Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері ме...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
248.83 Кб
Скачать

2.4 Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі.

Мемлекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы  процестің бө-лінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан, бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сактауда. Осыған  байланысты «экономика-мемлекет» қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұндағы құбылыс. Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді. Шын мәнінде, нарықтық экономика таңдау және еркін кәсіпкерлікке негізделген. Мемлекет - еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау қашанда және барлық, субъектілермен жоғары бағалылықпен таңдау ретінде танылады, ал күштеу (ықтиярсыз көндіру) - осы бағалылықты теріске шығару деп түсіндіріледі. Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады: Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Расында, бәсекелестік монополияның пайда болуы факторларының бірі екені белгілі. Монополияның дамуы - нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп, бәсекелестік бастаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады. Екіншіден, нарық экономикасына "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен, олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындыктар туғызады. Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-тендігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сактауға, акша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды. Бүгінгі таңдағы дүниежүзілік экономикаға  тән нәрсе-нарықты жүйе ешқандай елде таза түрінде кездеспейді, тіпті ол А.Смит пен К.Маркстің заманында да болған жоқ. Мәселен, нарықтық қатынастар қалыптаскан елдерге қарағанда, әміршілдік-әкімшілдік  жүйеге негізделген мемлекет бұл жүйенің жеткілікті дамымау себебіне байланысты бар жауапкершілікті қоғамның қарапайым мүшелерінің иығына салып қойды. Әміршілдік-әкімшілдік жүйе нарық құрылымын ығыстыра немесе оның сипатын бұза отырып (деформациялау), шаруашылық субъектісін экономикалық тұрғыдан ынталандырудың орнына, пайдаға деген "қамкорлықтан" ғана емес, сонымен қатар банкротқа (зиян шегу, дәрменсіздік) ұшырау қауіпінен «құтқару». Бұл жүйе ондаған жылдар бойы кәсіпорындардың зиян шеккен шығындарының орнын мемлекет тарапынан толтырып келді, тіпті әлі де болса осындай саясат жүргізуде. Мәселен: 1) басым көпшілік мемлекеттік бюджетін қаржыландыруда. 2) өндіргіш ресурстарды орынсыз шығындап, ысырапшыл пайдалану әдісі әлі де болса қолданылуда; 3) жаңа және прогрессивтік технологияны енгізу қажеттілігіне үстірт көзқараспен қарау күні бүгінге дейін басым түсуде. 20 ғасыр дәлелдеп отырған ақиқат  қандай да болсын, дамыған елдер ертерек немесе кейінірек дағдарыс және күйзеліс кезеңнен өтеді. Мәселен, АҚШ президенті Рузвельттің "адалдық бәсекелестік" және 1929-1933 жылдардағы тоқыраудан шығу тәсілдері сол кезде түбегейлі қауіпті деп саналды. Ал Рузвельттің өзін "түкті социалист" атандырды. Күні бүгін ғана айқын дәлелденіп отырғандай, қазіргі заманның барша ұмтылыс, мүмкіндігіне қарамастан, 19-ғасырдағы асқақ арманшыл дәуірге қайта оралуға жол жоқ екені белгілі болды. Мұны қарапайым түсіндіруге өте қиын, себебі 20-ғасырдың соңында тарих өзінің қарама-қарсы жағына бұрылып отыр. Бұрыңғы одақтағы және Шығыс  Еуропа елдеріндегі  қалыптаскан әміршілдік-әкімшілдік жүйесін дағдарысқа ұшырап күйреуі, олардың нарыктық экономикаға бет бұрылысы баламасыз екендігі бәрімізге әйгілі болып отыр және оның тиімділігінің сөзсіздігі сондай: қоғам мүшелерінің бір бөлігі оны 19 ғасырдағы капитализмге қайта оралу деп есептейді. Әміршілдік-әкімшілдік жүйесіне тән қатаң қағида бойынша, нарықтық жүйе-экономика емес, тек қана капитализмнің игілігі ретінде түсіндіріледі. Осыған орай, нарық жұмыссыздықты жою жеке меншікті ендіруге, сондай-ақ экономиканың әр түрлі секторларында еңбек жалдаудың көптеген формаларын қолдануға кең жол ашады. Ендігі күрделі мәселе: нарық жүйесін реттеу процесінде мемлекет қандай қызметтер атқарады? Мемлекет  белгілі бір таптардың мүдделерін қорғай отырып, бір жағынан, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, ал екінші жағынан, осы қажеттілікті қамтамасыз ету жолдарын іздестіріп жүзеге асырады. Бұл тұста мемлекеттің, әсіресе, қоғам  таптары мен қалың бұқара топтарының арасындағы қарама-қайшылықтарды басуға бағытталған әлеуметтік міндетін ерекше бөліп айтуға болады.[5] Бүгінгі  таңда буржуазиялық мемлекет жеке меншік капиталды пайдаланудың тиімділігі төмен болатын өндіріс сферасында шаруашылық жүргізу міндетін атқарады. Осыған байланысты меншіктің ерекше секторы мемлекеттік меншік пайда болды. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізудің ерекше секторы мемлекеттік сектор әрекет жасайды. Дамыған капиталист елдерде олардың үлесі әр түрлі. Мысалы, олар 80-жылдары АҚШ-та мемлекет кәсіпорындары өндірген өнімдерінің ұлттық табыстағы үлесі 1-2% ғана болды. Ал Батыс Еуропа елдерінде бұдан басқаша жағдай қалыптасқан. Австриядағы мемлекет секторы барлық өндіріс күштерінің 37% қамтиды. Батыс Германияда оның үлесі ұлттық байлықтың 21%-не тең. Басқа елдерде мемлекеттік сектодың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі мынаған тең: Австрияда 12%, Фраицияда-20%, Швецияда-14%, Италияда-12%.[10] Жоғарыда айтылғандарды түйіндей отырып, мемлекеттің  нарықты экономикада атқаратын қызметтерін мына топтарға белуге болады: --тиімділікті  қамтамасыз  ете отырумен  қатар,  нарықтың бір қателігі монополиялыққа   жол бермеу. Қазіргі таңдағы экономика, шын мәнінде, нарық   конъюнктурасы   анықтағандай,   көптеген қателіктер жібереді. Бұндай   қателіктердің   себебі   өндіріс   пен тұтынудың тиімсіздігі. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан байқалатын әрекет-бағыты аз емес. Бірақ экономика сырқатын жоюдағы мемлекет әрекетін еске сала отырып, оның өз қатесін елеусіз қалдыруға болмайды, яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескерту қажет. Мемлекеттің экономикаға араласатын маңызды құралдары: салық, баға және проценттік ставкалар; - нарықты жүйе балалар мен қарттарды және кедейленген жұртшылықты сырт   қалдырып,   тауарларды   "қалталы"   қоғам топтарына жіберетіндіктен, мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге тырысады. Нарықтың  бағалық механизмін жақтаушылар  және оны сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан, ол елеулі теңсіздікке жол ашатындығын мойындаулары қажет. Бұл нарықтың кемістігі емес, бөлудің кемістігі. Мемлекет ол жағдайды өзгерте алады және өзгертуге міндетті де. Мұндай ситуацияны өзгертуде мынадай екі жолы бар: 1) прогрессивті салық салу; 2) зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы жұмыссыздар және т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын қарастыру; Мемлекеттің тағы бір аткаратын қызметі-экономикалық тұрақтылықты аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сактаумен байланысты. Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты. Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі  өндіріс,  жұмыссыздық және  құнсыздану деңгейін  қаржылау және салық салу арқылы реттеу. Нарықтық экономикаға көшу процесінде мемлекеттің  атқаратын экономикалық қызметі және оған әсер ететін әдістері көп қырлы. Мемлекет бұл бағытта әр түрлі тәсілдер қолданады. Олар: құкықтық мөлшерлер, акпарат хабарларымен қамтамасыз ету, қаржы бөлу, экономикалық салық, несие, процент, баға т.б. Тетіктер: мемлекеттік тапсырыс, заттай салық, лимиттер мен квоталар және т.б. Мемлекеттің басты қызметі - шаруашылық жүргізу туралы бекітілген шешімдерді заңдылық - құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Ол үшін нақты заңдар және заңға сәйкес қаулылар, нұсқаулар және т.б. қабылдайды.Нарықтық  экономика жағдайында мемлекеттің  жоспар жасаудағы әрекеті түпкілікті өзгереді. Жоспарлаудың жаңа құрамына мыналар кіреді: ұзақ мерзімді болжау, әлеуметтік - экономикалық дамудың индикаторлық әдіспен жоспарлау: экономика дамуының өзекті проблемаларын анықтау және оны шешу концепцияларын жасау. Нарықтың  қалыптасуында ақша және қаржы-кредит жүйелері де маңызды рөл аткарады. Мұнда айта кететін жай, қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикамызды сауықтыру бағытындағы, қаржы-кредит жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары. Олар - халық шаруашылығында қолданатын икемді салық жүйесін қалыптастыру, экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу, республикада ақша айналымын тұрақтандырып, оны сауықтыру. Сонымен қатар, мемлекет саладағы саясатын өзгертеді.  Бұл процесс екі бағытта жүргізілуде. Бір жағынан, білім беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделі мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылуда, ал екінші жағынан нарыққа көшуге байланысты халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары да енгізілуде. Қорытынды: Мемлекет экономикалық қызметті кәсіпкерлерді (жеке, шағын кәсіпорындар, фирмалар және мемлекеттік кәсіпорындарды) экономика саласындағы әрекеттерін тәртіпке келтіріп және реттеп отырады. Бірақ ел ешбір жағдайда кәсіпкерлердің іс-әрекетіне араласпайды. Нарық механизмі - бағаны және өндірісті анықтайды; мемлекет салық салуды, шығындарды реттеп отыру аркылы нарықты үйлесімді пайдалану жолдарын іздестіреді.