
Биология
1. Бұршақ тұқымдасының белгісі: A) Жемісі - бұршаққын. B) Аталығы көп. C) Гүлінде бір аналық, алты аталығы бар. D) Жемісі - бұршаққап. E) Жемісі - жидек. |
2. Қыналарға ең қажетті жағдай: A) Ылғалды топырақ. B) Оттегіне бай таза ауа. C) Қара топырақ. D) Көмір қышқылға бай ауа. E) Құнарсыз топырақ. |
3. Жалпақ құрттарға тән белгілер : A) радиальді симметрия. B) қан айналым жүйесі. C) аналь тесігі. D) сорғыштары болмайды. E) тұйықталып біткен асқорыту жүйесі. |
4. Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі: A) Өкпе. B) Желбезектер. C) Ауатамыры. D) Демтүтігі. E) Өкпе қапшығы. |
5. Қан құрамындағы жаңа эритроциттер пайда болады: A) 3,5 айда B) 2 айда C) 4 айда D) 1,5 айда E) 3 айда |
6. Эмоция: A) Коньки тебу B) Кітап оқу C) Ұйықтау D) Ән айту E) Қуану |
7. Органикалық дүниенің дамуының кезеңдері: A) протерезой, палеозой, кайнозой B) архей, палеозой, мезозой C) архей, протерезой, палеозой D) мезозой, палеозой, кайнозой E) архей,протерезой, палеозой, мезозой, кайнозой |
8. Биотикалық факторлар: A) температура B) популяциядағы осбьтар арасындағы, табиғат бірлестігіндегі өзара әсері C) ылғалдылық D) топырақ құрамы E) адамның табиғатты өзгертуіндегі сан-алуан әрекеттері |
9. Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады: A) Динитрлеуші. B) Хемосинтездеуші. C) Сапрофитті. D) Паразитті. E) Нитрлеуші. |
10. Сұлатпа бұтақ арқылы көбейетін өсімдік: A) Бегония B) Тұшала (қарлыған) C) Бальзамин D) Алма E) Бидайық |
11. Батпақты жерде өсетін өсімдік: A) Таспа (астрагал). B) Көде. C) Көкпек. D) Қамыс. E) Көк кекіре. |
12. Тақтұяқтылар отрядына жататын жануарлар A) Бұландар. B) Жираф. C) Бұғы. D) Жылқы, тапир. E) Шошқа, ешкі. |
13. Әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құрылған дәнекер ұлпа: A) Жүйке B) Бірыңғай салалы C) Көлденең жолақты D) Сүйек E) Бұлшықет |
14. Жүрек жұмысын жеделдететін жүйке жүйесі бөлімі: A) Шеткі. B) Парасимпатикалық. C) Симпатикалық. D) Орталық. E) Өсімді. |
15. Кеуде қуысын қозғалысқа келтіретін негізгі бұлшықеттері. A) Үш басты, жалпақ арқа B) Балтыр C) Қабырғааралық D) Ұшбасты E) Екібасты және балтыр |
16. Ішек сөлінің ерігіш күйге айналдыратыны: A) Тек жануар майы. B) Барлық органикалық заттар. C) Тек көмірсулар. D) Тек өсімдік майы. E) Тек ақуыз (нәруыз). |
17. Қалқанша бездің қызметі балалық жаста төмендесе пайда болатын ауру A) Микседема. B) Ергежейлік. C) Алып ауруы. D) Бақшаңкөз. E) Кретинизм. |
18. Органикалық заттарды ыдырататын ферменттерінің органоиды: A) Лизосома. B) Митохондрия. C) Лейкопласт. D) Хлоропласт. E) Хромопласт. |
19. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар: A) Көмірсулар, су. B) Су, тұздар. C) Майлар, ақуыздар (нәруыздар). D) Глюкоза, кальций фосфаты. E) Май қышқылы. |
20. Хлоропластары көп ұлпа A) Қор жинаушы ұлпа B) Өткізгіш ұлпа C) Фотосинтездеуші ұлпа D) Түзуші ұлпа E) Тірек ұлпасы |
21. Сырты бір ғана қабыршақпен қапталған бүршік- A) көктеректе. B) қайыңда. C) талда. D) үйеңкіде. E) шетенде. |
22. Қырықбуыннан көктемде дамитыны- A) Масақшасы бар қоңыр өркендер. B) Сабақ. C) Қосалқы тамырлар. D) Жасыл өркендер. E) Тамырсабақ. |
23. Ересек ағзаның жеке мүшелері қалыптасатын саты A) бластула B) постэмбрион C) гаструла D) нейрула E) эмбрион |
24. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы: A) 2 B) 1 C) 8 D) 4 E) 6 |
25. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны): A) орамжапырақ. B) соя. C) бидай. D) картоп. E) жүгері.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |