Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері ме...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
248.83 Кб
Скачать

2.3 Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы

Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында өз әрекетін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді: - меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас); - шаруашылық субьектілерінің  әр түрлі  формаларының экономикадағы үлес салмағымен  белгіленетін, тауар өндірушілердің  құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т.б.); - тауар айналымы сферасының  ерекшеліктерімен; - шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен; - осы елде  пайдаланылатын сауданың  түрлерімен; Осы жағдайлар  нарық жүйесіне ерекше  қасиеттер  береді. Құрылымы  жағынан  нарықты мынадай  критериялар  арқылы бөлуге болады: Нарық қатынастары обьектілерінің атқаратын экономикалық қызметі  бойынша: - иеліктер мен қызметтер нарығы; - өндіріс құралдарының нарығы; - ғылыми-техникалық  жұмыстар нарығы; - құнды қағаздар  нарығы; - жұмыс күші нарығы; Нарықтың  көп түрлілігі  кәсіпорындардың өзара  әсер өтуінің  барлық жүйесіне  күрделі өзгерістер  енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін  тікелей  байланыс  негізінде  жүргізуді, сату және сатып  алудағы  бейнелеп - есептеу  сипатын  нақты сату және сатып  алумен алмастыруды,  шаруашылық  байланыстарындағы  серіктестерді  еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың  құралдарына тауар және  қор биржалары, маманданған  қоймалар, коммерциялық орталықтар,  көтерме сауда орындары және т.б. жатады. Нарықтарды  тауарлық  топтар бойынша  классификациялауға  болады: - өндірістік қызметке бағытталған  тауарлар нарығы; - халық тұтынатын  тауарлар, азық-түлік тауарлар нарығы; - шикізат пен материалдар  және т.б.  нарықтары; Ауыл    шикізаттарына қажеттіліктерді  қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық өнімдер қоры қалыптасады. Тұтұну тауарлары нарығының қалыптасуы  осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде  өсуін тілейді, сатып  алушылық  сұранысты қанағаттандыру  үшін бәсекелестің кең  пайдалануын, фирмалық  дүкендердің көбеюін тілейді.  Кеңістік   критерия бойынша мынадай  нарықтары  болады: - аймақтық ішіндегі; - аймақаралық; - республикалық; - республикааралық; - халықаралық (әлемдік) нарықтар. Осындай нарықтардың  қалыптасуы  республиканың  мемлекеттік  егемендігін қамтамасыз етеді.  Бәсекенің шектеулі  дәрежесі  бойынша  мынадай нарықтар  болады: - монополиялык; - олигополиялық; - салааралық нарықтар. Нарық қатынастарының  субьектілері  бойынша  мынадай  нарықтар  болады: - Көтерме сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар мен сатушылар  болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. - Бөлшек сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар - жеке азаматтар. - Ауылшаруашалық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Мұнда   сатып   алушы  - мемлекет, сатушылар - ауыл   шаруашылық өнімдерін   тікелей   өндірушілер:   совхоздар,   колхоздар,   фермерлер, агрокешендер т.б. Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі-жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр енбек кооперациясының тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар). Мұндай байланыстарда келісім шарт нарықты калыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі -коммерциялық орталыктар, биржалар. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болады. [4] Экономикада    заңдылықты    сақтау   жағынан    мынадай нарықтар болады: - занды, ресми нарықтар;    --занды емес, көлеңкеленген нарықтар т.б. Нарықтардың    құрылымын   зерттеу   оларды   негізгі   түрге   бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар  мен кызметтер нарығы. Бұл топка жататын нарықтар: - қызметтер нарығы - тұрмыстың, көлік, коммуналдық қызметтер; - тұрғын ұй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы. Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар: - жылжымайтын мүліктер нарығы; - еңбек құралдарының нарығы; - шикізат пен материалдардың; - қуат ресурстарының; - пайдалы қазбалардың нарықтары. Қаржылар  нарығы: - капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар; несие нарықтары; --құнды қағаздар нарықтары - акциялар, облигациялар т.б. - валюта - ақша нарықтары. Интеллектуалдық өнімдер нарығы инвестициялардың ойлап табулардың информациялық қызметтердің әдебиет және өнер еңбектердің нарықтары. Жұмыс күші нарығы. Бұл енбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады. Аймактық  нарықтар: жергіліктік, ішкі, ұлттық, сыртқы, халыкаралық нарықтар. Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға қосалқы нарыктық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) колдану аркылы жургізіледі. Осылардың, негізгілері: 1) Географиялық: - аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Онтүстік; - әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала; - тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы; - климат бойынша: теңіз, континентальдық, орташа, ыстық т.б. 2) Демографиялық: -  адамдардың жасына сәйкес топтау; - жыныстық топтау; - отбасы мүшелерінің санына қарай топтау; - табыстар дәрежесіне карай; - кәсіби құрамына сәйкес: ғылыми қызметткерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың  жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер т.б. - білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес; -  ұлттық құрамға сәйкес топтаулар; 3) Психологиялық: - халықты әлеументтік құрамына сәйкес топтау; - табыстардың дәрежесіне сәйкес; - өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, аксүйектер; - жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшақтар, өз - өзіншілдігі молдар. 4) Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда): - тауарды кездейсоқ сатып алады; - сатып алуда пайда, бағалылық көздейді; - сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады; - клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің кажетінше үнемі керек, анда-санда керек; - өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас.