
- •Атенова к.А. «Қаржылық есеп-1» пәнінен практикалық сабақ жүргізуге арналған Әдістемелік нұсқау
- •Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері
- •2. Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз, мысал ретінде көрсетілген:
- •Келесі тапсырманы өз бетеріңізше орындаңыздар:
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •1. Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе оларды құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. А. Гудвилл
- •С.Ұйымдастыру шығыны
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •1. Табыстарды тану қандай принциптерден туындайды.
- •2. Негізгі қызметтен түсетін табыс неден қалыптасады.
- •3. Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындының негізгі.
- •4. Сатылып алынған тауарлар үшін жабдықтаушылардың шоты акцептелінді
- •5. Тауарлар нақты ақшаға сатып алынды
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •«Өзін-өзі тексеру»
- •1. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары деп.
- •2. Қаржылық қорытынды есеп стандарттарын атқаратын міндеттеріне.
- •3. Хқес-те мына төмендегі сұрақтардың қайсысы қаралады.
- •4. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мыналардың қайсысында жасалады.
- •5. Қаржылық қорытынды есептің стандарттарының типтік бөлігі мыналардың қайсысынан тұрады.
- •6. Есеп беру жылдық пайдасы
- •7. Есеп беру жылда шеккен зиян
- •Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы Оқулықтар, оқу құралдары және монографиялар
- •Сөздіктер
- •Мерзімді басылымдар
Ф. 7.03-03
Атенова к.А. «Қаржылық есеп-1» пәнінен практикалық сабақ жүргізуге арналған Әдістемелік нұсқау
Шымкент 2012 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
Атенова К.А.
«Қаржылық есеп-1» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге 5В050800 - “Есеп және аудит” мамандығының студенттеріне арналған
Әдістемелік нұсқау
Күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту бөліміне
Шымкент 2012 ж
УДК 657 (075.5)
Құрастырған: Атенова К.А.– аға оқытушы «Есеп және аудит» кафедрасы
“Қаржылық есеп -1” пәнінен практика сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2012- 29 б.
Әдістемелік нұсқау «Қаржылық есеп -1» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 5В050800- «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны және студенттің өзіндік бақылау сұрақтары, сонымен қатар қосымша есептер мен тесттер қарастырылған.
Рецензент: Сейтбекова С.-э.ғ.к. «Банк ісі» кафедрасының меңгерушісі
Қожабаева Н.А.-Қалалық сәулет басқармасының бас бухгалтері
«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №1 «28» _____08___2012ж.) және
«Экономика және қаржы» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №1 «31» ____08____2012ж.)
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» ________2012ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж.
Шығарылымға жауапты Атенова К.А.
Мазмұны
1. Кіріспе 6
2. Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері 7 3. Семинарлық сабақтың тақырыптары
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және
дебиторлық борыштар 8
Қорлар есебі (ХҚЕС 2) 10
Негізгі құралдардың есебі (ХҚЕС 16) 13
Материалдық емес активтердің есебі (ХҚЕС 38) 15
Активтердің құнсыздануы (ХҚЕС 36) 17
Ұйымның міндеттемелерінің есебі 18
Кірістер мен шығыстар есебі (ХҚЕС 18) 20
Капитал мен резервтер есері 22
Қаржылық есептілікті ұсыну (ХҚЕС 1) 23
1. Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы 28
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде қаржылық есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржылындыру принциптеріне негізделуі тиіс.
«Қаржылық есеп-1» пәнді оқытудың мақсаты студенттерге қаржылық есебінің мәні, қажеттілігі, мақсаттары, фунциялары, қызметтері, арнайы әдістері мен тәсілдері, кәсіпорында ұйымдастыру принциптері туралы жүйеленген теориялық білім беру, сондай-ақ баламалық таңдау негізінде қаржылық есепті шешу бойынша тәжірибе алу болып табылады. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.