
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне
- •Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау үшін жүргізілетін ұйымдастыру жұмысы
- •Курстық жұмысты орындау барысындағы студенттің міндеттері:
- •Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі
- •1.5. Курстық жобаны (жұмысты) рәсімдеу
- •1.6. Курстық жобаны (жұмысты) белгілеу
- •1.7.Курстық жобаны (жұмысты) қорғау
- •Курстық тапсырманы орындау әдістемесі
- •Курстық жұмыс
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі
Курстық жұмысты орындау барысындағы студенттің міндеттері:
жетекшісімен бірлесе отырып курстық жұмыстың тақырыбын бекіту;
өзінің жетекшісімен келісе отырып курчтық жұмыстың жоспарын құру және керекті әдебиеттерді, оқулықтарды таңдап алып жинақтау;
курстық жұмысты орындау үшін өз бетінше қосымша материалдар жинақтау;
курстық жұмыстың орындалып жатқандығы туралыжетекшісіне хабарлап тұру;
курстық жұмысты белгіленген мерзімде және талапқа сай сапалы болуын ескере отырып орындау.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі
Курстық жұмыстың құрылымы оның жоспары мен мазмұнынан анықталады. Егер жұмыс қолмен жазылған болса стандартты 30-40 беттен тұру керек, ал компьютерде терілген жағдайда курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен кем болмауы тиіс. Төменде курстық жұмыстың мазмұны мен бөліміне мысал келтірілген.
Курстық жоба (жұмыс) құрылымы түсіндірме жазбасы мен графикалық бөлімнен тұрады. Қосымша түрде объектілердің үлгілерін ұсынуы мүмкін.
Курстық жобаның (жұмыс) түсіндірме жазбасы келесі құрылымдық элементтерден құрылады:
- титул парағы;
- тапсырма;
- аннотация;
- мазмұны;
- нормативті сілтемелер;
- анықтама;
- белгілер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиетгер тізімі;
- қосымша (кестелер, схемалар, бағдарламалық құжаттар). Түсіндірме жазбасы А4 формат парағында рәсімделеді.
Графикалық бөлім курстық жобаның (жұмыс) маңызды бөлігі болып табылады. Оның мазмұны пәннің түріне байланысты болады және мыналардан құралуы мүмкін: схемалар, кесте, сызбалар, диаграммалар, алгоритмдер және т.б.. Графикалық бөлімнің көлемін кафедра айқындайды, бірақ ол А1 стандарты форматтың 1...3 парағы көлеміндей болуы керек.
Мамандарды дайындау бағыттар (мамандану) ерекшеліктері бойынніа курстық жұмыстың құрылымдык элементтері, «титулды бет», «тапсырма», «мазмұны», «кіріспе», «аннотация», «негізгі бөлім», «қорытынды», «пайдаланылған әдебиеттер тізімі» элементтерінен басқа қажеттілік кезінде қосылады және қосымша элементтер келтірілуі мумкін.
Титул парағы
Титул парағы А4 форматында жасалады. Тармақтарды толтыру АБ косымшаларына сәйкес толтырылған.Титул парағы және атауларда сөзді тасымалдауға рұқсат етілмейді. А таулардың соңында нүкте қойылмайды.
Егер топтық курстық жобада бір түсіндірме жазбасы жасалса, онда титулды бетте жобаны орындаушылардың барлығы жазылуы тиіс. Қажетті жағдайларда әрбір қатысушы катысқан бөліктер түсіндірме жазбасында көрсетіледі.
Тапсырма
Курстық жоба (жұмыс) такырыптары студенттерге оқу процесінің графигіне сәйкес сабақ басталған уақыттан бастап бірінші аптадан кешіктірілмей беріледі.
Тапсырмада курстық жобаны (жұмыс) орындау үшін кафедра айқындаған негізгі бастапқы мәліметтер жазылады..
Тапсырмада мыналар көрсетіледі: жоба жасалатын пән; студент (тер) аты-жөні, оның (олардың) тобы (топтары); жоба (жұмыс) тақырыбы; құрастыру кезеңдері (бөлімдер) және оларды орындау мерзімдері; жобаны (жұмысты) қорғауға ұсыну мерзімі; Жетекшінің аты-жөні, оның лауазымы, колы және тапсырманының берілген күні.
Қажетті: жобаның (жұмыстың) нақты атауы мен бастапқы мәліметтер. Бастапқы мәлімет ретінде нормативті құжатты (мысалы, стандарт), құкықтық құжат, анықтамалық мәліметтер, статистикалық мәлімет, техникалық сипаттамаларды көрсету қажет, яғни мәліметтерді таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты.
Тапсырма бөлімдерді орындауда еңбек көлемділігін, студенттің дайындық деңгейін, жобаны (жұмысты) орындауға бөлінетін уақыт көлемін есепке алуы керек.
Тапсырмалар жеке бланктерде Қосымша В сәйкес рәсімделеді. Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні жазылады және студенттің қолы қойылады.
Аннотация.
Аннотацияда қысқаща түрде курстық жоба (жұмыс) туралы негізгі мәліметтер келтіріледі. Аннотация курстық жоба (жұмыс) көлемі, кестелер саны, суретгер мен косымшалар туралы мәліметтерден тұрады.
Мазмұны
Мазмұнында кіріспе, бөлімдердің реттік нөмерлерінен және атауларынан, қосымшалардың белгілері мен атауларынан, курстық жоба (жұмыстың) негізінен нормативті құжаттарға сәйкес белгілер мен қысқартуларға сәйкес келуі шарт.
Кіріспе
Кіріспе курстық жоба (жұмыс) мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін және қазіргі заманғы жасалымдардың сұрақтары мен өзектілігін көрсетеді. Зерттеулердің пәні мен объектісі белгіленеді.
Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспені нөмірлемейді және жеке парақта орналастырады.
Негізгі бөлім.
Негізгі бөлім, заңды түрде, 2-3 бөлімнен (тарау) және тармақшалардан тұрады. Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерінің мәліметтерін келтіреді. Негізігі бөлім төмендегілерден тұрады:
- зерттеу бағытын негіздеуге ала отырып, онын салыстырмалы бағасын және мәселелерді шешу әдістемесін, таңдап алынған жалпы зертттеу әдістемесінің жазбасын, зерттеу бағытын таңдау;
- зерттеудің эксперименттік және (немесе) теориялық үрдісі, теориялык зерттеудің мазмұны және сипатын анықтау, заңдылықтар, нормативті құжаттарды оқып үйрену, оқу және ғылыми әдебиеттерді, яғни мерзімді басылымдар материалдары және мәселелер мәнін баяндау, оның мағынасы және ролі; зерттеу әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін дәлелдеу; зерттелген объектінің жұмыс істеу принципі, оның сипаты; орындалған жұмыстардың материалдарында мекеме және кәсіпорынның кысқаша сипаты, өз позициясын баяндау және негіздеу енеді.
- зерттеу нәтижелерін бағалау және талдап қорыту, окып үйренген мәселені талдау, даму тенденциялары, кемшіліктер және себептері, оның алдын алу, оларды жою жолдарының мүмкіндігі; жұмыстың келесі бағыттарына ұсыныс, алынған нәтижелерді бағалау және оны шетел және отандық жұмыстар нәтижелерін ұқсас жұмыстармен салыстыру; есептеулермен дәлелденген және бекітілген зерттеу объектісін жетілдіру немесе тәжірибе жүзінде колдану бойынша нақтылы ұсыныстар беру.
Қорытынды (тұжырым)
Қорытындыда зерттеулер бойынша кысқаша тұжырымдары, қойылған міндеттердің толық шешімдерін бағалаулар, зерттеу объектілер және оларды колайлы қолдану бойынша нақты ұсыныстары болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне түсіндірме жазбасы мәтінінде немесе әліпби келтірілген тәртіпте барлық әдебиеттер жазылады. Әрбір әдебиеттердің библиографиялық сипаттамасы МЖМБС 7.1-2003 талаптарына сәйкес беріледі.
Қосымшалар
Түсіндіру жазбасын толықтыратын (курстық жұмыс) материалды қосымшаларда келтіруге рұқсат етіледі. Мұндай қосымшаларға графикалық материалдар, үлкен форматтағы кестелер, құралдар мен аппараттардың сипаттамасы, алгоритмдер сипаттамасы, ЭЕМ-да жүзеге асатын есептердің бағдарламалары, статистикалық мәліметтер, нормативті құжаттар және т.б. жатады.
Қосымша міндетті және анықтамалық бола алады. Міндетті қосымшаларда орындауға міндетті болып табылатын талаптар жазылады. Аныктамалық қосымшаларда орындалуы міндетті болып табылмайтын, ақпараттық немесе анықтамалық мінездемеге ие материалдар жазылады.
Қосымшалар оларға мәтінде жасалған сілтемелер тәртібі бойынша орналасуы тиіс.
Қосымшалар түсіндіру жазбаларының жалғасы ретінде оның келесі парақтарында қолданылымдағы стандарттармен орнатылған тәртіпте және нысанында рәсімделеді.
Қосымшалар тәртіп бойынша А4 форматы парақтарында жазылады, МЕСТ 2.301 АЗ форматы бойынша парақтарда рәсімдеуге болады.
Қосымша құжаттың қалған бөліктері беттеріндегі нөмерлерге сай нөмірленеді.
Курстық жоба (жұмыс) оқу пәнінін принципті сұрақтарын камтуы тиіс. Бұл элемент курстық жобаның (жұмыс) негізгі (кәсіби) мазмұнын анықтайды. Дайындау бағыты (мамандығы) байланысты ол түрлі мінездемеге ие болады.
Мәтін қысқа, нақты, түрлі талкылауларды болдырмайтын, түсінікті болуы шарт.
Курстық жоба (жұмыс) мазмұны студенттің оқып жатқан пән бойынша алған білімін нақты инженерлік және ғылыми мақсаттарды шешуде пайдалана алу қабілетін көрсетуі керек. Бұл ретте жобаланған объектінің, агрегаттың, конструкцияның және т.б. негіздемесі болуы мүмкін, олардың сипаттамасы келтіріледі, сонымен катар ЭЕМ қолдана отырып қажетті барлық есептер жүргізіледі, ұқсас жұмыстардың әдеби-патенттік шолуы.
Курстық жобаның (жұмыстың) объектісі ретінде кез-келген құрал, өнім, қызмет көрсету, мәселесі және т.б. бола алады. Зерттеулердің әдістері мен нәтижелері толық келтіріледі.
Графикалық құжатгар
Графикалық құжаттарға сызбалар, эскиздер және бұйымдардың схемалары, графикалар, тәжірибе мәліметтерінің талдау кестелері мен диаграммалар жатады. Курстық жобалардағы графикалық құжаттар парақтарының мазмұны курстық жобаның тапсырмасымен анықталады.