- •5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- •Пәннің мазмұны Дәрістің тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыста кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша сөж тапсырмаларының жасалуы мен тапсыру кестесі.
- •Глоссарий:
- •2012-2013 Оқу жылына «Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берушілік пен делдалдық» пәнінің
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Кеңес беру тәжірибесіндегі психоәлеуметтік тәсіл. 3 сағат
- •Кеңес берудегі негізгі принциптер
- •Әлеуметтік кеңес берудің технологиясы. Әлеуметтік кеңес берудің әдістері мен тәсілдері.
- •Әлеуметтік кеңес беру және оның әлеуметтік көмек берудегі сипаты.
- •Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берудің ерекшеліктері
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық» пәнінен бақылау сұрақтары
Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берудің ерекшеліктері
Кеңес беру әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде.
Кеңес беруді өткізудің стратегиясының қоғамдық және салалық сипаттары.
Клиенттің әлеуметтік проблемалары мен жыныстық феномені.
Жыныс доминанты клиент терапиясы ұстанатын стратегияны таңду үшін елеулі рөл атқарады. Социумдағы, отбасындағы, өндірістегі рөлдік мінез-құлық, психосоциалды проблемалар спецификасы, қоршаған ортаның ер мен әйелге қоятын талабының ерекшелігі әлеуметтік қызметкер кездесетін спецификалық проблемалардың толық кешенін көтереді.
Ер адам клиент ретінде. Маскүнемдік дағдарысы – біздің ғасырымыздың өзекті проблемасы. Дағдарыс, бір жағынан әйелді экономикалық және әлеуметтік босату, бос бәсекелестік шартында еңбек сипатының өзгерімен байланысты. Екінші жағынан, ер азаматтардан тең әлеуметтік-экономикалық серіктестік шартында отбасын қамтамасыз етуде үлкен белсенділікті талап етіп қоймай, оларға бұрын тән болмаған әлеуметтік-рөлдік функцияларды атқаруды талап етеді, мысалы, үй-іші шаруасын істеу немес ауру бала күту. Егер ер азамат жұмыссыз болса және әйел жұмысы отбасының жалғыз қаржыландыру көзі болса, онда ситуация тереңдей түседі. Сонымен, әлеуметтену процесінде тұжырымдалған жыныстық рөлдік нұсқаулардың бұзылуы болады. Ол елееулі зардаптарға әкеліп соғады: агрессия, зорлық, суицид.
Ер азаматтарға қоғамда белгіленген тыйымдар мен шектеулер, некелік-отбасылық қатынастардағы психосоциалды проблемалар депрессияның түрлі формаларын шақырады, психосоматикалық бұзылуын, өз кезегінде ер адамдардың жеке және отбасылық өмірінде көрінетін алкогольді сусындарды жүйелі қолдануды көрсетеді.
Әйел клиент ретінде. Патриархалды мәдениет ХХ ғасырда әлемнің кейбір елдерінде сақталғанмен, ол елеулі өзгерістерге төзуде. Әйел феномені – бүгінде ғылыми ойдың түрлі бағыттарында жеке социомәдени құбылыс ретінде қарастырылуда: социологияда, саясатта, психологияда, антропологияда және басқа да пәндерде.
Әлеуметтік жұмыста әйел клиентке қолданылатын тәсілдерді анықтауда феминистік идея, психологиялық-антропологиялық концепциялар, стереотиптердің әлеуметтік теориялары рөл ойнайды. Бұл бағыттар қарастыратын негізгі тақырыптар – әйелдің еркіндігі мен тәуелсіздік проблемасы, оның қоғам мен мемлекетке бағыну, жыныс теңсіздігінің билсоциалды феномені жыныстық-рөлдік идентификация ерекшелігі.
Әлеуметтік жұмыстағы әйел-клиенттің негізгі проблемаларына шартты түрде отбасы қатынасындағы дағдарысқа байланысты проблемалар, отбасының құлдырауы, маскүнемдік, психикалық денсаулықпен байланысты проблемалар ретінде типке келтіруге болады.
Дәріс №7
Делдалдықтың жалпы сипаттамасы. 5 сағат
1. Делдалдық: түрлері мен формалары
2. Делдалдық процедурасы.
3. Клиент пен делдал арасындағы қарамы-қатынас этикасы..
Әлеуметтік бейінді бағыттағы пәндерді
өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
