
- •1 Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі 1.1 Нарық ұғымы мен мәні
- •1.2 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы
- •2.1 Нарық қызметтері
- •2.2 Нарық инфрақұрылымы
- •1 Сурет – Нарықтың инфрақұрылымы.
- •2.3 Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы
- •2.4 Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі.
- •3 Қазақстанда нарықтың экономика жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері
- •3.1 Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
- •3.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері
1 Сурет – Нарықтың инфрақұрылымы.
Нарық конъюнктурасы. Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарыктың белгілі мерзімдегі уакытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді: --өндіріс пен кұрылыс динамикасы, тауар запастарының мөлшері, баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы; - пайда, еңбек акы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі; --еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас; Экономикалық конъюнктураға "циклдық", "циклдық емес" және "кездейсоқ" факторлар әсері бар; а)-циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал- жабдықтардың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты;
б)-циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең, алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады);
в) кездейсоқ (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.
Экономикалық конъюнктураны жақсартудың әдістері:
а) Инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
б) Фирмаларға мемлекеттік заказдардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;
в) Салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;
Халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу. Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
- Маржиналдық (шекті) талдауға; - Балама таңдау шығындарына; - Экономикалық рационалдыққа;
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы, нарық экономикасына, ондағы сұраныс пен ұсынысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әркайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарыктық ортаның, үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариантты таңдап алынуы. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Раңионалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдыктың критериі - табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар - капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің хал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс – нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді колдануға негізделеді: бір жақтан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.[11]
Сирек кездесулік мәселесі нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. "Сиректік" деген түсінік - экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе, тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын құрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында "сиректік'' деген негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит "сиректік" түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында "сиректіктік" түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректік табиғи және әлеуметтік факторлармен баланыстырылған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет өту мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен кажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректік мол болған сайын, осы игіліктің кажет санын өндіруге соншама мол уакыт керек.