Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰҚЫҒЫМЕН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
169.7 Кб
Скачать

Ұлыбритания

Британия Версалдық бітімгершілікке сәйкес жеңімпаз      державалардың қаитарына кіреді. Бірақ соғыс оның қаржылық -экономикалық позицияларын әлсіретіп, оның тек әскери өндірісін күшейтті. Жұмыс қозғалысы белсендірілді, трет -юниондардың (кәсіподақтардың ) саны екі есе өсті. Сонымен бірге өнеркәсіптіің монополизациясы күшейді. 1916 жылы монополистердің ірі ұйымы- британдық өнеркәсіптің Федерациясы туындады.

1918 жылдың 8 желтоқсанындағы сайлауларда консерваторлар мен либералдар лейбористерді (жұмыс партиясы ) біртұтас ұжымын құрды және парламентке 60 депутат өткізді. 1929 жылы екінші лейбористік үкімет құрылды. Осылайша, Ұлыбританияда екі партиялық жүйе құрылды.  1923 жылға дейін консерваторлар мен либералдар, 1923 жылдан бастап, консерваторлар мен лейбористер

Партиялық жүйедегі өзгерістермен қатар сайлау жүйесінде демократиялық өзгерістер қалыптасты. Бірінші сайлау реформасы 1918-1919 жылдары өткізілді. Бұл заңға сәйкес 21 жасқа толған және белгілі бір талаптарға сай келетін ер жыныстағы барлық тұлғалар дауыс беру құқығына ие болды. Әйелдер егер отыз жасқа толса және жылдық табысы бес фунт стерингтен кем емес жылжымайтын мүлікке ие болса немесе бұл талаптарды қанағаттандыратын тұлғамен неке қиса, сайлау құқығына ие болады. 1928-1929 жылдардағы реформаға сәйкес әйелдерге ер адамдармен бірдей сайлау құқықтары берілді.

1969 жылы лейбористік  үкімет ұлттық өкілдік ету жөнінде акт қабылдады. Оған сәйкес сайлау жасы 21- ден 18-ге түсірілді.

Өнеркәсіп және экономика саласында мемлекеттік монополизацияға тенденция байқалды.

1945 жылы ағылшын банктерінің ұлттануы туралы заң қабылданды, 1946 жылы 800 көмір кәсіпорны ұлттандырылды. Экспорт -импорттың реттелуі, экономикалық бағдарлау, корпорацияларды ірілендіруді жүзеге асыруды енгізді. Осындай барлық шаралар мемлекеттің экономика саласындағы толық күшейуін қарастырды.

Британдық колониалдық империя.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Британдық империяның доминанттары елдің маңызды шикі зат тірегі , сонымен қатар әскерді тірі күшпен толықтырудың құралы болды. 1917 жылы кезекті империялық конференцияда доминанттарға империяны автономдық мемлекеттер мәртебесін береді. 1919-1920 жылдарда Канада, Париждік бейбітшілік конференциядағы жұмысқа қатысып, доминион үшін бейбітшілік шарттарға дербес қол қою және ұлттар лигасында еркін өкілдік ету құқығына ие болды.

1931 жылы Вестминистрлік мәртебе қабылданды. Бұл мәртебеге сәйкес генерал- губернатор доминионының  тұрғындарынан тағайындала бастады. Британдық доминиодармен Британия ұлттардың британдық қауымдастығына біріктірілді.

1946 жылы біріккен патшалықтың үкіметі Үндістанның тәуелсіздігіне деген құқығын таныды. Үндістан діни белгісіне қарай бөлінді- Үнді ұйым мен Пәкістан. Цейлон аралы да тәуелсіздік алды. 1957 жылы Гана мен Малайзия , ал1959-1960 жылдары Кипр мен Нигерия тәуелсіздікке ие болды. 1937 жылы Ирландия доминион мәртебесінен бас тартты, 1948 жылы Ұлыбритания Ирландиялық Британиялық қауымдастығынан шығу жөнінде және Ирландиялық республиканы жариялау туралы шешім қабылдауға мәжбүрлі болды.

 

 

 

Таќырып 12. Германия фашистік диктатурасы.

Соғыстағы сәтсіздік және Ресей революциясы Германияда революциялық ахуал тудырды. 1918 жылы қарашада Килде әскери теңізшілер көтеріліс жасады. Германияның ірі қалалары – Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен көтерілісшілерге қосылды. Билікге жұмысшылар Кеңесі және солдат депуттары ие болды. 1918 жылы 9 қарашада Берлинде Революция жеңді.

Император Кайзер Вильгельм Голландияға зытты, Германия империясы құлады.

1919 жылғы Конституция (Веймар) Германия мемлекетін Президент басқаруындағы буржуйлық демократиялық республикаға айналдырды.

Парламент екі палатадан тұрады: рейхстаг (төменгі палата) және рейсрат (империялық кеңес). Германия Президент билігі монархиялық сипатта.

1929 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс етек жаяды, бұл Германияның ішкі саяси жағдайын шиеленістіре түсті. 1930 жылғы сайлауда Коммунистк партия 4,5 млн. дауысқа ие болды. Жаңа жұмыскер революциясынан қорыққан ірі өндіріс иелері және қаражат мамандары Адольф Гитлердің фашистік партиясынан үміт күте бастады.

1932 жылы шілдеде ұлтшылдар 13 млн. дауыс, ал қарашада 11 млн. дауыс жинады. 1933 жылы Гитлер сол кездегі канцлер Ф. фон Папенмен ортақ келісімге келе отырып, 1933 жылы 30 қарашада оны рейхканцлер (империялық канцлер) лауазымына шақырды.

Германияда фашистік диктатура құруға себеп болған жағдайлар:

1.     ірі өндіріс иегерлері мен қаражат мамандары дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы диктатура деп санады;

2.     уақ буржуйлар мен шаруалар ұлтшылдардың жарық болашағы туралы уәдесіне сенім артты;

3.     Германия еңбекшілер класы бытыранқы, әлсіреген болды, коммунистер фашизммен жеке күресе алмады;

4.     елде өте күшті экономикалық дағдарыс етек жайғандықтан одан шығудың жолында қатаң жетекші басқарма қажет болды.

Фашистер өз басқаруын буржулық-демократиялық бостандықты жоюдан бастады. 1933 жылы ақпанда сөз, баспа, шеру бостандығына тыйым салған «Герман халқы мен мемлекетті қорғау» декреті қабылданды. Осы айда полицияға шексіз өкілеттілік берген «Герман халқын қорғау» декреті қабылданды. 1933 жылы 23 наурызда рейхстагтағы коммунист-депутаттар мандаттарынан айрылды және тұтқындалды. Компартия және оның бұқаралық құралдары жабылды және тыйым салынды. Басқа да партиялар қызметін тоқтатты. Кәсіподақтар таратылды, бірақ мәжбүрлеу арқылы мүшелікке енгізетін кәсіподақ ашылды.

Мемлекетте бір партиялық әскери саяси жүйе орнықты. Үкімет партия бақылауында болды. Партияның штурмалық отряды (СА), қорғау отряды (СС) және фашист Германияның қарулы күшін құрайтын әскери ұйымдар (вермахт) болған.

1933 жылы 24 наурызда қабылданған заң парламенттен тыс империя үкіметі актілер қабылдауға мүмкіндік берді. 1934 жылы тамызда президент лауазымы қысқарды. Үкімет басшысы фюрерғұмырлық тағайындалады.

«Жаңа үшінші Рейх»-ты құру үшін ұлтшылдар тек жаулап алу керек еді. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, осылай екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945 жылы КСРО және одақтас елдер АҚШ, Ұлыбритания фашистік Германияны күйретті.

Германия 4 оккупация аймағына бөлінген. 1945 жылы жазда (17 шілдеден 2 тамыз) Берлиннің маңында Потсдамда одақтас елдердің басшыларының конференциясы өткізілді. Қатыс ушылар: КСРО (И.В. Сталин), АҚШ (Г.Трумен) және Британия (У. Черчилль, К.Этли). Мынадай шешім қабылдады: Герман армиясы мен флотын жою, әскери қылмыскерлерді сотқа беру, демократиялық институттарды қайта жаңғырту.

1949 жылы  батыс үш аймақ қосылып Германия Федеративтік Республикасын құрды және оккупация басқармасы жаңа Бонн Конституциясын қабылдады. 

Негізгі єдебиеттер:

1.Проэктор Д.М. Фашизм: путь агрессии и гибели.  Москва, Наука, 1985

2. Проэктор Д.М. Оруженосцы третьего рейха: Германский милитаризм 1919-1939гг. Москва, Воениздат  1971

3. Фашизм и антидемократические режимы в Европе в начале 20-х годов- 1945 год. Москва,Наука, 1981

4. Ткачев С.М. Левый либерализм и проблемы утверждения Веймарской демократии 1918-1926гг.  Москва, Наука, 1997

5. Прокопьев В.П.  Военный институт в государственном механизме буржуазной Германии.  Калининград, Калининградский университет, 1982

6. Драбкин Я.С. Ноябрьская революция в Германии: Москва, Наука, 1967

7.  Драбкин Я.С. Становление Веймарской республики:Москва, Наука, 1978

8. Кенен В. Ноябрьская революция 1918 года в Германии. Москва, Политиздат, 1958

9. Черная Л.Б. Коричневые диктаторы.  Москва, Республика, 1992

10. Филатов Г.С. История фашизма в Западной Европе: Сборник статей. Москва, Политиздат, 1978

 

Тақырып 13. Ресей мемлекет және құқығы.

1/ Революцияның алғы шарттары: 1/ бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей солдаттарының өжеттілігіне қарамастан, басқару аппаратының бейқамдануына байланысты позицияны жоғалту. 2/ Барлық ел азаматтардың соғысқа алуына байланысты егін салынбай, жиналынбай, ашаршылық пайда болды. 3/ Социал демократтар елдегі экономикалық, әскери жағдайдың нашарлауын жалпы саяси қайраткерлер өз пайдасына асырады, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 4/ буржуазия 1905 жылғы революциядан сабақ алып, ендігі жене декларативті уәделерге көнбейді. 1917 ж. 25 ақпанда қозғаушы күштер буржуазиямен пролетариат саяси сипатына байланысты буржуазиялық демократиялық революция болды. Революцияның жеңіске жетудің нәтижесінде уақытша үкімет құрылды, оның басында Керенский болды. Уақытша үкімет билікке қол жүргізгенінен кейін революцияның бастапқы идеясының бір бөлігінен бас тартады. Бұған келіспеген РСДРПБ-ы басқарған жұмысшылар Кеңестер құрайды. Сөйтіп, 1917 ж. ақпаны мен қазан айының арасында қос үкімет болды: 1/ кеңес және 2/ уақытша. Ресейдегі Февраль революциясынан кейін екі билікті жүйе буржуазия диктатурасы мен революциялық - демократиялық диктатура орнатты. Жоғарғы билік органы екі сызықтық жүйемен жүрді. Бірінші - буржуазия сызығы заңшығару және атқару билігінің уақытша буржуазиялық үкіметтің қолында болды. Екінші сызығы  - еңбекші топтардың Құрылтай жиналысы жолымен демократиялық революцияны бекітеді. Уақытша Үкімет ешкімнің алдында жауапты болмады, бірақ 1917 жылдың мамыр айына дейін Уақытша комитеттің бақылауында болды.

Оған қойылатын талаптар: саяси аграрлық, діни іс бойынша толық амнистия жүргізу,  соз бостандығы, жиналыс, әскерге міндеттілік, өзін-өзі басқару органдарын демократиялық сайлау, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағыну. Министрлер, социалистерә эсерлер, меньшевиктер, халық социалистері Кеңес съезді жұмысшыларының алдында жауапты болады. Буржуазия сызығы Уақытша үкімет билігін ұйымдастырумен байланысты. Уақытша үкімет заң шығару және атқарушы орган өкілеттігіне ие болады. Үкімет халықаралық, жер, мемлекеттік құрылым, саяси бостандықтарды қамтамасыз ету мәселелерін шешті: Қос үкімет саяси дағдарыс негізінде дамыды: революцияны жұмыскерлер және солдаттар жүзеге асырады, ал үкіметте революцияға қарсы буржуазиялықтар болды.

3 наурызда Уақытша үкімет соғысты жалғастыруға ұмтылды. Ол аграрлық мәселелерді шешпеді, бірақ крестьяндардың жер бөлу, жұмыс күні енгізілмеді. Патшалық негізде буржуазиялық мемлекеттілік пайда болды. Буржуазиялық мемлекеттің құрылуы келесідей негізде қалыптасты: 1/ патша аппаратының жаңа мемлекеттік құрылымға иемденуі. 2/ жаңа буржуазиялық органдардың құрылуы. 3/ бұрыңғы аппараттық жойылып, өзгеруі. /өзін-өзі органдардың құрамының өзгеруі, полиция, губернатор қызметінің өзгеруі/. Мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орынды Уақытша үкімет алады. Батыста буржуазиялық революция демократиялық жоғарғы билік органдары - парламент және үкімет алдында жауапты органдарды құрады. Ресейдегі Ақпан революциясының басты қозғаушы күші буржуазия емес, жұмысшы топ болды. Уақытша үкімет өкілді партиялардан қалыптасады. Демократиялық жиналыс Бүкіл ресейлік демократиялық кеңестің жұмысын бекітеді. Ішкі істер министрлігінің 14 орталық ұйымынан 4 ұйым ғана қалды, жер басшысы лауазымынан алды, печать ісін басқару басқармасы жойылып, нәтижесінде милиция ісі жөніндегі департамент бас Басқармаға ауыстырылды.

Аграрлық заң дайындау үшін басты, губерниялық, уездік, болыстық жер комитеті құрылды. Заңдық жиналыс жоғарғы және жергілікті басқару және өзін-өзі басқару, автономия, әлеуметтік заңдылық мәселелерін шешті.

1861 ж. Александр ІІ патшаның қол қоюымен Ресейде крепостнойлық жүйе жойылып шаруаларға бас бостандығы берілді. Сөйтіп Ресей жартылай құл иеленуші мемлекеттен жаңа сипаттағы феодалдық мемлекетке айналуға аяқ басты. Бұл реформаны жасаудың алғы шарттары болған: а/ Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жаппай бұқаралық сипатқа ие болды. б/ Ресейде революциялық идеологияның пайда болуына байланысты реформаны дайындау барысында дворяндардың және олардың ұйымдастыру пікірін есепке алынды. Дворяндар, помещиктер бұл реформаны өткізбеуге тырысты, бірақ үкімет реформалауды бастады. Реформаның І кезеңі Ресейдің территориясы құнарлығына байланысты 3 категорияға бөлінді: 1/ қара топты емес жерлер олар 9 бөлікке берілді. 2/ құнарлы жерлер 8 бөлікке берілді. 3/ далалық жерлер шөлейт жерлер 12 бөлікке берілді.

Ақпан революциясына дейін жер және қала думасы жоғарғы мүліктік ценз негізінде тағайындалды.

Қос билік кезеңі өндірістік және территориялық органдардың Кеңесті құру, ұйымдастыру процесімен жүзеге асырылды.

Кеңестік органдар жүйесі: облыстық, губерниялық, уездік, аудандық деп бөлінеді. Губерниялық және облыстық Кеңестер жоғарғы және төменгі кеңес органдарымен қалыптасады ҮІ съезде большевиктер партиясы қарулы көтеріліспен сипатталып, большевизация көтерілісі одан әрі жалғасты. 1917 жылғы Ақпан біржуазиялық-демократиялық революция әлеуметтік және ұлттық топтарды, қоғамдағы қайшылықтардан жоюға бет алды. Революцияның жағына армия мен милиция бөлігі ауыса бастады. Үкіметтік комиссар революцияға қарсы уездерде милициямен араластыру құқығына ие болды. Уақытша үкімет бұрынғы заңының әрекет етуін сақтап қалды. Милиция ісін Бас басқарма жүзеге асырды 1917 ж. үкімет өзінің комиссарларына милицияда офицерлік құрамды таңдап алуды көрсетті. Қос билік аяқталғаннан кейін әскери-революциялық соттар құрылды, олар офицерлерден және заңның әрекет етуіне байланыссыз өлім жазасын қолдану құқығы барлар. Әскери соттар құрылды, оған офицер солдат, әскерде тәртіптік соттар құру мәселесі қарастырылды, солдаттар мұндай сотты сайлаудан баст тартты.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары: 1/ Кеңестің бүкілресейлік съезі. 2/ бүкілресейлік орталық атқару комитеттері. 3/ халық комиссарлар кеңесі. Съездер барлық мемлекеттік билікті қолдарына алуға құқығы болды. ІІ съезден бастап қарастырды. Бүкіл республикалық кеңестің ІІІ съезі 1918 жылдың 10 қаңтарында ашылды. Онда, 1/  еңбекші және қаналушы халықтың құқықтары туралы декларация қабылдады. 2/ Ресей федеративті мекемелері туралы резолюция /заң/ қабылдады. 3/ жерді социализм туралы заң қабылдады және бұрынғы құрылтайшы жиынды таратады.

Ресей советтік республиканың шаруа және жұмысшы үкіметі құрылды. 1918 жылдың 14-16 наурызда Төтенше 4 съезі онда Брест бейбіт келісімі қарастырады. 1918 ж. 4 июльде алғашқы совет конституциясы қабылдады. Мемлекеттік билік орталық атқару комитетінің қолында болды. Орталық атқару комитетінің атқаратын органы болады. Жергілікті басқару органдары - кеңестің қолында сонымен қатар олардың атқару комитеті құрылады, бұл жүйе 90 жылға дейін келді. Жергілікті өкілдер: салық салу, буржуазиялық өкілдік контребуция алу құқығына ие. Әскери революциялық комитеттер құрылды. Үкімет жанынан әртүрлі сипаттағы көмекші және салалық органдар әрекет етті.

Сенат жоғарғы сот органы, сонымен бірге министрліктер /сыртқы істер, ішкі істер, әскери, теңіз, сауда, өнеркәсіп, қаржы, әділет, жер иелену, мемлекеттік бақылау/ және ерекше жаңа министрліктер: еңбек, өндірістік, почта және телеграф, қоғамдық тану т.б. құрылды. Экономикалық қатынастарды реттеу үшін Бас экономикалық комитет және Экономикалық кеңес құрылды. Ол қаржы және өнеркәсіп, қорғаныс және отын мәселелерімен айналысты. 1917 ж. заң жобасын, заңды түрде шарт жасау үшін Үкімет жағынан "Заңдық жиналыс" органы пайда болды. Заңдық жиналыста әйелдердің мемлекеттік лауазым құқығына ие болу туралы, шаруалар қозғалысын, жер мәселесі бойынша қақтығыстар, аграрлық мәселелерді шешті.

Негізгі әдебиеттер:

№7 (12 бетте)

Қосымша әдебиеттер:

1.  Черменский  Е.Д. Государственная Дума и свержение царизма в России. Москва, Мысль, 1976

2. Першин Г.Г. Аграрная революция  в России:  Москва, Мысль, 1966

3. Дубровский С.М. Столыпинская земельная реформа. Из истории сельского хозяйства и крестьянства России в начале 20 века: Москва, АН СССР, 1963

4. Кожахметов Г.З. Государственная Дума и народы Степного края в 1905-1917гг.: Монография, Караганда, «Болашак», 1999

5. Томсинов В.А. Хрестоматия по истории отечественного государства и права: X век-1917 год: Москва, Зерцало, 1998

6. Зайончковский П.А. Российская самодержавие в конце 19 столетия: Москва, Мысль, 1970

7. Исаев И.А. История государства и права России:  Москва, Бек, 2002

8. Росков И. Февральские экспромты // Мировая экономика и международные отношения. 2000 год №3

9. Муравьева Л.А. Экономика и финансы России в период первой мировой войны 1914-1918гг. //Страницы истории 2002 год №6

10. Яковлев Н. 1 августа 1914 года: Учебное пособие. Москва. Наука, 1974

11. Дьякин В.С. Самодержавие, буржуазия, дворянство в 1907-1911гг. Учебник: Ленинград, Наука, 1978

 

Тақырып 14. КСРО мемлекет және құқық.

Социалисттік төңкеріс тереңдетілген сайын, елдегі таптық күрес өршелене түсті. Билігінен айрылған таптар өз күштерін елдің шетінде шоғырландырды, орталықта жасырын контрреволюциялық ұйымдарды ұйымдастырды және азаматтық соғысты бастауға даяр болды. Бірақ ішкі контрреволюция көпшіліктің ішінде ешқандай тірекке ие болмағандықтан , кеңес өкіметімен күресінде сәтті нәтижені тоса алмады.

Сондықтан ол халықаралық имперализммен тығыз байланыс орнатты. Өзара жауласып жүрген импералистік топтардың ортақ мақсаты- социалистік төңкерісті тұншықтыру,оның басқа елдерге таралуын болдыртпау болды. Коммунистк партия  және Кеңес үкіметі жұмысшылдарды  Қазан төңкерісінің жетістіктерін қорғауға  шақырды. Азаматтық соғыс пен интервенция жағдайында Кеңестік мемлекеттің бірінші мақсаты  болып- қанаушы таптың қарсылығын басу және мемлекеттің қорғанысын күшейту.

1919 жылы азаматтық соғыстың аса ауыр жылы болды. Өзінің алғашқы күшті соққысын контрреволюция  шығыстан берді. Онда интервенттермен жабдықтанған Колчак әскері шоғырланған. 1919 жылдың наурызынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Шығыс майданындағы  созылған төңкерістегі қақтығыстардың нәтижесінде Колчак әскерінің негізгі күштері талқандалды. Үлкен жеңілістерге ақ гвардияшылар мен интервенттерді Қызыл Армия Орта Азияда жеңліске ұшыратты, бірақ Кеңес Өкіметінің жаулары одан кейін де басылмады.

1920 жылы Антантаның интервенттері Польшаның буржуазиялық әскерін жабдықтандырып, Қырымдағы қалған Врангельдің бандыларымен сабақтасып, Қызыл әскерге қарсы аттандырылды. Жұмысшы- шаруалардың Қызыл әскері Ақ гвардияшылары мен интервенттердің біріккен бұл жорықтарын тағы да табандылықпен тойтарды. Сонымен, мемлекеттің территориясы тегіс жаулардан босатылды.

Осы жылдары экономика саласында жүргізілген шаралардың  кешені әскери коммунизмнің саясаты деп аталды. Деревняларда азық-түлік үлестіру жүргізілді, онда шаруалар ауыл шаруашылық артық өнімдерінің барлығын мемлекетке тапсыруға міндеттенді. Тек осы әдісті жүзеге асыру арқылы ғана әскерлер мен қалаларды  азық- түлік пен қамтамасыз ету мүмкін болды.

Әскери коммунизмнің саясаты деп анықталған, осы барлық шаралардың мемлекетте қалыптасқан төтенше жағдайда маңызы зор болды.

Соғыс кезінде жоғарғы билік органдарының жалпы құрылымы Кеңестік мемлекеттің қалыптасуынан бері ешқандай өзгеріске ұшырамаған және РС ФСР -дің 1918 жылы Конституциясында бекітілген.     

ВЦИК, оның президиумы және СНК (Совнарком) қызметін бір қалыпты жалғастырды, бірақ осы органдардың құқықтық қалыптары менқызметтерінің нысанында өзгерістер байқалды.

ҮІІІ Жалпы ресейлік Кеңестер съезі ВЦИК-ң президиумының құзіретін нақтылады. Президиум ВЦИК -ң отырыстарына құжаттар дайындады, оның қарауына декреттердің жобаларын ұсынды. ВЦИК-тің қаулыларының арасындағы уақытта президиум СНК- нің қаулыларын бекітуге немесе тоқтатуға, СНК-нң ұсынысы мен жеке наркоматтарды тағайындауға құқылы болды.

Сонымен, ВЦИК-тің Президиумы жеке дербес басқарушы және билік органға айнала бастады.

Сол уақыттағы төтенше жағдай барлық мемлекеттік органдарының үйлесімді жұмыс жасауын реттейтін органның ұйымдастыруын талап етті. Ондай орган болып, Жұмысшылар мен Шаруалардың Қорғанысының Кеңесі болды. ЖШҚК-ға мемлекеттің қорғанысына қажетті қаражаттар мен күштерді жұмылдыруға қатысты барлық құзыреттер берілді Оның төрағасы - Совнаркомның Төрағасы В.И.Ленин болды.

VIII Кеңестердің съезінің бекітуімен, заңшығарушылық органдарға Жалпыресейлік Кеңестер съезі, ВЦИК, оның Президиумы және СНК жатқызылды. Басқа органдарда жалпы мемлекеттік маңызы бар заң актілерін шығаруға құқылары болған жоқ.

Ресейдің пролетариаты Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бұрынғы әскерді демократизациялауға және демобилизациялауға, яғни әскери күштерді запасқа шығаруға кірісті. Әскер мен теңіз флотының барлық бөлімдері мен құрамалары контрревслюциялық офицерліктен және генералитеттен тазартылды. Әскер Совнаркомға бағынды. Барлық әскери бөлімдерде билік солдаттық комитеттер мен кеңестердің қолында болды. Демобилизация жағдайында әскер тек ерікті негізде ғана қалыптасты.

Әскер еңбекші таптардың 18-ге толған, саналы өкілдерінен жинақталды. Қызыл Әскердің қатарына азаматтар ешқандай ұлттық және нәсілдік белгілерге қарамастан алынды.

1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін таратылған сот ұйымдарының орнына құрылған жаңа революциялық соттар кең өріс алды. 1917 ж. 6-7 қарашасында Петроградта 5 мүшеден, кәсіби одақтан, үй-жай комитеттерінің кеңесінен тұратын Выборг ауданының халық соты құрылды. Новгородтық, Череповецтік, Кузнецктік революциялық соттар тұрақты судьялардан және губисполкомдармен сайланатын отырысшылардан тұрды.

1917 ж. 22 қарашада Совнаркоммен қабылданған №1 соттар туралы Декрет бойынша жергілікті соттар және революциялық трибуналдар ұйымдастырылды. Судьялар тікелей халықпен сайланды, ал оған дейін уақытша - Кеңестермен тағайындалды.

Контрреволюциялық күштермен күресу үшін, революция мен оның жетістіктерін қорғау мақсатында, жұмысшылар мен шаруалардың революциялық трибуналдары құрылды. Алдын-ала тергеуді жүргізу үшін, Кеңестерде ерекше тергеу комиссиялары құрылды.

РКП(б)-4 X съезінде әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа (НЭП) көшу туралы шешімін қабылдауымен, азық-түліктік үлестіруді азық-түліктік салықпен ауыстыру қажеттілігін көрсетті. НЭП-тың көлемінде ауылшаруашылықты көтеру үшін жасалған іс-шаралардың негізгі көздеген мақсаты - ірі өнеркәсіпті қайта тұрғызу.

НЭП жағдайында нарықты иелену, мемлекеттік сауданы  қатайту және ақша айналымын реттеу үлкен маңызға ие болды. Аса жылдам қарқынмен жеңіл өнеркәсіп дамыды, ірі металлургиялық және металл өңдеу кәсіпорындары қайта тұрғызыла бастады. Ауыр индустрия социализмнің негізгі материалдық-техникалық тірегі болды, ол халық шаруашылығының барлық салаларын қайта техникалық қарумен қамсыздандырды.

 

1. Стецовский Ю.И. История советских репрессий. Москва, Мегопроект,1997

2.Исаев И.А. История государства и права России.  Москва, Бек, 2002

3.Чистяков О.И. Национально-государственное строительство в РСФСР в годы гражданской войны 1918 –1920 гг.Москва, МГУ, 1964

4.Сырых В.М. История государства и права России Советский и современный периоды.Москва, Былина, 2000

5.Верт И. История советского государства 1900-1991гг. Монография, Москва, Мегопроект, 1998 (1992)

6.Расправа: Прокурорские судьбы /А.Г. Билоконь, В.А.Боборенев, Л,М.Зайка. Москва, Юр.лит., 1990

7.Колганов А.Н. Путь к социализму: трагедия и подвиг. Москва: Экономика, 1990

8.Кожинов В. Судьба России: вчера, сегодня, завтра: Москва, Молодая гвардия, 1990

9.Рогалина Н.Л. Коллективизация: уроки пройденного пути: Москва, МГУ, 1980

10.Медведев Р.А. О Сталине и сталинизме Москва, Прогресс, 1990

11.Киршнер Л.А. Канун и начало войны: документы и материалы: Ленинград, Лениздат, 1991

12.Черная книга коммунизма: Преступления террор, репрессии / С.Куртуа, Н.Верт, Л.Панне./   Москва, Мегопроект, 1999