
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне
- •Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау үшін жүргізілетін ұйымдастыру жұмысы
- •Курстық жұмысты орындау барысындағы студенттің міндеттері:
- •Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі
- •1.5. Курстық жобаны (жұмысты) рәсімдеу
- •1.6. Курстық жобаны (жұмысты) белгілеу
- •1.7.Курстық жобаны (жұмысты) қорғау
- •Курстық тапсырманы орындау әдістемесі
- •Курстық жұмыс
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі
Ф. 7.11-19
Атенова К.А.
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне
«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2012 ж
Ф.7.11-19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Атенова К.А.
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне
күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне
«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2012 ж
УДК 657(75)
Құрастырған: аға оқытушы Атенова К.А. «Есеп және аудит» кафедрасы
«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқау. Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2012 - 30 б.
Әдістемелік нұсқау «Қаржылық есеп-1» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 5В050800- «Есеп және аудит» мамандығы студенттеріне арналған.
Әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың орындау тәртібі мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптар қарастырылған.
Рецензент: Иманова Г.А. -э.ғ.к. «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі
Абишева Ф.-«Проект-А» ЖШС бас бухгалтері
«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №1 «28» 08 2012 ж.)
«Экономика және қаржы» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № 1 « 31 » 08 2012 ж.)
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» ________2012 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж.
Шығарылымға жауапты Атенова К.А.
Жалпы ережелер
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
Студенттердің өзбетілік жұмысының ең бір жауапкершілігі мол және мазмұнды түрі болып курстық жұмыс табылады. Сондай-ақ, ол «Қаржылық есеп-1» пәнін игерудің соңғы қорытындаушы кезеңі болып есептелінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курсты оқыту барысындағы маңызды деп танылатын жекелеген тақырыптарды тереңдетіп оқыту жолымен студенттердің теориялық білімін нығайту және арттыру.
Алғашқы және қорытынды бухгалтерлік есеп құжаттарын жинақтап және оған талдау жүргізіп студенттердің өзбетілік жұмысына енгізу.
Студенттердің өзбетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын және шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есеп мәселелерін ізденіс жолымен шешуге дайындығын бақылау.
Экономиканың нарықтық жолмен дамуына сәйкес субъектілерде бухгалтерлік есеп жұмысындағы мәселелердің жылдам шешулуі қажет етіліп отыр.
Экономиканы басқарудың тиімділігін арттыру шаруашылық субъектінің экономикалық ақпараттарының анық, жедел және нақты болуына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуші мамандардың алдына кәсіпорынның және ұйымның әрекетінің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау және бухгалтерлік есепті жетілдіру мәселелері қойылады. Есеп жүйелерін жетілдіру үшін, халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына көшіп, есептің нақты құрылымын жасамайынша мүмкін емес. Бұл мәселенің шешілуі шаруашылық субъектісінің есеп жүйесін талдау және оны терең барысында нақтыланды.
Өндірістің спецификасы нақты кәсіпорынның және жалпы экономиканың берілген салалары бойынша есептің жетілдірілуі мәселелеріне жеке творчествалық жағынан қарауды қажет етеді. Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндетіне мыналар кіреді:
Алғашқы құжаттардың толтырылуынан бастап қорытынды есептің құрылуына дейінгі жүргізілетін жұмыстың жағдайын оқып-білу.
Таңдалынып алынған тақырып немесе мәселелер бойынша заңдық актілерді және ғылыми-еңбектермен жұмыстарды қарастыру.
Активтерді, меншікті капиталды және міндеттемелерді шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебін жетілдіру бағытында өңдеу және негіздеу.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі жоғарғы экономитердің еңбектерінен, оқулықтардан, монографиялардан, мерзімдік басылымдардың деректерінен құралуы тиіс.