Қазақ әдебиеті
1. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз. A) М.Қашқари. B) С.Сараи. C) Ж.Баласағұн. D) А.Яссауи. E) Қорқыт. |
2. Әдеби ертегінің кейіпкерін табыңыз. A) Құлатай батыр B) Алпамыс C) Ақбай D) Толағай E) Әз Жәнібек |
3. Алдар Көсе қай жанрдың кейіпкері екендігін табыңыз. A) Ертегі B) Аңыз әңгіме C) Әңгіме D) Шешендік сөз E) Айтыс |
4. ’’Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады’’ Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз. A) Асан қайғы. B) Қазтуған. C) Шалкиіз. D) Ақтамберді. E) Доспамбет. |
5. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз. A) 1874 ж. B) 1802 ж. C) 1904 ж. D) 1892 ж. E) 1835 ж. |
6. Абайдың поэмасын табыңыз. A) "Еңлік-Кебек". B) "Ләйлі-Мәжнүн". C) "Медғат-Қасым". D) "Масғұт". E) "Жүсіп-Зылиха". |
7. А.Байтұрсынұлының мақаласын көрсетіңіз. A) «Қазақша оқу жайына». B) «Қаздар». C) «Туысыма». D) «Балықшы мен балық». E) «Алтын әтеш». |
8. 1846 жылы кім дүниеге келгенін анықтаңыз. A) Ж.Жабаев. B) Ы.Алтынсарин. C) А.Құнанбаев. D) М.Өтемісұлы. E) Ш.Уәлиханов. |
9. Ш.Мұртазаның романын табыңыз. A) «Жанталас». B) «Көшпенділер». C) «Қаһар». D) «Қызыл жебе». E) «Қаһарлы күндер». |
10. ’’Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр! Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр! ’’ Бұл қай жырдан алынған үзінді екенін белгілеңіз. A) ’’Алпамыс батыр’’. B) ’’Қобыланды батыр’’. C) ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’. D) ’’Қамбар батыр’’. E) ’’Ер Тарғын’’. |
11. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы: «Тіршілікте, тазшеке-ау, ұмытпайын, Қоя берші көштегі жеңгең көрер», - деген жалынышты сөздерді айтатын кейіпкерді табыңыз. A) Көсемсары. B) Қодар. C) Ұлпан. D) Қарабай. E) Маман. |
12. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз. A) Жиембет. B) Доспамбет. C) Асан қайғы. D) Шалкиіз. E) Қазтуған. |
13. Еділдің бойы ен тоғай Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, – деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз. A) “Күмісті мылтық қолға алып ” B) “Махамбеттің Жәңгірге айтқаны” C) “Толарсақтан саз кешіп” D) “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” E) “Ерлердің ісі бітер ме?” |
14. Әкесі Алтынсары өлген соң Ыбырай кімнің қолында тәрбие алғандығын табыңыз. A) Сейітқұлдың. B) Шешесінің. C) Балқожаның. D) Ағасының. E) Әжесінің. |
15. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романында суреттелетін оқиғаны белгілеңіз. A) Басында билігі жоқ аянышты қыз өмірі. B) Тасболат байдың үш буын ұрпағының тағдыры. C) Өзін байлармен салыстыратын кедей жігіт тіршілігі. D) Өмірден түңілген бейбақтың өмірі. E) Бұл - сюжетсіз шығарма. |
16. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз. A) А.Байтұрсынұлы. B) Ә.Сәрсенбаев. C) С.Сейфуллин. D) Т.Жароков E) С.Мұқанов. |
17. ’’Қыз Жібек’’, ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’, ’’Болашаққа аманат’’ пьесаларының авторы кім, дұрысын табыңыз. A) Ғ.Мүсірепов. B) Ә.Тәжібаев. C) Ж.Аймауытов. D) М.Әуезов. E) Б.Майлин. |
18. «Отырмын теңіз бойында, Ойнайды дауыл ойымда» тармақтарында құбылтудың қай түрі кездесетіндігін табыңыз. A) Символ. B) Теңеу. C) Метафора. D) Метонимия. E) Эпитет. |
19. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебін табыңыз. A) Жерді қорғау мақсатында. B) Алым-салыққа қарсы. C) Мал-мүлікті қорғау үшін. D) Екі жақты қанауға қарсы. E) Жігіттерді майданға қара жұмысқа алуға қарсы. |
20. Кім айтқанын белгілеңіз. ’’Көп сөйлеме - азбен келтір иінін. Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін’’. A) Ж.Баласағұн. B) М.Қашғари. C) Әбу Нәсір Әл-Фараби. D) Ахмет Яссауи. E) А.Иүгінеки. |
21. Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады, Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастау қиын … - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз. A) Сырым. B) Бұқар жырау. C) Төле би. D) Қазыбек би. E) Асан қайғы. |
22. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз. A) 1870-1904 жж. B) 1858-1912 жж. C) 1843-1906 жж. D) 1818-1881 жж. E) 1858-1931 жж. |
23. Ш.Уәлиханов Асан қайғыны кім деп танығанын белгілеңіз. A) Елі үшін туған қария. B) Жырау. C) Саяхатшы. D) ’’Көшпенділер философы’’. E) XV ғұламасы. |
24. «Уәй, тәңір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» М.Әуезовтің қай кейіпкерінің сөзі екенін табыңыз. A) Сүйіндік. B) Бөжей. C) Қаратай. D) Байдалы. E) Байсал. |
25. Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Темірбек Нәзиланың кімі болатынын, яғни қандай туысы екенін атаңыз. A) Ағасы. B) Көршісі. C) Жездесі. D) Нағашысы. E) Бауыры.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
