География
1. Ұшақ арқылы түсірілген жергілікті жердің суреті A) аэрофотосурет B) план C) глобус D) космостық сурет E) карта |
2. Су буы қатты күйге айналатын температура: A) -5º C B) +2º C C) -10º C D) 0º C E) +1º C |
3. Биосфера: A) жердің беткі қабаты B) географиялық қабықтың тірі организмдер тіршілік ететін бөлігі C) тропосфераның жоғары қабаты D) мұхит түбіндегі ойпат жерлер E) вулкандық жыныстармен жабылған географиялық қабықтың бір бөлігі |
4. Австралияның қай бөлігінде вулкандар бар: A) Шығысында. B) Вулкан жоқ. C) Солтүстігінде. D) Батысында. E) Оңтүстігінде. |
5. Географиялық қабықтың құрамына ... кіреді. A) Биосфера, гидросфера, ядро, жоғарғы мантия. B) Ядро, мантия, гидросфера, ионосфера. C) Литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера, биосфера, атмосфера. D) Атмосфераның жоғарғы қабаты, мантия, гидросфера, магносфера. E) Мантия, ядро, ионосфера, магносфера. |
6. Қазақстанның орманды дала зонасы ... орналасқан. A) Батыс Сібір жазығында B) Торғай үстіртінде C) Каспий маңы ойпатында D) Мұғалжарда E) Қазақтың ұсақ шоқысында |
7. Ауыл шаруашылығының шикізатын өндейтін салалар. A) Жеңіл, химия. B) Химия, құрылыс. C) Құрылыс, тамақ. D) Жеңіл, тамақ. E) Қағаз, диірмен. |
8. Мол мұнай қоры: A) Польша, Чехия, Словакияда. B) Алжир, Заир, Египетте. C) Қытай, Жапония, Үндістанда. D) Сауд Аравиясы, АҚШ, Ресейде. E) Мексика, Панама, Колумбияда. |
9. Ватикан Мемлекеті ... орналасқан. A) Римде B) Лондонда C) Парижде D) Францияда E) Бельгияда |
10. Нәсілдердің теңдігін дәлелдеген ғалым: A) Д.Кук. B) Д.Ливингстон. C) Ф.Магеллан. D) Христофор Колумб. E) М.Маклай. |
11. Географиялық қабықта болатын процесстер ... энергиясы арқылы жүреді : A) судың толысуы B) судың қайтуы C) судың D) желдің E) күннің |
12. Тянь-Шаньның қатты тілімденген солтүстік-батыс жотасы: A) Қаратау. B) Талас. C) Күнгей Алатау. D) Теріскей Алатау. E) Кетпен. |
13. Қазақстанның ылғалдылық коэффициенті ең төмен аймақтары. A) Шығыс Еуропа жазығымен Торғай үстүртінде. B) Үстіртте, Мойынқұмда. C) Батыс Сібір жазықтығында, батыс Алтайда. D) Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында. E) Қаратауда, Қазақтың ұсақ шоқыларында. |
14. Ұзындығы 1000 километрден асатын Қазақстандағы өзендердің саны. A) 7 B) 9 C) 6 D) 8 E) 5 |
15. Қазақстанда электр станциясы энергияны көп өндіретіні A) АЭС. B) Күн. C) ЖЭС. D) Жел. E) СЭС. |
16. Қазақстан Республикасының суармалы егіншілігі дамыған аумағы: A) Батыс. B) Солтүстік. C) Оңтүстік. D) Шығыс. E) Орталық. |
17. Гибралтар бұғазы ... материктері арасында орналасқан. A) Африка және Еуразия. B) Солтүстік Америка және Еуразия. C) Африка және Австралия. D) Солтүстік және Оңтүстік Америка. E) Еуразия және Австралия. |
18. Қытай Халық Республикасы ... провинциядан тұрады: A) 19. B) 28. C) 30. D) 50. E) 23. |
19. Мұхиттық аралдар … топқа бөлінеді: A) 5 B) 3 C) 6 D) 2 E) 4 |
20. Жер шарындағы тұрақты соғатын желдер қалай аталады: A) пассаттар мен бриздер B) муссондар мен бора C) муссондар мен бриздер D) батыс желдер мен пассаттар E) батыс желдер мен бриздер |
21. ХІІІ ғасырда Алакөл және Балқаш көлдері жайында алғашқы деректер келтірген ... A) Геродот пен Птолемей. B) Әбу-Нәсір әл-Фараби. C) Қадыралы Жалайыр. D) А.Дженкинсон. E) П.К.Карпини мен В.Рубрук. |
22. «Малиус боката» алмасы ... қорығында өсіріледі. A) Науырызым B) Алматы C) Марқакөл D) Үстірт E) Ақсу-Жабағылы |
23. Қазақстанның ең көне қалалары A) Алматы, Қызылорда B) Қарағанды, Ақмола C) Тараз, Түркістан D) Павлодар, Көкшетау E) Өскемен, Шымкент |
24. Кокстелетін көмір, темір кендері ... қалыптастырады. A) машина жасауды B) отын-энергетикасын C) химия өнеркәсібін D) түсті металлургияны E) қара металлургияны |
25. Жапонияның «Сейкан» су асты тоннелі ... аралдарын жалғастырады. A) Хоккайдо және Кюсю B) Сикоку және Хонсю C) Кюсю және Хонсю D) Кюсю және Сикоку E) Хонсю және Хоккайдо
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
