттыру кеңес беру клиентті үйретуден тұрады, яғни оның өміріне жаңа құндылықтар, өз мәселелерініңшешімін таба білу қабілеттіліктерінжәне оларды тәжірибеде жүзеге асыра білуін әкелу.

Кез келген кеңес беруді өткізу негізгі принциптерді сақтауды көздейді.

  • Мақсаттылық (кеңес берудің нақтылы мақсаты болу керек, қатаң бір мәселені шешукерек).

  • Еріктілік (клиенттің өз еркімен кеңес беруге қатысуы және өз көмегін берушінің көмегінен бас тарта алады).

  • Әдістемелік сауаттылық және біліктілік (сенімді қатынастар орнату, әлеуметтік жұмыскердің кеңес беруді әдістемелік сауатты сенімді жүргізу шеберлігі, талқыланатын мәселе төңірегінде біліктілік көрсету).

Кеңес беру келесідей кезеңдерден тұрады:

1. Клиентті кеңес беруге итермелеген себепті айқындау.

2. Мәселені талдау, бағалау, диагностикалау.

3. Мәселені қалыптастыру және кеңес беру мақсатын анықтау.

4. Әрекет жоспарын тағайындау.

5. Тиісті әрекеттерді жүзеге асыру.

6. Кеңес беру нәтижелерін бағалау және қорытындылау.

Кеңес беруде қолданылатын әдіс–тәсілдер:

  • Бақылау, байқау.

  • Тестілеу.

  • Иландыру.

  • Сендіру.

  • Ақпараттандыру.

  • Минни тренинг.

Кеңес беру технологиясының ерекшелігі:

  • Мәселені шешу үшін клиенттің ішкі күштерін белсендіруге ықпал ету.

  • Қорытындысында клиент өзінде болып жатқан құбылыстарға жауапкершілік алу қажет.

  • Кеңес беру барысында қарым–қатынасты „Мен ойлаймын”, „Маған ол солай сияқты” ... деген сөздермен бастамау.

  • Клиентті толығымен тыңдау қажет, тек ол көмекке қажеттілігін көрсеткеннен кейін ғана көмектерді анықтау.

  • Кеңес беру нәтижесіне клиенттің жақын ортасының пікірі үлкен ықпал ететінін есте ұстау. Сондықтан кеңес берушінің міндеті орта мен жағдайлардың ықпал ету сипатын көре білу. Кеңес беру нәтижесі көбіне кеңес берушімен клиенттің арасындағы өзара түсінушілікке байланысты.

Кеңес берушілік көмек әр түрлі түрде жүзеге асырылады. В.И.Курбатов әлеуметтік кеңес беру шебінде келесі бағыттарды бөліп көрсетеді.

  • Медициналық–әлеуметтік;

  • психологиялық–педагогикалық;

  • әлеуметтік–құқықтық;

  • әлеуметтік–басқарушылық;

  • социономиялық–психологиялық.

И.Г. Зайнышев кеңес берудің келесідей типтерін бөліп көрсетеді:

  • Әлеуметтік жұмыс мамандарының клиентке жалпы кеңес беруі.

  • Клиентке әлеуметтік қызмет орталықтарының мамандары әлеуметтік жұмыскерлердің жолдамасы бойынша арнайы кеңес беруі.

  • Әлеуметтік қызмет мамандарына жоғарғы ұйым жұмыскерлерінің үйретушілік кеңес беруі (персоналмен жұмыс жасау, заңдар, бағдарламалар мазмұнын түсіндіруден тұрады).

  • Әр түрлі ұйымдастырушылық кәсіби және басқада сұрақтар бойынша әлеуметтік ұйым мамандарының келісімді кеңес беруі.

Формасы бойынша топтық және жеке дара кеңес беру.

Мазмұны бойынша нақтылы және бағдарламалық.

Нақтылы кеңес беру—индивидтің, топтың, отбасының және басқалардың тар арнайы мәселелері болған жағдайда жүзеге асады.

Бағдарламалық кеңес беру—мәселені шешудің екі жақты процесі. Оның барысында кеңес беруші мекеме немесе ұйымға олардың іс–әрекеттерін объективті қайта талдауға, субъективті бағдарламадан қайта кетуге және оның негізінде көрсетілген әлеуметтік көмек сапасын арттыруға көмектеседі. Бұлай кеңес беруде жекеленген клиенттің тұлғалық мәселесіне емес, жоспардағы шаралардың шынайылығын қамтамасыз ету тәсілдеріне баса назар қойылады.

Ұзақтылық крийтериі бойынша кеңес беру келесідей болады:

  • Төтенше;

  • Қысқа;

  • Ұзақ.

Кеңістік тұрғысынан кеңес беруді екі түрге бөледі:

  • Байланыстық;

  • Дистанттылық.

Дистанттылық—клиентпен тікелей қарым–қатынас жүрмейді. Ол телефон арқылы немесе хат арқылы жүреді.

Дистанттылық кеңес беру—кеңес берудің өзіндік бір түрі. Оның бір түрі телефон арқылы кеңес беру. Ол қандай да бір себеппен маманға тікелей жолығуға мүмкіндігі жоқ клиенттің мазалаған мәселесі бойынша сырттай ұсыныс алуға мүмкіндік береді. Телефон арқылы кеңес берудің басты ерекшелігі клиенттің ананимділігі. Көру әсерлердің болмауы қабылдаудың дыбыстық каналына жүкті күшейтеді. Бұл байланыста тек хабарлау мәтіні ғана емес сондай–ақ том, тембір, кідіріс болады. Кеңес берудің сөйлеу тездігі үлкен мағынаға ие. Телефон арқылы кеңес берудің негізгі тәсілдері—тыңдау, қайта фразалау, түйіндеу және тағы басқалар. Дистанттылық кеңес берудің басқа формасы—хат жазысу арқылы жүреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Социальная работа для студентов вузов //В.И.Курбатова. —Изд. 2-е. — Ростов-на-Дону, Феникс,2005. –156 с.

2.Социальная работа//Под ред.В.И.Курбатова.- Ростов-на-Дону,1999. 3.Технология социальной работы.// Под ред.И.Г.Зайнышева.-М.,2002.

Дәріс №3