
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2014 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Көнерген сөзді көрсетіңіз. A) Көк тайғақ. B) Атақ-абырой. C) Ағалы-інілі. D) Аға сұлтан.+ E) Атамекен. |
2. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Қиали. B) Қияли. + C) Қыяли. D) Қийали. E) Қыйали. |
3. Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз. A) Төбе. B) Қатар. C) Жартас. D) Қазан. E) Солтүстік.+ |
4. Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз. A) Әнші B) Балалық C) Ойлы D) Айтас E) Көлшік + |
5. Табыс жалғаулы сөздер көбінесе қай сөйлем мүшесі болады, табыңыз. A) Баяндауыш. B) Пысықтауыш. C) Толықтауыш. + D) Бастауыш. E) Анықтауыш. |
6. Зат есім дегеніміз не, дұрысын белгілеңіз. A) Зат, құбылыстың атын білдіреді.+ B) Адамның әр түрлі көңіл- күйін білдіреді. C) Қимыл, амал-әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді. D) Заттың мөлшерін білдіреді. E) Зат, құбылыстың сынын білдіреді. |
7. Күрделі сан есімді көрсетіңіз. A) Жиырма бірлерде.+ B) Жан қиярлық іс. C) Мың қаралы қой. D) Мұзға тайдыру. E) Құла қасқа бие. |
8. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз. A) Бетпе-бет. B) Үйдің іші. C) Әлдене. D) Ішкері. E) Ештеме. + |
9. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз. A) Сезесің. B) Сезермін. C) Сезіпті. + D) Сезбек. E) Сездің. |
10. Аударма сөздік бойынша жазылған мына аудармадағы қатені анықтаңыз. A) Густые волосы - қалың шаш. B) Густые брови - қалың қас. C) Густой туман - қалың тұман. D) Густой лес - қою орман. + E) Густая каша - қою ботқа. |
11. Жуан, жіңішке дыбыстар араласып келген қосымшалы сөзді көрсетіңіз. A) Қарағандыға. B) Егеменділік. C) Жазықсыз. D) Антонимді.+ E) Аспанымыз. |
12. Дара сын есімді көрсетіңіз. A) Күлегеш. + B) Жеңіл-желпі. C) Жап-жақын. D) Ойлы-қырлы. E) Сары ала. |
13. Сөздердің бірігуінен жасалған үстеуді көрсетіңіз. A) Ретімен. B) Бүгін.+ C) Тосынан. D) Білмейді. E) Ертең. |
14. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз. A) Кітап жөнінде. B) Көбейтумен қатар.+ C) Лажсыздан көну. D) Ауылға таман. E) Халқым үшін. |
15. Етістікті сөз тіркесін анықтаңыз. A) Бір уыс. B) Көлдің сәні. C) Елуге тарта. D) Сол жақ тізе. E) Көйлек кию. + |
16. Сөйлемді көрсетіңіз. A) Тайлы тұяғымен қалмай. B) Сен үшін. C) 20 шақты оқушы. D) Еңбек ер атандырады.+ E) Ит терісін басына қаптады. |
17. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Көп автобустар жылжи бастаған соң, біз вокзалға қарай бет алдық. B) Мен ол келмей, ешқайда бармаймын. C) Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім кұйылғандай болып, орнынан ұшып тұрды. D) Біз техниканы ұқыпты сақтап, баптап пайдаланамыз. E) Қайық оқиғасы былайша елеусіз, ауыл өмірі үшін ешқандай әсері болмаса да, бір шеті тәрбиемен ұштасып жатқандықтан, Жақыпбек бұған үлкен мән берді. + |
18. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз. A) Жеңеше, сөзің қандай мәнді. B) Бұған, айталық, екі литр су керек.+ C) Жоқ, жай шошынғаны ма? D) Балалары, біз, тірі тұрсақ, кедейшілік көрсетпеспіз. E) Бәрекелді, мына қызықты қараңыз. |
19. Жақша, жақша ішіндегі нүкте не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз. Ақмоладағы совдептің бір топ басшыларын тұтқынға алады. (Оның ішінде Сәкен де бар.) A) Оқшау сөз. B) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем. C) Қыстырма сөйлем. D) Тілек мәнді сөйлем. E) Хабарлай айтылған қыстырма сөйлем. + |
20. Антоним сөзді көрсетіңіз. A) Ат ізін салмады - ат ізін құрғатпады.+ B) Алға - жоғары. C) Жойқын - керемет. D) Кіндік кескен жер - туған жер. E) Туыс - ағайын. |
21. Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз. A) Быжың. B) Шіңк.+ C) Кілтің. D) Торсаң. E) Сымпың. |
22. “Қас пен көздің арасында” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. A) Жақын жер. B) Сұлу, көрікті. C) Алыс жер. D) Зұлым. E) Өте жылдам. + |
23. Жақсыз жайылма сөйлемді табыңыз. A) Ол соларға қарап тұр. B) Бала шәкірт ауылға асыққан еді. C) Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. D) Оның қызықты әңгіме айтқысы келеді.+ E) Абай жалт қарап барып жаңа көрді. |
24. Төлеу сөзге тән анықтама қатарын көрсетіңіз. A) Біреудің айтқан нақты сөзі. B) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі. C) Біреудің сөзін өзгертіп, мазмұнын айту.+ D) Екі адамның сөзі. E) Қанатты, афоризм сөздер. |
25. Коммуникативтік және экспрессивті эстетикалық сөздер - қай қатарға тән, табыңыз. A) Тарих. B) Әдеби тіл.+ C) Табиғаттану. D) Биология. E) Математика.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: A) зороастралық фарн B) тотемизм + C) зекет D) зооморфтық үлгі E) анимизм |
2. Алтын Орданың негізін қалаған хан A) Берке B) Өзбек C) Батый + D) Шыңғыс E) Мөнке |
3. 1812 ж. Отан соғысына қатысқан батыр, қазақ-орыс жігіттерінің ерліктерін жырлаушы ақын: A) Абайұлы. B) Байбатырұлы.+ C) Нұртасұлы. D) Ержанұлы. E) Қарабатырұлы. |
4. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: A) Сүйік Абылайханұлы B) Арыстан Жантөреұлы + C) Қайыпқали сұлтан D) Тайшық сұлтан E) Баймағамбет сұлтан |
5. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды A) Ауылды B) Уезді C) Округті D) Облысты + E) Болысты басқарды |
6. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы A) Ошақты B) Дулат C) Үйсін + D) Жалайыр E) Қаңлы |
7. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі A) Патшалы Ресейдің ұсынысымен көшті B) Цинь өкіметі қысым көрсетті + C) Атамекеніне оралды D) Жетісудың шұрайлы өлкесі қызықтырды E) Қазақ жеріне басып кірді |
8. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: A) Сырымбет. B) Әбілмәмбет. C) Әбілмансұр. D) Керей. E) Мұхаммед-Қанапия. + |
9. 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: A) Семей. B) Орал. C) Сырдария. D) Жетісу.+ E) Бөкей ордасы. |
10. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер A) ерлер бейнесі B) аңдар бейнесі C) әйелдер бейнесі + D) әр түрлі бейнелер E) құдайлар бейнесі |
11. "Атилла" операсын жазған италиян композиторы A) Джузеппе Верди + B) Бах C) Шоппен D) Чайковский E) Дж.Куани |
12. Түркеш қағанатының орнына келген тайпа: A) Қимақтар. B) Қарлұқтар. + C) Оғыздар. D) Қарахандықтар. E) Қыпшақтар. |
13. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы: A) Қорқыт ата. B) Жошы хан.+ C) Көк кесене. D) Бекет ата. E) Қарахан. |
14. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді: A) Түркістан мен Қаратау аралығында B) Жайық, Еділ аралығы C) Іле, Шу, Талас өзендері бойында D) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде + E) Жетісуда |
15. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы A) 12-14 сағат + B) 9-11 сағат C) 8-9 сағат D) 10-12 сағат E) 14-16 сағат |
16. Кадеттер партиясының “Свободная речь” газеті шығарылған қала: A) Ақмола B) Қарағанды C) Семей + D) Алматы E) Астана |
17. XX ғ. 30-жылдары КСРО-ның әр аймақтарында оқыған қазақстандықтардың саны: A) 20 мың.+ B) 10 мың. C) 15 мың. D) 30 мың. E) 25 мың. |
18. Қазақстанда 1958 жылы құрылған институт: A) Қазақ Мемлекеттік институты B) Алматы педагогикалық институты C) Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты D) Қарағанды педагогикалық институты E) Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты + |
19. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партия A) «Невада-Семей» B) Қазақстан Халық Конгресі + C) Қазақстан халық бірлігі одағы D) «Нағыз Ақжол» E) «Азат» |
20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: A) Жапония + B) Қытай C) Орта Азия D) Византия E) Үндістан |
21. Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көп ержүректері қазақтар екені жайлы жазған: A) М.Дулатов B) В.Рубрук C) Б.Е.Көмеков D) Рузбихан+ E) Ш.Уәлиханов |
22. “Ханталапай”- ол: A) Салық түрі B) Ханның мұрагерлікпен беретін билігі C) Ханға сыйлық беру D) Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу+ E) Ханның жақын адамдарына жер беру |
23. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: A) Заңдар жинағын шығару B) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру+ C) Руаралық тартыстарды шешу D) Хан сайлау E) Тәукені хан сайлау |
24. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: A) 7 мың адам B) 4,5 мың адам. C) 5 мың адам. D) 3,5 мың адам.+ E) 3 мың адам |
25. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды: A) 1940 жылдар ішінде B) 1990 жылдар ішінде C) 1960 жылдар ішінде D) 1980 жылдар ішінде E) 1970 жылдар ішінде+
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |