Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Консуьт и поср. СР_каз .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
705.54 Кб
Скачать

Әлеуметтік кеңес берудің технологиясы. Әлеуметтік кеңес берудің әдістері мен тәсілдері.

Дәрісте қаралатын мәселелер:

  1. Әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптері

  2. Әлеуметтік жұмыста кеңес берудің типтері және оларды жүргізудің технологиясы.

  3. Әлеуметтік кеңес беруді жүзеге асырудағы технологиялық этаптардың сипаты.

- Жалпы философиялық принцип: детерминизм принципі, бейнелеу принципі, даму принципі, сана мен қызметтің бірігу принципі, тарихи принципі, жаңа адам мен оның әлеуметтік ортақтасуының бөлінбес қарым-қатнас принципі;

- Әлеуметтік саяси принциптер: әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік саясатқа тәуелді екенін дәлелдейді. Оларға әлеуметтік қызметкердің заңды және дұрыс қызметі, мемлекеттік көзқараспен әлеуметтік жұмыстың аймақтық ерекшеліктерінің бірлігі, оның мазмұны мен әдістерінің демократиялануы, жеке тұлға немесе әлеуметтік топтың өмірлік деңгейінің белгілі шарттарының, олармен әлеуметтік жұмыстың мазмұнын және түрін, әдісін талдау негізінде ескерту.

- Ұйымдастыру принциптері: кадрлардың әлеуметтік технологиялық біліктілігі, бақылау және жүктелген жұмысты тексеру принципі, қызметтік айқындау принципі, құқықтар мен міндеттер, өкілеттілік пен жауапкершілік бірлігінің принципі.

- Психологиялық – педагогикалық принцип: Көмек сұраушының өмірлік қызметінің жағдайын бағалау және олармен жұмыстың түрі мен әдістерін талдау, жеке жол табу, әлеуметтік жұмыстың бар бағыттылығы және адресі.

- Спецификалық принциптер: Әмбебап принципі, әлеуметтік құқықтарды қорғау принципі, әлеуметтік көңіл бөлу принципі, алдын алу бағытындағы принцип, көмек сұраушы немесе қызмет көрсетуші адамға ғана бағытталған принцип, өз күшіне сену принципі немесе әлеуметтік ресурстарды көбейту принципі, сыртқа шығармау принципі, төзімділік принципі.

Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғаның мүмкіндіктеріне деген көзқарасы оның жемісті кәсіби қызметінің шешуші факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік жумыстың өзі қоғамдық қатынастар шеңберінде гуманистік үрдіс болып табылады, ол көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіп, социумның жоғары деңгейде даму қатнасын дәлелдеиді.Адамға деген гуманистік көзқарас оның өз күшіне деген сенімін, әлеуметтік буйімділігін арттырады. Бұл сенім адамның онтогенетикалық ( кейде филогенетикалық) психологиялық заңдылықтарын білуге негізделген.

Осы тұрғыдан адам ешкімге ұқсамайтын,ашық, белсенді, интенционалды және әр мәнді (амбиваленттті) жүйе деп, өзі танып-білуге, өзі өзгеруге және дамуға қабілеті бар деп табылады. Адамның ашық жүйе ретінде ұсыну жүйенің жалпы теориясының негізін салушы Л.Фон Берталанфи зерттеулерінен кейін кең етек алды. Ол адамды ашық ұйымдастырылған қарқынды (динамикалық) жүйе, бастапқы өмір сүру жағдайы бұзылса да қызмет етуге қабілеті бар деп қарастырады.

Адам - ол ашық жүйе.Адам өз ортасымен өзара қатынаста бола отырып, әлемге өз жүріс-тұрысы, қызметі арқылы ашық, әлемнен бір нәрсе алса, оған бірнәрсе қайтарады. Адамның интенционалдығы оның қоршаған ортада қамтылыуы немесе өзінен тысқары қамтылыуы. Бұл оның қызметі, басқа адамдар, табиғат т.б. болуы мүмкін. Адамның қызметі қатынастар жүйесімен анықталып, оның сыртқы объектілердің маңыздылығына байланысты. Егер қатынас жүйесі тұрақты болса, ол жеке адамда жаңа психикалық өзгертулер–жаңа мінез, сана, қасиет қалыптастырады. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, оның тұрақты параметрлерінің қайта құрылуына емес, үздіксіз дамына әкеледі.

Адам қайталанбас тұлға, өйткені әлеуметтендіру және тәрбиелеу үрдістерінде (процестерінде) күрделі динамикалық құрылымға айналады.

Жеке тұлғаның әлеммен өзара қарым-қатынасы әртүрлі денгейде өтеді. Кейбір жүйелер организмнің (ағзаның) тепе-тенділігін құптап, серпімділік жағдайын жеңілдетеді, бірақ жеке тұлғалық жүйе тепе-теңділікті бұзуға және белгілі дәр6ежеде қалыпты қолдайды. Жеке тұлға өзін қоршаған әлеммен түрлі денгейде байланыста болады. Жеке тұлғаның осы екі тенденциясының дамуы –ұмтылу мен жетілдіруге ұмтылу қалыптарын адам белсенділігінің негізгі көзі болып табылады. Тенденциялар арасында белгілі баланстың бұзылуы көбіне жеке тұлғаның психологиялық мәселелерінің бар екенін көрсетеді немесе алғашқы әлеуметтік бейімделмеу.

Жалпы жеке тұлғаның ішкі қарама-қайшылықтары оның өздік дамуының негізгі күштері болып қаралады. Адам жеке тұлға(индивид), қызмет объектісі ретінде толық, біріктірілген, белсенді және өзінің дамуына мүмкіндігі бар әр мәнді (амбивалентті) жүйе болып табылады (қараңыз; 52, 241-261 б). Тұлғаның амбиваленттілігі ол өзін өзара толықтыру және түрлі жеке қасиет, ерекшеліктер, іс-әрекеті мен жүріс-тұрысындағы тенденцияларды түрлі бағыттарда толтыру. Жүйе біртұтас тенденциялар мен бір-бірімен сыйыспайтын, бірақ ортақ сыйымдылық болып табылады.

Әр мәнді (амбивалентті) тенденциялар-ол адамға тән, түрлі тәсілдер мен бірлескен (қосалқы жүйелер, ерекшеліктер, белгілер) өзара іс – қимыл жасайды. К. Юнг амбиваленттік тенденциялар өзара басты үш әдіспен қатынаста болатынын дәлелдейді: өтемділік (компенсация), қарама-қарсылық (противосостояние), бірігі (обеденение). Бір қосалқы жүйе екіншісінің әлсіздігін жауып отырады. К. Юнгтың өзі өтемділік (компенсация) деп, қарама-қарсы бағытталған экстраверсия мен интроверсияны атайды. Мысалы, экстроверсия басыңқы саналық құрылым болса, ішкі саналық деңгейде ол интерверттік құрылымның даму арқылы ығысады. Бұл табиғи құбылыс.

Қарама-қарсылықты көптеген зеріттеушілер адамды әрқилы болады дейді: ақыл (интеллект), ерік және сезімдер (эмоция) арасында: (А.Ф. Лазурский), интериоризация мен экстериоризация арасында (Б.Г. Ананьев); тұлғалық белгінің көрінуінде (Кеттел) т.б. Жүйе ішінде пайда болған қалыптар, дәлірек айтсақ, өзіне тән қасиеттері осы даму сатысындағы жеке тұлғалық мәнділігін айқындайды. Үшінші әдіс – бірігу. Әр түрлі феномендер тек бір-біріне қарама-қарсы немесе бір-бірін ауыстыру негізінде жүзеге асады, бірақ тағы да бір-біріне ұмтылып бірігеді.

Жеке тұлғаның бойындағы қалыптың көп түрінің контекстік мазмұнын кеміту. Бұл қалыптар жеке тұлға құрылымында субординациялық және координациялық принцип арқылы көрінеді (редукцияланады), (Б.Г. Ананьев бойынша). Әртүрлі саты принципі (субординация) бойынша күрделілері өзіне қарапайымдарын бағындырады. Үйлестіру (координациялық) принцип әр мәнді (амбиваленттік) қосалқы жүйелердің тепе-теңдік (паритеттік) негізде бір-бірімен қатынас жасайды, бірақ қатнастың дербестігін әрқайсысы сақтайды.

В. Франкл концентрациялық лагерьдегі адамдар тек жан дүниесінің белсенділігі арқасында тірі қалған, ал оны жоғалтқан адамдар денінің саулығына қарамастан, өте тез қайтыс болатынын бойқаған. Қамаудағы адамдардың қайсысының организмінде күрделі органдарының қарапайымдалып, жойылып кетуі қарапайым органдардың жойылуынан басымырақ болса, солар тірі қалған. Яғни адам өз жағдайын өзгерте алмаса да, оған деген көз қарасын өзгертеді. Бұл жердегі күш салу жәй-күй белсенділігінің дейгейіне өтеді.

Гуманистік психологияның көптеген өкілдері жеке тұлғаны бүгінгі, кешегі және болашақ бірлігімен тұратын үрдіс (процесс) деп қараған. (А.Маслоу, К.Роджерс, К.Гольдштейн).

Тұлға адамның статистикалық жағдайын білдірмейді. Ол уақытпен белгіленеді. Ол бүгінде өткенді есте ұстай отырып, болашақтың алдын алып өмір сүреді. Өткен күндер жеке тұлғаның диспозициясының қалыптасуына, болашақ бағдарымен мақсаттарына әсер етеді. Бұлардың бәрі адам үшін бір қалыпта тұрмайды. Өткен күндер өзекті тәжрибе әсерімен қайта бағалануы, болашақ болжамдары қайта қаралуы мүмкін.

Адамның жасы көбіне кақыт факторларының әсер ету деңгейін анықтайды. Егде адамдар өткенге бағытталса, жастар болашаққа, орта жастағы адамдар – бүгінге, өткенге және болашаққа бірдей бағытталады.

Уақыт амбиваленттігі деп – адамның өмірлік қызметінде бүгінмен өмір сүру қабілеттігін, өткенмен, бүгінмен және болашақпен үзбей байланысы, өз өмірін түгелдей көруін айтады.

Адамның амбивалаенттік ерекшелігінде (феноменінде) әлеуметтік бейімділіктің потенциалды мүмкіндіктері бар. Адамды ерекше жаратылған, ашық, интенциональды әр мәнді (амбивалентті) жүйеге гуманитік көзқарас, өзін-өзі тану мен дамудың негізгі заңдылықтарын түсінуге негізделген.

1. Адамның дамуы басқа адамдармен өзара іс - әрекет негізінде құрылған нақты қызмет үрдісінде (процесінде) жүзеге асады.

2. Әлеуметтік дамудың қозғаушы еүші болып адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы қарама – қайшылықтар болып табылады.

3. Тұрақты даму мерзімдері тұрақсыз мерзімдермен кезектеседі, олар өтпелі кезең ретінде бейнеленді адамда жаңа саналы өзгерістерге мүмкіндіктер береді.

4. Жеке тұлғаның әлуметтік дамуы жайлы шарттары болып, әлеуметтік қолдау, референттік топ және жеке тұлғаның қажеттілігінің өсуі болып табылады.

5. Әлеуметтік дамудың әр сатысында адам ерекше сезімталдықпен игереді, белгілі психикалық және жеке бастың жаңа өзгерістерді қалыптастыруға және сыртқы әсерлерге қатысты сезімталдық қатынаста болады.

Осы заманғы әлеуметтік қызметкерлер өз жұмыстарында әр түрлі психотерапевті теорияларды қызмет көрсетілген адамдарға әлеуметтік бейімделмеу жағдайында көмек көрсетуде практикалық бағдар кеңінен қолданылды. Қызмет көрсетуші адамның мәселесін тиімді шешуде оның өзгерістерге дайындығын арттыру, ішкі және сыртқы ресурстарды табу мен себептерін өзгерту арқылы іске асады. Қиын жағдайда түскен адамдардың оң және теріс іс-әрекеттері кездеседі. Теріс әрекеттері қиындықтарды жеңудің қажеттілігін, ал оң қызметтері жаңа әрекеттерге ашылған ерекше жол.

1990 жылы 21 қазанда Страсбургте Европалық психотерапевтер ассоциациясы қабылдаған Декларацияда психотерапия – еркін және тәуелсіз мамандықты гуманитарлық ғылымдарға жататын ерекше пән /53/. Психотерапиялық тәсіл дәрігерлердің кәсіби жұмысына ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтардың жұмысында және басқа мамандардың өз мүмкіндіктерін «адам-адам» жүйесін іске асыруда қолданылады.. Кең мағынасында алғанда психтерапия жеке адамдар арасындағы өзара іс- әрекет ретінде анықталып, онда қызмет көрсетушіге туындаған қиыншылықтарды шешуде психологиялық кәсіби қөмек көрсетіледі.

Э.Бернаның еңбектерінде /54/ әлеуметтік жұмыс психотерапиямен байланысты мамандық ретіндеқарастырылды. Оның өкілдері мына қызметтердіорындайды:

- орта тудырған шиеліністерді зерттеу (кедейлікпен,жұмыссыздықпен, болжамдармен т.б;

- эмоционалдық қиындықтар мен оны жою жолдарының зерттелуі, әр түрлі қоғамдық мекемелерді білу (әр түрлі кеңес беру орталықтары, сауықтыру орталықтары) және олармен байланыста болу;

-қызмет көрсетушілер мен әр түрлі қоғамдық мекемелердің арасында делдал болу, клиникалық психотерапевтермен бірге жумыс істеу.

Әлеуметтік жумыстың теориясы мен практикасында үш негізгі психотерапевтік зерттеудің бағыттары қолданылады; әлеуметтік мәдени, гуманистік, когнитивті – эмотивті.

Әлеуметтік – мәдени психотерапевтік теорияның өкілдері – К. Хорин мен Э. Фромның пікірінше, нарықтық қоғамдағы бәсекелестік қатынастар тұлғаның дамуы мен психологиялық жай – күйіне кері әсерін тигізеді. Бәсекелестік адам өмірінің жастық шағынан бастап өмірлік іс - әрекетіне өтумен болады.Адам мынадай таңдаудың алдында: «көпке ие болу немесе көптің бірі болу» . Жетістікке бағыт алуда күштеу сипат алуда. Көпшілік адамдар қайтсем де жетістікке қалай болмасын жетемін дейді. Мұндай кездерде адамдарда өркөкіректілік, мақтаншақтық, әсерлілік, әлсіздерге деген аяушылық және күштілерге қызғаныш туады. Екі жақты мораль феномені пайда болады. Мәселенің қиындығы сол адамды жетістікке жеткізетін оның бай дарындылығы мен дамыған қабілеттері емес, қоғам жасаған үлгі, стереотип. Бұндай жағдайда адамдар сәтсіздіктерді ауыр қабылдайды.Оны қоршаған адамдар оның оидан құраған «мен» бейнесін қабылдамайды.

Осы жағдайдағы психотерапевтік жұмыс қызмет көрсетілетін өздік «мен» -дігін теңдестіруге бағытталады. Әдетте жағдайды жөндей алмаған жеке тұлға сұранысқа тәуелді болғандықтан, диффузиялық күй кешеді. «Нарықтық» тип ұстанымын Э. Фромм; «мен сол, сізге қажет адаммын» - деп тұжырымдайды. Бұл қиындықтарды жеңуге жеке тұлғаның өз бағыттылығы кедергі жасағындықтан, назарды сыртқы обьектілерге көңіл аударып, жеке тұлғаны интенционалды даму қажет.

Жалпы әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік теория шеңбірінде жеке тұлғаның нервотикалық жай-күйі және шиеленістері, олардың шығу тегі, даму қарқыны мен нәтижесі зерттелген.

Гуманистік теориялардың (Г.Оллпорт, А.Маслоу, К. Роджерс) ерекшелігі – олардың психологиялық жағынан дені сау және толыққанды қызмет ете алатын жеке тұлғаға бағытталуында. Гуманистік теориялардың шешуші мәселесі болып өзін-өзі өзектендіру (самоактуализация) феномені болып табылады. Өзін-өзі өзектендіру деп адамның жан-жақты даму жағдайында жүзеге асатын өте жоғарғы қажеттілікті түсінеміз. А.Маслоу адам қажеттіліктерінің кең жайылған классификациясын ұсынады.

Адамның барлық ұмтылыстарын жоқтық қажеттілігі және өсу, даму, жоғары құндылықтарды жүзеге асыру қажеттілігіне бөлді. Гуманистік бағытта зерттеулер шеңберінде алғашқы рет психотерапия әдісі ретінде шығармашылық танылымды санады. Бұл үшін адамның өзі сүйген жұмысымен айналысуы өте маңызды. Бұл өзі үлкен қозғаушы күш болып, адамды дағдарыстан алып шығады.

Когнитивті – эмотивті теориялар (А. Эллис, А. Бек) ой – сананы, қабылдау және өзін жағдайдың құрбаны санайтын адамдардың жағдайы бейнелеуінің ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Әр түрлі сезімдік ауытқушылықтар жағдайларға байланысты емес, оны дұрыс қабылдамауында, теріс мазмунында. А.Эллис осындай көмек сұраушылардың ұстанымдарының 4 тобын бөледі: апаттық ұстанымдары, міндеттілік ұстанымдары, өз қажеттілігін міндетті түрде жүзеге асыру ұстанымдары, бағалау ұстанымдары. Апаттық ұстанымдар адам өміріндегі жайсыз, түзелмейтін жағдайларды бағалауға көмектеседі. Міндеттілік ұстанымдары бойынша әлем тек жақсы принциптерге негізделіп, еш нәрсе өзгермейтінін болып жасалған. Өз қажеттілігін міндетті түрде жүзеге асыру ұстанымдарын адамдардың өзі ойлап тапқан. «Мен» бейнесіне әрқашан салыстыра отырып ойдағысына жетпейтінін көрсетеді.

Бағалау ұстанымдарында адам бағалаудың бір ғана қасиетін жалпы жеке тұлғадан көреді. Бұл ұстанымдардың барлығы әр түрлі сезім ауытқушылықтарына әкеледі. Бейрационалдық ұстанымдардан басқа өмірді дұрыс қабылдау когнитивті бұрыс бағалауға тіреледі (ағылшын сөзі cognition - білім). Бұның кең жайылған түрі – персонализация, яғни өмірдегі оқиғаларды жеке маңыздылық тұрғысынан қабылдау. Осыдан кездейсоқ адамның жайсыз түрін жеке адам өзіне негативті түрде қабылдайды.

Енді үшінші когнитивті бұрыс көрушілік дихотомикалық ойлау – шектік ойлау. Бұл жағдайда оқиғалар жақсы немесе жаман болып бейнеленеді. Бұдан басқа тағы да фактілерге сүйенбеген, тіпті оған қарама-қарсы еркін тұжырымдаржасау жатады.

Ең соңында тағы біреуі – шектен тыс топтау тек ғана оқиға негізінде кең талдау болады. Ең қызықтысы, Бек пен Эллистің зеріттеу нәтижелері бойынша, дені сау адамдар қиын әлеуметтік жағдайларда бұрыс ұстанымдар мен когнитивті бұрыстыққа жақын болады. Бұл жиі кездесетін феномен. Әрине, қиын жағдайға әрбір жеке тұлға түсе бермейді, ал қиын жағдайға кездескен адамдар өздерін құрбан ретінде есептейді.

Кәсіби әлеуметтік жұмыстың жан-жақты дамуына байланысты, оның психотерпевтік аспектілері көбіне басты психотерапевтердің назарын өзіне аударады. Әр жерлерде кәсіби әлеуметтік жұмыстың дамуына байланысты өзіне ғана тән әдістерімен көзге түскен психотерапевтер бар (Ц.П.Короленко, В.Ю.Завьялов, Б.Е.Литвак, Б.Д.Карвасарский, В.В.Макаров және басқалар).

Әлеуметтік қызметкер адамдардың проблемаларды шешуде қабілеттерін жандандыруға, қиын жағдайдан шығу жолдарын анықтауға көмектесіп, адамдардың байланыс жүйесін реттеудегі байланыс, ресурстары, мүмкіндіктерін және қызмет түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың негізгі психологиялық қызметі фасилитилдіруші қызмет деп аталады. Фасилитация (ағылшынның fasilitate – жеңілдету, көмектесу, жағдай жасау) - әлеуметтік қатнаспен негізделген, олардың белсенділігін арттыратын адамдардың бір-біріне әсері /57/. Фасилитация адам қызметінің жақсаруы негізінде көрінеді. Дегенмен, әлеуметтік қызметкердің кәсіби бағыты қызмет көрсетушінің мәселелерін шешуде барлық жағдайда фасилитациямен тікелей байланысты, Алайда әлеуметтік қызметкер этика нормаларын, кәсіби қызметтің негізгі прициптерін ұстанбаса, кері үрдіс - әлеуметтік ингибиция (ағылшын сөзі – inhibition – тежеу, басылу, субьект белсенділігін тежеу) жүреді.

Әлеуметтік көмек қажет ететін адамдар өздерін көбіне әлеуметтік жағдайдың құрбаны ретінде санайтынын ұмытпау керек. А.В.Мудрик әлеуметтік педагогикада біртұтас бағытты зеріттеп атықтады. Ол бұл сала бойынша екі бағытты анықтады: кейбір адамның дене бітімінде, психикасында, әлеуметтік дамуында ауытқулары бар адамдардың әлеуметтік дамуын зеріттеп; жалпы және арнайы принциптерді, мақсаттардың мазмұнын, түрін талдау және алдын алу әдістерін әлеуметтендіру құрбаны болған жағдайларды қалпына келтіру мен түзету /58/.

Зардап шегуші комплексі көмек және қолдау күтетін әр адамда пайда болуы мүмкін. Бұл комплекс адамның намысының, сезімінің азайып немесе жойылуынан, белсенді қарым-қатнас жасау қабілетсіздігінен, өз күшінің қажеттілігі жағынан пайда болады. Әлеуметтік қызметкер көмек сұраушының виктимогендік ұстанымдарын өзгертуіне немесе керісінше әрі қарай дамуына жағдай жасайды. Алдыңғы жағдайда әлеуметтік бейімділіктің фасилитаторы, ал екіншісінде әлеуметтік ингибиция тұғызушы субъект болып шығады. Әлеуметтік ингибицияны болдырмау әлеуметтік қызметкердің кәсіби гуманистік көзқарасына байланысты.

Әлеуметтік жұмыстың психологиялық принциптеріне: когруэтностік принциппі, бейтараптық принципі, позитивті бағытталған белсенділік прнципі жатады. Аталған прициптер әлеуметтік қызметкердің жұмысының психологиялық тұрғысында міндеттердің негізін қалаушы болып табылады. Конгруэнттік принципі әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетушінің проблемасын шешуге байланысты қызметінің мақсаты, міндеті, бағыттарының бірлігін қалайды. Кәсіби біліктілік – аталған приципті жүзеге асырудағы қажетті шарт. Әр белгілі жағдайда әлеуметтік қызметкер өз мүмкіндігін объективті түрде бағалауға міндетті және жек әлеуметтік топтардың да қажеттіліктерін бағалай білуге тиісті.

Бейтараптық принципі адамға деген өз ойынан немесе үшінші адамның талабынан аулақ болуды талап етеді. Әлеуметтік қызметкер өз жеке басының қызығушылығын көрсетпеуге тиіс. Әлеуметтік дистолиция (яғни психологиялық жақындау дәрежесі) қызмет көрсетуші мен әлеуметтік қызметкер арасындағы қатынас орташа болуы керек.

Жасырын принципі әлеуметтік жәрдем туралы мәліметтің сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды. Ол адамдардың сезімін сыйлауға бағытталған. Қызмет көрсетушінің психологиялық жай – күйіне, денсаулығына зиян келтірмеуге тиіс.

Позтивті бағытталған белсенділік принципі әлеуметтік қызметкердің көмек сұраушының өмірінде қатысуға әлеуметтік бейімділдіктің оң және теріс факторларын түсінуге бағытталған. Әлеуметтік жұмыстар қажетті мәліметтермен, белгілі мағлуматтармен жабдықталады.

Әлеуметтік қызметкер өз қызметінде кеңес берушілік, ағартушылық, ұйымдастырушылық, сақтандырушылық, түзетушілік және тағы басқа қызметтер атқарады. Бұның бәрі оның белсенділік деңгейін анықтайды.

Аталған принциптердің жүзеге асырылуы оның кәсіби біліктілігін психологиялық қызмет тұрғысынын көрсетеді. Бұдан әрі әлеуметтік қызметкердің қызметі басқа да аспектілерден тұратыны анық, олар; құқықтық, педагогтік, технологиялық және тағы басқалар. Әр аспект принциптердің жүзеге асырылуын қадағалайды. Әлеуметтік жумыстың мамандандырылуы туралы мәселе елімізде әзірге шешілген жоқ. Бұл туралы талқылаулар мамандардың жеткілікті дайын еместігінен, «кездейсоқ адамдардың» көптігінен және көптеген басқа жағдайларға байланысты.

Көмек көрсетушіге деген әлеуметтік қызметкердің психологиялық көзқарасы және де принциптердің жүзеге асырылуы әлеуметтік жұмыста жеңілдету (фасилитация) процесін қамтамасыз етеді. Оның көмек көрсетушімен жұмысы диалог түрінде (субъект – субъектік қатынас); екі жақтың өзара сенімділігі; бағалау, «өлшеу» қатынасының болмауы; басқаны қайталамайтын адам ретінде қабылдау.

«Адам – адам» жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіби маманның гуманистік психологиялық позициясының ерекшеліктерін гуманистік психология шеңберінде (К. Роджерс, А. Маслоу және басқалары.) зерттеген. Белгілі мағыныда бұл ерекшеліктерді әлеуметтік қызметкердің жеке кәсіби іс - әрекетінде ереже, талаптар деп қарауға болады.

Біріншіден, әлеуметтік қызметкер көмек сұраушыға сенім туғызуы керек. Басқа адамдарға сенім туғызудың бірден-бір негізгі шарты – ол оның шынайы іс-әрекеті. Шынайы болу өзімен өзі болу, ойын ойнамау, бір қалыпта болу. Жүріс-тұрыс тым шартты болмауы тиіс, олай болғанда бұл ресми қатнастар болады. Әлеуметтік қызметкердің көмек сұраушысынан ерекшеленетін жеке қасиеттермен иемденбеуі мүмкін. Ол өзіндік мінез-құлқы, жеке ерекшеліктері, кейде дағдылары мен қызығушылықтары бар тірі адам. Басқа адамдар сияқты ол өмірдің түрлі торығу, дағдарыс, жанжал сияқты жағдайлармен кездеседі. Әлеуметтік қызметкерге өзі көмек көрсететін адамға қатысты «Сіз маған сенуге тиіссіз» деген сөзді қолдануға болмайды. Оны көпшілік жағдайда өзінің ашық іс-әрекеті көмектеседі.

Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі К.Роджерс диалогта ашық болу қажеттілігіне мән береді: «Адамдармен сөйлесу арқылы менің түсінгенім егер өзіммен мен болмасам, оларға көмектесе алмайтынымды түсіндім. Шын мәнісінде ашуланып тұрып, жайлы және қанағаттанғандық болып көрінудің қажеті жоқ. Жауабын білмей тұрып, білетіндей ыңғай танытудың керегі жоқ. Біреуді жақсы көремін деп ыңғай таныта отырып, оған дұшпандық жасау. Шын мәнісінде қорқып және сенімсіз бола тұрып, сенімді болып көріну...... Басқаша айтқанда адамдармен сөйлескенде олармен араласқанда бетке маска киюдің, әсіресе бір нәрсені сынап, ал негізінде оны басқаша сезінеді. Менің түсінуімше, адамдармен конструктивті қатнастар орнатуға көмек көрсетпейді. Менің ойымша менің кәсіби өмірімде көптеген қателіктер кездеседі, басқа адамдарға көмектесе алмадым, ол менің сезіміме қарама-қарсы ұмтылыс нәтижесінде, яғни ол өз сезімімді жасыруға байланысты болады». /59/.

Әлеуметтік қызметкердің өзін еркін ұстауы коммуникативтік кедергілерді жоюға, бір-бірін түсінуге көмектеседі. Бұл қатнастың психологиялық мәні адамға әлеуметтік ролдерден арылуға, тек қана өзіне тән ойларын, сезімдерін көрсетуге итермелейді.

Әлеуметтік қызметкердің психологиялық көзқарасының (позициясының) екінші айрықша белгісі – басқа адамды сол қалпында қабылдау. Бұл адамды бағалаудан аулақ болуды құптайды. Себебі, әдетте адам ең алдымен басқа адамдардың сөзіне, қимылына баға береді, сосын түсінеді. Сондықтан басқа адамды қабылдау өте қиын мәселе. Әлеуметтік қызметкер адамдарға қатысты шыдамдылық, яғни төзімділікті меңгеруге мүмкіндігі бар.

Төзімділік дегеніміз - өзін-өзі тежеу емес, өз кемшіліктеріңді түсіну. Толеранттылық деп басқаларға және өзіне сын көзбен қарауды, бірақ талап ету мен сыйластық бірлігі негізінде құрылған сыншылдық пен мейірімділіктің тепе-теңдігі деуге болады. Тағы бір әлеуметтік қызметкердің психологиялық ерекшеліктерінің бірі өз кәсіби мүмкіндіктері мен біліктілігіне сенімділігі. Әлеуметтік қызметкер өзінің көмектесу мүмкіндігіне сенеді. Бұл сенім оның тәжрибесіне, жұмыс нәтижесіне, адамның қызметінің тиімділігін дәлелдеуге байланысты. Сенім тек әлеуметтік қызметкердің адамға көмектесуіне ғана ұмтылып қана қоймайды. Ал әлеуметтік қызметкер өзі орындай адмайтын нәрсеге уәде беруге болмайды.

Өз күшіне деген кәсіби сенімділік әрқашанда практикалық қызметтің позитивті тәжрибесімен байланыста. Өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін білу кәсіби біліктіліктің бір бөлігі болып табылады. Кәсіби біліктілік оқу барысында дамиды. Оған кәсіби дайындықты, жеке мүмкіндіктерді, жеке психология және жұмыс әдістері, тәжірибеден сабақ алу мүмкіндігі, өз кәсіби күші мен мүмкіншіліктеріне сенімділік кіреді.

Әлеуметтік қызметкердің психологиялық позициясы көбіне эмпатия, яғни көмек көрсетілген адамның эмоционалдық жай-күйін түсінумен белгіленеді. Бұған адам өзінің эмоционалдық әлемі арқылы жетеді. Эмпатия адамның мейірімділігі, қайырымдылығы, кәсіби өнері, жылуы, өмірлік тәжірибесі, ақылдылығы және т.с. сияқты қасиеттерімен тығыз байланыста. Бұл жерде фасилитацияны еске алуға болады.

Жалпы әлеуметтік жұмыстың фасилитациясы әр түрлі факторлардың: мәдениетпен, әдет-ғұрыптармен, дінмен, аймақтық шарттармен, гендерлік айырмашылықтар, көмек сұраушының жасы мен этикалық ерекшеліктерімен байланыста құралған істер арқылы іске асады. Қай фактордың басым әсері бары диагностикалық қызмет жүзеге асқанда айқындалады. Кәсіби толеранттылық деп көмек сұраушының әр түрлілігін және сол әр түрлілікке төзімділікті айтады.

Профессиограмма деп мамандыққа қатысты маманның жеке тұлғасына, қабілеттілігіне, мүмкіндіктеріне, шеберлігіне қойылатын талаптар жиынтығын айтады. Профессиограмма кәсіби қызметтің психологиялық құрылымын, оның негізгі компоненттерін және олардың арасындағы байланыстарды анықтайды. Әлеуметтік қызметкер әр түрлі мақсаттарды шешуге бағытталған:

  • көмек сұраушының қоғамда бейімделуі, өз проблемаларын шешуде белсенді өмірлік позициясының қалыптасуы;

  • әлсіз әлеуметтік топтар өкілдеріне өзін-өзі дәлелдеу шарттарын жасауы;

  • әлеуметтік және жеке бас проблемаларының диагностикасы;

  • әлеуметтік алдын алу;

  • әлеуметтік көмек және мұқтаж адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;

  • кеңестер беру;

  • әлеуметтік сауықтыру және емдеу;

  • әлеуметтік қадағалау мен қамқоршылық;

  • әлеуметтік жобалау;

  • түрлі мекемелер мен көмек сұраушылар арасындағы делдалдық;

  • әлеуметтік жұмыс шеңберіндегі инновациялық қызмет жәнет.б.

Әлеуметтік қызметкер көмек сұраушылар қабілеттерін көрсете алатын жағдай жасауға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі ұйымдастыруға көмектеседі. Әлеуметтік жұмыс тікелей және жанама деңгейде асады. Тікелей деңгей – бұл маман мен көмек сұраушының жеке байланысының деңгейі. Жанама деңгей қоғамдағы жалпы әлеуметтік мақсаттардышешумен байланысты.

Кәсіби қызмет әртүрлілігінің ішінде мынадай қызметтерді бөлуге болады: коммуникативтік, психологиялық, ұйымдастырушылық және педагогтік.

Коммуникативтік қызмет кәсіби сөйлесу процесін қамтиды. Әлеуметтік қызметкер сөйлеу қатынасын өзі басқарады. Кәсіби маманның коммуникативтік іскерлігі кең. Бірақ оның қарама-қайшылығы бар: бір жағынан, өзі қарым-қатынас құрап, ал екіншіден, диалогтік қатнасқа бағытталады. Бұны шешу әлеуметтік қызметкердің қабілетіне және жеке басының қасиетіне байланысты.

Педагогтік қызмет кеңесші немесе сарапшы ретінде қызмет ететін мамнның қызметінің тәжірибелік және оқыту бағытына байланысты. Ол құқықтық білім береді, көмек беруге бағытталған нормативті актілермен таныстырады, көптеген көмек сұраушылар әлеуметтік қызметтерді кеңесші, көмекші ретінде қабылдайды.

Ұйымдастырушылық қызмет әр жерде (аймақта, тұрғындық жерлерде) әлеуметтік қызмет мекемелерін құрумен және басқарумен байланысты. Әлеуметтік қызметкер адамдар қызығушылығын біле отырып, олардың бос уақытын ұйымдастыруына әр түрлі ұйымдар (мемлекеттік және қоғамдық өкілдерін) қатыстыра отырып өткізуге себеп болады. Бұдан басқа тікелей және жанама түрде маргиналдық тұрғындар бөлігіне қолдау көлсетеді. Жанама түрдегі қолдау адам өмірін сапалы көтеруге әсер ететін әр түрлі әлеуметтік жобалау және жүзеге асырумен байланысты.

Психологиялық қызмет адамның әлеуметтік өмір шарттарымен күресте креативті күштерін жұмылдыруға ұмтылдыру әлеуметтік қызметкердің диагностикалық, болжау, психотерапевтік қызметінде жүзеге асады.

Әлеуметтік жұмыстың диагностикалық негіздері әлеуметтік бейімсіздікке келтіретін әр түрлі жеке бастың деформациялар мен жүріс-тұрыс әдістерінің пайда болуы мен қалыптасуының басты себептерін бөлуге арналған. Болжамдық деңгейде жемісті қызмет ететін, қиындықтарды жеңе білетін қоғам мүшелерінің қалыптасуына себеп болатын шарттарды анықтайды. Психотерапевтік деңгей ортаның теріс әсерін және көмек сұраушының өткен тәжрибесін жеңуде қандай күш жұмсау керектігін шешеді. Бұл кезде көмек сұраушының өзінің әлеуметтік белсенділігі өте маңызды нәрсе.

Әдебиеттер:

  1. Баркер Р. Словарь социальной работы. –М., 1994.

  2. Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. –М., 1998

  3. Технология социальной работы. / Под ред. И.Г.Зайнышева. –М., 2002

  4. Технология социальной работы. /Под ред. А.А. Чернецкой. –Ростов-на Дону, 2006.

  5. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н. Туганбекова К.М., Черная Г.Г. Социальная работа: теория и технология. Астана, 2005г.

  6. Фирсов М.В., Шаприо Б.Ю. Психология социальной работы. Содержание и методы психосоциальной практики. –М,. 2002.

  7. Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. – М., 1993.

Дәріс №5.