Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰҚЫҒЫМЕН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
30.12.2019
Размер:
169.7 Кб
Скачать

4

Ќосымша єдебиеттер:

Кайнар көздер тізімі

1.  Законы ХІІ таблиц / Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв. ред. В. И. Уколова. М., 1996.

2.  Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В 2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1.  Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.

2.  Винничук Л. Люди,нравы и обычай Древней Греции и Рима // Пер. с польск.-М.,1988.

3.  Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства (формирование основ социальной структуры и политической администрации).-М.,1983.

4.  Город и государство в Античном мире: проблеы исорического развития.-М.,1987.

5.  Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права. - М.,1986.

6.  Кечекьян С.Т. Государство и право Древней Греции.-М.,1963.

7.  Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947.

8.  Андреев М. Недвижимая собственность в Риме до ХІІ таблиц // Вестник древней истории. 1955. №. С. 142-146.

9.  Бартошек М. Римское право. Понятие, термины, определения. М., 1989.

10. Бирюков Ю.М. Государство и право Древнего Рима.-М.,1969.

11. Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима. -М., МГУ.1963.

12. Гюнтер Р. К развитию социальной и имущественной дифференциации в древнейшем Риме // Вестник древней истории. 1959. №41. С. 52-83.

13. Дождев Д.В. Римское архаическое наследственное право. М., 1993.

14. Кофанов Л.Л. Владение и собственность в Законах ХІІ таблиц // Древное право. Luz antiguum. 2000. №6. С. 146-159.

15. Кофанов Л.Л. Обьязательственное право в архаичес ком Риме (ҮІ – ІҮ вв. До н.э.). М., 1994.

16. Кофанов Л.Л. Характер коллегий и проблема неразделенной коллективной собственности erctum non citum в Законах ХІІ таблиц // Антиковедение и медиевистика: Сб. Науч. Трудов. Вып. 2. Ярославль, 2000. С. 14-25.

17. Нечай Ф.М. Образование Римского государства.-Минск,1972.

18. Покровский И.А. История римского права. СПб., 1998.

19. Римское частное право / под ред. И. Б. Новицкого, И. С. Перетерского. М., 1995. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.

20. Савельев В. А. Римское частное право (проблемы истории и теории). М., 1995.

 

Таќырып 5. Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және құқығы

Батыс Рим империясы құлағаннан кейін  аласапыран заманда оның үйіндісінде бірнеше варварлық корольдіктер пайда болды және олардың өзара күресі күшейе  басталды. Бұл күрес өз кезегінде  корольдік ішіндегі  күреске әсер етті. Соғысушы корольдер  қарсы жақтың ірі тайпа басшыларын  өз жағына  шығару үшін әр-түрлі уәде бере бастайды. Кей кездерде  ірі ру  не тайпа басшылары  өздері қоныстанған  жерімен  бірге  көрші корольдікке өтіп кетіп отырған.

 Басып алынған территорияларда тауар-ақша қатынастары нашар дамығандықтан  корольдер территория бөлшектеніп кетпес үшін жергілікті әкімдерге  қызметі үшін ақшалай  жалақы бере алмағандықтан  жер беріп, өзіне бағынышты  етіп  ұстауға тырысты. Міне осылай ру ақсақалдарына  қарағанда өзіне әлеуметтік, әскери және экономикалық тірек болатын  жаңа топ қалыптаса бастады. Мұндай қызметі үшін берілген жер франктерде феод (фьеф) немістерде –ленн, орыстарда – вотчина, мұсылман мемлекеттерінде-икта деп аталды.

Сонымен феодализмнін  мынадай негізгі   белгіліері  бар екенін   көреміз.

Саяси –құқықтық

Әлеуметтік –экономикалық

1. Жерге меншіктің жоғарғы билікпен байланысты және әскери теңдік қатынастар.

1.Натуралды шаруашылық үлкен территорияларға билік жүргізуге  қиындық келтірді.

2. Король мен феодалдың арасындағы ант беру арқылы бекілген тікелей бағыныштылық келісім.

2. Сондықтан елді басқару феодалдық қатынастардың негізгі ұясы-вотчина, әсери қызметі үшін мұрагерлікке немесе шартты  иеленуге берілген жер арқылы жургізілді.

3. Жерді иеленудің иерархиялық жүйесі. Король – вассал /сеньор/-вассал.

3. Вотчина /орыстарда /немесе /феод/ франктерде, ленн /немістерде/ иесі өзіне берілген жерден шаруаларға жер үлесін берді.

4. Жерді иеленудің шартты сипаты, яғни әскери қызмет үшін жер иелену.

4. Жерді пайдаланғаны ушін шаруалар  фоедалдарға заттай, ақшалай және еңбекпен өтеу арқылы төлем төледі.

5. Екі жақты міндеттер жүйесі корольдің міндеттері–вассалдың міндеттері.

5. Феод иесі жер алғаны үшін корольмен бірге жорыққа шығумен бірге өзіне берілген  жерде бекініс құру, көпірлер мен жолдар салу, жөндеу және шіркеу салығын төлеу, корольдың ұлы рыцарлыққа өткенде, қызы күйеуге шыққанда сыйлық және қажет  кезінде ақшалай алымдар.

 

Франк мемлекетінің пайда болу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.

486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ену үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтгі. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.

Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті.

Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.

Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады.

Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.

Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа  жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Франк мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.

Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.

Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы – майордом болды.

Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.

Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.

Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король кеңесінің мүшесі болды.

Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.

Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.

Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.

Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.

Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.

Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды.

Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.

Франк құқығына жалпы сипаттама. Бесінші  гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды.

"Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген.

Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.

Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды.

Франция мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық құрылысы. Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.

Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.

Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.

Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі – сеньорлардың меншік монополиялық құқығы – боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға  міндетті нан пеші, ұн диірмені және т.б.Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған.

Мемлекеттік құрылыс. Франция патшалығы көптеген фьефтер -  феодалдық иеліктерден (герцогтік, графтік және т.б.) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды.

Вассалиттетік қатынас барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы -   Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т.б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған.

Вассалитеттік қатынас алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған.

Мемлекеттің басқару органдарының құзыры мынадай:

Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды.

Жалпы мемлекеттік сипаттағы жалғыз орган Корольдік курия немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын.

Жергілікті басқару жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты.

Француз соты орта ғасыр юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы.

Орта ғасырлық құрылысқа сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты» сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі.

Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды.

Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа ие болды.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі  күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық:

-  қала өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы король өкіметінің негізі  болып табылатын әлеуметтік-экономикалық қатынасты нығайта түсті.

-  үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін  король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды.

-  Король билігі сыртқы жаумен күресу үшін ең сенімді, тұрақты күш.

Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері.

Король домені тең әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады.

Баляждар превотаждарға бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі функциялары бойынша бөлінген.

Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны  өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері -  эшевендер.  Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады.

Сот жүйсінде белгілі өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты  Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот.  Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған.

Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.)  істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.

ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды.

Абсолюттік монархия кезеңі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.ғ.). ХҮІ ғасырда Францияда капиталистік өндірістің бірінші сатысы болып табылатын – манфактура дамыды. Мемлекетте ақша – тауарлық қатынастың жедел дамуы жалпы ұлттық нарықты қалыптастыруына ықпалын тигізді.

Капитализмнің дамысы қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Жаңа әлеуметтік класс – буржуйлар, сонымен қоса жалданбалы жұмысшылар тобы пайда болды.

Әлеуметтік-экономикалық құрылыс өзгерісі француз қоғамын мемлекеттік трансформацияға әкеп соқтырды. ХҮІ ғасырдың басында абсолюттік монархия қалыптасты. Мемлекет басшысы - корольдің қолына заң шығарушы, атқарушы, сот функциялары шоғырлануы, абсолюттік биліктің негізгі сипаты. Осыған орай, мемлекет механизмін құрайтын армия, полиция, әкімшілік – қаржы аппараты, сот тек корольге бағынады.

Францияда мемлекеттік бюрократиялық аппарат құрылды, оның ерекшеліктеріне тоқталсақ:

 Үкімет монархқа пайда түсіреді деген ниетпен біршама лауазымдарды сатты. Осының нәтижесінде елде көптеген шенеуніктер пайда болды. Оларды қызметінен босату мүмкіндігі аз, және олар өздерін тәуелсіз тұлғалар ретінде сезінді.

 ХҮІ ғасырдағы саяси дағдарыс нәтижесінде, соның ішінде діни соғыстар кезінде өз жағына тарту мақсатында мемлекеттік аппараттағы маңызды постыларды (губернатор, бальи, прево және т.б.) біліктілердің өкілдеріне беруге тура келді. Бұл лауазымдар соңына келе, салт-дәстүр бойынша кейбір аристократиялық отбасыларының жалпы мақтанышы болып қалды.

Демек, сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде қалыптасқан мемлекеттік аппарат алғашқы мазмұндық сипатына сай келмеді.

Орта ғасырдағы Франция құқығы. ҮІ –ІХ ғасырларда француз қоғамында әрекеттенген «варварлық құқығы» қуаттылығын толығымен жояды. Қоғамды реттеуші нормалар жергілікті әлеуметтік топ мойындаған, таныған әдет-ғұрып құқық (кутюм) нормалары. Провенция территориясында қолданыста жүрген жалпы кутюммен бірге әр аудандардың, қаланың, поселктердің және қаланың кейбір бөлігінің жеке әдет-ғұрып құқықтары болған.

Франциядағы юридикалық нормалардың өрнектелуі мен қалыпқа түсуіне қарай екі бөлікке бөлген. Францияның шығыс бөлігі жазылған құқық елі деп аталса, солтүстік бөлігін әдет-ғұрып құқық елі деп атаған. Демек шығыс провенциялары Рим империя құрамында болды. Сондықтан бұл аумақтағы халықтар үшін рим құқығы ұлкен әсерін тигізген. Бірақ та жергілікті кутюмдер де қосымша құқық қайнар көзі болып табылады.

Францияның солтүстік өңірінде жалпыға ортақ юридикалық ескерткіш қабылданбауы әдет-ғұрып құқығының өмірін ұзартады.

ХҮ ғасырда ғана алғашқы кутюм жинақтары шыға бастаған. Елдің шығыс бөлігінде: «Титулсыз сеньор жоқ» деген қанатты сөз қолданылса, солтүстігінде «Сеньорсыз жер жоқ» деген формула өмір сүрген.

Әрекет етуші феодалдық құқық азаматтық құқыққабілеттілікті шектеді. Жер тек қана дворян меншігі болып табылған. Бірақ канон құқығы қарыздан үстеме пайыз ұстауға және дене еңбегін сатуға тыйым салды. Сеньориалбдық институттың заттық құқық институты ретінде саталып қалуы тұрғындарды сословияға бөлді, ал цехтық құрылыс еркін бәсекенің дамуына тиек болды.

Неке – отбасылық қатынас канон құқығымен реттелді. Шіркеу қызметкерлері мен клириктердің қылмысын шіркеу соты қарастырған. Сонымен қатар ерес, діннен безу, сиқырлық, магия, некесіз бірге тұру және т.б. қылмыстар шіркеу сотында қаралған.

Франция тарихында қылмыс түсінігі, сотта дау қарастыру процедурасы тұрақты өзгеріп отырған. ХІҮ ғасырдың басына дейін құдай (ар, ордалии) соты, жекпе-жек соты өмір сүрген. Шаруалар таяқпен, рыцарлар қылыш немесе айыр балтамен күрескен.

Шіркеу тәртібі бойынша, ордалииді құрғақ нан мен ірімшікті жегізу арқылы жүргізетін. Айыпты немесе кінәлі адам қақалып өліп кетеді деп санаған.

ХҮІІІ ғасырда жазылған атақты легист Ф. Бомануардың «Бовези кутюмдері» атты шығармасында тұнғыш рет француз қоғамы таныған, қылмыстар мен жазалар тізімі берілген.

Бұл шығармада ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, опасыздық, жалған куә болу, зорлау, әйел адам жасаған ұрлық, өрт жіберу, ұрлық, жалған монета жасау және діннен безу жатқызылған. Олар үшін дарға асу, өртеп жіберу жазасы қолданылған.

Англосаксондық қоғамда феодалдық қатынастардың қалыптасуы және Англия мемлекетінің пайда болуы. Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік-батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд",  кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.

Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер  құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.

Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған.

2/ Корол сарайы - орталық мемлекеттік басқару органы болған.

Король сарбаздары мен қызметшілері мемлекеттік қызметшілер мен феодалдарға айналады.

Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы.

Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген.

Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.

Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.

Өкілетті-сословиелік монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.

Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және  копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.

1539 ж. король мен парламент актілерінің теңдігі жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған заң король қол қойған соң ғана заңдық күшке ие болады деген ереже бекітіледі. Король билігі күшейгенімен, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды.

Ағылшын құқығына сипаттама. Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет-ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көздері мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/.

І Вильгельмнің тұсында әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/.

Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін.

Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін.

Сот процесінің мынадай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн: алдымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бұзған норма мәлімделеді, содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті елдің талаптарына сай оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге бөліп пайдаланса, процесс өте сапалы, демократияға лайық, өркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ, бұлай болу үшін көп уақыт керек.

Қылмыстық соттар. Қылмыстық істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмсытық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды.

Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді.

Германияда ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы. Германия жеке феодалдық мемлекет ретінде Франк империясы ыдырағаннан кейін шығыс франктардың жерлерінде құрылды. Оның территориясы 4 герцогтіктен құралған болатын. Бұл герцогтіктер: Саксония, Франкония, Швабия және Бавария. Әр герцогтікте халықтың этникалық құрамы және феодализмнің даму деңгейі әртүрлі болатын. Кейіннен Германияның құрамына Франциядан тартып алынған Лотарингия герцогтігі кіреді. ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Х ғасырдың басы тайпалық сипатын әлі толық жоғалтпаған және бір-бірімен байланысы шамалы осы герцогтіктердің өзара күресі толық болды.

Х-ХІІ ғасырлардағы біршама орталықтану кезеңінен кейін ХІІІ ғасырда феодалдық батыраңқылық кезеңі басталады. Бұған өз себептері бар еді. Германия территориясындағы феодализмнің қалыптасуы көрші Францияға қарағанда баяу және біркелкі емес жүрді. Мемлекеттің толық бірігуіне герцогтіктер халқының этникалық айырмашылықтар және олардың күресі бөгет болды. Германияның орталықсыздануына сыртқысаяси факторлар да өз әсерін тигізді. Феодалдық Германияның сыртқы агрессиясының 2 негізгі бағыты - Италия және славяндық Шығыс бағыттары - Германия герцогтіктерінің, күшпен қосылған славян жерлерінің және Солтүстік Италияның 1 империяға бірігуіне әкеліп соқты. Бұл империя "Герман ұлтының қасиетті Рим империясы" деген атпен белгілі.

Германияның орталықтандырылуына мемлекетпен шіркеудің арасындағы ашық күрес әсерін тигізді.

Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен формальды түрде байланысқан ұсақ мемлекеттерге айнала бастады.

Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді:

1. Германиядағы ертефеодалдық, біршама орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңі /Х-ХІІ ғғ/

2. Территориалдық батыраңқылық кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/

ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады.

Қоғамдық құрылыс. Х-ХІ ғғ. герман феодализмі аяқталмағандықпен сипатталады. Ұсақ ерікті жер иеленушілер массасы сақталып қалады. Ерікті шаруаларды тұрақты ауыл қауымы марка біріктірген. Иерархиялық лендік жүйе және феодалдық иммунитеттер әлі де толық анық сипатқа ие болмайды.

ХІ-ХІІ ғғ. Германияда негізгі тап-сословиелер қалыптасты.

Феодалдар табы ру тайпалық және қызметшілік аристократиядан қалыптасты. Рулық аристократияға герцогтер жататын. 2-ші топты әкімшілік округтердегі маңызды азаматтық және діни лауазымдарды иеленген графтар құрайтын. Ірі жер иеленушілерге сот функцияларын атқарған король шенеуніктері - фогттар да айналады. Осы күштер ХІ-ХІІ ғғ. үлкен одаққа бірігіп, орталықтандыру процессіне кедергі жасайды. Ірі феодалдар территориялық княздер сословиесіне бірігеді. Осы сословиеге шіркеу князьдері де кіреді. Князьдер сословиесі толығымен ХІІІ ғ. ортасына қарай қалыптасады.

Рыцарьлар тобы ұсақ дворяндардан және ауқатты шаруалардан қалыптасты. І Генрихтің әскери реформасы бойынша бұл сословиеге кез-келген ат үстінде соғыса алатын еріктілер қабылданатын болды. Рыцарлар қатарына көбінесе министериалдар король мен феодалдардың қатарынан шыққандар болатын.

Феодалдар 6 рангқа бөлінген. Рангқа министериалдардың арасынан шыққан рыцарьлар да енгзілді және осы топ "шеффен сословиесі" деп аталды.

ХІІІ ғ. қарай шаруалар 2 категориядан тұратын еді: ерікті және еріксіз шаруалар. Ерікті шаруаларды чиншевиктер мен арендаторлар құрайтын. Олардың феодалдарға тәуелділігі шектеулі болды. Шаруалардың көпшілігі еріксіз болды және бұл категорияны литтар, батрақтар мен жеке тәуелділіктегі басыбайлылар құрады.

Мемлекеттік құрылыс. Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді.

Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын.  І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді.

Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін.

Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын.

Орталық және жергілікті аппараттың әрекет етуіне императорлар ХІІ ғ. бастап шектеулі түрде ғана араласа алатын.

Италияны басқару үшін ерекше аппарат құрылды. Оны Германияның жоғарғы діни қызметкерлер мен князьдердің арасынан тағайындалатын канцлер басқаратын. Одан басқа әкімшілік және әскери өкілеттіктері бар император жаршылары, император мүлігін пфальцграфтар басқарады және қала префектері канцлерге қызмет ететін.

2. ХІІ ғ. бастап Германия феодалдық батыраңқылық кезеңіне аяқ басты. Мемлекет көптеген князьдіктерге, графтіктерге, баронияларға ыдырайды. Осы уақытта қоғамның сословиелік топтық құрылымында өзгерістер байқалады. ХІҮ ғ. сословиелік өкілдік жүйесі толық қалыптасады. Сословиелік құрылымның ерекшелігі мемлекет масштабында бірліктің болмауы еді. Империяда империялық сословиелер немесе шендер, князьдіктерде земстволық сословиелер қалыптасады. Бірінші топқа империялық князьдер, рыцарьлар және қалалар кіретін. Екінші топты князьдіктердің дворяндары мен дін иелері және қалалар /князьдік/ құрайтын.

Төменгі дворяндар - рыцарьлар өз маңызынан айырылады және кедейленеді. Шіркеу қызметкерлері 2 топқа: жоғарғы /епископтар, аббаттар/ және төменгі /қала және ауыл дін иелері/ болып бөлінеді. Жоғарғы топ курфюрстар сословиесіне енді.

Германия қалалары 3 топқа жіктелді. Бірінші топтағы империялық қалалар императордың вассалдары болды. Король билігі әлсіреген сайын олардың құқықтары да көбейіп отырды. Ерікті қалалардың құқықтары империялық қалалардікімен: бірдей болды, бірақ олар салықтардан және әскер беру міндетінен босатылған еді. Князьдік қалалардың өзін-өзі билеуі шектеулі болды және құқықтары аз болды.

Қала халқы да 3 топқа жіктелді. Барлық қала лауазымдары патрициаттың қолында болды. Оған оппозицияда 2 топ: бюргерлер және қалалық плебей тұрды.

Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың негізгі бөлігінің жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. ХІҮ ғ. Германияда шаруалардың құқықтық жағдайы әртүрлі 3 аудан: Саксония, Оңтүстік-батыс аудан, Шығыс өңір қалыптасады.

Сословиелік топтар өзара тынымсыз күрес жүргізді және ұқсас топтардың бірігуіне провинциялардың өзара айырмашылықтары және алшақтықтары кедергі жасады.

Мемлекеттік құрылыс. ХІІІ ғ. бастап Германияда саяси билік пен басқарудың жекелеген орталықтары қалыптаса бастады.

Орталық аппарат іс жүзінде курфюстардың қолында болды. ХІІІ ғ. король билігі князьдердің үстінен бақылаудан толық айырылады. Штауфен әулеті императорларының сепаратизмді шектеуге бағытталған шаралары нәтиже бермейді. Король князьдерге қатысты "тең князьдердің арасындағы бірінші" болды.

1356 ж. император Карл ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны басқару 7 курфюрсттың қолында шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен империялық сот қызмет етті. Рейхстаг жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді.

1495 жылы Вормс рейхстагтағы империялық жоғарғы сотты құрады. Соттың 14 мүшесін курфюрсттар мен князьдар, 2 мүшесін қалалар, төрағасын император тағайындайтын. Империяны князьдар басқаратын 10 округке бөлу көзделді. Осы 10 князь сот шешімдерін жүзеге асыруға тиіс болатын. Бұл үшін князьдерге әскери контингенттер беру  көзделді. Империяны басқару шығындарын өтеу үшін "жалпыимпериялық пфеннинг" салығы енгізіледі.

Герман феодалдық құқыққа жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды.

Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық  құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген.

Шығыс славяндардағы мемлекеттіліктің қалыптасуы. Б.э.д. екінші мыңжылдықта  Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен Днепр және Одеро аралығында славяндар өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті.

Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды этникалық массивтер, венедалар Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді.

І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда болды.

Шығыс славяндар Шығыс Европа бөлігін алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды.

Демократиялық ұйымын - халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі басқару органының қалыптасу процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте-бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып,  қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты.

ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде көшпенділер арасындағы күрестің нәтижесінде бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін құрады. Псковтық,  Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады.

Киев Русінде феодалдармен бірге ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді тұрғындар және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды.

Киев Русі негізінен ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды:

-        ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы

-        халық әскері

-        жолданбалы /жасақ/ әскер

Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды.

Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді.

Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды.

Изгой - өзінің бұрынғы жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық құқықсыз болды. Басқа себептермен құл атанған адамдар "холоп" деді.

Орыс Правдасында "челядин" деп толық құқығы жоқ, басшысының қол астындағы құлдар.

Ал қала тұрғындары екі негізгі топқа бөлінеді: төменгі дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары.

Орыс Правдасында басқару жүйесінің даму процесін анықтап, айыппұл көлемін белгілеген.

Мұрагерлік құқық жеке меншіктің нәтижесінде қалыптасты. Әке мұрасы кенже ұлына берілді, ал қыз балалар мұрагер ретінде танылмады. Орыс Правдасы саудагерлер арасында заем шартының айналымын, сауда айналымындағы несие жүйесі, мәміле жасау үшін арнайы сенімхаттың болуын талап етті. Жазбаша ескерткіш құқығында қылмыс және жазаның баптары көрсетілген, онда қылмыс, мүліктік қылмыстар, моральдық, материалдық, физикалық зардап т.б. ұғымдарайқындап көрсетілген. Қылмыс объектісі - князь билігі, мүлік, қылмыстың объективті жағы- қылмысқа оқталу, аяқталмаған қылмыс. Ал қылмыс субъектісі болып құлдар танылмайды. Субъективті жағы қасақана қылмыс жасау. Ең аса ауыр қылмыс князь билігіне сұғу болып табылды. Сонымен бірге шіркеуге қарсы, тұлғаға қарсы, мүлікке, адамгершілік және жанұяға қарсы қылмыстардың түрлері болды. Жаза: айыппұл, қанға -қан,жанға-жан , компенсация , аяқ, мұрын кесу, көзін ою сияқты жазаның түрлері болды. Өлім жазасын қолдануға рұқсат берілді. Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы мен қалыптасуы құқықпен тығыз байланысты. Ең басты заң шығару ескерткіші  Орыс Правдасы. Киев Русі осы құқықтар арқылы жергілікті, отандық жер байлығын, қоғамдық қатынастарды, қоғамдағы тәртіпті бекітті.

Негізгі єдебиеттер:

1.  Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.  Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.  Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.  Корсунский А.Р.Образование раннефеодального государства в Западной Европе.-М.,1963.

2.  КорсучскийА.,Гюнтер Р. Упадок и гибель Западно-Римской империи и возникновение Германских королевств.-М.,1984.

3.  Крашенникова Н.А. Великая Французкая буржуазная рыволюция и ее первые конституционные акты.//Вестник МГУ.-1989.-№4.

4.  Лисневский Э.В. История государства и права Великобритании.-Р.Д.,1975.

5.  Литаврин Г.Г. Византия, Болгария,Др.Русь.СПб.2000.

6.  Лопоухов Б.Р. Истрия фашисткого режима в Италии.-М.,1977.

7.  Люблинская А.Д. Французкий абсолютизм в первой трети 17в.-М., Л., 1975.

8.  Петрушевский Д.М. Очерки по истории английского государства в средние века. –М.,1930.

9.  Прело М. Конституционное право Франции.-М.,1957.

10.       Проблемы истории абсолютизма: Ученые записки Всесоюзного заочного юридического института .//Под.ред.К.И.Батыра.-М.,1957.

11.       Прокопьев В.И. Армия и государство в истории Германии 10-20вв.-М.,1977.

12.       Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.Идеи и институты Древней Греции.-М.,1989.

13.       Рождение Французкой буржуазной политико-правовой системы.1990.

14.       Савело К.Т. Раннефеодальная Англия –М.,1977.

Таќырып 6. Орта ғасырдағы Шығыс мемлекеттерінің мемлекет  және құқығы.

Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп отырған Азия  құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония  сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб  әмірліктері  атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның  барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман  мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық.

Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан  және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке  қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы  өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

Мұсылман құқының қайнар көздері – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс-  туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі  негізгі дін қағидалары комплексі  шариат  деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап  тура жол ұстаумен тығыз  байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар  мен мұсылмандардың өзара қатынасы  және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған  жағдайлары  байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым  әл фих юристируденция зерттесе,ал  шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады.

Мұсылман  сот ісі алғашқы халифтер кезінде жүзеге  аса бастады. Шариат нормалары бойынша сот ісін жүргізуі  чиновники  кады   немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634-644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған  аймақ азаматтық  және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында  қаладағы қоғамдық орындар  мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды.

Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп атады және осындай жердің бәрінен  арнайы салық харадж алынды.

1.                  Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі мұсылман еместерден алынатын жан  басы салығы. Бұл салықты жаулап алған кезде аман қалдырғаны үшін кәмелетке толған барлық ер адамдар төледі.

2.                  Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген.

3.  Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан  алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.

Негізгі єдебиеттер:

1. Сарсенбаев М.А. Мусульманское право. Оқулық. Алматы: Данекер, 1993

2. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право:Вопросы теории и практики. Оқулық: Москва, 1986

4.  Беляев Е.А., Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье.Москва, Наука 1966

5.   Садагдар М.И. Основы мусульманского право. Москва, Наука 1968

6.  Капинский С.А. Институт монарха в странах Арабского Востока. Москва, Наука 1981

7.    Утеулин Д. Феномен Мухаммаеда// Юрид газета, 20 қаңтар 1999

8.  Баишев Ж., Байкенов В., Сарсембаев М.   Мусульманское право. Алматы: Данекер 1999

9.  Киримов Р.М. Шариат и его социальная сущность. Москва, Наука 1978

10. Еремеев Д.Е. Ислам: образ жихни и стиль мышления.Москва, Политиздат, 1990

11. Мавлютов Р.Р. Ислам: Москва, Политиздат. 1969

12. Давид Р. Основные правовые системы современности. Москва, Прогресс, 1988

13. Вагабов М.В. Ислам и семья. Москва, Наука, 1980

 

Таќырып 7. Буржуазиялық Еуропа мемлекетті.(XVII-XIXғғ)

Буржуазиялық Ұлыбритания мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің  барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде  мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып,  Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық  саяси  тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.

Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай,  болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм-революция идеологиясы.ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың  маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды.

Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады.Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды;  король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.

Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан  қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы  жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының  нәтижесі болды.     Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды.  Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:

1.     конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);

2.     бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);

3.     төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);

4.     индепенденттік республика (1649-1653).

Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады.

Кромвель протектораты.  Кромвель билігі жеке диктатура сипатын жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді.  Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды.

Франция револциясының басталуы. Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады.  Ішкі базар  өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі )  өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын  нақты зерттеді.

1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай  үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара-пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады.

Конституциялық монархия. Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары  (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды.

Жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органы – муниципалитет құрылады. Бір уақытта буржуазия өзінің қарулы күштерін құруға кірісті. Әрбір ұлттық гвардеецтің бағалы қаруы,құрал-жабдықтары, шарттары,өзінің есеп шоты болуы керек. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғысқа қатысқан- маркиз М.Ж. Лафайет  Ұлттық гвардия басшысы болып тағайындалды. Нәтижесінде мемлекет либераль дворяндар мен бай буржуа мүддесін жақтаушы саяси топ өкілдерінің қолына өтті. Оның басшылары ретінде- маркиз Лафайет, аббат Сиейес, атақты астроном Байи, ағартушы-социоллг А. Барнов, А.Ламет және граф Мирабо ескі құрылысты толық жоюға ұмтылмады. Олардың идеалы ретінде конституциялық монархия танылды, сондықтан да олар өздерін конституционалистерміз деп атады. Құрылтай жиналысында «феодализмнен бас тарту» заңы1789 жыпы тамыз айында салтанатты түрде жарыққа шықты. Бірақ бұл заңда ең бастысы шаруалардың талаптары қанағаттандырылмаған. Бұл заңда феодалдардың жеке құқықтары (серваж, «өлі қол» құқығы, аң аулау құқықтары) салыстырмалы түрде алынып тасталды. Ал қалғандары: жерге құқығы, нақты төлемдер, сеньорға тиесілі, шаруалардың жер учаскісін ұстап қалу сияқты құқықтары сол қалпында сақталынып қалды.

1789 жылы 26 тамызда Құрылтай жиналысында революцияның маңызды құжаты - Адам және азаматтардың құқығы Декларациясы қабылданды. Бұл құжат революция бағдарламасын құрғандай, халықты жұбату мен «ағалық тұтастықты» сақтауға әрекет етті. 

Декларация авторлары бірінші кезекте энциклопедистер еңбегіне негізделе отырып жасады. 1776 жылғы Американдықтардың Тәуелсіздік Декларациясын, 1776 жылғы Виргиндік декларация құқығын, сонымен қоса, отандық мемлекеттік-құқықтық тарих құжатын, Француз Бас штат декларциясын, Париж парламентінің ремонстрациясын  нақты құжат үлгісі сипатында танып, қолданды. Декларация жалпы ұлттық манифест рухын, адамдардың бостандық қағидасын қалыптастырды: «Адамдар өмірге келген сәттен бастап, ерікті және тең құқықты болып танылады» (1 бап). Декларацияның демократиялық мемлекеттік-құқықтық құрылыс қағидасының ішінде ерекше рөлді «адамның табиғи және айырылмайтын құқығы», «халық егеменділігі» және «билік бөлінісі» қағидалары жүзеге асырады.

Декларация қабылдағаннан кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:1). ұлтының француз болуы; 2). 25 жасқа толу керек; 3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек; 4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек; 5). қайыршылық жағдайда болмауы керек;

1791 жылы Құрылтай жиналысы мүліктік ценз көлемін бірнеше есеге төмендетті. 6000 адамнан көп қала тұрғындарына әрбір 200 күн үшін жалдамалы еңбектің орташа ақысын тең көлемде есептей отыра, узуфрукт  көлемі мен меншік кірісін шектеді.

1791 жылғы Конституция. Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті.  Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады:

әскери іс бойынша - жыл сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау;

қаржы шеңберінде - жыл сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына кеткен шығындарды есептеу;

әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау;

әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту;

сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң  шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды   қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды.

 

Негізгі єдебиеттер:

 № 7 Негізгі оқулықтар (12 бет қараңыздар )

Ќосымша єдебиеттер:

1.     Батыр К.И. История государства и права Франции в периоды буржуазных революций 1789-1794 гг. Москва, ВЮЗИ 1984

2.     Авхадеев Ю.И., Бажанов Л.Т., Батыр К.И. Государство и право Парижской Коммуны, Москва, наука 1971

3.     Оларь Политическая история Французской революции : Происхождение и развитие демократической республики. Петербург, Просвещение, 1936

4.     Кислица Н.А. Французская буржуазная революция 1789-1794 гг. Москва, Просвещение,1968

5.     Молчанов Н.Н. Четвертая республика: Москва, Соцэкиизд.,1963

6.     Галанза П.Н. Феодальное государство и право Германии Москва, Госюризда,1963     

7. Галкин И.С. Создание германской империи. (1815-1871гг.) Москва, Высшая школа, 1986

8. Лисневский Э.В. История государства и право Великобритании: Ростов-на-Дону, Издательство Университета Ростова-на-Дону, 1975

9. Левина Г.Р. Очерки истории Англии: Средние века и новое время: Москва, Межд. отношения, 1959

10. Барк М.А. Великая Английская революция в портретах ее деятелей:Москва, Мысль, 1991

11. Барк М.А. Кромвель и его время. Москва, Учпедгиз, 1950

12. Лабутина Т.Л. Политическая борьба в Англии в период реставрации Стюартов (1660-1681гг.): Москва, Наука, 1982

13. Хилл К. Английская революция Москва, Иностранная литература, 1947

 

Таќырып 8. Америка Құрама Штатының мемлекет және құқығы.

ХYІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс. ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка  ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.

Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары»  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.     

1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс  метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.

1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас  қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы. 

1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы. 1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат.

1781 жылғы Конфедерацияның құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.

1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша үкімет органдарының жүйесі. 1787 жылы Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды.

Қосымша єдебиеттер:

1. Аптекер Г. Американская революция 1763-1783гг. Москва, Иностранная лит. 1962

2. Бельсон Я.М. Ливанцев К.Е. История государства и право США. Ленинград, ЛГУ, 1982

3. Болховитинов  Н.Н. США: проблемы и истории: Москва, Наука, 1980

4. Зубок Л.И.  Очерки истории США: Москва, Наука, 1956

5. Карри Д. Конституция США: Алматы, Казахстан, 1994

6. Конституция США: История и современность. Под.ред. Мишина А.А. Москва, Юрид.литература, 1988

7. Фостер У. Очерки политической истории Америки: Москва, Иностранная литература 1955

8. Севостьянов Г.Н. Очерки новой  и новейшей истории США: Учебник: Москва, Юридическая литература, 1960

9. Черняк Е.Б. Государственный строй и политические партии США: Москва, АНСССР, 1957

10. Ширяев Б.А. Политическая борьба в США (1783-1801):Ленинград, ЛГУ, 1981

11. Согрин В.В. Основатели США: исторические портреты: Москва, Наука, 1983

12. Политические партии США в новое  время:  Под. ред. Сивачева Н.В.Москва, Мысль, 1981

13. США: Под.ред. Петрова Ф.М. Москва, Наука, 1982

14. Уманский П.В. Американская революция XVIIIв. в буржуазной  историографии США: Конец XVIII-60-е годы XX в Казань, Казанского университета, 1988

 

Таќырып 9. Азия мемлекеті. және құқығы

ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Қытай мемлекетін Цин әулеті басқарды, бұл кезең ел үшін ауыр құлдырау кезеңі болды. Осы кезде Англия, Франция сияқты ірі державалар Қытайды өз қол астына, бодандығына алуға күш салысты. Соның нәтижесінде 1850 жылы маусымда тарихта «Тайпин көтерілісі» атпен танымалы шаруалар соғысы басталды. 1853 жылы шаруалар Нанкин қаласын жаулап алады, соңында бұл қала Тайпин мемлекетінің астанасы мәртебесін иеленеді.

Тайпин басшылары «Аспан әулетінің жер жүйесін» яғни, қоғам мен мемлекет реформасы жайлы құжатты халыққа жария етеді.  Жерді тең пайдалану жарияланады.  Тяньванның басшылығымен«Ұлы баршаға игілік Аспан мемлекеті» құрылды. 1864  жылы шілдеде Нанкинді Цин армиясы жаулап алды.

Тайпин көтерілісін басқан қытайлықтар әскери реформа жүргізуді қолға алды. Бірақ та «өзіндік күштеу» саясаты табысқа жетпеді. Бұл кезде шет елдіктер көп қызығушылық танытып, белгілі көлемде (1897 жылы Ұлыбритандықтар Гонконгіні 100 жылға арендаға алды, 1894-1895 жыл аралық Жапон-Қытай соғысында жеңілді) жеңістіктерге жетті. Бұл жағдайлар халық тарапынан араздық тудырды, нәтижесінде реформаны қолдаушы қозғалыстар Ұжымдық меморандум қабылдауды ұсынады. Меморандумда мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту, армияны тарату, парламент құру, соңында конституциялық монархияға көшу сияқты ұсыныстары көзделген.

Аталмыш құжат прогресивті көтерілісті қолдаушы император Гуансюяның қолына әрең дегенде жетті.  Соның нәтижесінде мемлееттік басқару жүйесін реформалау мақсатында жүзеге асырылатын «Жүз күн реформасы»-ның арқасында өндіріс санын көбейту және нығайту, университеттер ашу сияқты жақсы жақсы қаулылар қабылданды.

1893 жылы күзде императрица Цыси император Гуансюяның тағынан құлатып билікке ие болды.

19905 жылы Сунь Ятсен «Қытайды жаңғырту одақ» құрады. Сонымен қатар, Цин мемлекетін құлату, демократиялық халқ үкіметін құру және демократиялық реформа жүргізу сияқты «Үш халық қағидасы» атты бағдарламаны ұсынады.

1905-1908 жылдар елде тағы да көтеріліс жалғасады. 1906 жылы Цин мемлекеті император билігін сақтауды көздеген Конституция жобасын дайындайды.

1911 жылы қазанда Синьхай революциясы басталады. 1911 жылы казан айының аяғында Цин билігі Қытайдың көп қалаларында, ауылды мекендерінде қысқарады.

1911 жылы желтоқсанда Нанкинде Юань Ши Кай басқарған уақытша үкіметі құрылады.

 

Негізгі єдебиеттер:

1.  Антонов Е.А. Революция  1911-1913 гг. в Китае.  Москва, Учпедгиз, 1958

2. Белов Е.А. Уганское восстание в Китае (1911 г.)  Москва, Наука, 1971

3. Борох Л.Н. Союз возрождения  Китая.Москва, Наука, 1971

4. Быков Ф.С. Зарождение политической и философской мысли в Китае.Москва, Наука, 1966

5. Васильев Л.С. Культы, религия, традиции в Китае.Москва, Восточная литература, 2001

6. Ефимов  Г.В. Революция 1911 года в Китае. Москва, Учпедгиз, 1959

7. Сидихменов В.Д. Маньчжурские правители Китая.Москва, Наука,1985

8. Тихвинский С.Л. Движение за реформы в Китае в конце 19 века.Москва, Наука, 1980

9. Тихвинский С.Л. История Китая и современность.Москва, Наука, 1976

10. Тихвинский С.Л. Китай и Всемирная история. Москва, Наука, 1988

11. Тихвинский С.Л. Завещание Китайского революционера Сунь Ятсена: Жизнь борьба. Монография, Москва, Политиздат, 1986

12. Костяева А.С. Народные движения в Китае 1901-1911гг. Москва, Наука, 1970

 

Таќырып10. Қазіргі кездегі құқық.

Ағылшын құқығы Англия құқық қайнар көздері кодификацияланбаған. Жеке құқық жалпы және әділеттілік құқық деген екі бөлімнен тұратын сот прецеденттік құқық нысанында белгілі көлемде дамыған. 1873-1875 жылдары әділеттілік құқық пен жалпы құқық бір жүйегег сіңіскен. Бірақ жалпы құқық пен әділеттілік құқық әлі күнге дейін өмір сүруде.

Прецедентпен қатар заң құқық қайнар көзіне жатады.

Англияда құқық қайнар көзі талданылмаған. Жеке құқық соттық прецеденттік үлгісінде жеткілікті түрде дамыды, ол екі бөлімнен тұрады: жалпы және әділеттілік құқық. 1873-1875 жылдары жалпы және әділеттілік құқық соттары ортақ соттық жүйеге енгіхілді. Бірақта жалпы құқық және әділеттілік құқығыда әрекет етуде. Англияның азаматтық құқығында субъектілер ретінде азаматтар және заңды тұлғаларды санайды. Бірақта кейбір тұлғалардың әрекет ету құқығы шектелген - олар тұрмыстағы әйелдер және шет елдіктер. Англияда заттар құқығы біршама кең тараған, заттық және бірнеше абсолюттік құқыққа мыналар кіреді: Туындатушылық авторлық құқықтар. Ағылшын құқығында заттар қозғалатын және қозғалмайтын болып бөлінбейді. Заттар нақты және жеке тұлғалық болып бөлінеді.

Жерге жекеменшілік құқығы өзіндік ерекшеліктерге ие: жер корольдің жекеменшігі, ал жеке тұлға тек оны ұстанушылар болып саналады. Сенімділік жекеменшілігі - үшінші тұлғаның пайдасына оған тұлғамен берілген, мүлікті бір тұлға басқаратын және иеленетін басқа жекеменшік формасы.

Англияның жанұя құқығы біршама ұзақ уақыт феодалдық сарқыншақтары сақталды. 1836 жылға дейін шіркеулік неке әрекет етті. Әйелдердің мүлктік құқығы шектеулі болды. Әйел адам құқық субъектісі болмаған. 1822 жылы заңмен тұрмыс құрған әйелдердің бірнеше мүліктік еркіндіктері бекітілді. 1857 жылға дейін ажырасу процессі болмаған. 21 жасқа дейінгі балалар әкенің билігінде болған, әкесі болмаған жағдайда билік шешесіне көшеді.

XVIII ғасырдың ортасында ғана қылмыстық құқық және іс жүргізу құқығы атақты заңгер Бекстонмен жүйелендірілді. 1810 жылы жаза түрі біршама кең талралды. Ағылшындық қылмыстық іс жүргізудің ерекшелігі кінәләуші бір мезгілде сайысушыда болады.

Франция құқығы.

Талдаулар жасап көру француздық заңгерлермен революция кірер қырсаңында қабылданған. 1791 жылы Қылмыстық кодекстің, 1793,1794,1796 жылдары Азаматтық кодекстің жобалары жасалды. Мемлекетік биліктер тұрақты болмағандықтар олар айтарлықтай жетістіктерге жете алмады. Наполеон Бонапард кезінде тұрақтылық пайда болды. олрдың үкіметі жарлықтар шығару арқылы барлық революциаларға дейінігі құқықтырды алып тастады. Заңгерлер наполеондың кезеңінде негізгі 5 кодекс шығарды: Азаматтық, қылмыстық, сауда-саттық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу  кодекстері.

1804 жылғы Француздық  азаматтық  кодексі  (Наполендық) Биго -Преамке, Тронше, Порталис, Малльвиль сияқты Францияның  көрнекті заңгерлері  кодекстің  жобасын  қарастырудағы коммиссия   құрамына кіреді. Жоба 4 ай  мерзімге  құрылған . 1804жылдың  21 наурызындағы  заң барлық  36 бөлімдерді  біріктіріп, ортақ Азаматтық кодекс  құрды. 

Кодекстің кіріспе бөлімінде  заңдар қабылдау және  іс әрекеттер , басылымдар туралы  және  үш кітап : 1- ші тұлғаларға арналады, 2-ші  жеке меншіктегі түрлі өзгерістер мен  мүліктік ережелер құрайды , 3- ші  жеке меншікке өткізудегі түрлі  іс әрекеттер  айтылады. 

Азаматтық құқық  субъекттілері.

Азаматтар  барлық   азаматтық құқықтарды қолданған .  Шетелдіктер және  тұрмыстағы әйелдерде барлық  құқықты  қолдану  мүмкіндігі  болмаған . Заңды  тұлғалар  азаматтық  субъектісі ретінде  қарастырылмаған.

Жеке меншік құқығы.

Кодексте  жеке меншік құқығына анықтама  берілмеген,  бірақ 544 бапта  меншік иеснің  мүлікті қолдану  және иелену өкілеттіктері көрсетілген.

Азаматтық іс жүргізу кодексі.

1806 жылы азаматтық өділеттік туралы ордонанс негізінде шығарылды. Кодекс іс жүргізді бекітті жөне іс жүргізудегі құжаттарды құрады. Бұл соттық процестердің баяулауына өкеп соқты. Жалпы соттарды адвакаттардың қатысуы міндетті түрде талап етілді.

Француздық сауда-саттық кодексі 1807 жылы Азаматтық кодекстен бөлек шығарылды. Сауда- саттық кодексі төрт кітаптан тұрды : 1-ші Жалпы сауда туралы нормалардан тұрды;

2-ші Кешенді сауда -саттық туралы айтылады;

3-шісінде банкноттық туралы жағдайлар қарастырылады;

4-шісі сауда -саттық юрисдикциясына арналады.

1810 жылы Қылмыстық кодекс.

Азаматтық кодекстен кейінгі негізгі кодекс қылмыстық кодекс болып саналады. Кодекске төрт кітап кіреді. 1-ші екеуі жалпы бөлім ал қалған екеуін негізгі бөлім деп айтуға болады. 1-ші кітап - түзетуші және қылмыстық жазаға арналады. Оған мыналар кіреді: өлім , азамат өлімі және басқалар. 2-ші кітап - негізгі жауаптылықты бекітеді және негізгі жауаптылықтан босатады. 16 жасқа дейінгі тұлғаларға жеңіл жазалар қолданылады. 3-ші кітап - жеке және жариялық қылмыстар қаралады. Жариялық құқық бұзушылыққа: мемлекеттік құрылысқа, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар кіреді. Жеке құқық бұзушылыққа: жеке меншік иелеріне және жеке  тұлғаларға қарсы қылмыстар кіреді. 4-ші кітап полицейлік құқық бұзушылық және жазаларға арналған.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі

Бірінші жаңа іс жүргзу кодексі болды. Кодекс үкіметпен тағайындалатын соттар қағидаларын бекітті және соттар жүйесінің  үш түрін орнықтырды. Сот жүйесін процессуалдық соттар басқарды. Соттардан кейінгі деңгейде прокуратуралар тұрды.

 

 

Германия құқығы

1896 жылғы Азаматтық құқықтың бірінші талданған қайнар көзі 1900 жылдың бірінш қаңтарында күшіне енген германдық азаматтық ереже . Ереже пандекттік жүйемен құрылған, барлық институттарға ортақ нормасы жалпы бөлімде қарастырылады. Осыған қоса тағы төрт кітап бар: 2-ші кітап міндеттемелік қатынасқа арналған , 3-ші заттық құқыққа , 4-ші отбасылық құқыны және 5 -ші мұрагерлкке арналған. 1897 жылы сауда-саттық кодексі қайта қарастырылған.1861 жылы кодекс болып саналды. Жаңа германдық сауда-саттық ережесі 10 мамыр 1897 жылы енгізіліп 1900 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет ете бастаған. Сауда- саттық ережесі төрт кітаптан тұрады: 1-ші кітап сауда-саттық нормаларының әрекетін қарастырады.2-ші акционерлік қоғамдар, командиттік серіктестіктер туралы. 3-ші сауда-саттық келісімдер туралы, 4-ші теңіз құқығы туралы.

Азаматтық іс жүргізу кодексі.

1877 жылғы кодекс он кітаптан, 1048 параграфтан тұрады. Германдық іс жүргізу кодексі елде дәлелдемелер жинағында үлкен мүмкіндік береді.

1871 жылғы қылмыстық ереже .

Бұл ереже үш бөлімнен тұрады. 1-ші бөлім қылмыстарды ашу туралы ережелерден , шекарадан тыс жерде құқық бұзғаны үшін германдық азаматтардың жауаптылығы туралы қарастырылады. 2-ші бөлімде қылмыстық құқықтың жалпы сұрақтары: қылмыс түрлері туралы, қатысушылар туралы, жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар туралы. 3-ші бөлім қылмыстың жеке түрлері туралы нормалардан тұрады.

1877 жылғы қылмыстық іс жүргізу кодексі .

Бұл кодекс 1871 жылғы қылмыстық кодекске толықтыру болып табылады. Кінәлаушы және сотталушы ертедегі процессуалдық құқықтарды қолданады. Соттарда дәлелдемелерді еркін бағалау қағидасы әрекет етеді.

 

Негізгі әдебиеттер:

№7 негізгі әдебиеттер (12 бет қараңдар)

Қосымша әдебиеттер:

1. Аппарова Т.В. Основные исторические тенденции английского прецедентного права:  Москва, Мысль, 1968

2. Богдановский И.Ю. Закон в английском праве. Москва, Наука, 1987

3. Королев А.И. Рождение французской буржуазной политики и правовой системы: Ленинград, ЛГУ, 1990

4.Топорнин Б.Н. Государственное право Германии: Москва ИГПАН, 1994

5.Бабаниев Т.И. Прокопьев В.П. Германская империя, 1871-1919гг. Калининград, Калининградский университет 1984

6.Серебренников В.П. Конституционное право Франции: Проблемы эволюции государственно-правовых институтов. Минск, Белорусский университет, 1976

7.Даниленко В.Н. Декларация прав и реальность к 200 летию Декларации прав человека и гражданина. Москва, Межд. отношения, 1989

8.Кросс Р. Прецедент в английском праве. Москва, Юрид. лит., 1985

9.Ратиани Г.М. Франция судьба двух республик: Москва, Мысль, 1980

 

Тақырып 11. Жаңа кезендегі мемлекет пен құқық

 

Франция

Үшінші Республика.

Францияның версальдық бітімгершілігіне орай Эльзас пен Лотаренгия қайтарылды, германдық колонииялардың бөлігі және германдық репарациялардың едәуір бөлігіне құқықғы берілді. Мемлекеттің экономикасы қарқынды дамыды. 1930 жылы ауыл шаруашылық өндірістің үлесі 44%-ті құрады. Тресттер мен ірі корпорациялар қуатты дамуда жүзеге асты. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыс Францияны несие беруші елден борышқор елге ауыстырды.

Кеңестік Рессей (1917 жылдан бастап) заемдар патшалық үкіметпен жасалғандықтан (барлық қарыздар патшалық), Француз банктердің заемдарын қайтарудан бас тартты. Соғыс кезінде Франция АҚШ-қа 4 млрд. доллар қарыз болды.

1920 жылы социалистік партия комунистер мен сойиалистерге бөлінід. Бірақ, елдегі күрделі ішкі-саяси жағдайға қарамастан, 1875 жылы Конституция әрекет етушілікті жалғастырды.

1919 жылы Жартылай пропорционалды сайлау жүйесі енгізілді. 1919 жылы сайлау заңы сайлаулардың мажориторлы және пропарционалды жүйенің үйлесуін қарастырды. Әрбір департамент 75 мың халықтан 1 депутатты сайлады, ал депутаттардың саны департаменттің санына байланысты болды. Неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланылған деп есептелді. Жоғарыда көрсетілген ережелер бойынша мандаттардың көбісі үйлестірілмегенде, сайлаулардың пропорционалды жүйесі қолданылды. Бұл жағдайда департамент бойынша сайлаушылардың саны тұтастай мандаттардың жалпы санын, ал 1 тізімдегі кандидаттар үшін берілген дауыстардың жалпы сомасы онда көрсетілген кандидаттардың санына бөлінді.

1927 жылы Р.Пуанкаре (консервативтік саясат) мажориттарлық жүйені (абсолюттік көпшіліктің жүйесі) қайта қалыптастырды. 1927 жылы заңға сәйкес Франция және оның теңіз аралық иеліктері 612 сайлау округтерге бөлінеді, олардың 9 Алжирде және 10-қалған колонияларда; онда мекен ететін француздар сайлады, колониялардың тұрақты тұрғындары сайлау құқықтардан айрылды.

30-шы жылдары үкіметтің билігінің өсуіне тенденция күшейиілді. Парламент тіпті жыл сайын үкіметті төтенше өкілеттіктермен кеңелдірді. Үкімет заңдары парламенттің мойындауынсыз тәртіпті жүзеге асырылды.

Осылайша, 1939 жылы (қыркүйекте) үкімет Германияға соғыс жариялады, бірақ 1875 жылғы 19 шілдеде шыққан Конституциялық заңның 9 бабына сәйкес соғыстың жариялануы 2 плпталарды4 алдын ала келісуі мен ғана мүмкін болды.

1940 жылдың мамырында неміс-фашитік әскетлер француздарды талқандады. Француз үкіметі әскери әрекеттерді тоқтатуды шешті. Германия мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: Шыңыс, Солтүстік- шығыс, солтьүстік және Франция атлантикалық жағалауы қоршалынды. Екінші бөлікте: Оңтүстік-шығыс пен Оңтүстік Германия вишинің марионеттік үкіметін сақтап қалды, бірақ 1942 жылы қарашада бұл облыстарда талқандалды.