Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Консуьт и поср. СР_каз .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
705.54 Кб
Скачать

Дәріс сабақтарының курсы

Дәріс №1

Әлеуметтік жұмыс іс-тәжірибесіндегі әлеуметтік кеңес беру.

(4 сағ)

Жоспар

1.Кеңес беру-әлеуметтік көмектің әдісі.

2. Әлеуметтік кеңес берудің типтері; оны өткізудің технологиялары.

3. Кеңес беру іс-тәжірибесінде психоәлеуметтік қатынас жасау.

Кеңес беру-әлеуметтік көмектің маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс іс-тәжірибесінде көптеген мәселелерді шешу дәрігер, заңгер, психолог сияқты көптеген мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Әлеуметтік жұмысты бекіту және қоғамдық қабылдау көбінесе әлеуметтік жұмыскердің кеңесші ретіндегі рөлін арттырумен анықталады.

Кеңес беру-әлеуметтік жұмыстың түрі, оның жүру барысында маман клиентке мәселенің мәнін түсінуге көмектесіп, оны шешудің түрлі жолдарын ұсынады. Әлеуметтік мәселелерді шешудің технологиялық тәсілі сияқты кеңес беру-азаматтарды, жеке тұлғаларды, жанұяларды, топтарды, қоғамдарды мақсаттарын анықтап, қажетті ақпараттарды қамтамасыз етуде кеңес беру жолымен, көмек берудің альтернативті түрлерін, көрсету арқылы хабардар ету мақсатында әлеуметтік жұмыста жиі қолданылатын процедура.

Кеңес беру терминін кеңес айтумен жиі шатыстырады. Дегенмен кеңес-біржақты процесс онда ой-пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалады. Бұл әрекеттер көндіру механизміне сүйенеді. Кеңес беру-ол клиенттің өз мәселесін түсінуге, әрекет ету қажеттігін және теңбе-тең әрекетті жүзеге асыруды түсінуге ықпал ететін бірлескен қарыым-қатынасты жақтайтын екіжақты процесс.

Кеңес беруді тағайындау клиентке толық және қанағаттанарлық өмірдің тәсілдерін табу және анықтау, талдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалады.

Кеңес беру көмегінің мақсаты-проблемалық жағдайды шешуге клиент қабілетін дамыту, клиенттің өз өмірін басқару тиімділігін көтеру. Кеңес беру клиенттің өміріне жаңа құндылықтар енгізу, өз проблемаларын шешу жолдарын тауып, оларды іс-тәжірибеде жүзеге асыруға үйрету болып табылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету шеңберінде әртүрлі кеңестік дағдылар қолданылады, әсіресе терапевтік әдісті қажет ететін клиенттермен жұмыс жасағанда. Осы контексте әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметкерлермен клиенттердің өзара қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.

Кеңес беру мамандандырылған кеңес беру көмегінің басқа түрлерінен ерекшеленеді.

Кез келген кеңесті өткізу негізгі принциптерді сақтауды қажет етеді. Олардың құрамына:

- Мақсаттылық (кеңес берудің нақты мақсаты, анықталған проблеманы қатаң түрде шешу);

- еріктілік (кеңес алушы кеңес беруші көмегінен бас тартуға құқылы);

- әдістемелік сауаттылығы (сенімді қарым-қатынас құру, әлеуметтік қызметкердің әдістемелік сауаттылығы, кеңес бере білуі).

Кеңес беру - бұл бір кезеңдік акция емес, ол бірнеше кезеңдерді қамтитын процесс:

- клиенттің кеңес алуын туғызатын себептің пайда болуы;

- проблеманың диагностикасы, бағасы, анализі;

- проблеманы талқылау және кеңестің мақсатын анықтау;

- әрекет жоспарын құру;

- сәйкес әрекеттің болуы;

- кеңес шешімдерінің бағасы және қорытынды.

Әлеуметтік кеңес беру әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олардың қатарына мыналар жатады: байқау, тестілеу, сендіру, көндіру, ақпарат беру, мини-тренинг және т.б.

Кеңес беру технологиясының ерекшелігі-ол проблеманы шешу үшін клиенттің ішкі күшінің белсенділігіне жағдай туғызуы қажет. Кеңес беру шешімі көбінесе кеңесші мен клиенттің арасындағы өзара түсінушілік жетістігіне байланысты.

Кеңестік көмек әртүрлі формада және түрде болады. Кеңес беру тәжірибесі және оның жіктелуінің көптеген формалары бар. Олар В.Ю Меновщикова, М.В Фирсова, В.И Курбатов т.б еңбектерінде көрсетілген.

В.И Курбатов әлеуметтік кеңес беру шеңберінде келесі бағыттарды көрсетеді: медико-әлеуметтік, психо-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-басқару, социономиялық.

И.Г Зайнышев кеңес берудің келесі типтерін көрсетеді:

- клиенттердің әлеуметтік жұмыс мамандарымен жалпы кеңесі;

- әлеуметтік қызмет мамандарымен әлеуметтік қызметкерлер бағыты бойынша клиенттермен арнайы кеңес;

- жоғары тұрған мекеме қызметкерлерімен әлеуметтік қызмет мамандарын оқыту кеңесі; (оған персоналдармен жұмыс, заңдармен бағдарламалар мазмұнын талдау кіреді);

- әлеуметтік мекеме мамандарымен әртүрлі ұжымдық, кәсіптік және басқа да сұрақтары бойынша келісілген кеңесі.

Кеңес беру формасына қарай топтық және жеке болып бөлінеді. Мазмұны бойынша нақты және бағдарламалық.

Нақты кеңес беру индивидтің , топтың, отбасының және т.б мәселесі кезінде туындайды. Сондықтан, мұнда ақпарат беру ғана емес , қолдау да көрсетеді.

Бағдарламалық кеңес беру – мәселені шешудің екі жақты процесін көрсетеді. Кеңес беруші мекемеге немесе ұжымға олардың әрекетін шынайы талдауға көмектеседі, осы негізде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасы көтеріледі.

Кеңес беру ұзақтық критерииіне байланысты –шұғыл, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Көптеген ғалымдар кеңес берудің екі түрін көрсетеді: контактілі (іштей) және дистантты (сырттай). Контактілі кеңес беруде –кеңес беруші клиентпен кездесіп, екеуі әңгімелеседі. Дистантты кеңес беруде клиентпен тікелей байланыс жасалмайды, ол телефонмен сөйлесу арқылы немесе жазбаша жүреді. Контактілі кеңес берудің кең таралған түрі конпактілі әңгімелесу. Оны жүргізу технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезеңде кеңес беруші клиентпен хабарласады, өзара түсініседі, осы кезеңде кеңес беруші клиентке өзінің кәсіби мүмкіндіктерін түсіндіруі керек. Әрі қарай клиент жайлы ақпарат жинау және оның мәселелерінің мәнін түсіндіру. Одан кейін кеңес беруші клиент мәселесі жөнінде өз ойын айтады және клиенттің бұл мәселелерді шешу мүмкіндігін анықтайды. Кеңес беруші клиентпен бірге оның қалайтын нәтижесін анықтайды. Қортынды кезеңде кеңес беруші өзара әрекет нәтижесімен таныстырады, адам тәртібін өзгертуге талаптарды бекіту бойынша ұсыныстар береді. Кейде кеңес берушілер қортынды кезінде мини-тренинг тәсілін қолданады. Оны қолдану клиенттерде қысқа уақытты жаттығулар арқылы қажетті тәртіп дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дистантционалдық кеңес беру –кеңес берудің спецификалық түрі. Оның бір түрі телефон арқылы кеңес беру болып табылады.

Қандай-да бір себептерге байланысты маманға тікелей баруға мүмкіншіліктері жоқ клиенттер толғандыратын мәселелері бойынша сырттай ұсыныстар алады .

Телефон арқылы кеңес берудің ерекшелігі-клиенттің жасырындығы. Телефон арқылы кеңес берудің негізгі тәсілдері: тыңдау, өзгертіп айту, мазмұндау т.б. Бұл тәсілдерді контактілі кеңес беруде де қолдануға болады.

Дистантционалдық кеңес берудің екінші бір түрі –хат жазысу немесе скреботерапия. Ол телефонмен хабарласу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады.

Соционометриялық кеңес беруде оның мынадай түрлерін көрсетеді: еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес беру, отбасылық кеңес беру және т.б.

Кеңестік көмекті қажет ететін азаматтар санатының ішінен ерекше орынды қарт адамдар мен мүгедектер алады. Осы байланыста әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы әлеуметтік –кеңестік қызметті құру басты негіз болып табылады. Осы мекеме қызметкерлері әлеуметтік –кеңестік көмекті қажет ететін тұлғалармен, қарт адамдары, мүгедектері бар отбасылармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік қызметкерлер қарт адамдардың сұрақтарының бәріне жауап беруге дайын болуы керек. Әңгімелесу барысында тілектестікті, тыныштықты білдіруі керек. Қарт адамдар ұмытшақтықтан қайғырады, сондықтан әлеуметтік қызметкерден түсіністікпен шыдамдылықты қажет етеді. Олардың кейбіреулері күманданғыш келеді, сондықтан маман тыныштықты, оның күдігін жоюға деген шеберлігін білдіруі керек.

Отбасылық кеңес беру кеңестік көмектің бір бағыты сияқты, мәселенің кең шеңберін қамтиды: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналармен балалары, ата-аналармен ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынас.

Мұнымен көбінесе психо-педагогикалық кеңес айтылады. 14-15 жастағы балаларға кеңес ата-аналарымен бірге беріледі. Себебі, олардың мәселесін жалпы отбасылық контекстің талдауынсыз шешу қиын.

Ата-аналарға кеңес беру процесінде жағдайға көзқарас обьективті және субьективті болуы керек, яғни жағдайды отбасы мүшесінің көзқарасы бойынша белгілеу (субьективті), кеңесші көзқарасы бойынша (обьективті).

Әлеуметтік қызметкердің кеңес беру әрекетінің ерекше түрі –халықты еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес беру болып табылады. Ол халықты еңбекпен қамту орталығында және қызметінде жүргізіледі. Бұл әрекет ортасын таңдау, жұмысқа орналастыру, кәсіби оқу мүмкіндігі бойынша кеңес беру. Еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес оның өткізілу кезеңдерінің анықталған жүйесін көрсетеді:

Біріншіден, жұмыссыз клиент, оның осы еңбекпен қамту қызметіне келу мақсатын білетін диспетчерге жолығады, ол оған қабырғада ілулі тұрған ақпараттармен танысуды ұсынады. Содан кейін клиенттің құжаттарымен танысқан соң , оны тиісті маман-кеңесшіге жібереді.

Егер клиентке алғашқы ақпарат жеткіліксіз болса, ол маманға байыпты әңгімелесуге барады. Әңгімелесу барысында кеңесші бос орындар, мекемелер, қайта оқытуды өткізетін орындар жайлы мағлұмат береді.

Осы кезде негізгі кезең кәсіптік кеңес беру болып табылады.(кәсіп бойынша кеңес) Оны өткізу барысында клиенттің кәсіптік қызығушылығы, тұлғаның психологиялық және психофизикалық ерекшелігі, кәсіптік оқыту бағыты көрсетіледі. Осы кезеңде клиенттің психологиялық қолдауды қажет ететіні көрінуі мүмкін.

Тұлғалық психологиялық кеңес депрессия жағдайындағы және мінез-құлық белсенділігі төмен жұмыссыздарға қажет және олар туыстарымен қарым-қатынасқа түскенде туындайтын қиындықтар сияқты жұмыс берушілермен де қарым-қатынаста қиындық туғызады. Кәсіптік кеңес беру кезінде жұмыссыздың қабілеті, жеке қасиеттері , мүмкіндіктері анықталады.

Олар адамға ұсынылған мамандық талаптарымен сәйкес келеді. Шешімдер талдауы анықталған критерийлер, оны қызықтырған мамандық бойынша нәтижелі жұмыс істей алады ма екенін білуге мүмкіндік береді.

Кәсіптік кеңес беру клиенттің жұмысқа орналасуы бойынша кеңесшіге бару бағытымен және мамандық таңдауымен анықталады.

Кәсіптік кеңес азаматтардың еңбек нарығына байланысты әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін жоғарылатуға көмектеседі. Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша, кеңесші компьютер көмегі арқылы бос орындарға жұмыс іздеп келген азаматтарды жібереді. Ол жұмысқа бағыттама береді. Жұмысқа орналастыру кеңесшісі- жұмыспен қамту орталығына ұйымның азаматты жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны туралы және клиенттің өзінің ұсынылған жұмыстан бас тартқаны жайлы айтуға міндетті.

Шет елдерде кеңес беру әрекетінің белсенді түрде қолданылатын бір бағыты-супервизор. Супервизор- бұл әлеуметтік орта мамандарына (дәрігер, мұғалім), олармен өзара әрекетте көмек беретін кеңесші-психолог. Супервизия (лат. тілінде-жоғары, үстінен көріну)-АҚШ-та, содан кейін Англия, Германияда кең таралған әлеуметтік жұмыс әдістерінің бірі.

Супервизор- «психотерапевт» рөлін атқаратын ұжымның арнайы оқытылған әріптесі. Супервизордың басты әрекеті-әрбір әріптестің жұмысқа максималды қалыптасуы үшін , ұжымда жұмысты ұйымдастыру шеберлігі.

Көптеген елдерде супервизиондық тренингтердің өткізілуі-әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың қажетті шарты болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс қызметті қолданатындар және оны көрсететіндер арасындағы тұлғааралық өзара әрекетті және тиімді нәтиже алу мақсатындағы әрекеттерді көрсетеді.

Сондықтан мамандардың кеңестік-іс-тәжірибе шеберлігінің әлеуметтік жұмыстың барлық бағыттары үшін үлкен маңызы бар.

Кеңестік іс-тәжірибе шеберлігінің негізгі топтарына мыналар жатады: когнитивті, тұлғааралық, шешеім қабылдау шеберлігі , қажетті ресурстарды қолдана білуі. Әлеуметтік қызметкер кеңес беру процесінде мыналарды білуі керек: белсенді тыңдау, өзара қарым-қатынасты құру және ұстау, бақылау мен қамқорлық арасында тепе-теңдікті құру, білімнің базалық құндылықтарын қолдану. Кеңес беру шеберлігі әлеуметтік жұмыс процесінде клиенттің өміріне қатысты нәтижелі жетістік мақсатымен сәйкес келуі керек.

Әлеуметтік жұмыстың іс-тәжірибесінің барлық бағыты үшін базалық кеңестік дағдылар қажет. Оған мыналар жатады:

- белсенді тыңдау мен бағасыз қабылдауға бағытталған көзқарас;

- ашықтық, эмпатиялық түсіну;

- мақсаттылық, себеп-салдарлы байланысты құру;

- қиын тақырыпта құрылымдық сөйлеу қабілеті;

- қиналуды алып тастау техникасын меңгеру.

Әлеуметтік жұмыстың іс-тәжірибесінде кеңестік дағдыларды қолдану шарттарының қатарын көрсету керек. Әлеуметтік қызметкер кеңестік дағдылар шеңберінде өзінің міндетінің шекарасын және мазмұнын нақты ұғынуы керек.

Ол клиент кеңестік және психо-терапевтік көмектерді дәрежелі алуы үшін, оны қайда бағыттау керек екенін жақсы білуі керек. Тағы бір міндеті-клиентке оның проблемасын шешу жөнінде қиянат етушіліктен аулақ болуға көмектесу. Кеңес беру ұйымының маңызды талабы-кеңес берудің этикалық принциптерін сақтау болып табылады. Оларға мыналар жатады: клиенттің тұлғасын құрметтеу, адамның өзгеру қабілетіне сенімділік, адалдық, өз бетімен шешім қабылдау және таңдау құқығын қолдану.

Әдебиеттер

1. Социальная работа. Российский энциклопедический словарь / Под общей ред. В.И.Жукова. – М., 1997.

2. Иванов В.Н. Социальные технологии в современном мире. – М., 1996.

3. Социальная работа и социальные технологии: Материалы методического семинара // Отв. ред. сост. Т.В.Шеляг. – М., 1995.

Дәріс №2