- •Германия құқығы
- •Төртінші Республика
- •Ұлыбритания
- •2.3 Семинарлыќ сабаќтар жоспары
- •3. Тақырып. Орта ғасырдағы Европа мемлекеті және құқығы.(2сағ.)
- •5.Тақырып. Буржаузиялық Еуропа мемлекеті (хүіі – хіХғғ.)
- •6.Тақырып. Америка Құрама Штаты
- •7.Тақырып. Германия фашистік диктатурасы.
- •8.Тақырып. Ресей мемлекет және құқығы (1905-1917).
- •9. Тақырып. Ксро мемлекеттері мен құқығы.
- •Ерте – феодалдық францияның мемлекеттік құрылысы
- •11. Рим азаматтық құқығыңың жинағы ( б.З. Үі).
- •2.7 Курс бойынша жазбаша ж±мыстар таќырыптары
Төртінші Республика
Француз қарсылықтардың қозғалысын Генерал Шде Голль бастады. Англияда болған Шде Голль 1940 жылдың маусымында "Еркін Франция" қозғалысын қалады. (1942 жылдан бастап, қорғауға түскен Франция). Тез арада де голль ағылшын үкіметімен "барлық еркін франйуздардың басшысы" деп танылды. 1943 жылы жазда ұлттық босатудың біртұтас Француз комитеті құрылды, кейін Францияның уақытша үкіметіне де голльдің басшылығымен қайта ұйымдастырылған.
1944 жылы жазда ағылшын - американдық әскерлер Францияға келді.(2-ші франк). 1944 жылдың аяғына қарай Францияның едәуір бөлігі босатылды.
1945 жылы Францияның уақытша үкіметі жаңа Конституцияны құру үшін және сол уақытты референдум өткізу мақсатымен Құрылтай жиналысқа сайлау өткізуді шешті. Сайлаушыларға 2 сұраққа жауап беруге ұсынылды:
1) олар жаңа Конституция қабылданатынын, әлде 1875 жылы конституциялық заңдардың күшіне қалдырылғанын қалағандығы жөнінде.
2) Құрылтай жиналысымен қабылданған коституцияның жобасы соңғы ретінде қалыптастырылдыма? Әлде кейінгі референдуммен бекітілуге тиісті ме?
Референдум барысында сайлаушылардың 96,4% жаңа Конституцияның қабылдануын қалады, 63,3% - конституцияның кейінгі бекітілу халық дауыс берушілікпен жүзеге асыруы қажеттілігі жөнінде ниет білдірді. Құрылтай жиналысқа сайлауларға сәйкес дауыстардың көбісін комунистік партия, екінші социалистік, үшінші МПР (1944 жылда қалған халық республикалық қозғалыс) жинады.
Конституцияның жаңа жобасын 1946 жылы қазандағы реформада бекітілді. Преамбула 1989 жылы декларациямен хартияланған адам мен азаматтық құқықтары бекітілді. Сонымен қатар қосымша саяси құқықтар танылды. Конституция Парламенттік Республиканы құруды қарастырды. Парламент 2 палатадан тұрды: ұлттық жиналыспен Республиканың кеңесінен.
Республиканың Президенті парламентті 7 жылға сайлады және қайтарып бір мерзімде сайлануға құқылы болды. тікелей мемлекетті басқаруды министрлердің кеңесі жүзеге асырылды.
Жалпы 1946 жылғы Конституция XIX ғасырдың республикалық конституциялардың дәстүрлерін сақтады, бірақта ол үшін демократиялық қозғалыстың өсуіне себепші болған арнайы белгілер тән:
1. Парламенттің 2 палаталы жүйесі сақталды, бірақ жоғарғы палатаның құқықтарының шектелуімен (Республиканың кеңесі);
2. заңдарды қабылдау құқығы да бір палатада;
3. парламенттен тәулсіз және күшті президенттік үкімет қарастырылмады;
4. Үкіметпен ұлттық режим енгізілді.
Конституциялық реформалар
1848 жылы республиканың кеңесіне сайлаулардың мажоритарлы жүйесі енгізілді, кейін ұлттық жиналысқа арналған сайлаулар үшін де 1951 жылғы 8 мамырдың заңына сәйкес партия немесе партиялардың жиыны сайлауышылардың 50% астам дауыс алса, бұл округте барлық мандаттар алған (егер бұл жүйе бірде бір партияға қажетті дауыс салып).
Республикасының кеңесінің мәртебесі өзгертірілді. 1954 жылы 7 желтоқмандағы заң мен 2 палата заң шығарушылық салада теңестірілді.
Бесінші республика.
Төртінші республиканы конституциялық режимінің түсуінің тікелеі себебі болып Алжирдегі оқиғалар қарастырылды. 1958 жылы сәуір-мамырда онда ұлтты - босатшылық қозғалыстардың күшейуін талап ететін күштер қарқында түрде белсендірілді. Олардың тарабында бірнеше колониялдың әскерлер болды. "Француздық Алжир" атты ашық әскери әркеттер басталады.
Жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Оның негізін сол уақыттағы француз мемлекетіне қатысты де Голльдің идеялары құрады. 1958 жылы Коституция 5-ші республикалық туын білдірді.
Конституцияға сай Президентте атқарушы биліктің басқарушысы ретінде кең өкілеттіліктер берілді (Премьер -мингистірді сайлау, заң шығарушылық бастама, т.б.). үкіметтегі екінші тұлға министірдің кеңесін басқарған Премьер-министр болды. Республикалық парламентті 2 палатаға бөлінді: ұлттық жиналыс пен Сенатқа Коституциялық кеңес Конституцияны негізінде құрылған жаңа органы ретінде қарастырылды.
Осылайша 1958 жылы Коституция Францияда күшті Президентті Республиканы құрды. Бесінші республиканың режимі 1969 жылдан кейінде сақталды.
