- •5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- •Пәннің мазмұны Дәрістің тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •«Әлеуметтік жұмыста кеңес беру мен делдалдық қызмет» пәні бойынша сөж тапсырмаларының жасалуы мен тапсыру кестесі.
- •Глоссарий:
- •2012-2013 Оқу жылына «Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берушілік пен делдалдық» пәнінің
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Кеңес беру тәжірибесіндегі психоәлеуметтік тәсіл. 3 сағат
- •Кеңес берудегі негізгі принциптер
- •Әлеуметтік кеңес берудің технологиясы. Әлеуметтік кеңес берудің әдістері мен тәсілдері.
- •Әлеуметтік кеңес беру және оның әлеуметтік көмек берудегі сипаты.
- •Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берудің ерекшеліктері
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •«Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру мен делдалдық» пәнінен бақылау сұрақтары
Әлеуметтік кеңес беру және оның әлеуметтік көмек берудегі сипаты.
Дәрісте қаралатын мәселелер:
Әлеуметтік кеңес беру және әлеуметтік көмек арабайланысы.
Кеңес беру әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде.
Кеңес беруді өткізудің стратегиясының қоғамдық және салалық сипаттары.
Қазіргі кездегі психологиялық ғылым адамның сыртқы ортаға қатысты белсенді позициясын, адамның интегралдық мінездемесін интегралдығымен байланыстырады. Интегралдық деп адамның өзіне жауапкершілік алу қабілеті және өзінің өмірлік қызметінің аспектілерін бақылауға алуын айтады. Осындай кезде адамдар белгілі жағдайда өз қызметін бақылай алады, ал екіншіден сыртқы жағдайларды бақылауда ұстайды. Осыған байланысты екі қарама-қарсы жеке тұлға типін бөлуге болады; бақылаудың интегралды және экстерналды түрін игергендер.
Интегралдар өзін-өзі басқара алады, басқалардың қысымына көнбейді, жалғыздық жағдайларда жемісті қызмет ете алады, күрделі әлеуметтік жағдайдан шығу үшін қажетті мәліметтер іздеуде белсенділік көрсетеді. Бұл жерде көмек сұраушының субъектік ролін, өз күшіне сену принципін көреміз. Экстерналды қарама-қарсы мінездеме көрсетеді. Басқа адамдармен қарым-қатынаста экстерналдар пассивті әлеуметтік рөлдер таңдайды, белсенді субъектілердің мінез-құлқына бейімделеді. Әлеуметтік көмек қажет ететін адамдардың көпшілігі – экстерналдар.
Әлеуметтік өмірдің қиындықтарын жеңу және жемісті әлеуметтік бейімделу тек адамның интерналдық позиция негізінде болуы мүмкін. Экстерналдық позициядан интегралдыққа өту адамның мінез – құлқының еріктілігін қалыптастыру есебінен болады. Еріктілік реттеу дегеніміз саналы түрде қажеттілік (сыртқы немесе ішкі) бойынша өз еркімен шешуге арналған ойдан іске көшуді айтамыз (В. А. Иванников). Бұл үшін бүкіл күшті қиындықты жеңуге жұмылдыру қажет. Егер адам тек қана мотив үшін емес, өзінің еркімен жұмыс атқарса, еріктілік қимылдың қалыптасуы жүзеге асады.
Әлеуметтік қызметкер адам үшін жағдайдың мәнінің өзгеруіне әсер ете алады:
1. Мотив маңыздылығы немесе қажеттілік заттары арқылы қайта бағалау. Бұл басқа адамдардың бағалауы, сырқы символдар. Заттардың жақсы және жаман жақтарын салыстыру арқылы бір жағын кемітіп, екінші жағын арттыру арқылы жүзеге асады.
2. Адамның рөлінің, позициясының өзгеруі арқылы. Мысалы әлеуметтік жұмысқа өздерін кірістіру жеке тұлғаның интерналдық мінездемесін қалыптастырумен жақсы әсер етеді.
3. Алдын ала біліп, көру қимылдары немесе жүзеге асырудан бас тарту. Жеке адам өз ісінің нәтижесін көре алмайды, бұл оның қимылдарының мәніне әсер етеді.
4. Алдын ала жоспарланған қимылдың мағынасын өзгерту үшін бір қимылдағы екі мәнді біріктіріп, бірі экстремалдық немесе өмірлік жағдайы, ал екіншісін сырттай жаңа мотивпен құруға болады. Жаңа қимылды көне форма түрінде басқа адам бере алады. Мысалы, көне қимыл шеңберде жаңа мақсат қойылады.
Әлеуметтік жұмыстың психологиялық қызметінің жүзеге асырылуы көмек сұраушының мақсатын құрау проблемасын шешеді, бірақ кейде әлеуметтік қызметкердің кәсіби деңгейі мұндай қиын мәселені шешуге жете бермейді. Әлеуметтік қызметкердің барлық қызметтері бір – бірімен өзара байланысты. Олар бір – бірімен интеграциялық байланыста.
Әр адамның қажетті жағдайы болып, гомеостазис (ішкі тепе-теңдік)жағдайы танылады. Бұл жағдай мына формула бойынша құрылады: «бейімділік + қанағаттанғандық + өзіндік іске асуы». Егер бейімділікті жеке тұлға мен сыртқы өмір арасындағы қатынастың жетістігі десек, өздік іске асу осы психологиялық жағдайды қанағаттандыратын қызметті айтамыз. Қанағаттанғандық – тұрақты сезім және жеңіске бағытталған өмірлік стратегия негізі. Бұл ағдайлардың бәрі ішкі тепе – теңдікке жасырын қатер төнгендігін көрсетеді. Идеалды үлгіден кез келген ауытқушылықтар үрейлі белгі ретінде қабылданып, көмек қажет екендігін білдіреді.
Әлеуметтік жұмыс жеке тұлғамен жұмыс істейді, сондықтан оның психологиялық рөлін анықтау қиын. Ғылыми теорияның логикалық құрлымында басты орынды педагогикалық психологиялық принциптер алады. Оларға көмек сұраушының өмірлік қызмет жағдайларын бағалаудың кешенді талдауы, жеке жұмыс тәсілі, әлеуметтік жұмыстың бір бағыттылығы және атаулы әлеуметтік жұмыс жатады. «Әлеуметтік жұмстың пәні болып негізінен оқиға, ал психотерапевтің жұмыс құралы – күйзеліс» деген пікір қалыптасқан /60/. Алайда іс жүзінде оқиға мен күйзелісті айыру қиын. Сондықтан психодиагностиканы білу маңызды.
Өмірдегі түрлі жағдайлар әлеуметтік қызметкерден ұдайы психотерапевтік көмек көрсетуді талап етеді. Б.Ливехуд психотерапевтік көмектің үш деңгейін бөледі:
өзара көмек;
өмірде кездейсоқ кездесетін күрделі мәселелерді шешуге көмек. Бұл
деңгейде адамға жаңа ұстанымдар беріледі:
психозды жеңуде көмек. Бұл деңгейдегі ауытқулар психоматиканың белгілеріне ие болады. /61/.
Әлеуметтік жұмыстың міндеті жеке адамның психикалық денсаулығын
қалыпқа келтіруге көмек беруге қызмет етеді. Психикалық дені сау адам деп психикалық функциялары дұрыс дамыған, физиологиялық, діни және әлеуметтік жағынан толыққанды адам.
Көмек сұраушымен жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер психиканың денсаулық факторларын қалыпқа келтіруге тиісті.
Адам өз өмірінде жауапкершілігін сезінуге міндетті.
Өздік рефлексия мен өздік таңдауға қабілеттігі.
Өзінің кім екенін тануы
Бүгінгі күнмен өмір сүру.
Жеке әлемін құру, жеке өмірдің мәнін өз құндылықтар жүйесін құру
қажеттілігімен байланыстыра отыру.
Басқаларды түсінуде адамды тек жай ғана тыңдап, естіп қана қоймай, қоршаған социумды қабылдау деп түсіну.
Өмірді сол қалпында қабылдау
Әлеуметтік жұмысты жүзеге асыруда әлеуметтік қызметкер келесі принциптерді жүзеге асырады; кешендік, креативті, «ішкі бақылаушы» приципі, позитивті ұстанымдарды күшейту мен дамыту.
Кешендік принцип барлық деңгейде сауықтыруды болжайды: физикалық, психикалық, діни және әлеуметтік себептерді жояды. Креактивтік дегеніміз–психологиялық және әлеуметтік мәселерді шешу құралдарын таңдау. «Ішкі бақылау» принципі өз тұлғасына көңіл бөлуді, ағзаның ішкі жағдайы мен психикасына табиғи бақылауды жүзеге асыруды талап етеді.
Психологиялық теория бірнеше адамның үлгі–модельдерін береді. Мысалы, ең белгілері: бихевиористік, психиканалитикалық, когнитивистикалық, рөлдік, гуманистік үлгі-модель. Әрбір үлгі-модель психико-бағыттаудың теориялық негізі ретінде қарастырылады.
Бихевиористік үлгі шеңберінде адам сыртқы жерлерде рефлексті түрде қабылдайтын жанды бейне ретінде қаралады, сондықтан адамның мінез-құлқын бақылауға, модельдеуге, мақтау мен жазалау арқылы жетуге болады. Мадақтау мен жазалау жөніндегі бихевиористік идея басқару практикасында жүзеге асады, яғни адамдармен жұмыста қамтылады. Алайда мысалы С. И. Григорьев әлеуметтік жұмыстың осындай үлгісін атамайды /62/.
Психоанализдік үлгі адамдардың қажеттіліктеріне, тілектеріне, ұмтылыстарына көңіл бөледі. Психоанализ әлеуметтік жұмыстың алдында адамдарға қолайсыз жағдайларда психологиялық қорғау. Әлеуметтік қызметкердің міндеті жәке адамға қиын жағдайда қорғана білуге, түрлі үрейлерден айырылуға көмектесу.
Адамның когинитивті үлгі-модель адамның мағлуматты қабылдау және түсіну қабілетіне көңіл бөледі. Когинитивті үлгі-модельдің негізгі идеясы ол ішкі тепе-теңдіктің сақталуын қолдауға көмек беру қажет. Адам тек мағлұмат алып қана қоймай, ол мәлімет пен не істеу керек екенін білу керек. Осы соңғыны шешкен адам байланыс (коммуникация) мәселесін шешеді.
Рөлдік үлгілер социология мен әлеуметтік психологияға қатысы бар. Социология осы үлгіні адамның іс-әрекетін қоғамдық көзқараста қарастырады, ал әлеуметтік психология оданда басқа ішкі аспектілерін анықтайды. Жалпы алғанда, рөлді ойнаушы адам (homo ludens) идеясы адамның өзінің жүріс-тұрысына сырттан қарауға мүмкіндік береді.
Рөлдік үлгі-модель «рөл» түсінігіне негізделген, оның әлеуметтік немесе әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы бар. Адамның гуманистік модель-үлгісі гуманистік психологияның төрт негізгі принципінде құрылған жеке тұлғаның біртұтастылық принципі, позитивті адам табиғатының принципінде, даму және белсенділік принциптері. Бірінші принципке сәйкес «мен» біртұтастылығы адам жан сезімінің ерекшклігін құрады. Ішкі жан байлығы жеке тұлғаның біртұтастылығына байланысты.
Позитивтік принцип жеке адамның денсаулығы мен шығармашылығына көңіл аударады.
Үшінші принцип адам мүмкіншіліктерін жүзеге асыру қажеттілігін алға қояды. Аталған принцип адамның өздік жетілуін және белсенділігін дәлелдейді.
Гуманистік психология шеңберінде жеке тұлғаға әсер ету бағытында директивті емес деп аталатын әдістер пайда болды. Осы әдістерге сәйкес әр адам өзін басқа адамның көмегінсіз психотерпевтік көмек бере алады.
Өзіңе және өзгеге көмек беру үшін мыналар қажет:
1. Өз ойларың мен істерің үшін жауапкершілік (тану мен қабылдау)
2. Өзіңе деген сенім.
3. Өз ерекшеліктеріңді ұғыну.
4. Жеке бас ерекшелігіңді білу.
5. Өзіңді сол қалпында қабылдау /63/.
Алайда күшті тұлғалардың өзі қиын жағдайларға тап болады. Сондықтан әлеуметтік қызметкерлер көмекке келіп, оған өзіңе деген сенімін қайтаруына, мәселелерін шешуге үйретеді.Ең алдымен адам өз-өзіне сенуді үйренуі керек. Бұл әлеуметтік жұмыстың мақсаттарының бірі.
Ең алдымен, сенім-адамның субьективті күйзелістеріндегі шын өмірдің обьектілеріне деген қарым-қатынасы. Осыдай, «егер обьектіні бағалау оған қауіпсіз болса, осы жағдайда сенімділік пайда болады» /63 193б/. Адам ешкімге сенбей, өмір сүре алмайды.
Өмірде проблемалық жағдайды талдауда әлеуметтік қызметкерге көмек болатын әр түрлі сенімділік қатынастары бар. Соның ішінде әлеуметтік психология төмнедегі түрлерін береді.
1. Екі субьект, қарым-қатнасы өзіне және әріптесіне сенеді.
Мұндай жағдайда диалогтық сенім қатынасы қалыптасады.
2. Әр субьекттек өзіне сенеді, басқаға сенбейді. Бұндай қатынастың нәтижесі бәсекелестік пен қарсы тұрушылық.
3. Екі әріптес бір-біріне өзінен артық сенеді. Мұндай қарым-қатынас бір-біріне жауапкершілікті ауыстырылумен аяқталады және жауапсыздыққа әкеледі.
4. Бір әріптес өзіне де өзгеге де бірқалыпты сенеді, екіншісі өзінен гөрі біріншісіне көбірек сенеді. Бұл жағдайда біріншісі авторитарлық тұлғаға айналады.
5. Біре тек өзіне ғана сенеді, ал екіншісі тек басқаға сенеді.
Осыдан адам өзіне және басқаға бірдей сеніммен қарау керегін түюге болады. өзіне сенетін адам ешкімге тәуелді емес, өзіне сенімді жеке тұлға. Ал ол басқаға сенбесе, онда жалғыздыққа әкеліп соғады, өтірікші, секемшіл болады. Ал өзіне сенбейтін адам шешімдер қабылдай алмайды және ұдайы сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.
Әлеуметтік жұмыспен айналысушы жұмыскерлер альтруистік және гумандық бағытта, қайырымдылық және сүйіспеншілікпен адамдарға көмек береді. Бұл дамдар әлеуметтік көмек берудің әдістерімен технологиясын жақсы біледі.
Әлеуметтік жұмыстың тағы бір субъектісі ретінде осы іске үйрететін адамдар болып табылады. Бұл субъектілер болып әлеуметтік саясат саласында зеріттеушілер, әлеуметтік басқарудағы әкімшілік құрылымнан болуы мүмкін.
Ең тиімдісі психология, социология, құқық негіздері, экономика теорияларын қолдану, әсіресе интегративті кешенді теорияларды қолдану болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы деп салалық, орташа деңгейдегі социологиялық теорияны таниды. әлеуметтік қызметкер эмпирикалық зеріттеулер мен әр түрлі социологиялық парадигмаларға сүйенген салалық социологияның теория ретінде басқару социология шеңберінде құрылған білімдерге, нұсқауларға, әлеуметтік жобаларға сүйенеді. Әлеуметтік жұмыс мәселелері эмпирикалық социологиялық біліммен және үлкен социологиялық теориялармен анықтаны.
Әдебиеттер:
1. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы. – М.: Владос, 2001.
Социальная работа/Под ред. Курбатова В.И. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.
Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлнуметтік-педагогикалық жұмыс. –Астана, 2005.
Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен әлеуметтік жұмыстар. –Астана, 2005.
Дәріс №6.
Психо-әлеуметтік кеңес беру әлеуметтік жұмыстың кәсіби әрекеті ретінде. Дистантты кеңес беру.
Қарастырылатын мәселелер.
Психо-әлеуметтік кеңес беру әлеуметтік жұмыстың кәсіби әрекеті ретінде.
Психо-әлеуметтік кеңес берудің негізгі процедурасы: қолдау және модификация.
Дистантты кеңес беру- әлеуметтік кеңес берудің арнайы түрі ретінде. Интернет мүмкіндіктері. Скриботерапия.
Кеңес беру-әлеуметтік көмектің маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс іс-тәжірибесінде көптеген мәселелерді шешу дәрігер, заңгер, психолог сияқты көптеген мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Әлеуметтік жұмысты бекіту және қоғамдық қабылдау көбінесе әлеуметтік жұмыскердің кеңесші ретіндегі рөлін арттырумен анықталады.
Кеңес беру-әлеуметтік жұмыстың түрі, оның жүру барысында маман клиентке мәселенің мәнін түсінуге көмектесіп, оны шешудің түрлі жолдарын ұсынады. Әлеуметтік мәселелерді шешудің технологиялық тәсілі сияқты кеңес беру-азаматтарды, жеке тұлғаларды, жанұяларды, топтарды, қоғамдарды мақсаттарын анықтап, қажетті ақпараттарды қамтамасыз етуде кеңес беру жолымен, көмек берудің альтернативті түрлерін, көрсету арқылы хабардар ету мақсатында әлеуметтік жұмыста жиі қолданылатын процедура.
Кеңес беру терминін кеңес айтумен жиі шатыстырады. Дегенмен кеңес-біржақты процесс онда ой-пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалады. Бұл әрекеттер көндіру механизміне сүйенеді. Кеңес беру-ол клиенттің өз мәселесін түсінуге, әрекет ету қажеттігін және теңбе-тең әрекетті жүзеге асыруды түсінуге ықпал ететін бірлескен қарыым-қатынасты жақтайтын екіжақты процесс.
Кеңес беруді тағайындау клиентке толық және қанағаттанарлық өмірдің тәсілдерін табу және анықтау, талдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалады.
Кеңес беру көмегінің мақсаты-проблемалық жағдайды шешуге клиент қабілетін дамыту, клиенттің өз өмірін басқару тиімділігін көтеру. Кеңес беру клиенттің өміріне жаңа құндылықтар енгізу, өз проблемаларын шешу жолдарын тауып, оларды іс-тәжірибеде жүзеге асыруға үйрету болып табылады.
Әлеуметтік қызмет көрсету шеңберінде әртүрлі кеңестік дағдылар қолданылады, әсіресе терапевтік әдісті қажет ететін клиенттермен жұмыс жасағанда. Осы контексте әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметкерлермен клиенттердің өзара қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.
Кеңес беру мамандандырылған кеңес беру көмегінің басқа түрлерінен ерекшеленеді.
Бағыты |
Субъект |
Объект |
Мақсаты |
Психотерапия |
Дәрігер (психиатр, психотерапевт) |
Ауру, пациент |
Симптомдарды жою |
Психокоррекция |
Дәрігер, психолог |
Ауру, клиент |
Жабырқауды түзету, психикалық әрекетті нормалау |
Дәрігерлік емес психотерапия |
Психолог |
Клиент |
Өзара қарым-қатынас оптимизациясы (мысалы, проблемалы отбасы) |
Кеңес беру |
Әлеуметтік қызметкер, кеңес беруші психолог |
Клиент, отбасы, топ |
Жеке ресурстар арқылы өмірге бейімдеу |
Кез келген кеңесті өткізу негізгі принциптерді сақтауды қажет етеді. Олардың құрамына:
- Мақсаттылық (кеңес берудің нақты мақсаты, анықталған проблеманы қатаң түрде шешу);
- еріктілік (кеңес алушы кеңес беруші көмегінен бас тартуға құқылы);
- әдістемелік сауаттылығы (сенімді қарым-қатынас құру, әлеуметтік қызметкердің әдістемелік сауаттылығы, кеңес бере білуі).
Кеңес беру - бұл бір кезеңдік акция емес, ол бірнеше кезеңдерді қамтитын процесс:
- клиенттің кеңес алуын туғызатын себептің пайда болуы;
- проблеманың диагностикасы, бағасы, анализі;
- проблеманы талқылау және кеңестің мақсатын анықтау;
- әрекет жоспарын құру;
- сәйкес әрекеттің болуы;
- кеңес шешімдерінің бағасы және қорытынды.
Әлеуметтік кеңес беру әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олардың қатарына мыналар жатады: байқау, тестілеу, сендіру, көндіру, ақпарат беру, мини-тренинг және т.б.
Кеңес беру технологиясының ерекшелігі-ол проблеманы шешу үшін клиенттің ішкі күшінің белсенділігіне жағдай туғызуы қажет. Кеңес беру шешімі көбінесе кеңесші мен клиенттің арасындағы өзара түсінушілік жетістігіне байланысты.
Осы негізде келесі шарттарды сақтау керек: кеңес берушінің бағыты клиенттің көзқарасына қарсы келмеуі керек; клиент одан күткен әрекет оның қажеттілігі мен қызығушылықтарының қанағаттануына жағдай жасайтынын білуі керек.
Кеңестік көмек әртүрлі формада және түрде болады. Кеңес беру тәжірибесі және оның жіктелуінің көптеген формалары бар. Олар В.Ю Меновщикова, М.В Фирсова, В.И Курбатов т.б еңбектерінде көрсетілген.
В.И Курбатов әлеуметтік кеңес беру шеңберінде келесі бағыттарды көрсетеді: медико-әлеуметтік, психо-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-басқару, социономиялық.
И.Г Зайнышев кеңес берудің келесі типтерін көрсетеді:
- клиенттердің әлеуметтік жұмыс мамандарымен жалпы кеңесі;
- әлеуметтік қызмет мамандарымен әлеуметтік қызметкерлер бағыты бойынша клиенттермен арнайы кеңес;
- жоғары тұрған мекеме қызметкерлерімен әлеуметтік қызмет мамандарын оқыту кеңесі; (оған персоналдармен жұмыс, заңдармен бағдарламалар мазмұнын талдау кіреді);
- әлеуметтік мекеме мамандарымен әртүрлі ұжымдық, кәсіптік және басқа да сұрақтары бойынша келісілген кеңесі.
Кеңес беру формасына қарай топтық және жеке болып бөлінеді. Мазмұны бойынша нақты және бағдарламалық.
Нақты кеңес беру индивидтің , топтың, отбасының және т.б мәселесі кезінде туындайды. Сондықтан, мұнда ақпарат беру ғана емес , қолдау да көрсетеді.
Бағдарламалық кеңес беру – мәселені шешудің екі жақты процесін көрсетеді. Кеңес беруші мекемеге немесе ұжымға олардың әрекетін шынайы талдауға көмектеседі, осы негізде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасы көтеріледі.
Кеңес беру ұзақтық критерииіне байланысты –шұғыл, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Көптеген ғалымдар кеңес берудің екі түрін көрсетеді: контактілі (іштей) және дистантты (сырттай). Контактілі кеңес беруде –кеңес беруші клиентпен кездесіп, екеуі әңгімелеседі. Дистантты кеңес беруде клиентпен тікелей байланыс жасалмайды, ол телефонмен сөйлесу арқылы немесе жазбаша жүреді. Контактілі кеңес берудің кең таралған түрі конпактілі әңгімелесу. Оны жүргізу технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезеңде кеңес беруші клиентпен хабарласады, өзара түсініседі, осы кезеңде кеңес беруші клиентке өзінің кәсіби мүмкіндіктерін түсіндіруі керек. Әрі қарай клиент жайлы ақпарат жинау және оның мәселелерінің мәнін түсіндіру. Одан кейін кеңес беруші клиент мәселесі жөнінде өз ойын айтады және клиенттің бұл мәселелерді шешу мүмкіндігін анықтайды. Кеңес беруші клиентпен бірге оның қалайтын нәтижесін анықтайды. Қортынды кезеңде кеңес беруші өзара әрекет нәтижесімен таныстырады, адам тәртібін өзгертуге талаптарды бекіту бойынша ұсыныстар береді. Кейде кеңес берушілер қортынды кезінде мини-тренинг тәсілін қолданады. Оны қолдану клиенттерде қысқа уақытты жаттығулар арқылы қажетті тәртіп дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дистантты кеңес беру –кеңес берудің спецификалық түрі. Оның бір түрі телефон арқылы кеңес беру болып табылады.
Қандай-да бір себептерге байланысты маманға тікелей баруға мүмкіншіліктері жоқ клиенттер толғандыратын мәселелері бойынша сырттай ұсыныстар алады .
Телефон арқылы кеңес берудің ерекшелігі-клиенттің жасырындығы. Телефон арқылы кеңес берудің негізгі тәсілдері: тыңдау, өзгертіп айту, мазмұндау т.б. Бұл тәсілдерді контактілі кеңес беруде де қолдануға болады.
Дистанттылы кеңес берудің екінші бір түрі –хат жазысу немесе скреботерапия. Ол телефонмен хабарласу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады.
Соционометриялық кеңес беруде оның мынадай түрлерін көрсетеді: еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес беру, отбасылық кеңес беру және т.б.
Кеңестік көмекті қажет ететін азаматтар санатының ішінен ерекше орынды қарт адамдар мен мүгедектер алады. Осы байланыста әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы әлеуметтік –кеңестік қызметті құру басты негіз болып табылады. Осы мекеме қызметкерлері әлеуметтік –кеңестік көмекті қажет ететін тұлғалармен, қарт адамдары, мүгедектері бар отбасылармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік қызметкерлер қарт адамдардың сұрақтарының бәріне жауап беруге дайын болуы керек. Әңгімелесу барысында тілектестікті, тыныштықты білдіруі керек. Қарт адамдар ұмытшақтықтан қайғырады, сондықтан әлеуметтік қызметкерден түсіністікпен шыдамдылықты қажет етеді. Олардың кейбіреулері күманданғыш келеді, сондықтан маман тыныштықты, оның күдігін жоюға деген шеберлігін білдіруі керек.
Отбасылық кеңес беру кеңестік көмектің бір бағыты сияқты, мәселенің кең шеңберін қамтиды: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналармен балалары, ата-аналармен ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынас.
Мұнымен көбінесе психо-педагогикалық кеңес айтылады. 14-15 жастағы балаларға кеңес ата-аналарымен бірге беріледі. Себебі, олардың мәселесін жалпы отбасылық контекстің талдауынсыз шешу қиын.
Ата-аналарға кеңес беру процесінде жағдайға көзқарас обьективті және субьективті болуы керек, яғни жағдайды отбасы мүшесінің көзқарасы бойынша белгілеу (субьективті), кеңесші көзқарасы бойынша (обьективті).
Әлеуметтік қызметкердің кеңес беру әрекетінің ерекше түрі –халықты еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес беру болып табылады. Ол халықты еңбекпен қамту орталығында және қызметінде жүргізіледі. Бұл әрекет ортасын таңдау, жұмысқа орналастыру, кәсіби оқу мүмкіндігі бойынша кеңес беру. Еңбекпен қамту мәселесі бойынша кеңес оның өткізілу кезеңдерінің анықталған жүйесін көрсетеді:
Біріншіден, жұмыссыз клиент, оның осы еңбекпен қамту қызметіне келу мақсатын білетін диспетчерге жолығады, ол оған қабырғада ілулі тұрған ақпараттармен танысуды ұсынады. Содан кейін клиенттің құжаттарымен танысқан соң , оны тиісті маман-кеңесшіге жібереді.
Егер клиентке алғашқы ақпарат жеткіліксіз болса, ол маманға байыпты әңгімелесуге барады. Әңгімелесу барысында кеңесші бос орындар, мекемелер, қайта оқытуды өткізетін орындар жайлы мағлұмат береді.
Осы кезде негізгі кезең кәсіптік кеңес беру болып табылады.(кәсіп бойынша кеңес) Оны өткізу барысында клиенттің кәсіптік қызығушылығы, тұлғаның психологиялық және психофизикалық ерекшелігі, кәсіптік оқыту бағыты көрсетіледі. Осы кезеңде клиенттің психологиялық қолдауды қажет ететіні көрінуі мүмкін.
Тұлғалық психологиялық кеңес депрессия жағдайындағы және мінез-құлық белсенділігі төмен жұмыссыздарға қажет және олар туыстарымен қарым-қатынасқа түскенде туындайтын қиындықтар сияқты жұмыс берушілермен де қарым-қатынаста қиындық туғызады. Кәсіптік кеңес беру кезінде жұмыссыздың қабілеті, жеке қасиеттері , мүмкіндіктері анықталады.
Олар адамға ұсынылған мамандық талаптарымен сәйкес келеді. Шешімдер талдауы анықталған критерийлер, оны қызықтырған мамандық бойынша нәтижелі жұмыс істей алады ма екенін білуге мүмкіндік береді.
Кәсіптік кеңес беру клиенттің жұмысқа орналасуы бойынша кеңесшіге бару бағытымен және мамандық таңдауымен анықталады.
Кәсіптік кеңес азаматтардың еңбек нарығына байланысты әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін жоғарылатуға көмектеседі. Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша, кеңесші компьютер көмегі арқылы бос орындарға жұмыс іздеп келген азаматтарды жібереді. Ол жұмысқа бағыттама береді. Жұмысқа орналастыру кеңесшісі- жұмыспен қамту орталығына ұйымның азаматты жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны туралы және клиенттің өзінің ұсынылған жұмыстан бас тартқаны жайлы айтуға міндетті.
Шет елдерде кеңес беру әрекетінің белсенді түрде қолданылатын бір бағыты-супервизор. Супервизор- бұл әлеуметтік орта мамандарына (дәрігер, мұғалім), олармен өзара әрекетте көмек беретін кеңесші-психолог. Супервизия (лат. тілінде-жоғары, үстінен көріну)-АҚШ-та, содан кейін Англия, Германияда кең таралған әлеуметтік жұмыс әдістерінің бірі.
Супервизор- «психотерапевт» рөлін атқаратын ұжымның арнайы оқытылған әріптесі. Супервизордың басты әрекеті-әрбір әріптестің жұмысқа максималды қалыптасуы үшін , ұжымда жұмысты ұйымдастыру шеберлігі.
Көптеген елдерде супервизиондық тренингтердің өткізілуі-әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың қажетті шарты болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс қызметті қолданатындар және оны көрсететіндер арасындағы тұлғааралық өзара әрекетті және тиімді нәтиже алу мақсатындағы әрекеттерді көрсетеді.
Сондықтан мамандардың кеңестік-іс-тәжірибе шеберлігінің әлеуметтік жұмыстың барлық бағыттары үшін үлкен маңызы бар.
Кеңестік іс-тәжірибе шеберлігінің негізгі топтарына мыналар жатады: когнитивті, тұлғааралық, шешеім қабылдау шеберлігі , қажетті ресурстарды қолдана білуі. Әлеуметтік қызметкер кеңес беру процесінде мыналарды білуі керек: белсенді тыңдау, өзара қарым-қатынасты құру және ұстау, бақылау мен қамқорлық арасында тепе-теңдікті құру, білімнің базалық құндылықтарын қолдану. Кеңес беру шеберлігі әлеуметтік жұмыс процесінде клиенттің өміріне қатысты нәтижелі жетістік мақсатымен сәйкес келуі керек.
Әлеуметтік жұмыстың іс-тәжірибесінің барлық бағыты үшін базалық кеңестік дағдылар қажет. Оған мыналар жатады:
- белсенді тыңдау мен бағасыз қабылдауға бағытталған көзқарас;
- ашықтық, эмпатиялық түсіну;
- мақсаттылық, себеп-салдарлы байланысты құру;
- қиын тақырыпта құрылымдық сөйлеу қабілеті;
- қиналуды алып тастау техникасын меңгеру.
Әлеуметтік жұмыстың іс-тәжірибесінде кеңестік дағдыларды қолдану шарттарының қатарын көрсету керек. Әлеуметтік қызметкер кеңестік дағдылар шеңберінде өзінің міндетінің шекарасын және мазмұнын нақты ұғынуы керек.
Ол клиент кеңестік және психо-терапевтік көмектерді дәрежелі алуы үшін, оны қайда бағыттау керек екенін жақсы білуі керек. Тағы бір міндеті-клиентке оның проблемасын шешу жөнінде қиянат етушіліктен аулақ болуға көмектесу. Кеңес беру ұйымының маңызды талабы-кеңес берудің этикалық принциптерін сақтау болып табылады. Оларға мыналар жатады: клиенттің тұлғасын құрметтеу, адамның өзгеру қабілетіне сенімділік, адалдық, өз бетімен шешім қабылдау және таңдау құқығын қолдану.
Әдебиеттер
1. Баркер Р. Словарь социальной работы. – М., 1994.
2. Кочюнас Р. Основы психологического консультирования. – М., 1999.
3. Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. – М., 1998.
4. Социальная работа / Под ред. В.И. Курбатова– Р/н/Д., 1999.
5. Технология социальной работы /Под ред. И.Г. Зайнышева. - М., 2002.
6. Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной работы. Содержание и методы психосоциальной практики. - М., 2002.
Қосымша әдебиеттер
1. Социальная работа. Российский энциклопедический словарь / Под общей ред. В.И.Жукова. – М., 1997.
2. Иванов В.Н. Социальные технологии в современном мире. – М., 1996.
3. Социальная работа и социальные технологии: Материалы методического семинара // Отв. ред. сост. Т.В.Шеляг. – М., 1995.
Дәріс №6.
